Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhurnalistik_sheberlik_synyby_sillabus_2003.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
306.69 Кб
Скачать

4.Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі

Жалпы сағаты

Академиялық сағат саны

дәріс

Практикалық/

семинар

зертханалық

БАОӨЖ

БАӨЖ

135

30

15

-

15

75

Дәріс сабақтардың тақырыптары мен мазмұны

1.Журналистік шеберліктің ақпараттық-коммуникативтік қызметі

1.1.Шеберлік, кәсібилік ұғымдарына түсінік. Әмбебаптық. Сөздің әмбебаптық ерекшелігі.

1.2. Кәсібилікті қалыптастырудың екі негізгі: арнаулы білім мен тәжірибелік тұрғыдан дайындықтан өту мәселелері.

1.3. Мәтіннің маңыздылығы мен оның әсер етуі мен таралуы.

2.Журналистік кәсібилік: қалыптасудың елеулі кезеңдері

2.1.Алғашқы жарық көрген газет-журналдар. Батыстағы тұңғыш кәсіби деңгейге көтерілген: Даниель Дефо, Ричард Стиль ерекшеліктері.

2.2.Томас Пейн – саясаткер-публицистің аудиторияны жаулап алудағы шеберлігі.

2.3. Батыстық журналистиканың даму жолындағы басты ерекшеліктер.

2.4.Қазақ публицистикасындағы кәсіби деңгейге көтерілген мамандар.

3.Журналистика: дәреже, өнер, мамандық

3.1.Журналистік кәсіптің белгілері.

3.2.Журналистік қызметтің ерекшеліктері. Журналистік мәтін. Журналистік шығармашылық.

3.3.Журналистің әлеуметтік қызметі – мамандықтың шығармашылық ерекшеліктерін анықтайтын бірден-бір фактор.

4.Журналист-тұлғаның кәсіби ерекшеліктері

4.1.Адамның әлеуметтік мәдени ортадағы сапалық көрсеткіші. Тұлға туралы түсінік.

4.2.Журналистикадағы тұлғаның гендерлік сипаты. Әйелдер журналистикасына деген көзқарас.

4.3.Генетикалық факторлардың кәсіпке тигізетін оң және кері әсерлері. Журналист темпаременті туралы ғалымдар тұжырымдары.

4.4. Газет-журнал материалындағы, телерадиохабарлардағы автор-дың психофизиологиялық ерекшеліктері. Журналист мінездемесінің көпқырлы классификациясы.

5.Журналистика – айнадағы әлем.

5.1. Әлем моделі ұғымы. Қоршаған орта суреті. Ішкі әлем. Журналистің сыртқы әлемі мен ішкі жан дүниесінің көрінісі.

5.2.Оны жария етудегі кәсіби маманның ерекшеліктері. Қоғам алдындағы журналистік жауапкершілік.

5.3.Тілшінің өзін тануы, әлеуметтің алдында, шағын ортада ұстай білуі.

6. Журналистің танымдық қызметінің ерекшеліктері

6.1.Ақпараттық өнім – таным мен шығармашылыққа негіз.

6.2.Журналистік шығармашылықтың сезіну, мақсатты бағытталған, танымдық қызметі.

6.3.Танымдық процесстің пішіндері мен жолдары.

7. Ақпараттық ортадағы бағыттылық

7.1.Ешкімге мәлім болмаған жаңалықты журналистің қабылдауы.

7.2.Ақпаратты қабылдаудың түрлері мен оны жария етудегі журналистің шығармашылық еркіндігі.

7.3.Негізгі ақпарат көзі – адам. Құжаттармен, құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізудің маңызы.

8. Танымдық қызметтің әдістері

8.1.Журналистің танымдық қызметінің екі негізгі тобы.

8.2. Мәлімет алудың әдістері: дәстүрлі және әр түрлі мақсаттарда алынатын әлеуметтік сауалнамалар.

8.3. Дәстүрлі әдістердің түрлері: құжаттарды қайта қарау, бақылау және әңгімелесу. Танымдық сатының нәтижесі.

9.Ақпарат жинау әдістері

9.1.Ақпарат көздерімен жұмыс.

9.2. ҚР БАҚ туралы заңындағы ақпарат туралы түсінік.

9.3.Ақпараттың түрлері мен оған қол жеткізудің әдістері.

9.4.Фактологиялық мәліметтерді тексерудің тәсілдері.

10.Ақпарат алудың тәсілдері

10.1.Ақпарат таратудағы репортер еңбегі.

10.2.Ақпарат құралдары қызметкерлері арасында кең тараған әдістер: сұқбат, бақылау және құжаттарды зерттеу.

10.3.Баспасөз конференциясымен жұмыс. Ақпарат алудың әлеуметтік тәсілдері.

11.Журналистік мәтін және оның қызметі

11.1.Журналистік мәтін туралы түсінік. Журналистік мәтін әмбебап және жоғары нәтижелі коммуникацияның құралы.

11.2.Журналистік мәтін ең басты әлеуметтік мәнге ие, сондай-ақ БАҚ-тың мазмұндық жетістігі.

11.3.Журналистік мәтіннің әлеуметтік тұрғыдан идеологиялық аспектімен шектеулі байланысы.

12.Мәтін диалектикасы және әлемді бейнелеу диалектикасы

12.1.Интермәтінділік. Көркем әдеби мәтін. Алғысөздің ерекшелігі.

12.2.Мәтіннің ерекшеліктері мен оны жазудағы тәсілдер.

12.3.Шынайылықты бейнелеудегі журналист шеберлігі.

13.Мәтін жазу – шығармашылық процесс

13.1. Автордың мәтін жазудағы жолдары. Мәтінннің баспаханалық ерекшеліктеріне, жазылуына қарай: баяндау, суреттеу, талдау деп бөлінуі.

13.2.Мәтіндердің жанрлық белгілеріне қарай жазылу ерекшеліктері.

14.Журналистік жанрлар құрылымы

14.1.Жанр немесе мәтін? Жедел-ақпаратты мәтіндер. Жедел-зертеушілік мәтіндер. Олардың ерекшеліктері.

14.2. Жедел-ақпаратты мәтіндерге заметканың барлық түрлерін жатқызамыз. Жедел-зерттеушілік мәтіндерге: сұқбат, репортаж, есеп.

14.3.Публицистикалық мәтіннің үш маңызды компоненті.

15.Зерттеуші-ақпаратты мәтін

15.1.Корреспонденция, комментарий, рецензия.

15.2.Публицистика жанрларының әрқайсысының ерекшеліктері мен оларға қойылатын міндеттер.

15.3. Мәтіндер жазудағы басты назарға алынатын стилистикалық талаптар.

16.Зерттеуші мәтіндер

16.1. Мақала, хат, шолу жанрларының басты белгілері. Мақаладағы ойдың дамуы ең басты ерекшелік.

16.2.Мақала жазудағы жоғары леп, тұлғалық қатынастың белең алуы.

16.3.Баспасөзге шолудың ерекшелігі.

16.4.Қоғамдағы оқиғалар барысына шолудың сипаты. Хат- эпистолярлық публицистика жанры.

17.Зерттеуші-образды мәтін

17.1.Көркем-публицистикалық жанрлардың зерттелуі.

17.2.Очерктің әлеуметтік, публицистикалық, көркем бастауларының маңызы.

17.3.Сатиралық жанрлардың тілі мен стилі. Фельетон жазудың ерекшеліктері.

18. Журналист қызметіндегі технологиялық фактор

18.1. Ақпараттың берілуі тәсілдері мен жазылу ерекшеліктері.

18.2.Мерзімді басылымдар мен теледидарда хабарлардың берілу ерекшеліктері. Журналист қызметіндегі технологиялық фактордың маңызы.

18.3.Мерзімді бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеудің ерекшеліктері.

19.Телерадиодағы жұмыстың ерекшеліктері

19.1.Спутниктік ретрансляция арқылы хабар таратудың, дыбыс жазудағы жетістіктер. Дыбысты сандық жазу үлгісінің мүмкіндіктері.

19.2.Радиодағы жұмыстың ерекшеліктері.

19.3.Телевизиядағы жаңа технология жетістіктері. Спутниктік телевидение. Тележурналист жұмысының ерекшеліктері.

20.Ақпарат агенттігіндегі жұмыстың ерекшеліктері

20.1.Жедел тапсырманы орындауға дайындық. Ақпаратты жеткізудегі жеделділік. Жоғары жауапкершілік – ақпарат агентіне қойылатын үшінші талап. Материалдарды орналастыру ерекшелігі.

20.2.Халықаралық ақпарат алмасу түрлері мен жолдары.

20.3.ҚР БАҚ туралы заңы және ақпарат агенттігіне қатысты қағидалар.

21.Компьютерлік желі және құжаттар базасындағы жұмыстың ерекшеліктері

21.1. Ғаламтор мүмкіндіктері. Желіні пайдаланудың кең тараған тәсілдері. Ғаламтор – ақпарат құралы. Мультимедиалық басылымдар.

21.2. Коммуникацияның жаңа стратегиясы. ЮНЕСКО-ның ақпараттық саясатының негізгі бағыттары.

22.Редакцияның аудиториямен ынтымақтастығы

22.1.Журналистің сөз сөйлеуі, мақала жариялауы. Оқырманның, тыңдарманның, көрерменнің қабылдауы.

22.2.Журналистің аудиториямен байланысындағы ұйымдастырушылық жұмыстар.

22.3.Журналистік мәтіндерді жариялаудағы журналист жұмысының нәтижелілігі.

23. Бұқаралық коммуникацияның екі қырлы табиғаты

23.1.Журналистика теориясындағы ақпарат ағынының екі түрі: аудиторияға бағытталған, аудиториядан қабылданатын хабарлар.

23.2.Журналистің әдеби-ақпараттық жұмысынан бөлек атқаратын қызметтері мен олардың әлеуметтік субьектілермен өзара байланысы.

24.Журналистік процесте аудиторияны өзіне тартудың формалары

24.1.Халықтың баспасөзбен дәстүрлі байланысу тәсілдері: сараптама, диалог, бірлесіп жазу. Оқырман коференциясының маңызы.

24.2.Редакцияның авторлармен қарым-қатынасы.

25. Поштамен жұмыс жасаудағы кәсіби мәдениет

25.1.Редакциядағы хаттар бөлімінің жұмысы. Хаттармен жұмыс жүргізудегі принциптер. Хаттар бөлімінің жұмыс тәсілі.

25.2.Поштамен жұмыс- журналист еңбегінің мәдени көрсеткішін айқындайды.

25.3.Хаттарды жариялаудың жолдары мен әдістері.

26.Аудиториямен ұйымдастырушылық – көпшілік жұмыстарды жүргізудің тәсілдері

26.1.Аудиториямен ынтымақтастық бағыттары. Басылымның тақырыпты таңдау ерекшеліктері.

26.2.Редакцияның штаттан тыс тілшілерінің бірлестігі. Штаттан тыс тілшілер жұмысы. Тілшілер қосыны. Қоғамдық редколлегия. Қоғамдық қабылдау. Басылымдарды тарату мәселелері.

27.Халықаралық ақпарат

27.1. Халықаралық ақпараттың ерекшелігі, стильдік айырмашылығы. Бәсекелестік факторы және әр түрлі БАҚ-тан озық тұру үшін жаңа формаларда жұмыс істеу.

27.2. Қазіргі халықаралық ақпараттардың сапасы және журналиситка бойынша шеберлік мәселелері. Болжам жасау, жаңа идеяларды «ойлап табу», бейнелеу тепе-теңдігінің міндеттері мен шығармашылық мәселелері.

27.3.Журналистің коммуникативтік ролі: шеберліктің диалогиялық формасы, полемика, тақырып арқылы тілдесу, авторлық «мен» т.б.