Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рабочая программа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.29 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЖҰҚПАЛЫ ЖӘНЕ ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ

«051301-ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР» БОЙЫНША ПОӘК

Пән «Ішкі аурулар»

Мамандығы«051301 – Жалпы медицина»

Блок №8 «Жұқпалы аурулар»

Пәннің оқұ-әдістемелік кешені

Құрастырушылар: каф.меңг., м.ғ.д. Дүйсенова А.Қ.

доц. Славко Е.А.

доц. Садықова С.С.

асс. Сейсембаева А.М.

асс. Оспанбекова Н.К.

асс. Ерғалиева А.А.

Алматы, 2010

Пәннің оқу-әдістемелік кешені ҚазҰМУ-ң жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының мәжілісінде талқыланды. «____» _____ 2010 ж., (хаттама №____).

Жұқпалы және тропикалық

аурулар кафедрасының

меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. ДҮЙСЕНОВА А.Қ.

Мазмұны:

1. Жұмыс бағдарламасы

2. Силлабус

3. Дәрістік кешені

4. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік өңдеулер

5. Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік өңдеулер

6. Пән бойынша білімер мен дағдыларды анықтауға арналған бақылау-өлшемді құралдар

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Iшкiаурулар» пәні

«051301 – Жалпы медицина» мамандығы

8блок «Жұқпалы аурулар»

Оқу сағаттарының көлемі: 42

Курс - төртіншіСеместр – 7-8

Дәрістер – 6 сағат

Тәжрибелік сабақтар - 22сағат

СӨЖ – 14сағат

Бақылау түрі: сынақ

Алматы, 2010 ж.

Жұмыс бағдарламасы 051301 – «Жалпы медицина» мамандығына арналған 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сай, Астана қаласындағы медициналық білім берудің және ғылымның инновациялық әдістерінің Республикалық орталығы, АО «Астана медициналық университеті», Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті, М. Оспанов атындағы Батыс-Қазаққстан мемлекеттік медицина университеті жасап шығарған Типтік оқу бағдарламасы бойынша құрастырылған.

Жұмыс бағдарламасы «____» _____ 2010 ж.өткізілген ҚазҰМУ-нің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының отырысында (№____хаттама) талқыланды.

Жұқппалы және тропиикалық ДҮЙСЕНОВА А.Қ.

аурулар кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д. .

1.Жалпы мәліметтер:

    1. Жоғарғы оқу орнының аты:С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық

медицина университеті

1.2Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы

1.3 Пәні, пәнінің коды: жұқпалы аурулар

1.4 Мамандығы: «051301 – Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 54 сағат

1.6 Курсы: төртінші, семестрі: 7-8

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе:

Қазіргі медицина жетістікері мен Қазақстан Республикасындағы жұқпалы ауруларды бақылауды және осындай жағдайда жүргізілетін эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыруды дұрыс жолға салудың нәтижесінде көптеген аурулардың кездесу жиілігі төмендеп, жұқпалы аурулармен аурушаңдықтың құрылымының және сонымен қатар, инфекциялық үрдістің ағамының өзгеруіне әкелді.

Жалпы, 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқыту жиі кездесетін жұқпалы ауруларға диагноз қойғанда, ауруды ертерек анықтауға көмектесетін лабораторлық және аспаптық зерттеу әдістерін қолданғанда, ем тағайындағанда, эпидемияға қарсы шараларды жүргізгенде алынған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануды көздейді.

2.2 Пәннің мәні: жиі кездесетін жұқпалы ауруларға диагноз қоюға, емдеуге және алдын алу шараларын жүргізуге көмектесетін білім және тәжірибе қалыптастыру.

2.3Оқытудың мақсаты:

  • студенттерге диагноз қою, зерттеу және емдеу принциптерін жұқпалы аурулар клиникасында үйрету;

  • науқастармен араласу және оларға кеңес беру тәжрибесін жетілдіру.