Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ оконч.прогр.ИГА спец.ОЗ . 10.06.13..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

«ҚДС» ЖӘНЕ «МПІ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КОМИТЕТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

«Бекітемін»

Оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректор,

м.ғ.д., профессор Төлебаев Қ.А.

2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ 051301 «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ «ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА

ТҮЛЕКТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ (МҚА)

БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2014 ж.

Бағдарлама коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, еңбек гигиенасы, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау кафедраларының мәжілісінде талқыланды және бекітілді, хаттама № ___ , «___» ____________________ 2014 ж.

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасының меңгерушісі м.а., м.ғ.д., профессор _______________________ Бекбосынов Т.К.

Бағдарлама нутрициология кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді,

хаттама № __ , «___» ____________ 2014 ж.

Нутрициология кафедрасының меңгерушісі м.а., м.ғ.д., профессор _____________Синявский Ю.А.

Бағдарлама еңбек гигиенасы кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді,

хаттама № __ , «___» ____________ 2014 ж.

Еңбек гигиенасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор _______________Тоғызбаева Қ.К.

Бағдарлама эпидемиология кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді,

хаттама № __ , «___» ____________ 2014 ж.

Эпидемиология кафедрасының меңгерушісі м.а., м.ғ.д., профессор _____________Жакипбаева Б.Т.

Бағдарлама «ҚДС» және «МПІ» білім беру бағдарламасы комитетінің мәжілісінде бекітілді,

хаттама № __ , «___» ____________ 2014 ж.

«ҚДС» және «МПІ» ББК төрайымы, доцент ___________________Алимова Н.Е.

Бағдарлама ҚазҰМУ әдістемелік кеңесінде бекітілді, хаттама № __ , «___» ____________ 2014 ж.

Әдістемелік кеңестің төрағасы, профессор _______________ Төлебаев Қ.А.

МҚА бағдарламасы 051301 - «Жалпы медицина» мамандығы бойынша Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес құрастырылған және «гигиена және эпидемиология» бағыты бойынша интернатура түлектерінің дайындалуының негізгі талаптарын сипаттайды. Бағдарлама мақсаты – кәсіптік қызметтің белгілі бір түрімен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін негізігі пәндер: коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, еңбек гигиенасы, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау, жұқпалы аурулар пәнінің негізгі білім беру бағдарламасы бойынша интерн-түлектердің оқу үрдісінде алған білім, дағды және білімді игеру комплексін бағалау.

Білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың мемлекеттік аралық және қорытынды аттестациялық емтиханды, үлгерімінің ағымды бақылауын жүргізу Ережелеріне сәйкес жүргізіледі (қосымша 1).

МҚА кешенді сипатқа ие және 2 сатыдан тұрады. Бірінші сатысы біріккен емтихан кешенді тестілеу түрінде, оған «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 8 пән кіреді. Тест орталығына әр пән бойынша 300 тест тапсырмалары енгізілген, барлығы 2880 тапсырма. Әрбір интернге 200 тест сұрақтары беріледі. Оның ішінде жалпы гигиена бойынша – 14, жұқпалы аурулар бойынша -14, коммуналдық гигиена пәні бойынша – 24 сұрақ, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні бойынша – 24 сұрақ, тағам гигиенасы пәні бойынша – 24 сұрақ, еңбек гигиенасы пәні бойынша – 24 сұрақ, эпидемиология пәні бойынша – 52 сұрақ, қоғамдық денсаулық сақтау пәні бойынша – 24 сұрақ.

Екінші сатысы - Объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан (ОҚТЭ)». Мақсаты – интерндердің теориялық дайындық деңгейін, дағдыларды меңгеруін, кәсіптік қызметке дайындығын, кәсіптік ой-өрісінің дамуын тексеру.

МҚА-ға мына пәндер бойынша оқуды жақсыға тәмамдаған интерндер ғана жіберіледі: жалпы гигиена, жұқпалы аурулар, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, еңбек гигиенасы, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау.

  1. «Гигиена және эпидемиология» саласындағы дайындық бойынша бітіруші білуге міндетті:

білуі керек:

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдар негізі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, санитарлық, табиғатты қорғау заңдарының негізі,

  • мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының іс-әрекетінің құқықтық негізін;

  • халықтың денсаулығының демографиялық көрсеткіштерін есептеу әдістерін бағалауды;

  • емдеу-алдын алу және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер қызметінің экономикалық ұйымдастыру аспектілерін;

  • халықтың әр топтарының ұтымды тамақтануының теориялық, практикалық негізі және жұқпа, жұқпалы емес алиментарлы аурулардың алдын алуды;

  • өндірістің зиянды факторларының адам организміне әсер ету механизмі, кәсіпке байланысты аурулардың түрлері және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелерін;

  • халық денсаулығына қоршаған ортаның әсер ету механизмін;

  • төтенше жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыру принциптерін;

  • халық арасында жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың басталу мен таралу қаупінің себептері, шарты және алдын алуды;

  • індеттік үдерістің даму заңдылықтары мен механизмі; оның белсенділігіне табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың, урбанизацияның әсерін;

  • әртүрлі жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық сараптау мен бақылаудың негізгі принциптері, жұқпаның табиғи ошақтарының географиялық таралуы, оны бақылау әдістерін;

  • алдын алу және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру, жүргізу ережелерін.

орындай білуі керек:

  • ауруларға күнделікті және ретроспективті індеттік сараптама жүргізу, алдын алу және індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыруды;

  • аурухана ішілік жұқпаларға бақылауды іске асыруды;

  • жұқпалы аурулардың деңгейін төмендету және алдын алуға арналған, аса қауіпті жұқпалардың тасымалдануы мен таралуын ескертетін кешенді шараларды ұйымдастыруды;

  • жұқпалы, паразитарлы, АҚТҚ/ЖҚТБ, әлеуметтік елеулі ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды іске асыруды;

  • эпидемиологиялық үдерістің сандық, сапалық сипатын бағалауды;

  • санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы кезінде әртүрлі нысандардың гигиена-эпидемиологиялық жағдайын бағалауды;

  • белгілі бір аймақты сумен қамтамасыз ету және суды қолдану ерекшеліктерін ескере отырып су жолымен таралатын жұқпалардың алдын алатын шаралар тиімділігін бағалауды;

  • халық арасында жұқпа таралу жолдарының қауіптілік шамасын бағалау;

  • ошақта эпидемиологиялық зерттеулер жүргізуді;

  • мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің әртүрлі деңгейлерінде басқару шешімдерін қабылдауды;

  • қоршаған орта және өндірістік нысандарды күнделікті, ескертпелі санитарлық-гигиеналық қадағалауды іске асыруды;

  • өмір сүру ортасы мен кәсіптік қызмет нысандарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының көрсеткіштерін бағалауды;

  • өндірістегі жұмысшыларды жұмыс орнында аттестаттаудан өткізуді;

  • ауа атмосферасы, топырақ, су, азық-түлікті гигиеналық бағалауды;

  • өндіріс пен кәсіп ерекшелігіне байланысты ауруларды зерттеп бағалап, алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруды;

  • оқу-тәрбие өмір сүру ортасы факторлар әсеріне байланысты балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, физикалық дамуын бағалау, сауықтыру шараларын дайындау және жүргізуді;

  • халықтың радиациялық қауіпсіздігін ұйымдастыру кезінде дозиметриялық бақылауды және негізгі кешенді шараларды жүргізуді;

  • халық арасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруды.

дағдысы болу керек:

  • компьютерлік технологияны қолдана отырып есеп-шот құжаттарын жүргізу;

  • гигиена және эпидемиология саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды іске асыру;

  • бақылаудағы нысандарға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;

  • өмір сүру ортасының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына байланысты ересектер мен балалардың денсаулық денгейін бағалау;

  • тағамнан және кәсіптік улану кезіндегі ауруларға тексеру жүргізу;

  • жұқпалы дерт ошағына эпидемиологиялық зерттеу жүргізу;

  • табиғаттың әртүрлі төтенше жағдайларында жұмыс жүргізу;

  • ғылыми зерттеулерді жүргізу.

жетік білуі керек:

  • республика халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортаны қорғау, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы, радиациялық қауіпсіздігіне күнделікті және ескертпелі санитарлық-гигиеналық қадағалауды іске асыру;

  • санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;

  • жұқпалы ауралар ошағында, аймақтық табиғи-ошақта, емдеу-алдын алу, балалар мекемесінде індетке қарсы және алдын алу шараларын жоспарлау, жүргізу;

  • санитарлық-эпидемиологиялық қызмет аясындағы құқықтық-нормалар мен заңдар жүйесі;

  • халықтың денсаулығы мен өмір сүру ортасының гигиеналық көрсеткіштерін статистикалық бағалау;

  • санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мен қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің интеграциясы.

Пән бойынша тесттік тапсырмалар базасы

Тақырып

Мазмұны

Тақырып бойынша күрделілігі

1.

Жалпы гигиена

180

2.

Жұқпалы аурулар

180

3.

Қоғамдық денсаулық сақтау

360

4.

Коммуналдық гигиена

360

5.

Еңбек гигиенасы

360

6.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

360

7.

Тағам гигиена

360

8.

Эпидемиология

720

Всего

2880

Мәтіннің жоспары және мазмұны:

шифр

Тақырыптың аты

Тесттік тапсырмалардың саны

06_01_

Жалпы гигиена

14

А-2

В-6

С-6

06_02_

Жұқпалы аурулар

14

А-2

В-6

С-6

06_03_

Қоғамдық денсаулық сақтау

24

А-2

В-10

С-12

06_04_

Коммуналдық гигиена

24

А-2

В-10

С-12

06_05_

Еңбек гигиенасы

24

А-2

В-10

С-12

06_06_

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

24

А-2

В-12

С-10

06_07_

Еңбек гигиенасы

24

А-2

В-12

С-10

06_08_

Эпидемиология

52

А-4

В-24

С-24

Барлығы:

200

ОҚТЕ бекеттері (қадамдары)

Бекет нөмірі

Бекеттер атауы

1

Атмосфералық ауа сынамасын алу және ластануын бағалау

2

Жоба бойынша тұрғын бөлменің ТЖК анықтау

3

Жоба бойынша бөлменің үздіксіз инсоляция уақытын анықтау

4

Өкпенің өмірлік сыйымдылығын өлшеу.

5

Қолдың бұлшық ет күшін өлшеу.

6

Штанге – тыныс алу жүйесін әрекеттік сынау

7

Лабораториялық зерттеуге нанның үлгісінен сынама алу және оны лабораторияға жіберу әдісі. Нанды органолептикалық бағалау.

8

Нанның физикалық-химиялық көрсеткіштерін зерттеу

9

Нанның сапасы бойынша санитариялық-гигиеналық қорытындыны толтыру

10

Өндірістік орындардағы ауа температурасын анықтау

11

Өндірістік орындардағы ауа ылғалдылығын анықтау

12

Өндірістік орындардағы ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау

13

Шыққан жұқпалы ауру ошағында эпидемиологиялық тексерудің сапасы мен толық қамтуын бағалау

14

Ошақтың ликвидациясы бойынша эпидемияға қаршы шаралар жоспарын құру.

15

Егу кабинетінің жабдықталуы және салқындық тізбегінің сақталу техникасы

Бағалау рубрикасы

Бекет 1 «Атмосфералық ауа сынамасын алу және ластануын бағалау»

Емтихан қабылдаушыға арналған мәліметтер: Электроаспиратор аппаратының көмегімен атмосфералық ауадан сынама алу және белгілі уақытта өткізілген ауаның көлемін бағалау, бітірушінің біліміне баға беріңіз.

Қадамдарды бағалау критерийлері

Баллмен бағалау

1.

Емтихан тапсырушы сүзгімен бірге аллонждарды және жұту ортасын дұрыс дайындады. Қатты аэрозольды заттармен ластануды анықтау үшін ротометрді қажетті сынама алу жылдамдығына орналастырып, аспапты іске қосты.

40

30

28

0

2.

Аспап арқылы белгілі бір уақыт аралығында өтетін ауа көлеміне дұрыс есептеу жүргізді.

30

30

25

0

3

Жалпы қорытынды жүргізу.

30

29

21

0