
- •Оқытушымен бірге орандайтын студенттің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы Мамандығы: Жалпы медицина
- •Алматы 2014 ж.
- •1. №1 Осөж тақырыбы: Ішек инфекциялары. Сальмонеллез. Дизентерия.
- •5. Тақырыпқа тапсырма:
- •6. Таратылатын құралдар:
- •7. Негізгі әдебиеттер:
- •1. № 2 Осөж тақырыбы: Тұмау және басқа да жрви. Вирусты гепатиттер а, е: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы. Диагноз қою, алдын алу.
- •4. Оқытудың әдістері:
- •5. Тақырыпқа тапсырма:
- •6. Таратылатын құралдар:
- •7. Әдебиеттер:
- •1. №3 Осөж тақырыбы: Вирусты гепатиттер в, с, д: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы. Диагноз қою, алдын алу.
- •4. Оқытудың әдістері:
- •5. Тақырыпқа тапсырма:
- •6. Таратылатын құралдар:
- •7. Әдебиеттер:
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ЖҰҚПАЛЫ ЖӘНЕ ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ «5В130100-ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ОРЫНДАЙТЫН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ |
Оқытушымен бірге орандайтын студенттің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедра: жұқпалы және тропикалық аурулар
Курс: 4
Пәні: жұқпалы аурулар
Құрастырғандар: доц. Оспанбекова Н.К.,
асс. Умешова Л.А.,
асс. Утаганов Б.К.
Алматы 2014 ж.
1. №1 Осөж тақырыбы: Ішек инфекциялары. Сальмонеллез. Дизентерия.
2. Мақсаты: Сальмонеллездің клиникалық ағымының ерекшеліктері, лабораторлы зерттеу және басқа аурулардан ажырату принциптері, оны емдеу және алдын алудың негізгі жолдары туралы студентте білім қалыптастыру.
Дизентерияның клиникалық ағымының ерекшеліктері, лабораторлық зерттеу және басқа аурулардан ажырату принциптері, оны емдеу және алдын алудың негізгі жолдары туралы студентте білім қалыптастыру
3. Оқыту мәні: Студенке клиника-анамнездік және эпидемиологиялық мәліметтерге сүйене отырып сальмонеллез деген диагноз қоюды және оның асқынуларын анықтауды үйрету.
Осы ауруды емдеуді, оның алдын алуды, сонымен қатар инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруды анықтап беру.
Студенке клиника-анамнездік және эпидемиологиялық мәліметтерге сүйене отырып дизентерия деген диагноз қоюды және оның асқынуларын анықтауды үйрету.
4. Оқытудың әдістері: сальмонеллезбен ауырған науқастарды қарап, куратор парағын жазу
5. Тақырыпқа тапсырма:
Аурудың этиологиясы мен қоздырғыштың қасиеттерін, жіктелуін оқу ;
Эпидемиологиялық үрдістің сипаттамасын (инфекция көзі, берілу механизмі және жолдары, жасқа байланысты ауруды қабылдаушылығы, иммунитет.).
Аурудың клиникалық түрлерінің патогенезі, айтылған инфекциялаға тән болатын ағзалардағы патоморфологиялық өзгерістер, инвазивтілік пен токсигендік қасиеттердің маңызы;
Сальмонеллездің клиникалық жіктелеуін оқып, әр клиникалық түріне сипат беоу;
Сальмонеллездің ауырлығын көрсететін белгілерді анықтап, осы аурудың жайылмалы түрде өтуіне себеп болатын жағдайларға тоқталу.
Диагноз қоюдың принциптері: эпидемиологиялық және лабораторлық мәліметтер, бактериологиялық және серологиялық зерттеу әдістері, копрологиялық әдіс, экспресс-зерттеу сияқтыларды оқу;
Сальмонеллезді және бактериятасымалдаушылықты емдеу принциптері;
Ошақта жүргізілетін алдын алу шараларына тоқталу.
Дизентерияның этиологиясы, қоздырғыштың негізгі қасиеттері, олардың жіктелуі;
Эпидемиологиялық үрдістің сипаттамасы (инфекция көзі, берілу механизмі мен таралу жолдары).
Берілген аурудың патогенезі мен патологиялық анатомиясы, дизентерия кезіндегі ағзаларда дамитын патоморфологиялық өзгерістер;
Дизентерияның клиникасы
Ауырлақ дәрәжелері мен асқынулары (сусыздану дәрежелері, гиповолемиялық шок);
Диагноз қою принциптері: эпидемиологиялық және лабораторлы мәліметтер, бактериологиялық және серологиялық әдістер, экспресс-зерттеу, материалды жинау ережесі;
Ішек инфеғкцияларын (дизентерия мен сальмонеллезді) бір-бірінен ажырату;
Емдеу принциптеріне тоқталып, ошақта жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралар мен алдын алу жолдары.