Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhurnalistik_sheberlik_synyby_sillabus_2003.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
306.69 Кб
Скачать

13. Халықаралық ақпараттардағы деректілік

13.1.Деректілік эмоциялық нақытылқтар мен алған әсерді басқаға аудару. Журналистикадағы деректіліктің ерекшеліктері: эмоциялық айқындылық, «сендіре білу», эмоцияны ояту және олардың өзара тығызы байланыстылығы.

13.2.Деректілік пен мәтіннің дербес эмоциялық бояуы. Ақпараттың дұрыстығының әр түрлі деңгейі. «Біле тұра айтпау өнері». Шынайы және алдамшы деректілік.

13.3.Деректілік пен журналистикадағы шарттылықты біріктірудің мүмкіндіктері.

14. Халықаралық ақпараттардағы конфликт және полемика

14.1. Өмірлік үрдістерді «түзетудің» орнына шиеленістерді көрсету; оның негізгі кезеңдері: шиеленістің маңыздылығы мен сипатын растау, оның дереккөзін іздеу, байланысты жандандыру т.б. дау туғызған мәселе төңірегіндегі байланысты кеңейту, шиеленіс арқылы оқиғаға жаңа көзқараста авторлық пікірге жол табу.

14.2. Публицистикалық диалог пен полемика өнері.

14.3. Полемиканы жүргізудің жалпы принциптері.

15. Халықаралық журналист мәтініндегі бейне(образ)

15.1.«Бейне құралдары арқылы зерттеу»(газеттік ақпараттың метафоралығы). Журналистика тарихы мен қазіргі бұқаралық ақпарат метафораның орны мен ролі.

15.2. Деректің дәлелдеу ретінде полемикадағы образды пайдалану жолдары. Образды оқырман санасына жеткізу мүмкіндігі. Образ-ассоциация және образ-псевдоним.

15.3. Нақты факті мен ассоциация – тақырыбының қатар дамуы. Образдық монтаж, оның ерекшеліктері.

Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны

1. Журналистік шығармашылық негіздері

1.1.Шығармашылық, журналистік шеберлік, кәсібилік туралы бірнеше әдебиеттен анықтамасын тауып конспектілеу және олардың арасындағы айрықша пікірлерге талдау және өз пікіріңді айту.

1.2.«Шығармашылық иесінің портреті» 5-6 сөйлеммен танымал тұлға және оның ерекше қырлары туралы пікір жазу.

1.3. «Менің әлемім...» атты тақырыпта бір беттік эссе жазу.

2. Шығармашылық туралы түсінік

2.1. «Мен сенетін журналист» атты тақырыпта досыңа хат жазу.

2.2. Өзіңмен жұмыс жасау дегенді қалай түсінесің?

2.3. Модельер, дизайнер, архитектор сенің ойыңша не жасайды?

3. Журналистиканың өзекті мәселелері

3.1. Цензура дегеніміз не?

3.2. Басылымның таралымы туралы ой толғау. ХХІ ғасырдағы таралым дамуына қандай баға берер едіңіз...

3.3. «Журналистиканың жүгі ауыр» атты тақырыпта мақала жазу.

4. Журналистің танымдық қызметі

4.1. Журналистің шындықты тануы дегенді қалай түсінесің?

4.2. Әлемді танудағы өзің білетін тәсілдерге түсінік. Қазіргі журналистің шындықты тану тәсілдерін атау.

4.3. «Менің табиғатыма жат нәрсені жасауға мәжбүрлесе қайтем?» деген сауал төңірегінде өзіңмен сұқбат құру.

5. Журналист және ақпарат

5.1.Журналистің ақпарат алу тәсілдері.

5.2«Қарау және көру» түсініктерінің арасындағы айырмашылық.

5.3 «Бес бақылау» (көшеде, аулада, асүйде, бет-әлпетте, киімде, табиғатта) сізді қоршаған ортаны таныстыра алатындай кез келген жанрда мақала жазу.

6. Журналистикадағы ақпарат алудың тәсілдері

6.1 Сұқбат – ақпарат алудың тәсілі.

6.2 Журналистің құжаттармен жұмыс жасауда басшылыққа алатын негізгі принциптері.

6.3 «Университетке жол» атты тақырыпта оқу орнын таныстыру (оқырман бұрын-соңды оқу орнында болмаған).

7. Журналистің ақпаратпен жұмыс жасау шеберлігі

    1. Өзің қаламаған басшы туралы есеп, хабар, репортаж жазу(тек біреуін ғана таңдауға болады). Материалды мүмкіндігінше жағымды бағытта жазу.

7.2 Журналистке қажетті құралдардың тізімін төмендегі жағдайларға байланысты жасау және талдау: танымал тұлғамен сұқбатқа; төтенше жағдайға байланысты репортаж; саяси партияның есебі; тікелей телерадиожаңалықтар.

8. Журналистикадағы дерек пен оқиға

    1. Оқиға мен деректің арасындағы айырмашылық.

    2. Негізгі жанр құраушы факторларды атаңыз. Материалды жазып алып, жанрын анықтауға түсінік.

    3. «Егемен Қазақстан», «Түркістан», «Айқын» газеттеріндегі көлемі жағынан шағын материалдарды оқып, ондағы «дерек-автор» қатынасын табу.

9. Мерзімді баспасөз: бүгіні мен келешегі

    1. Өзіңе ұнайтын БАҚ аудиториясына талдау және оған ең қажетті және жетіспейтін жаңа айдар табу.

    2. «Маған арналған газет». Қоғамның сұранысына ие бола алатын басылымның макетін, айдарларын, дизайнын, штаттық кестесін жасау.

    3. Мақсатты аудиториясы бар бүгінге дейін болмаған басылымды анықтау.

10. Тақырып қою шеберлігі

    1. Өзіңізге ұнайтын басылымнан бірнеше сәтті лидті табу. Олардың сәтті шығу себептерін анықтау.

    2. Жастар басылымында жарық көрген мақаланы өңдеу, ондағы кейбір сөздердің орын ауыстырып, мағынаның өзгеруін бақылау.

    3. Астрономдар үлкен кометаны тапты. Бұл туралы бірнеше БАҚ жазды. Осы жаңалыққа байланысты түрлі типтегі басылымға 10-15 тақырып қою.

11. Жанрлар құрылымы

    1. Мерзімді басылымдардан талдамалы жанрлардың түрлеріне мысалдар келтіріп, тақырыптық, идеялық, стильдік, аудиторияға әсер ету әдістері тұрғысынан талдау.

    2. Өзіңді қоршаған тұрмыстық жағдайда очеркке материал дайындау. Болашақ очерктің жоспарын құру.

12. Көркем-публицистикалық жанрлар

    1. Шығарма кейіпкерлері жайлы және бүгінгі күннің шындығы мен оған қатысты жағымды әсерге байланысты суреттеме жазу.

    2. «Ақпараттық ашаршылық». Бір аптаға радио, теледидар, интернет, телефон, газет, журналдан бас тартып, өз әсеріңізді күнделікті жазу. Қандай ақпарат құралы сіз үшін ең қажетті? БАҚ-тың қай саласында қызмет еткен дұрыс. Қандай жанрда жазу керек?

13. Баспасөздегі әдеби сын

    1. Қазіргі әдебиет, театр сыншыларының бірнеше мақалалары мен рецензияларына талдау.

    2. 16-18 жастағы көрерменге, 22-25 жастағы жоғары білімді қалалық әйелдерге, зейнеткер жасындағы ерлерге, инженерлерге арнап өзіңізге ұнаған кинофильм туралы кішігірім рецензия жазу.

14. Сұқбат – ақпарат алудың тәсілі және хабарлама жанры

    1. Сұқбат (сұқбат алушының жасы 17-де, сұқбат беруші 70-те). Сұқбатты әйелдерге арналған журналға махаббат тақырыбында дайындау.

    2. Сұқбаттың түрлеріне баспасөз материалдарынан мысалдар келтіріп, талдау.

15. Қоғам және журналистика

15.1 «Журналистикада мен не жасай аламын?» атты тақырыпта шағын эссе жазу.

15.2 Соңғы бес жылдағы түрлі ақпараттық өнімдер атап, олардың қажеттілігі мен өмірге бейімділігі туралы пікір білдіру.