Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhurnalistik_sheberlik_synyby_sillabus_2003.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
306.69 Кб
Скачать

28. Халықаралық ақпараттардағы деректілік

28.1.Деректілік эмоциялық нақытылқтар мен алған әсерді басқаға аудару. Журналистикадағы деректіліктің ерекшеліктері: эмоциялық айқындылық, «сендіре білу», эмоцияны ояту және олардың өзара тығызы байланыстылығы.

28.2.Деректілік пен мәтіннің дербес эмоциялық бояуы. Ақпараттың дұрыстығының әр түрлі деңгейі. «Біле тұра айтпау өнері».

28.3. Шынайы және алдамшы деректілік. Деректілік пен журналистикадағы шарттылықты біріктірудің мүмкіндіктері.

29. Халықаралық ақпараттардағы конфликт және полемика

29.1. Өмірлік үрдістерді «түзетудің» орнына шиеленістерді көрсету; оның негізгі кезеңдері: шиеленістің маңыздылығы мен сипатын растау, оның дереккөзін іздеу, байланысты жандандыру т.б. дау туғызған мәселе төңірегіндегі байланысты кеңейту, шиеленіс арқылы оқиғаға жаңа көзқараста авторлық пікірге жол табу.

29.2. Публицистикалық диалог пен полемика өнері.

29.3.Полемиканы жүргізудің жалпы принциптері.

30. Халықаралық журналист мәтініндегі бейне(образ)

30.1.«Бейне құралдары арқылы зерттеу»(газеттік ақпараттың метафоралығы).

30.2.Журналистика тарихы мен қазіргі бұқаралық ақпарат метафораның орны мен ролі.

30.3.Деректің дәлелдеу ретінде полемикадағы образды пайдалану жолдары. Образды оқырман санасына жеткізу мүмкіндігі. Образ-ассоциация және образ-псевдоним.

30.4.Нақты факті мен ассоциация – тақырыбының қатар дамуы. Образдық монтаж, оның ерекшеліктері.

Практикалық/семинар сабақтарының тақырыптары мен мазмұны

1.Журналистік шеберліктің ақпараттық-коммуникативтік қызметі

1.1.Шеберлік, кәсібилік ұғымдарына түсінік. Әмбебаптық. Сөздің әмбебаптық ерекшелігі.

1.2.Кәсібилікті қалыптастырудың екі негізгі: арнаулы білім мен тәжірибелік тұрғыдан дайындықтан өту мәселелері.

1.3. Мәтіннің маңыздылығы мен оның әсер етуі мен таралуы.

2.Журналистік кәсібилік: қалыптасудың елеулі кезеңдері

2.1.Алғашқы жарық көрген газет-журналдар. Батыстағы тұңғыш кәсіби деңгейге көтерілген: Даниель Дефо, Ричард Стиль ерекшеліктері.

2.2.Томас Пейн – саясаткер-публицистің аудиторияны жаулап алудағы шеберлігі. 2.3. Батыстық журналистиканың даму жолындағы басты ерекшеліктер. Қазақ публицистикасындағы кәсіби деңгейге көтерілген мамандар.

3.Журналистика: дәреже, өнер, мамандық

3.1.Журналистік кәсіптің белгілері. Журналистік қызметтің ерекшеліктері. Журналистік мәтін. Журналистік шығармашылық.

3.2.Журналистің әлеуметтік қызметі – мамандықтың шығармашылық ерекшеліктерін анықтайтын бірден-бір фактор.

4.Журналист-тұлғаның кәсіби ерекшеліктері

4.1.Адамның әлеуметтік мәдени ортадағы сапалық көрсеткіші. Тұлға туралы түсінік. Журналистикадағы тұлғаның гендерлік сипаты. Әйелдер журналистикасына деген көзқарас.

4.2.Генетикалық факторлардың кәсіпке тигізетін оң және кері әсерлері. Журналист темпаременті туралы ғалымдар тұжырымдары.

4.3.Газет-журнал материалындағы, телерадиохабарлардағы автор-дың психофизиологиялық ерекшеліктері. Журналист мінездемесінің көпқырлы классификациясы.

5. Журналистика – айнадағы әлем.

5.1. Әлем моделі ұғымы. Қоршаған орта суреті. Ішкі әлем. Журналистің сыртқы әлемі мен ішкі жан дүниесінің көрінісі.

5.2.Оны жария етудегі кәсіби маманның ерекшеліктері. Қоғам алдындағы журналистік жауапкершілік.

5.3.Тілшінің өзін тануы, әлеуметтің алдында, шағын ортада ұстай білуі.

6. Журналистің танымдық қызметінің ерекшеліктері

6.1. Ақпараттық өнім – таным мен шығармашылыққа негіз.

6.2.Журналистік шығармашылықтың сезіну, мақсатты бағытталған, танымдық қызметі.

6.3.Танымдық процесстің пішіндері мен жолдары.

7. Ақпараттық ортадағы бағыттылық

7.1. Ешкімге мәлім болмаған жаңалықты журналистің қабылдауы.

7.2.Ақпаратты қабылдаудың түрлері мен оны жария етудегі журналистің шығармашылық еркіндігі.

7.3.Негізгі ақпарат көзі – адам. Құжаттармен, құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізудің маңызы.

8. Зерттеуші мәтіндер

8.1. Мақала, хат, шолу жанрларының басты белгілері. Мақаладағы ойдың дамуы ең басты ерекшелік.

8.2.Мақала жазудағы жоғары леп, тұлғалық қатынастың белең алуы. Баспасөзге шолудың ерекшелігі.

8.3.Қоғамдағы оқиғалар барысына шолудың сипаты. Хат- эпистолярлық публицистика жанры.

9. Зерттеуші-образды мәтін

9.1.Көркем-публицистикалық жанрлардың зерттелуі. Очерктің әлеуметтік, публицистикалық, көркем бастауларының маңызы.

9.2. Сатиралық жанрлардың тілі мен стилі. Фельетон жазудың ерекшеліктері.

10. Журналист қызметіндегі технологиялық фактор

10.1.Ақпараттың берілуі тәсілдері мен жазылу ерекшеліктері. Мерзімді басылымдар мен теледидарда хабарлардың берілу ерекшеліктері.

10.2.Журналист қызметіндегі технологиялық фактордың маңызы.

10.3.Мерзімді бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеудің ерекшеліктері.

11. Телерадиодағы жұмыстың ерекшеліктері

11.1.Спутниктік ретрансляция арқылы хабар таратудың, дыбыс жазудағы жетістіктер.

11.2.Дыбысты сандық жазу үлгісінің мүмкіндіктері. Радиодағы жұмыстың ерекшеліктері.

11.3.Телевизиядағы жаңа технология жетістіктері. Спутниктік телевидение. Тележурналист жұмысының ерекшеліктері.

12. Халықаралық ақпарат

12.1. Халықаралық ақпараттың ерекшелігі, стильдік айырмашылығы. Бәсекелестік факторы және әр түрлі БАҚ-тан озық тұру үшін жаңа формаларда жұмыс істеу.

12.2. Қазіргі халықаралық ақпараттардың сапасы және журналиситка бойынша шеберлік мәселелері. Болжам жасау, жаңа идеяларды «ойлап табу», бейнелеу тепе-теңдігінің міндеттері мен шығармашылық мәселелері.

12.3.Журналистің коммуникативтік ролі: шеберліктің диалогиялық формасы, полемика, тақырып арқылы тілдесу, авторлық «мен» т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]