
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Өкпенің аускультациясы (14 жас)
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Апгар шкаласы бойынша баға беру
- •Апгар шкаласы
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Балаға пикфлоуметрия жүргізу
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Жүрек аускультациясы (11-жас)
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
«Астана медициналық университеті» ақ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 1 ОСКЭ станциясы
Өкпенің аускультациясы (14 жас)
Тапсырма: Өкпенің аускультациясын жүргізіп оған қорытынды жасаңыз.
№ |
Кезеңдері: |
Іс әрекеттердің реттілігі
|
1. |
Алдыңғы жағынан симметриялық түрде аускультация жүргізу
|
Дәрігердің (студенттің) тұру қалпы: Науқастың (маникеннің) алдыңғы оң жағынан тұруы керек. Аускультацияны жүргізу: 1) өкпенің ұшының аумағынан оңға, солға; ортанғы бұғана сызығы бойымен: 2) екінші қабырға аралық аумағынан оңға, солға; 3) үшінші қабырға аралық аумағынан оңға, солға; 4) төртінші қабырға аралық аумағынан оңға; 5) бесінші қабырға аралық аумағынан оңға; 6) алтыншы қабырға аралық аумағынан оңға; |
2. |
Бүйір аймақтардың симметриялық бөлімдерін де аускультацияны жүргізу
|
Дәрігердің (студенттің) тұру қалпы: Алдыңғы аускультациядағыдай (дәрігерге ыңғайлы болу үшін, аздап сол жаққа жылжуға рұқсат етіледі). Қолтық асты ортаңғы сызығы бойымен аускультацияны жүргізу: 1) алтыншы қабырға деңгейі оңға, солға; 2) жетінші қабырға деңгейі оңға, солға; |
3 |
Арқа жағынан, симметриялы түрде аускультация жүргізу |
Дәрігердің (студенттің) тұру қалпы: Науқастың (манекеннің) арқасының сол жағынан тұруы керек. Аускультацияны жүргізу: 1) жауырын үсті аймағынан солға, оңға; паравертебральді сызық бойы мен (омыртқа жотасы маңынан) жауырын аралық аймағынан: 2) үшінші қабырға деңгейі солға, оңға; 3) бесінші қабырға деңгейі солға, оңға; жауырын астының аймақтан жауырын сызығы бойымен: 4) жетінші қабырға деңгейі солға, оңға; 5) сегізінші қабырға деңгейі солға, оңға; |
4. |
«Еркін» аускультация жүргізу |
Классикалық түрден тыс «еркін» аускультация жүргізу (мақсаты: қосымша тыныстың шуларды нақты, дәлірек анықтау). |
5. |
Тыныс алу жиілігін есептеу
|
Фонедоскопты тыныс шу аймағына қойып 1 минуттағы тыныс алу жиілігін есептеу. Алынған нәтижені айту. |
6. |
Тынысты анықтап, оған сипаттама беру |
Талдау жасау: Өкпенің барлық аймақтарында әлсіз (немесе везикулярлы) тыныс. |
7. |
Шуларды анықтап, оған сипаттама беру |
Талдау жасау: Өқпенің барлық аймақтарында құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі (немесе сырылдар жоқ). |
8. |
Қорытынды жасау |
Бронхообструктивті синдромның аускультативті көрінісі (сау өкпелердің аускультативті көрінісі) |