Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSKE_Algoritm_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102.4 Кб
Скачать

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

2 ОСКЭ Станциясы

Апгар шкаласы бойынша баға беру

Тапсырма: АПГАР шкаласы бойынша нәрестенің өмірінің алғашқы минутындағы жалпы жағдайын бағалап және қорытынды жасаңыз.

Кезеңдері

Іс әрекеттердің реттілігі

1.

Баланы жылы жөргекке орап алу.

Құрғақ, жылы орағышқа нәрестені орау

2.

Баланың денесін құрғатып сүртіп, ылғалды жөргегін құрғақ жөргекке ауыстыру.

Осы орағышпен баланы кептіріп, құрғақ орағышқа жатқызу

3.

Балаға жылы бас киім және шұлық кигізу.

Балаға жылы бас киім мен шұлықты кигізу

4.

Тері жамылғысының түсіне баға беру.

Табиғи жарықта баланың тұлғасы, кеуде қуысы қызғылт болу керек

5.

Жүректің жиырылу жиілігін анықтау.

Стетоскоптың көмегімен кеуде клеткасында орналасқан жүректің классикалық нүктелерінде немесе эпигастри аймағындағы 6 секундтағы жүрек соғысы жиілігін анықтады, нәтижесін 10 –ға көбейтті. Жүректің соғу жиілігі – минутына 100 реттен артық болу керек.

6.

Тыныс алу жиілігін анықтау.

Кеуде экскурсиясын санаған кезде. Қалыпты жағдайда 40-60 рет минутына тыныс алу болу керек

7.

Рефлекторлық қозғыштыққа баға беру.

Дәрігердің қарау кезіндегі оның дауысына, жанасуына, түрлі дыбыстарға, жарыққа, қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне байланысты нәрестеде пайда болған реакциясын және бет әлпетіне байланысты рефлекторлық қозғыштықты анықтады. Қалыпты жағдайда айғайы айқын. Мұрын қуысын тітіркендіргенде түшкіру және жөтелу реакциялары байқалады.

8.

Бұлшықеттер тонусын анықтау.

Баланың жатысы бойынша, қалыпты жағдайда жатысы флексия позасында (эмбрион позасында)

9.

АПГАР шкаласы бойынша баға беру және қорытынды жасау.

8-10 балл –дені сау бала

7 балл – белсенділігі төмендеген, әр 5 минут сайын қосымша Апгар межесімен бағалау, өмірінің алғашқы 20 минутында

4-6 балл- орташа ауырлықтағы асфиксия. 5 минуттан кейін дені сау балаға тән белгілер байқалады.

0-3 балл- ауыр дәрежедегі асфиксия. Нәрестені тірілту шаралары мен интенсивті емдеу жүргізу көрсеткіш.

Апгар шкаласы

Көрсеткіштер

0 баллдар

1 баллдар

2 баллдар

Терінің түсі

Жалпы цианоз немесе терісі бозарған

Денесі ашық қызыл,аяқ-қолында цианоз

Ашық қызыл

Тынысы

Білінбейді

Даусы әлсіз, сирек бірең-сараң тыныстық қимыл байқалады

Дауысы ашық, тынысы ырғақты

Жүрек соғысы

Білінбейді

100-ден төмен

100-ден артық

Рефлекстер (өкшесін басқанға қайтарған жауабы – Аршавский бейнелісі)

Жауапсыз

Ауырғанын байқатып, бет ауызын тыржитады

Жылайды, қозғалады

Бұлшық ет тонусы

Анықталмайды

Аяқ-қолы аздап бүгілген

Қимылдары активті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]