Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новые тех на 2014-2015 .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

Тұрақтылығы бойынша

Айнымалы ақпарат фирманың өндірістік-шаруашылық әрекетінің шын мәнісіндегі сандық және сапалық сипатын көрсетеді. Ол мөлшері бойынша немесе тағайындалуына қарай әрбір жағдайда өзгеріп отырады. Мысалы, алмастыру үшін өндірілген өнімдер мөлшері, апта сайынғы шикізатты жеткізуге жұмсалған қаражаттар.

Тұрақты ақпарат – ұзақ мерзімді, жиі қолданылатын және өзгермейтін ақпарат. Тұрақты ақпарат анықтамалық, нормативті, жоспарлы болуы мүмкін:

  • тұрақты анықтамалық ақпарат – ұзақ мерзімді тұрақты белгілермен обьекттің тұрақты қасиеттерімен сипатталады.

  • тұрақты нормативті ақпарат – жергілікті, салалық және жалпы мемлекеттік нормативтерден тұрады. Мысалы, кіріс салық мөлшері, өнімнің нақты түрінің сапасындағы стандарттар, еңбекке ақы төлеудің кіші мөлшері, мемлекеттік қызметкерлер еңбек ақысының тарифі.

  • тұрақты жоспарлы ақпаратты фирмадағы көп қолданылатын жоспарлы көрсеткіштер құрайды. Мысалы, телевизорлар шығару жоспары, мамандарды дайындау жоспары.

Өңдеу сатысы бойынша

Бастапқы ақпарат – бастапқы сатыда тіркелетін немесе обьект қызметі процесінде тікелей пайда болатын ақпарат.

Қосымша ақпарат – бастапқы ақпараттарды немесе аралық, нәтижелік ақпараттарды өңдеу нәтижесінде пайда болатын ақпарат.

Аралық ақпарат – кезектегі есептеулер үшін бастапқы мәлімет түрінде қолданылатын ақпарат

Нәтижелік ақпарат – басқару шешімдерін өңдеу үшін қолданылатын және аралық, бастапқы ақпараттарды өңдеу процесінде пайда болады. Мысал ретінде көркемдік цехында шыныларды әшекейлеу жұмысы жасалады. Әрбір ауысым соңында әрбір жұмысшының жалпы өндірілген өнімдері мен әшекейленген шынылар саны тіркеліп отырады. Мұнда бұл бастапқы ақпарат болады. Әрбір ай соңында мастер бастапқы ақпараттың қортындысын шығарып отырады. Бұл - қосымша аралық ақпарат болады, екіншіден нәтижелік ақпарат болып табылады. Қортынды мәліметтер бухгалтерияға келіп түседі, яғни әрбір жұмысшының өндіру жұмысына қарай жалақы мөлшері есептеледі. Алынатын есептелінген мәлімет – нәтижелік ақпарат болады.

Бейнелеу тәсілі бойынша

Текстік ақпарат – қағаздағы, дисплей экранындағы алфавиттік, цифрлық және арнайы символдар.

Графиктік ақпарат – бұлар түрлі графиктер, диаграммалар, схемалар, суреттер және т.б.

Басқару функциясы бойынша

Жоспарлы ақпарат – болашақ кезеңде обьекті басқару параметрі туралы ақпарат. Бұған фирманың барлық қызметі кіреді. Мысалы, фирманың жоспарлы ақпараты мынандай көрсеткіштер болуы мүмкін, өнімдерді шығару планы, өнімге күтілетін сұраныстар, жоспарланатын кірістер.

Нормативті-анықтамалық ақпарат – түрлі нормативті және анықтамалық мәліметтер құрайды. Мысалы, нормативті-анықтамалық ақпарат мекемедегі:

  • детальды жасап шығаруға арналған уақыт (көп еңбек етуді керек ететін нормалар)

  • разряд бойынша жұмысшының орта күндік еңбекақысы

  • қызметкер еңбекақысы мөлшері

  • жеткізіп беруші мен сатып алушы адрестері

Есепті ақпарат – белгілі бір уақыт мерзімінде өткен фирмалық қызметін сипаттайтын ақпарат. Осы ақпарат негізінде келесі әрекеттер жүргізіледі: жоспарлы ақпаратты түзету, фирманың шаруашылық қызметіне талдау жасау, жұмысты басқарудың неғұрлым нетижелі шешімдерін қабылдау және т.б. Іс жүзінде есепті ақпарат ретінде бухгалтерлік есептеулер, статистикалық ақпараттар және жедел есепті ақпарат болады. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығындағы сатылған өнімдер мөлшері; жұмыстың тәуліктік орташа мөлшерін есепті ақпаратқа жатқызуға болады.

Тікелей ақпарат – ағымдық уақыт мерзімінде өндірістік процестерді сипаттайтын және тікелей басқару жұмысында қолданылатын ақпарат.

Тікелей ақпараттың келіп түсуі мен өңделу жылдамдығына және оның анықтылық деңгейіне қатаң талаптар қойлады. Оны қаншалықты жылдам әрі сапалы өңделуі көбінесе нарықтағы фирманың үлгеріміне байланысты . Мысалы, 1 сағаттағы, 1 ауысымдағы, 1 күндегі дайындалған деталдар мөлшері; нақты уақыт немесе бір кұндегі сатылған өнімдер мөлшері; жұмыс күнінің басындағы жеткізіп берушінің шикізат көлемі т.б. тікілей ақпаратқа жатады.

3.2 Экономикалық ақпарат қасиеттері. Экономикадағы ақпараттық процестер. Экономикалық ақпарат қасиеттері. Экономикалық ақпарат дегеніміз анықталатын ақпараттың маңызды жақтарын көрсететін категориялар.

Экономикалық ақпаратқа тән жалпы ақпараттар мынандай қасиеттермен көрсетіледі: мағыналылығы (маңызыдылық)‚ жеткілікті (толықтық)‚ түсінікті болуы (қолайлы)‚ өзектілік‚ деркезділігі‚ дәлдігі‚ анықтылығы (сенімділігі)‚ тұрақтылығы‚ репрезентативті (көрнекілігі).

Информация теориясында информацияны алушыға арналған хабарлама мазмұнының құндылығын ескеретін ықтималдық әдіс қабылданған. Ақпарат мағыналылығы мағыналы ақпарат мөлшерінің өңделуші мәліметтер көлеміне қатысын көрсететін семантикалық (мағыналы) сыйымдылықпен бейнеленеді.

С = Іc / Vд

Ақпарат мағыналылығының өсуі ақпараттық жүйенің мағыналы жұмыс жасау қабілетін өсіреді.

Жеткілікті (толықтық) ақпарат дегеніміз – ол дұрыс шешімдер қабылдауда ең аз әрі жеткілікті құрылымдар жиыны.

Ал ақпараттың толықтығы – оның мазмұны мен мағынасына байланысты.

Ақпараттың түсініктілігі (қолайлылығы) – ақпаратты алу мен түрлендірудің сәйкес процедруларының орындалуы пайдаланушының қабылдауымен қамтамасыз етіледі. Мысалы‚ ақпараттық жүйеде қолданушылардың қабылдауы үшін ақпарат түсінікті әрі қолайлы түрге өзгертіледі.

Ақпараттың өзектілігі – басқаруда ақпараттардың құндылығын сақтау деңгейімен анықталады. Оны пайдалану кезінде оның сипатының өзгеруі мен берілген ақпараттың пайда болу уақтысына тәуелді болады. Өзекті ақпараттар тұрақты өзгермелі жұмыс жағдайында маңызы зор.

Ақпараттың деркезділігі – қойылған мәселелерді шешуге келісілген уақытқа немесе белгіленген уақыт кезеңінде алдын ала келіп түсетін ақпараттар. Уақыт – ақпараттың жауы‚ яғни уақыт өте келе ақпараттар ескіреді. Сондықтан дер кезінде өңделген‚ қолданылатын‚ алынатын ақпараттар шешімдер қабылдауда‚ басқару процесін реттеуде маңызы зор.

Ақпараттың дәлдігі – объектінің‚ процестің‚ құбылыстың нақты жағдайына алынған ақпараттың жақындық деңгейімен анықталады.

Ақпараттың анықтылығы – оның нақты объектті қажетті дәлдікпен бейнелеу қасиетімен анықталады.

Ақпараттың репрезентативтілігі (көрнекілігі) – объект қасиеттерін бірдей көрсету мақсатында ақпараттарды жинау және қалыптастыру.

Ақпараттың тұрақтылығы – тиісті дәлдікті бұзбай бастапқы мәліметтердің өзгеруіне әсер ету қабілетін көрсетеді.

Белгілі тәртіп деңгейінде ақпараттық жүйені өңдеуде ақпараттардың репрезентативті‚ мағыналы‚ жеткілікті‚ түсінікті‚ тұрақты қасиеттері толық анықталады. Ақпараттың өзектілігі‚ деркезділігі‚ дәлдігі және анықтылық параметрлерінің шамасына жүйенің жұмыс істеу түрі‚ ең алдымен оның сенімділігі елеулі ықпал жасайды. Экономикалық ақпараттың тағы да ерекше талаптары - мақсаттылығы мен жинақтылығы.

Экономикалық ақпарат мақсаттылығы – басқарушы жүйе үшін оның құндылығы анықталатын‚ экономикалық объектті басқаруда мәселелерді шешу үшін сәйкес хабарламалардың жарамдылық дәрежесімен түсіндіріледі.

Экономикалық ақпараттың жинақтылығы – тығыз байланысқан жергілікті‚ аймақтық‚ салалық және салааралық көрсеткіштер мәліметтерінің өзара толығуының қамтамасыз етілуі‚ экономикалық объекттің сандық және сапалық жағдайларын сипаттайды деп қарастырылады. Экономикалық ақпараттың барлық қарастырылған талаптары экономикалық ақпараттық жүйені қалыптастыру кезінде ескерілу керек.

Экономикадағы ақпараттық процестер. Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе тірі организмге сыртқы ортадан келіп түсетін‚ одан ары қолдануға жарамды хабарламаларды түрлендіру процесі. Ақпараттарды қабылдау жүйе мен сыртқы орта байланысын нығайтады. Жалпы алғанда ақпараттық жүйеде‚ қабылдау жүйесі сырттан жинақталған ақпараттарға бастапқы өңдеуді жүргізеді. Қабылдау жүйесі үшін бастапқы өңделген ақпараттар ақпараттарды жинау жүйесін жасап шығарады. Сондықтан қабылдау жүйесі ақпараттарды жинау жүйесі деп қарастырылады.

Экономикадағы ақпараттық процестерге: экономикалық ақпараттарды жинау‚ өңдеу‚ қорландыру‚ сақтау‚ іздеу және тарату жатады. Ақпараттарды жинау түрлі экономикалық объектте әртүрлі болады. Бұл процедура объекттің өндірістік-шаруашылық әрекетін көрсететін бастапқы есепті ақпараттар жинақтау кезінде фирмаларда‚ автоматтандырылған басқару процестерінің өндірістік мекемелерінде мейілінше күрделі болады. Бастапқы ақпараттың деркезділігі‚ толықтығы мен түрлі шаруашылық әрекеттерді орындау кезінде ақпараттар жинақталады. Мысалы: дайын өнімді қабылдау‚ материалдарды жұмсау мен алуда.

Автоматтандырылған басқару мекемелері ақпараттарды жинау мен тіркеуде техникалық құрылғыларды қолданудың маңызы зор. Мұнда ақпараттарды жинау мен тіркеу жұмыс орнында жасалса‚ ал өңдеу – есептеу орталықтарында іске асады.

Ақпараттардың берілуі әртүрлі жолмен іске асырылады‚ курьерлер көмегімен (шұғыл‚ жедел тапсырмалармен жүріп тұратын кісі)‚ почта бойынша‚ транспорттармен жеткізу‚ байланыс каналдары арқылы қашықтан тасымалдау және т.б. Қашықтан тасымалдау мәліметтерді беруде уақытты үнемдейді ол үшін арнайы техникалық құралдар қажет.

Автоматтандырылған жүйемен басқару ұйымдарында ақпараттық процестер ЭЕМ көмегімен және басқада техникалық құрылғылар көмегімен жүзеге асады. ЭЕМ-де экономикалық ақпараттарды өңдеу – басқару қызметінің мамандарымен жасалатын автоматтандырылған жұмыс орындарындағы бастапқы ақпараттардың пайда болуымен түсіндіріледі.

Экономикалық ақпараттық жүйе. Ақпараттық жүйе – өте көлемді ақпараттарды сақтауға‚ керекті ақпараттарды жылдам іздеуге және оны адамдарға қолайлы түрде шығаруға арналған автоматтандырылған жүйе.

Экономикалық ақпараттық жүйесі – пайдаланушылардың сұранысы бойынша экономикалық ақпараттарды сақтау‚ іздеу және беру жүйесі деп түсінідіріледі.

Экономикада қолдану ортасына қарай:

  • банктік ақпараттық жүйелер;

  • фондылық рынок ақпараттық жүйелері;

  • сақтандыру ақпараттық жүйелері;

  • салықтық ақпараттық жүйелер;

  • өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарының ақпараттық жүйелері;

Экономикалық ақпараттық жүйе ақпараттық‚ техникалық‚ программалық‚ ұйымдық және құқықтық қамсыздандырулардан тұрады.

Экономикалық ақпараттық жүйелер мысалдары:

  1. Нарықтық үнемдеуді іздеп табу ақпараттық жүйелері

Бірқатар фирмаларда тауарды сатып алу кезінде ақпараттық жүйелер сатып алушы туралы төмендегідей мәліметтерді тіркеп отырады:

  • сатып алушылар топтарын және олардың құрамы мен тапсырыстарын анықтау;

  • сатып алушыларға әртүрлі ұсыныстар‚ жарнамалар‚ ескертулер жіберу

  • тұрақты сатып алушыларға тауарларды және кредит қызметтерін‚ арзандатылған‚ мерзімі ұзартылған төлемдерді жеткізіп беру

  1. Тауарлар ағынын жеделдетуші ақпараттық жүйелері

Айталық фирма нақты мекемеге өнімдерді жеткізіп беруге арналған дейік‚ мысалы больницаға‚ мол өнімдер қорының фирма қоймасында болуы өте тиімсіз‚ ал олардың болмай қалуы тағы да мүмкін емес нәрсе. Осы мәселенің орнықты шешімін табу үшін фирм қызмет көрсетілетін мекемеге терминалдар (мәліметтерді енгізу-шығару құрылғысы) орнатылып‚ олар ақпараттық жүйеге қосылып тұрады. Тапсырыс беруші тікелей терминалдан өзінің ұсыныстарын каталогқа енгізіп отырады. Бұл мәліметтер ақпараттық жүйеге тапсырыс есебінде түсіп отырады. Менеджерлер келіп түскен тапсырыстарды іріктей отырып‚ қысқа уақыт аралығында керекті тауарды тапсырыс берушіге жеткізіп беруде жедел басқаратын шешімдер қабылдайды. Сөйтіп‚ тауарларды сақтауда орасан мол қаржы үнемделеді‚ тауарлар ағыны жеңілдетіліп‚ жеделденеді және сатып алушылар қажеттіліктері қадағаланып отырады.

  1. Өндіріс шығындарын төмендетуші ақпараттық жүйелері

Бұл ақпараттық жүйелер өндіріс процестерінің барлық кезеңдерін қадағалап‚ басқару мен бақылаудың жақсаруына қызметшілерді мейлінше орынды пайдалану мен жоспарлауға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде өндірілген өнімдер мен қызметтердің өзіндік құны төмендетіледі. Мысалы‚ фирмада орнатылған автомашиналарды жалға беруші ақпараттық жүйелер жалға берілетін машиналар паркінің техникалық жағдайын‚ құнын және тұрған орнын қадағалайды.

  1. Технологияларды автоматтандырушы ақпараттық жүйелері

Бұл технологиялар негізі егер фирманың кірісі рентабельділік айналасында қалса‚ пайдаланушыға контракттың ұзақтығы мен көлеміне байланысты әртүрлі арзандатулар жасалады. Бұл жағдайда пайдаланушы фирмамен өзара тығыз байланыста болады. Осының арқасында фирма өзіне қосымша клиенттерді қаратады. Егер клиент берілген фирмамен байланысын ұзіп‚ басқа фирмаға кетсе‚ оған тиісті арзандатулардың жоғалуынан‚ оның шығындары көбейеді. Мысалы‚ авиабилеттер сатудың ақпараттық жүйесінде бірнеше жылдық архивтік мәліметтерді талдау‚ салон толуын бағалап‚ әрбір орынға тиісті бағасын белгілеу‚ сатылмаған билеттердің санын азайту және т.б. қарастырылады.

Банк ақпараттық жүйесі оның клиенттері счетындағы төлемдердің барлық түрін қамтамасыз етеді. Бұл басқа банктің ақпараттық жүйесімен сәйкес келмеу керек. Осы жолмен клиент банктен шыға алмастай қызмет аясында қалып қояды. Ал банк оған әртүрлі арзандатулар және тегін қызмет көрсетеді.

Ақпараттық жүйелер қызметтері

  1. Маркетинг жүйесі

  • нарықты тексеру және сатудағы болжаулар;

  • сауда-саттықты басқару

  • жаңа өнімдерді өндіруде ұсыныстар

  • бағаларды қою және талдау

  • тапсырыстарды тіркеу

  1. Өндірістік жүйелер

  • жұмыс көлемін жоспарлау және күнтізбелік жоспарларды өңдеу

  • өндірісті жедел басқару және бақылау

  • құрылығылар жұмысын талдау

  • жеткізіп беруші тапсырыстарын қалыптастыруға қатысу

  • басы артық қорларды басқару

  1. Қаржылық және есептік жүйелер

  • тапсырыстар портфелін басқару

  • кредит жағдайын басқару

  • қаржылық жоспарларды өңдеу

  • қаржылық талдау және болжамдар жасау

  • бюджетті бақылау

  • бухгалтерлік есеп және жалақы есептеу

  1. Кадрлар жүйесі

  • еңбек ресурстарындағы қажеттіліктерді талдау және болжамдар жасау

  • қызметшілер туралы жазбалар архивтерін енгізу

  • кадрларды дайындауды талдау және жоспарлау

  1. Басқа жүйелер мысалы АЖ жетекшілігі

  • фирма қызметін бақылау

  • жедел мәселелерді табу

  • стратегиялық жағдайларды талдау және басқару

  • стратегиялық шешімдерді қалыптастыру процесін қамтамасыз ету

Жедел дәрежелі экономикалық ақпараттық жүйе – келісімдер мен жағдайлар (счеттар‚ тауар алуға ұсынылатын құжаттар (накладные)‚ жалақы‚ кредит‚ шикізат және материалдар ағыны) туралы мәліметтерді өңдеуші маман-орындаушыларды қолдайды. Бұл дәрежедегі ақпараттық жүйе қызметі – тікелей басқаруға сәйкес фирмадағы келісімдерді қадағалау мен ағымдық жағдайы туралы сұраныстарға жауап береді. Мұны орындау үшін ЭАЖ қолайлы‚ үздіксіз жұмыс жасайтын әрі дәл ақпараттарды жеткізіп отыру керек. Жедел дәрежелі ЭАЖ фирма мен сыртқы ортаны байланыстырады. Егер жүйе жұмыс істемесе‚ мекеме сырттан ақпарат ала алмайды немесе бере алмайды. Сонымен бірге бұл жүйе - басқа ақпараттық жүйе типтері үшін ақпараттарды негізгі жеткізіп беруші болады.

Жедел дәрежелі ЭАЖ-ге қатыстылар:

  • бухгалтерлік;

  • банктік депозиттер;

  • тапсырыстар өңдеу;

  • авиабилеттерді тіркеу;

  • жалақыларды төлеу;

Менеджерлерге арналған ЭАЖ. Менеджмент деңгейіндегі ЭАЖ – орташа басқару қызметкерлері мониторингі үшін (тұрақты қадағалау)‚ бақылау‚ шешімдер қабылдау және әкімшілік етуде қолданылады. Бұл ақпараттық жүйелердің негізгі қызметі:

  • ағымдық көрсеткіштерді алдынғыларымен салыстыру;

  • нақты уақытта кезеңдік есептерді құрастыру;

  • архивтік ақпараттарды қамтамасыз ету;

Бұл деңгейдегі ақпараттық жүйелердің екі типі: басқарушы (менеджмент үшін) және шешімдерді қабылдауды қолдаушы жүйелер.

Басқарушы ақпараттық жүйелердің талдау мүмкіндіктері аз болады. Олар қызмет туралы күнделікті‚ апта сайынғы ақпараттарды керек ететін басқарушыларды қамтамасыз етеді. Олардың негізгі қызметі – фирманың күнделікті қызметін қадағалау және кезеңдік типтік есептерді қалыптастыру.

Шешімдерді қабылдауды қолдаушы жүйелер нәтижелері алдын ала қиын болжанатын жиі құрамалы есептерді қамтамасыз етеді. Оларды бірнеше модельді талдау аппараттары болады. Ақпараттарды басқарушы операциялық ақпараттық жүйеден алады. Шешім қабылдаушылардың барлығы осы жүйені қолданады‚ яғни менеджерлер‚ мамандар‚ аналитиктер және т.б. Мысалы‚ олардың ұсыныстарымен құрал-жабдықтарды арендаға беру немесе сату шешімдерін қабылдауда керек болады.

Фирмадағы экономикалық ақпараттық жүйе. Кез келген фирмада өзара әрекеттесетін және барлық деңгейде басқару шешімдерін қолдайтын әртүрлі қызмет ететін бірнеше жергілікті ЭАЖ болу керек. Соның бір варианты төменде көрсетілген:

Фирма қызметін орындайтын‚ АЖ мысалы жергілікті ақпараттық жүйелер арасында әртүрлі сипаттар мен белгілер байланысын ұйымдастырады. Бір жергілікті АЖ фирмадағы қызметкерлердің үлкен мөлшерімен байланыста болып‚ сыртқы ортаға шығуға мүмкіндігі бар‚ ал кейбірінің тек бір немесе бірнеше байланыстары ғана болады.

Мекемеге байланыс негізінің соңғы жолы – басқа фирма ақпараттық жүйесіне тікелей шығатын жергілікті ішкіфирмалық компьютерлік желілерді пайдалану. Осының негізінде аймақтық және ауқымды желі ресурстары қолданылады.

Компьютерлік желілер көмегімен әртүрлі қызметтегі ақпараттық жүйе негізінде фирмада корпоративті ақпараттық жүйе пайда болды. Мұндай ақпараттық жүйелер пайдаланушыға жалпы фирмалық мәліметтер қорымен жергілікті мәліметтер қорымен жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Фирмадағы корпоративті ақпараттық жүйе ролі шығарылған өнім құнының қалыптасуына қатысады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және автоматтан-дырылған жұмыс орны. Ақпараттық жүйе - қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау‚ өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың‚ әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны.

Ақпараттық процестер – адамдар арасында‚ тірі организмдерде‚ техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпаратты тасымалдау‚ жинақтау және түрлендіру процестерін айтуға болады. Ақпараттық процестер процедуралары қолмен және түрлі техникалық құрылғыларды қолдану арқылы орындалады. Мысалы‚ компьютерлер‚ телекоммуникация құралдары‚ шеткері және ұйымдастырылған техникалық құрылғылар арқылы орындалады. Сондықтан ақпараттық жүйелер автоматтандырылған және автоматтан-дырылмаған жүйелерге ажыратылады.

Автоматтандырылмаған ақпараттық жүйеде ақпаратты өңдеуде барлық операциялар ақпараттарды өңдейтін техникалық құралдарды мүлдем қолданбай немесе аз қолдану арқылы тек басқарушы жұмысшылар көмегімен орындалады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе керісінше‚ адамның аз қатысуымен немесе көмегінсіз ақпараттық процестер операциялары мен техникалық құралдардың арнайы әдістермен іске асырылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе – ақпаратты жинауға‚ сақтауға‚ іздеуге және сұраныс бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені.

Автоматтандыру дегеніміз – адамды материалдар‚ энрегия және ақпарат қабылдау‚ жеткізу‚ сақтау‚ өңдеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық‚ программалық және басқа құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе операциялары автоматтандырылған жұмыс орны арқылы іске асады.

Автоматтандырылған жұмыс оындарына:

1) жұмыс істеуші адамның компьютерлік желі қызметіне араласуын ұйымдастыратын қосымша аспаптармен жабдықталған автоматтандырылған жұмыс орны;

2)техникалық құралдардың (автоматтандырылған) тиісті кешенімен жарақтандырылған және тиісті программалық‚ ақпараттық жасақтамамен жабдықталған дара жұмыс орны. Құрамына жұмыс істеуші адамның есептеу желісі қызметіне араласуын ұйымдастыратын қосымша аспаптар кіреді.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) – математикалық тәсілдер мен техникалық құрылғыларды (ЭЕМ‚ байланыс құралдары‚ ақпараттарды бейнелеу құрылғылары) пайдалану арқылы ақпараттық процестерді орындайтын ақпараттық ресурстар мен автоматтандырылған ақпараттық технологиялар жиыны. ААЖ жасау – экономикалық объектті өндіру тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді және басқару сапасын қамтамасыз етеді.

ААЖ-дың тиімділігі – мекеме‚ фирма жұмыстарының жоспарын оптимизациялау жедел шешімдерді жылдам жасау‚ материалдық және қаржылық ресурстарды шебер пайдалану кезінде маңызы өте зор. Қазіргі кезде ААЖ өте кең өріс алып келеді. ААЖ – пайдалану аймағына‚ қамтылатын территориясына‚ ақпараттық процестер ұйымына‚ қызмет ету бағытына‚ белгілері мен құрылымына байланысты жіктеледі.

1. Төменде қызмет ету бағытына байланысты ААЖ классификациясы көрсетіледі;

2. Қамтылатын территориясына байланысты ААЖ классификацияланады;

3. Ақпараттық процестер ұйымына байланысты ААЖ екі үлкен топқа: басқарушы және ақпараттық болып бөлінеді;

4. Пайдалану ортасына қарай ААЖ келесі бөліктерге жіктеледі: әкімшілік‚ өндірістік‚ оқу жұмысы‚ медициналық‚ әскери‚ метеорологиялық‚ экологиялық‚ криминалистік және т.б;

5. Белгілері мен құрылымы бойынша ААЖ төмендегі жүйелерге жіктеледі‚ яғни мекемедегі ААЖ классификациясы;

ААЖ кішігірім әлеуметтік процестерді де реттеп отырады. Олар кассалық операциялар‚ транспорт орындарын‚ қонақ үй орындарын бқлу‚ метеорологиялық ақпараттар ААЖ-н айтуға болады. Басқару ортасында жұмысшылар қызметі (бухгалтерлер‚ кредит-банктік жүйесіндегі мамандар) кәзіргі уақытта дамыған технологияларды пайдалануға қалыптастырылған.

4-тақырып. АҚПАРАТТЫҚ НАРЫҚ

4.1 Ақпараттық нарық құрылымы.

4.2 Ақпараттық ресурс – бизнестің стратегиялық ресурсы

4.1 Ақпараттық нарық құрылымы. Ақпараттық нарық құрылымы – бірыңғай ақпараттық өнімдер мен қызметтерді ұсынатын адамдар мен ұйымдар тобын біріктіретін секторлар жиыны.

Ақпараттық өнімдер мен қызметтер рыногын 5 секторға бөлеміз:

1. Қызметші ақпарат. Келесі бөліктерден тұрады:

  • биржалық және қаржылық ақпарат – құнды қығыздарды бағалау, валюта курсы, тіркелген ставкілер, тауарлар мен капиталдар нарығы, инвестициялар, бағалар. Мұнда жеткізіп берушілер немесе жабдықтаушылар – биржалық және қаржылық ақпараттардың арнайы қызметтері, брокерлік компаниялар, банктер болып табылады.

  • статистикалық ақпарат – экономикалық, әлеуметтік және демографиялық салалар бойынша болжау үлгілері мен бағалары. Коммерциялық ақпарат – компания, фирма, корпорация жұмыстарының бағыты мен олардың өнімдері, бағалары туралы мәліметтер: қаржылық жағдайы, байланыстары, келісімдер, жетекшілік, экономика және бизнес саласындағы жаңалықтар туралы мәліметтер. Мұнда жеткізіп берушілер –арнайы ақпараттық қызмет орындары.

2. Мамандарға арналған ақпарат келесі бөліктерден тұрады: кәсіби ақпарат – юристер, дәрігерлер, фармацевтер, оқытушылар, инженерлер және т.б. арналған арнайы мәліметтер мен ақпараттар; ғылыми-техникалық ақпарат – адамдар қызметі мен өндіріс саласы бойынша жаратылыстық, техникалық, қоғамдық ғылымдарға арналған анықтамалық, рефераттық, библиографиялық, құжаттық ақпараттар.

3. Қолданылатын ақпарат келесі бөліктерден тұрады: жаңалықтар мен әдебиеттер – жаңалықтар қызметтері мен баспасөз агенттіктері ақпараттары, электрондық журналдары, анықтамалықтар, энциклопедиялар.

4.Тұтынылатын ақпарат – транспорттар жұмысының кестесі, теміржол және авиабилеттер сақталуы, қонақүй орындары, тауарлар мен қызметтерге тапсырыстар, банктік операциялар және т.б.

5. Сауықтыру ақпараттары – ойындар, телетекст, видеомәтіндер және т.с.с.

6. Білім беру қызметтері. Білім деңгейінің барлық түрі кіреді, ақпараттық өнім компьютерлік немесе компьютерлік емес түрде көрсетіледі. Оларға: оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар, практикумдар, жетілдірілген компьютерлік ойындар, компьютерлік оқытушы және бақылаушы жүйелер және т.б.

7. Ақпараттық жүйелер мен құрылғыларды қамтамасыз етушілер. Олар келесі бөліктерден тұрады:

  • программалық өнімдер – кәсіби программадан тәжірибесіз пайдаланушы программасына дейінгі программалар кешенін жатқызамыз. Олар: жүйелік, қолданбалы программалар.

  • техникалық құрылғылар – компьютерлер, телекоммуникациялық қондырғылар.

4.2 Ақпараттық ресурс – бизнестің стратегиялық ресурсы. «Ақпараттық өнім», «Ақпараттық тауар», «Ақпараттық ресурс», олардың артықшылықтары мен өзгешеліктері. «Өнім» адам өмірінің түрлі салаларында кең қолданылатын ұғым. Өнімнің түрлері әр түрлі болады, ауыл шаруашылығының салаларының түрлі өнімдері, өнеркәсіптік және т.б. болады. Өнім – адам еңбегінің жемісі.

Ақпараттық өнім – өндірістік шаруашылық қызметтерінде, өнер туындылары және басқа да ақпараттарды, электрондық техникалар көмегімен және дәстүрлі жолмен алынатын ойын-сауықтар туралы түрлі білімдер мен мәліметтер аспектілері.

Ақпараттық өнімге алгоритм, қолданбалы программалар пакеті, мәліметтер қоры, ақпараттық қызмет көрсету және т.с.с. жатады.

Құрылған ақпараттық өнімнің бағалылығы оның мазмұнына, дәлдігіне, дер кезінде тұтынушыға жетуіне байланысты.

Ақпараттық тауар – өте ерекше түрдегі тауар және материалдық өнімдерді онымен тасымалдауға болмайды. Барлық тауарлар сияқты оның тұтынушылық бағасы бар.

Материалдық өндіріске бағытталған өндірістік қоғамда экономикалық категориялар бойынша қойылған ресурстардың бірнеше түрі белгілі.

  • материалдық ресурстар – қоғамдық өнімдер өндірісі процесінде қолдануға арналған еңбек құралдарының жиыны. Мысалы, шикізат, материалдар, отын, энергия т.б.

  • табиғи ресурстар – адамды материалдық және рухани қанағаттандыру үшін көпшілік қолданатын табиғи жағдайлар, процестер мен обьектілер

  • еңбек ресурстары - қоғамдық қызметтегі жалпы біліммен кәсіби білімі бар адамдар.

  • қаржылық ресурстар – мемелекет немесе коммерциялық құрылым қарамағындағы қаражат.

  • энергетикалық ресурстар – энергия тасымалдаушылар. Мысалы: көмір, мұнай, гидроэнергия, электроэнергия.

  • Ақпараттық ресурстар – жеке құжаттар мен ақпараттық жүйелерде (кітапханалардағы, архивтердегі, фондтар, банк мәліметтері) құжаттар жиыны.

Қоғамдық ақпараттық ресурстар адамдар жинқтаған қорытындылаған, талдаған және құрып дайындалған білім қоры деп қарастырылады. Бұл білім қоры құжаттар, мәліметтер қорлары, алгоритмдер, компьютерлік программалар және де ғылым, әдебиет, өнер шығармашылықтары түрінде жасалады.

Ақпараттық ресурс – түрлі формадағы ақпараттардың (мәліметтер, мағлұматтар, фактілер, құжаттар, есептер және т.с.с.) сақталуы, жеткізушілер, ақпараттық салалардағы мамандардың, бизнесте бәсекелестер алдында егесіне жетістіктер әперетін ақпараттардың жиынтығы.

Ақпараттық өнімдер мен қызметтер.Ақпараттық ресурстар – ақпараттық өнімдер жасауға арналған база. Ақпараттық өнім – заттық немесе заттық емес түрде тарату үшін өндірушінің қалыптастырылған мәліметтер жиыны. Ақпараттық өнім кез келген материалдық өнім сияқты арнайы қызмет көмегімен кең таратылады. Соңғы уақытта ақпараттық өнімдер электрондық құжат түрінде, CD-ROM компакт-дискілерде және интернет ақпараттық телекоммуникациялық желілерде кең таратылған.

Ақпараттық қызмет – пайдаланушы қарамағындағы ақпараттық өнімдерді алу және жеткізу, яғни компьютер көмегімен ақпараттық өнімдерді жеткізу деп түсіндіріледі.

Ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығы мен ақпараттық нарық

Ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығы деп – ой еңбегі өнімдерін саудалау ісі негізіндегі экономикалық құқық және ұйымдық қатнастар жүйесі.

Ақпараттық нарық – нақты өнімдер мен қызметтер номенклатурасы және оларды жеткізу шаралары мен механизмі құнымен сипатталады. Мұнда сауда және айрбас тауары ретінде ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, лицензиялар, патенттер, тауарлық белгілер, ноу-хоулар, инженерлік, техникалық қызметтер, әр түрлі ақпараттар мен ақпараттық ресурстар түрлері жатқызылады. Ақпаратты қызмет етуде ақпараттардың негізгі көзі болып мәліметтер қоры жатады.

Мәліметтер қоры дегеніміз – жалпы мәліметтерді басқару мен сақтау, сипаттауға негізделген ұйымдар ережелерінің байланыстырылған мәліметтер жиыны. Оларға ақпараттық қызметтерді қолданушы мен жеткізіп берушілер және олардық арасындағы байланыстар, ақпараттық қызметтерді сату мен сатып алу шарттар мен тәртіптері жатады.

Ақпараттық өнімдер мен қызметтерді жеткізіп берушілерге:

  • мәліметтер қоры жасалатын немесе сақталатын орталықтар және ақпараттарды тұрақты жинау мен өңдеу істерін жүргізетін орталықтар,

  • әр түрлі мәліметтер қорына ақпаратты таратушы орталықтар,

  • телекоммуникациялар мен мәліметті тасымалдау қызметі,

  • арнайы қызмет орындары: банктер, биржалар,

  • коммерциялық фирмалар,

  • ақпараттық брокерлер жатады.

Ақпараттық өнімдер мен қызметтерді пайдаланушы деп керекті ақпараттар, ақпараттық өнімдер, ақпараттық техника және ақпараттық технологиялар құралдарын алу мақсатында ақпараттық жүйеге байланыс жасайтын кез келген қоғамның құқықты мүшесі.

Өндірістік дамушы елдерде ақпараттық қызмет нарығының тұрақты қалыптасуы 50 жылдардың ортасынан басталды. Негізгі ақпараттық қызмет жабдықтаушыларына: академиялық, кәсіптік және ғылыми-техникалық ақпараттық қызметтер, мемлекеттік мекемелер, оқу орындары жатады. Ал негізгі пайдаланушылар – ғылым мен техника саласындағы ғалымдар мен мамандар жатады.

Ақпараттық қызмет нарығының құрылымы. Ақпараттық ресурстарды қолдану шарттары мен әдістері және тәсілдерінің жиынтығы қоғамдық ақпараттық потенциалды құрайды. Бұл тек өндірісте ақпараттарды өңдеу мен тасымалдаудағы соңғы әдістері мен тәсілдерінің өндірістік технологиялық комплексі ғана емес, әрі ғылыми зерттеу, оқыту, әкімшілік, коммерциялық және басқа да соңғы ақпараттық технологиялар базасында ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдарды айтуға болады.

Ақпараттық нарықтың негізгі компонентері:

  1. Техникалық және технологиялық бөлімдер. Бұл ақпараттарды өңдеуге арналған соңғы ақпараттық құрылғылар: қуатты компьютерлер, кең өріс алған компьютерлік желі мен соған сәйкес технологиялар.

  2. Нормативті-құқұқты бөлім. Бұл ақпараттық нарықта мәдени қарым-қатыгастарды қамтамасыз ететін заңды құжаттар: заңдар, ережелер, қаулылар.

  3. Ақпараттық бөлім. Бұл керекті ақпараттарды табуға көмектесетін анықтамалық құралдар мен құрылымдар.

  4. Ұйымдық бөлім. Бұл ақпараттық өнімдер мен қызметтерді таратушы мен өндірушінің өзара әрекеттерін мемлекеттік басқару элементтері жатады.

Ақпараттық нарық құрылымы – бірыңғай ақпараттық өнімдер мен қызметтерді ұсынатын адамдар мен ұйымдар тобын біріктіретін секторлар жиыны.

Ақпараттық өнімдер мен қызметтер рыногын 5 секторға бөлеміз:

  1. Қызметші ақпарат. Келесі бөліктерден тұрады:

  • биржалық және қаржылық ақпарат - құнды қығыздарды бағалау, валюта курсы, тіркелген ставкілер, тауарлар мен капиталдар нарығы, инвестициялар, бағалар. Мұнда жеткізіп берушілер немесе жабдықтаушылар – биржалық және қаржылық ақпараттардың арнайы қызметтері, брокерлік компаниялар, банктер болып табылады.

  • статистикалық ақпарат – экономикалық, әлеуметтік және демографиялық салалар бойынша болжау үлгілері мен бағалары.

  • коммерциялық ақпарат – компания, фирма, корпорация жұмыстарының бағыты мен олардың өнімдері, бағалары туралы мәліметтер: қаржылық жағдайы, байланыстары, келісімдер, жетекшілік, экономика және бизнес саласындағы жаңалықтар туралы мәліметтер. Мұнда жеткізіп берушілер – арнайы ақпараттық қызмет орындары.

  1. Мамандарға арналған ақпарат. Келесі бөліктерден тұрады:

  • кәсіби ақпарат – юристер, дәрігерлер, фармацевтер, оқытушылар, инженерлер және т.б. арналған арнайы мәліметтер мен ақпараттар

  • ғылыми-техникалық ақпарат – адамдар қызметі мен өндіріс саласы бойынша жаратылыстық, техникалық, қоғамдық ғылымдарға арналған анықтамалық, рефераттық, библиографиялық, құжаттық ақпараттар.

  1. Қолданылатын ақпарат. Келесі бөліктерден тұрады:

  • жаңалықтар мен әдебиеттер – жаңалықтар қызметтері мен баспасөз агенттіктері ақпараттары, электрондық журналдары, анықтамалықтар, энциклопедиялар.

  • тұтынылатын ақпарат – транспорттар жұмысының кестесі, теміржол және авиабилеттер сақталуы, қонақүй орындары, тауарлар мен қызметтерге тапсырыстар, банктік операциялар және т.б.

  • сауықтыру ақпараттары – ойындар, телемәтін, видеомәтіндер,

  1. Білім беру қызметтері. Білім деңгейінің барлық түрі кіреді, ақпараттық өнім компьютерлік немесе компьютерлік емес түрде көрсетіледі. Оларға: оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар, практикумдар, жетілдірілген компьютерлік ойындар, компьютерлік оқытушы және бақылаушы жүйелер және т.б.

  2. Ақпараттық жүйелер мен құрылғыларды қамтамасыз етушілер. Олар келесі бөліктерден тұрады:

  • программалық өнімдер – кәсіби программадан тәжірибесіз пайдаланушы программасына дейінгі программалар комплексін жатқызамыз. Олар: жүйелік, қолданбалы программалар.

  • техникалық құрылғылар – компьютерлер, телекоммуникациялық қондырғылар.

Қайталау сұрақтары

  1. Ақпараттық тауар дегеніміз не?

  2. Ақпараттық ресурс дегеніміз не?

  3. Ақпараттық өнім дегеніміз не?

  4. Ақпараттық классификацияларын атаңыз

5-тақырып. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

5.1 Ақпараттық технология және техника

5.2 Ақпараттық технологиялар ұғымы және оның сыныптамасы

5.3 Кейбір кеңінен тараған ақпараттық технологялар

5.4 ЭАЖ-дың графикалық жабдықтары

5.1 Ақпараттық технологиялар және техника. Ақпараттық технологиялар – ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті балап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішінен ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология "адамдық факторға" үлкен көңіл бөледі және оның шеберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді.

Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады. Олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына себепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан (құжатты машинкада басу, байланысты телефонмен жүргізу, сөзді диктофонға жазу) айырмашылығы – тізбектеле орналасқан ақпараттық техника, «жылы жүзді» программалық жасақ және дамытылған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану. Сонымен жаңа ақпараттық технология төмендегі мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс:

  • әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі (программалық емес) керек;

  • мәліметті өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірыңғай үлгісіне келтіріп, жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсету;

  • кез келген құжатты қағазсыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсіріледі, ал басқалары электрондық машинаның мәлімет жинақтағыштарында (дискілер) сақталады да экранда көрсетіледі.

  • Адам үшін көптеген жеңілдіктері бар есепті шығарудың сұхбаттау режимін (интерактивті режим) жүргізу;

  • Бір-бірімен байланысқан ЭЕМ-дерді пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде даярлау;

  • Есепті шығару барысында мәліметтерді бейнелеу тәсілін жылдам өзгерту мүмкіндігі болу.

Ақпараттық техника – ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны.

5.2 Ақпараттық технологиялар ұғымы және оның сыныптамасы. Экономикалық ақпараттық жүйелер берілгендерді өңдеп, сырқа шығатын ақпараттарды өндіретін кәсіпорын ретінде қарастыруға болады. Кез келген өндірістік процесс сияқыты ЭАЖ-да да бастапқы берілгендерді түрлендіріп нәтижелік ақпарат алатын технология бар.

Ақпараттық технологиялар (АТ) – есептеуіш техника жабдықтарын қолдану арқасында ақпараттарды жинақтайтын, сақтайтын, іздейтін, өңдейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығының жүйесі.

Технологиялық процесс - ақпараттардың пайда бола бастағаннан соңғы нәтижесін алғанға дейінгі орындалатын бір-бірімен байланысқан, реттелген тізбектердің іс-әрекеті.

Сонымен ақпараттық технологияны программалық орта мен техникалық ортадан бөліп алуға болмайды. Ақпараттық технология түсінігі жалпы ұғым және оны әртүрлі пайдаланушылар мен ақпараттық технологияны құрастырушы-лар жабдық ретінде қолдана алады.

ЭАЖ-дың атқарымдық бөлігі заттың облысы мен ақпараттық технология ұғымымен байланысты болады. Технологиялық процесс кез келген заттың облысында болады. Мысалы, банктен кредит алу технологиясы кредиттің, кепілдіктің түрлеріне және т.б байланысты. Банк қызметкері осы технологиялық процестерді орындау барысында сәйкес ақпараттарды өңдейді.

Экономикалық және басқару есептерінің шешімі қажетті ақпаратты жинақтау және белгілі алгоритм бойынша оларды өңдеп, олар бойынша шешім қабылдайтын тұлғаға ыңғайлы формада беру опреацияларының орындалуына тығыз байланысты.

Экономикалық және басқару есептерінің шешімдерінін дәстүрлі технологиясын ерекшелеу үшін заттық технология ұғымын енгізейік және ол бастапқы ақпараттан нәтижелі ақпарат алынғанға дейінгі технологиялық этаптардың тізбегін көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп технологиясы бойынша келіп түскен бастапқы құжат бухгалтерлік екі жақты жазуға (проводка) трансформаланады. Ол аналитикалық есеп жағдайын өзгерте отырып, синтетикалық есептеудің шоттарын, ары қарай балансты өзгертеді.

Ақпараттық технологиялар өңделетін ақпарат түріне байланысты біртұтас технологияларға біріге алмайды. Төмендегі схемада көрсетілген байланыс шартты түрде көрсетілген, өйткені ақпараттық технологиялардың көбі басқа ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, текстік процессорлар қарапайым есептеулерді, ал кестелік процессор-лар мәтіндік ақпараттарды, графиктерді өңдей алады. Дегенімен, аталған технологиялардың барлығы ақпараттың белгілі бір түрін өңдеуге арналған.

Төмендегі 7-суретте ақпараттардың түрлеріне байланысты ақпараттық технологиялардың (АТ) сыныптамасын көрсетеді.

  1. Жабдықтау АТ – тапсырыстарды шешу барысында әртүрлі заттың облысында қолданылатын жабдықтардын ақпараттарды өңдеу технологиялары. Жабдықтайтын ақпараттық технологиялар типі есептер класына байланысты сипатталады. Әрине олар компьютерге, программалық ортаға байланысты. Сондықтан оларды стандартты интернетке келтіру қажет.

  2. Атқарымдық АТ – пәндік технологиялардың қандайдг бір түрінің орындалуына байланысты жабдықтайтын ақпараттық технологиялардың модификациясы. Мысалы: банктің несш беру бөлімінің қызметкері өз жұмысында ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пайдаланады. Оның жұмыстары: несие алушының төлеіу төлеу мүмкіндігіне бағасын беру, несие шартын құру, төлем төлеу, кестесін құру және т.б. Бұл аталған іс-әрекеттерге ақпараттық технологиялардың БҚБЖ, мәтіндік процессор, кестелік процессор, графикалық процессор және т.б. қолданады.

Қазіргі уақытта қоғамдық интерфейс құру проблемасы да қарастырылып жатыр.

1. Командалық интерфейс – өте қарапайым. Ол экранға команданы енгізу үшін жүйелік шақыруды қамтамасыз етеді. Мысалы: операциялық жүйе МS DOS-та С:\> белгісі. Ал Unix-та $-белгісі.

2. WIМР интерфейсі- Windows (терезе), - Image (бейне), Меnи (мәзір), Роinter (көрсеткіш). Экранда программалардың бейнесімен мәзірлердің іс-әрекетін көрсететін терезе шығады. Осылардың біреуін таңдау үшін көрсеткіш қолданылады.

3. SILК интерфейс - Spich (сөз сөйлеу), Imagе (бейне), Language (тіл), К-Knowledge-е (білім). SILК интерфейсті қолдану барысында дауыс беру командасының арқасында бір іздеу бейнесінен басқасына семантикалық байланыс арқылы өтуге болады.

4. Қоғамдық интерфейс WIМР және SILК интерфейстерінің ең таңдаулы шешімдерінен тұрады. Бұл интерфейсті қолдану барысында мәзірлерді айырудың қажеті жоқ болады. Экрандардағы бейнелердің өзі әрі қарай жолды көрсетеді. Бір іздеу бейнесінен басқа бейнеге өту семантикалық байланыстың мәнісіне қарай орындалады.

Операциялық жүйелер: бірпрограммалы, көппрограммалы және көп пайдаланушылар болып бөлінеді. Бірпрограммалы операциялық жүйеге - МS DOS және т.б. жатады. Көппрограммалыға Unix, Windows-тың барлық нұсқалары, DOS 7,0, OS\2 және т.б.

Егер бірпрограммалы жүйелер тек пакеттік немесе сұхбаттық режимде жұмыс жасаса, көппрограммалы жүйелер осы екі технологиямен жабдықталған. Көппайдаланушылар жүйесі желілік операциялық жүйе арқылы орындалады. Олар қашықтықтағы желілік технологияларды жабдықтайды және жұмыс орнында сұхбаттық, пакеттік технологиялар арқылы қарым-қатынасты болдырады. Осы жоғарыда аталған үш ақпараттық технологияда ЭАЖ-да кеңінен қолданылады.

Жабдықтайтын және атқарымдық ақпараттық технологияларды басқару қызметкері программистер қызметін пайдаланбай қолдана алады. Олай болса ақпараттық технологияны пайдаланушылар технологиялардың өзгеру тізбегіне әсер ете алады. Онымен, пайдаланушының атқарымдық АТ орындалу процесіне қатысуына байланысты пакеттік және сұхбаттық деп те бөлуге болады.

Бұл режимде орындалатын экономикалық есептер төмендегі қасиеттер бойынша сипатталады:

- есепті шешу алгоритмі құрылған, оған басқа адамның араласуының қажеті жоқ;

- енетін және шығатын берілгендердің көлемі үлкен және олар магниттік тасымалдаушыларда сақталады;

  • енетін файлдардық көп жазулары үшін есептеулер орындалады;

  • регламенттілік, яғни тапсырмалар алдын-ала берілген периодтылық бойынша орындалады.

Сұхбаттық режим пакеттік режимнің ары қарай дамыған түрі болып табылады. Егер пакеттік режим пайдаланушының тапсырмаларды шешу процесіне араласуын кемітетін болса, сұхбаттық режим қатаң түрде бекітілген берілгендерді өңдеу операциялары тізбектерін болдырмауды қарастырады. Желілік технологиялардың алатын орны ерекше, өйткені олар көптеген пайдаланушылардың бір-бірімен қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық технологиялардың өзара қарым-қатынасына байланысты сыныптамасы Сонымен қатар ақпараттық технологиялардың өзара қарым-қатынасына байланысты сыныптауға болады. Бұл сынынтама 9-суретте көрініс тапқан.

Технологиялардың өзара іс-әрекеті дискетпк және желілік түрде орындалады. Желілік қарым-қатынас локальді есептеуіш желілер (ЛЕЖ) мен теллекоммникациялық жабдықтар көмегімен жүзеге асады.

5.3. Кейбір кеңінен тараған ақпараттық технологялар. Кеңінен тараған компьютерлік технологаяларға мәтіндік берілгендерді өңдеу, кестелік және графиктік берілгендерді өңдеу жатады.

Мәтіндермен жұмыс істеу барысында мәтіндік процессор-лар (редакторлар) қолданылады. Бүгінгі таңда мәтіндік процессорлардың көптеген түрлері бар, олардың қолдану мақсаты бірдей, бірақ мүмкіндіктері мен орындау жабдықтары өр түрлі.

Кеңінен тараған мәтіндік процессорлар қатарына Word, Writе атап өтуге болады. Олады пайдалану технологиясы WIМР интерфейсіне негізделген. Word мәтіндік процессорының мүмкіндігі Write прцессорына қарағанда әлдеқайда жоғары.

Мәтіндік процессорлардың атқаратын функциялары: мәтінді теру, қарап өту, компьютердегі тасымалдаушыларда сақтау, шрифтер мен кеглдерді таңдау, орфографияға тексеру, мәтіндерді парақтарға бөлу, бірнеше бағандарда немесе бір бағанда мәтіндерді баспаға шығару және т.б. Форматтау жабдықтарының көмегімен құжаттардың стилі мен символдардың өлшемдерін өзгертуге, абзацтарды ерекшелеуге, баспаға шығармай тұрып кез-келген құжатты қарап өтуге, баспаға шығатын құжаттың көшірмелерінің саны мен қағаз өлшемінің түрін таңдауға және көптеген т.б іс-әрекеттерді орындауға болады.

Графикалық процессорлар графикалық бейнелерді төмендегі сәйкес ақпараттық технологиялар көмегімен құруға және модификациялауға мүмкіндік береді:

  • Коммерциялық графиктер;

  • Иллюстративті графиктер;

  • Ғылыми графиктер.

Коммерциялық графиктердің ақпараттық технологиялары кестелік процессорлар мен деректер қорында және кейбір жергілікті файлдарда сақталынған ақпараттарды екі-үш өлшемді кеңістікте дөңгелек диаграмма, бағандық гистограмма, сызық-тық графиктер және т.б. түрінде бейнелеуді қамтамасыз етеді.

Иллюстративті графиктердің ақпараттық технологиялары әр түрлі мәтіндік құжаттарды регулярлы – әр түрлі геометриялық фигуралар (векторлық графика), регулярлы емес пайдаланушының суреттері (растрлы графика) түрінде құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кейбір ақпараттық технологиялардың (Согеll Draw, Storyboard, 3d Studіо) кескіндерді слайд түрінде, арнайы эффект беріп оларды қозғауға болатын мүмкіндіктері бар.

Ғылыми графиктердің ақпараттық технологиялары карто-графия тапсырмалары мен химиялық, математикалық формулалары бар ғылыми есептеулерде қолданылады. Мұнда да барлық символдардың түрін, түсін, қалыңдығын және т.б таңдауға кең мүмкіндік бар (Matcad, Аutocad).

Кестелік түрдегі құжаттар кез-келген типтегі кәсіпорынның құжаттар айналымының негізгін құрайды. Сондықтан ЭАЖ құруда және онымен жұмыс істеуде кестелік АТ орны маңызды. Электронды кестелерді есепке алу, редактрлеу, өңдеу, баспаға жіберу, сақтау іс-әрекеттерін кестелік процессорлар атқарады. Бүгінгі таңда кеңінен тараған кстелік процессорлар қатарына МS Ехсеl, SирегСаlс, VisiСаlс, Lotus-1-2-3, QuattoPro және т.б жатқызуға болады.

Кестелік процессорлар көмегімен көптеген қаржылық (бухгалтерлік есеп, сатуды болжау, нарық өсімін, жалақыны есептеу, салық мөлшерін және т.б. ), административтік тапсырмаларды орындауға болады.

Қайталау сұрақтары

  1. Ақпараттық технологиялар деп нені айтады?

  2. Технологиялық процесс дегенді қалай түсінесіз?

  1. Өңделетін ақпараттың түрлеріне байланысты ақпараттық технологиялар қандай түрлерге бөлінеді?

  1. Қоғамдық интефейс дегеніміз не?

  2. Графикалық процессорларды қандай түрлерге модификациялауға болады?

6-тақырып. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

6.1 Ақпараттық жүйелердің негізгі типтері

6.2 Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелерінің мәні

6.3. Сараптау жүйелерінің мәні. САSЕ-технологиясы

6.1 Ақпараттық жүйелердің негізгі типтері. Бүгінгі таңда ақпараттық жүйелердің негізгі типтері төртке бөлінеді: 1. Ақпаратты іздеу жүйелері. 2. Кері байланыс. 3. Эксперттік жүйелер. 4.Желілік жүйелер.

1. Ақпаратты іздеу жүйелері – оның көмегімен әр түрлі көлемдегі деректер қорына енуге болады. Пайдаланушы өзіне қажетті сұранысты құрастырады, одан соң деректер қорынан осы сұранысқа сәйкес деректерді бөліп алады. Егер кез-келген деректер пайдаланушыны қанағаттандырмаса, онда сұраныс қайта түзіледі (1-сурет).

Арнайы дайындығы жоқ адам барлық уақытта ақпараттық іздеу жүйелерімен жұмыс істей алмайды, сондықтан әрбір құрылымда осы жүйелермен жұмыс істей алатын мамандар болуы керек.

2. Кері байланыс. Компьютерлік жүйелер мен пайдаланушылар арасындағы кері байланыс ақпараттық жүйелердің екінші типіне жатады және ол ақпараттарды іздеу, деректер қорын құру мен оларды өңдеу барысында орындалады (2-сурет).

Мысал ретінде құрамында сыртқа шығатын шаруашылық операциялары мен есептеулерін қамтитын құжаттарды қалыптастыратын кез келген басқару ақпараттық жүйесін айтуға болады. Жүйе көмегімен пайдаланушылар жаңа ақпараттарды тіркейді, берілгендерді қандай да бір уақыт аралығында жинақтайды, қате қабылданған ақпараттарды дұрыстайды, есептеу процестерін басқарады және өңделген ақпараттардың нәтижесін шығарады. Шығатын құжаттар алынған соң басқару шешімдер қабылданады. Кері байланысқа мысал ретінде облыс немес аудандарға ақпараттық жүйелердің клиенттерінен қабылданатын берілгендерді жинақтау жүйесін айтуға болады. Келіп түскен берілгендер тіркеліп өңделген соң ақпараттардан деректер қоры құрылады. Мұндай жүйе клиенттен келіп түскен коммерциялық құпиясы бар ақпараттардың конфеденциалдығына кепілдік беруі керек.

Б

Жүйені пайдаланушылар

(АЖ құрамындағы ішкі бөлімдер, мамандар мен кәсіпорын, фирма басшылары, фермерлер және т.б.)

Басқаратын ақпараттық жүйелер

Деректер қоры

астапқы ақпарат

Сұраныс

Жауабы

  1. Эксперттік жүйелер немесе белгілі (кеңес) нұсқаулар беретін жүйелер. Ақпараттық жүйелердің бұл типі пайдаланушыларға белгілі нұсқаулар беруді қарастырады (3-сурет). Мұндай жүйелер белгілі модельге бағытталған білім қорлары негізінде құрылады. Олар қажетті шешімдерді қабылдауға, іздеуге, шеутеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар имитациялық, оптимизациялық, корреляционды-регрессивті модельдер қорлары негізінде құрылған жүйелер қолданылады.

Егер жергілікті және ғаламдық желілер қолданылатын болса, онда бұл жоғарыда аталған ақпараттық жүйелердің типтерінің қызметі тиімдірек болады. Компьютерлер желі арқылы ақпараттық жүйелерге байланысқан болса, онда сұраныстарға жауапты деректер қоры мен білім қорларын пайдаланушылардың қатысуынсыз автоматты түрде орындауға болады. Сондықтан келесі ақпараттық жүйелердің типі желілік жүйелердеп аталады.

4. Желілік жүйелер. Басқа адамдармен компьютерлік желі арқылы қарым-қатынаста болу (4-сурет). Мұндай желі ретінде кәсіпорындағы немесе мекемедегі жергілікті (локальды) желіні айтуға болады және глобальды желі ретінде интернетті қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасында ақпараттық инфрақұрылым кеңінен дамып келеді. Бұл инфрақұрылымның дамуы кәсіпорындарда глобальді желіге шығатын автоматтандырылған офистерді қалыптастырады. Олар аймақтық, аудандық деңгейде болады.

Жаңа білім қабылдауда ақпараттық жүйелер мамандары-ның өзі пайдаланушы ролінде болады және олар өздеріне қажетті ақпаратты таба білулері керек. Ақпараттық жүйелер үнемі білікті мамавдармен толықтырылып отырылуы қажет.

6.2 Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелерінің мәні . Бүгінгі таңда кәсіпорын үшін өнімдерді өткізу (сату), дәлірек айтқанда тапсырыс портфелін қалыптастыру және оның материалдық базасын қамтамасыздандыру проблемалары, кәсіпорын қызметінде негізгі орын алады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, нарыққа бәсекелестікке төтеп беруі бұл мәселелердің өз уақытында шешілуіне тәуелді. Сондықтан басқару шешімдерін қабылдау процесін зерттеу ерекшеленіп отыр.

Кәсіпорын басшысы өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі ақпараттарды, мысалы шикізат бағасының өзгеруі, технологиялық процесті жақсарту, өнімнің сұранысына, сақтау тәсілдеріне және т.б толығымен қолдануы қажет.

Шешімдерді қабылдау процесінің мазмұны мен күрделілі-гіне байланысты негізгі екі ерекшелігін айтуға болады. Біріншіден, шешімді қабылдау мүмкін шешімдердің жиынынан бір ғана анықталған шешімді таңдауға байланысты. Олай болса бұл процестің ерекшелігі шешімдер нұсқаларынық көптігінде.

Екіншіден, шешім белгілі мақсатқа жету үшін қажет, яғни ол мақсатқа бағытталған болуы керек.

Сонымен қатар шешім қабылдаудың арнайы өзгешелігі ретінде анықталмағандықты айтуға болады. Ол екі жағдайға байланысты: әлеуметтік-экономикалық ортадан түсетін ақпараттың толық болмауы мен айналадағы ортадан келіп түсетін ақпаратты адамның қабылдап алу мен өңдеу қабілетінің шектеулігінде.

Басқарудағы ақпарат жүйесі – басқарушыға өз жұмыс орнындағы жағдайларға байланысты қабылданатын шешімдердің баламаларын жобалаудың арнайы жабдықтарын жедел түрде емін-еркін пайдалануына мүмкіндік беретін үлкен жүйе. Басқарудағы ақпарат жүйесі 1970 жылдары шешім қабылдауды қолдау жүйесінің (ШҚҚЖ) концепциясы пайда болғаннан бері ерекше статус алды.

Бұл жағдайдан шешім қабылдау үрдісінің ақпараттық сипатын байқауға болады. Қандай да бір қағидаға сөйкес таңдалынған шешім оңтайлы болады.

Басқару жүйесіне қатысты шешім қабылдау барысында шешімді қабылдаушының міндетіне – жүйені қайткен кезде де алға қойылған мақсаттарға жеткізу жатады десек, сол мақсаттардың өзіне де қағида қойылады. Бұл қағидаларды былай атауға болады:

- мақсат орындалуға тиісті, қол жетерліктей мүмкіндікте болуы тиіс;

- мақсат кейде орындалмауы да мүмкін (шектеулі) жағдайлар болады;

- дегенімен алға қойылған ең басты бір ғана мақсат болуы тиіс;

Әдетте ең басты мақсатқа жету үшін оған қатысты бірнеше ішкі мақсаттар қойылып, солар арқылы ғана ең басты мақсатқа жеңілірек жетуге болады.

6.3. Сараптау жүйелерінің мәні. САSЕ-технологиясы. Басқару жүйесі қашан да дамып отыратын жүйе болғандықтан оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып жетіліп отыруы тиіс.Жүйенің даму барысын зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан тұрады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.

Бұл сатылардың әрқайсысы өңделу нәтижесінде мақсаттық өнімді қалыптастырады.

Жүйелік зерттеулер сатысында (I саты) жүйенің жүзеге асырылу мүмкіндігі туралы қорытынды тұжырымдалып, келесі сұрақтар қарастырылады:

  • мәселе шынымен де қажет пе, немесе оны басқа жолдармен шешуге бола ма?

  • жаңа ақпараттық жүйе тұрғызылғаны қолайлы ма?

  • оны шынымен де жүзеге асыру мүмкін бе?

Жүйелік зерттеулер стратегиялық барлау қызметін атқарып, бұл сатыда өзекті болып отырған мәселе бар ма, оны болашақ жүйе шеше ала ма және ол қаңдай болуы қажет деген сұрақтарға да жауаптар беріледі. Ол үшін зерттеушілер жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдап, орындалу мүмкіндігін меңгереді, әрі орындалу мүмкіндігі туралы есеп береді.

Ұйымның мүддесін қолдайтын жүйені жоспарлаудың сгратегиясын таңдау барысында ұйымның ерекшеліктерімен танысу және қарастырылатын мәселеге үқсас немесе оған дайын жобалардың сипаттамасымен танысу жүргізіледі.

Жүйенің орындалу мүмкіндігін меңгеру кезінде оны тұрғызуға кететін үжен шығындар мен ұзақ уақыт мерзімі ақталатындай болуы тиіс, яғни келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • қолданушылық ( ақпараттық тұтынушылығын алдын-ала анықтау);

  • жаңа өңдеуді жасаудың мүмкіндігін анықтау немесе қолданылып жүрген ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін анықтау;

  • өңдеу жоспарын тұрғызу.

Жүйенің орындалу мүмкіндігі туралы есеп беруде зерттеу нөттокелерін құжаттандыру және алдын-ала зерттеу нәтижелерін қолданушылар мен жетекшілер назарына ұсыну шаралары жүргізіледі.

Ондағы есеп беру құжаттарында:

  • ұйымдастырушылық, яғни ұсынатын ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері мекеменің стратегиялық жоспарымен сәйкес болуы;

  • экономикалық, яғни мүмкін болатын шығындарды, инвестицияны азайтып, кірісті көбейту;

  • техникалық, яғни техникалық құралдар мен бағдарламалардың сенімді, келешекке арналған, қорғалған, керек мезетінде қолданылуы секілді мүмкіндіктердің болуы;

  • амал жасау немесе қолданушыларға өз мәселелерін шешуде нәтижелі қызмет етуі баяндалады.

Жүйелік талдау сатысында (П саты) жаңа ақпараттық жүйенің жобалау негізіне қолданушының ақпараттық тұтынушылығы тереңірек қамтылады. Сатының қорытынды өніміне – жаңа ақпараттық жүйеге қойылатын жүйелік талаптардың құжаттандырылуы саналады.

Жүйелік талдауда келесі адымдар қарастырылады: - ұйымдастырушылық ауқымды талдау адымы. Бұл адымда жүйені тұрғызушылар тобы ұйымның қызметін, ерекшеліктерін, басқару құрылымы мен әдістерін, ішкі бөлімдердің байланысын, қызмет барысындағы ақпараттың алмасу қозғалысын және т.б. жақсы меңгерулері қажеттігі ескеріледі;

- қолданылып жүрген ақпараттық жүйелерді талдау адымының қажеттілігі, бұрыннан қолданылатын жүйелердегі барлық жабықтаушы бөлімдердің (ақпараттық,бағдарламалық, математикалық, техникалық) ерекшеліктері меңгеріліп, мегаақпаратты жинау, ұйымдастыру, сипаттау және маіынасына зер салу жұмыстарының атқарылуымен сипатталады;

  • жүйе талаптарын талдау сатыеында зерттеуші басқару есептерін шешетін негізгі типтік әдістерді білуі тиіс. Жүйе талдаушы маман өзі тұрғызғалы отырған жүйенің атқарымдық ерекшеліктерін де жетік меңгеруі керек;

  • жаңа ақпараттық жүйеде не қамтылуы тиіс екендігін қарастыратын жүйелік талап адымында бұрыннан қолданылып жүрген жүйелер мен жаңа жүйені талдауда шатаспайтын сақтық қажет;

  • келесі, жаңа жүйеге қойылатын талаптарды құжаттандыру адымы. Ол аналитикалық материаддарды қорытындылап, жаңа ақпараттық жүйеге қойылатын атқарымдық талаптарды құжаттарда сипаттайды. «Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Атқарымдық талаптар» құжаттары ақпараттық бөлім мамандары жұмысының негізі болып есептеледі. Сонымен бұл адымда жаңа жүйелер қорына (ЭЕМ, құралдар мен байланыс жабдықтары, бағдарламалар, мәліметтер қоймасы, мамандар және т.б.) енулер (ақпараттық қайнар қөздер, мәліметтерді жинау әдістері, ену әдістері, мәліметтер көлемі және т.б.), өңдеу, шығу, сақтау және мәліметтерді басқару тараптарымең қисынды байланысқан және құжаттандырылған талаптар қойылады.

Жүйелік жобалау сатысы (III саты) – мағынасы мен өңдеушілерге қойылатын талаптары бойынша күрделі саты. Бұл сатының мақсаты — жүйелік ерекшеліктерді өңдеу.

«Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Атқарымдық талаптар» құжаттары мөліметтерді өңцеушілер үшін жобалаудың бастамасы болып, жүйелік ерекшеліктерді өңдеу – жүйелік жобалау сатысының мақсаты болып келеді. Ал жүйелік ерекшеліктер – оның өнімі болып, келёсі төртінші саты – жаңа жүйені ендіру сатысы үшін негізгі құжат ретінде қарастырылады. Мұндағы ерекшеліктерге:

  • қолданушылар интерфейсінің ерекшеліктері;

  • мәліметтер қоймасының ерекшеліктері;

  • бағдарламалық жабдық ерекшеліктері;

  • компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері;

  • мамандар ерекшеліктері;

  • жүйелік құжаттар ерекшеліктері жатады.

Осы ерекшеліктер мазмұнына жекелеп тоқталайық.

Қолданушылар интерфейсі ерекшеліктерінің мазмұнына қолданушыларға бағытталған ақпараттық объектілер: дидар (экран) форматы, интерактивті пікір алысу форматы мен адымдары, ену-шығу құжаттарынын, барлық түрі жатады.

Мәліметтер қоймасының ерекшеліктеріне – концептуалды және сыртқы нобайлар, құрылымы мен құрамы, сөздік пен сәйкестік кестесі, енулерді басқару әдісін сипаттау саналады.

Бағдарламалық жабдық ерекшеліктері – сатып алынуға тиісті бағдарламалар пакетін, ақпараттық өнімді қалыптастыру үшін өнделген қолданбалы бағдарламаларды, үрдістерді басқарушы және бақылаушы программаларды қамтиды.

Компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері компьютерлік жабдықтар, байланыс жабдықтары, көмекші материалдар мен жабдықтар бойынша сипатталады.

Мамандар ерекшеліктерінің сипаты ақпараттық жүйемен жұмыс жасауға қажетті міндеттер тізбегімен анықталады.

Жүйелік құжаттар ерекшеліктерінің мазмұны жобалаудағы барлық тараулар бойынша жүйелік құжаттар тізбегімен, ақпараттық жүйені қолданушылар мен техншсалық мамандарға арналған барлық технологиялық нұсқауларды қамтиды.

Жүйелік жобалау сатысы ақпараттық жүйенің жұмысшы жобасын қалыптастырумен аяқталып, ол жоба ерекшеліктерді және қолданушыға арналған нұсқауларды сипаттайды. Жобалау барысында логикалық және физикалық жобалаулар мен жүйелік ерекшеліктер адымдары болады.

Логикалық және физикалық жобалаулар мәліметтер қоймасын жобалауға тығыз қатысты. Мәліметтер қоймасы Қолданбалы ақпарат жүйесін жобалау барысында үдайы назарда болып, бұл жерде ақпараттық объектілерді, олардың құрылымын және ондағы элементтердің өзара байланысын сипаттауды тауып, әрі қалыптастыру басты жағдайға саналады.

Қолданбалы ақпарат жүйесін іс жүзінде жобалау төмендегі элементтерді өңдеу түрінде жүргізілуі мүмкін, яғни олар:

  • ақпаратпен жабдықтау;

  • қолданушылар интерфейсі;

  • бағдарламалық жабдықтау.

Ақпаратпен жабдықтауды өндеуді қарастырсақ, пікір алысу мен қолданбалы бағдарламаларды өңдегенге дейін мәліметтер қоймасының логикалық құрылымдары, өрі оның сөздігі мен басқа файлдардың логикалық құрылымдары да анықталынып, ерекшеленіп және құжатталынуы тиіс. Себебі пікір алысуда және бағдарламаларда МҚБЖ арқылы тұрғызылмайтын мәліметтер қоймасы мен қосымша файл элементтері қолданылады. Ақпаратпен жабдықтауды жобалау оның төмендегі басты үш сатысын тауып құжаттандырады:

  • мағыналарды;

  • объектілер байланысын;

  • мағыналар интеграциясының ережесі мен олардың алатын орындарын сипаттайды.

Мағыналар (объектілер) — жүйеде шынайы бар болады. Оған жұмысшылар мен жұмыс орындары, олардың мекені, әр алуан заттар (тауарлар, жабдықтар және т.б.) жатады. Арнайы ережелер бойынша мағыналарды сипаттау САSЕ-технологияларды пайдаланудың маңызды алғы шартына жатады.

Объектілер байланысы бір объектінің әр түрлі элементтері арасындағы немесе объектілер арасындағы нақты қатынастарды және қатынастардың сандық ерекшеліктерін бейнелейді.

Байланыстарды табу — жобалау мен талдау барысында мәліметтер қоймасының теориясы ауқымындағы арнайы білімді талап ететін, күрделі әрекет.

Логикалық элементтерді бөлек жазуларға интеграциялау ережесі жазулар мен элементтердің арнайы сәйкестендірілген кестесінде тіркеледі.

Қолданушылар интерфейсін өңцеу барысы қосымша ұсыныстардың ұйымдастырылған үлгісін ақпаратпен және бағдарламалық жабдықтаулармен байлаАістыра отырып, оны жүзеге асырады. Қолданушылар интерфейсі қолданушы мен компьютерлік жүйе арасыңдағы қатынасты - мәліметтерді ендірудің дайын дидарлық түрі мен есеп берулерді шығару жабдықтары арқылы үлгілейді.

Интерфейстерді жобалау барысында пікір алысудың иерархиялық құрылымы өнделіп, пікір алысулар мен адымдар және қолданылған объектілер тізімдері, пікір алысудың әрбір адымының физикалық түрі тұрғызылады.

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтауды өндеу қазіргі уақытта логикалық деңгейде, яғни объектілі-бағытталған төртінші ұрпақтағы бағдарламалық тілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мәліметтер қоймасының құрылымын жобалаумен және қазіргі МҚБЖ-мен қатынасқа түсу логикалық деңгейде түсінікке жеңіл идентификаторларды қолдану арқылы жүргізіледі.

Бағдарламалар мен амалдар жасау, қолданушылар интерфейсін ақпараттық жабдықтаумен, жабдықтардың сипатымен тығыз байланыстырады.

Дегенмен, үжен де қуатты, динамикалық және тиімді ақпарат жүйесін тұрғызу үшін жүйелер мен технологиялар және алгоритмдер құрылымдарының бейнелену стандарттары қажет. Жүйені жобалау барысында концептуальді анықтылық пен ақпарат жүйесі қорларының, үрдістерінің және коммуникациясының құжатты бейнесін алатын арнайы жабдықтар қажет. Ол үшін арнайы стандартты графиктік белгілері бар пласти-калық сызғыштар және терминдер мен жобалау принциптері стандартталады. Ұқыпты сызылған блок-схемалар жобаны жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Жүйелік жобалау барысындағы блок-схемалар бейнесін Word-97-ден бастап, Visio пакетіне дейін пайдаланып алуға болады. Кейбір фирмалар жүйелік жобалауда өз стандарттарын, ал жеке елдер ұлттық стандартын қолданады.

Компьютерге бағытталған және қолмен жобалау түріне балама стандартты жабдықтар да бар (немесе САSЕ-технологиялардың бөлек стандарттары).

Мысалы, АҚШ-та Digital Equipment Corporation бойынша «Біртұтас қосымшалар сәулеті», ІВМ бойынша қолданбалы жүйелер сәулеті, және т.б. стандарттары қолданылады.

Мысалы, қолданбалы жүйелер сәулетінің стандарты: жалпы қолданушылардың ену мүмкіндігінен, жалпы бағдарламалық интерфейстен және жалпы телекоммуникациялық қоймадан тұрады.

Ақпарат жүйесін жобалауда компьютер жүйе жобалаушы-ның жұмысын сүйемелдеу немесе қолдау арқылы, арнайы бағдарламалық жабдықты пайдаланып жүргізсе, ол ақпарат жүйесін тиімді құжаттандырады. Жобалау сатысының құжаттары көбінесе, оны іске ендірген соң, оның барлық элементтері (техникалық жабдықтау, бағдарламалық жабдық-тау, ұйымдастырумен жабдықтау) бақылаудан өткен соң жөнделеді. Бұл кезде қайта құжаттандыру жүргізіледі. Фирманың стратегиялық мақсаттағы ынтасын көтермелейтін ақпарат жүйесін үдайы жоспарлы дамытып отырудағы құжат-тарды жаңартып отыру қалыпты құбылыс және оған тиімді инжәнерлік жүйе қолданылса, бұл мөселе қиындықсыз шеіпіледі. Осындай жүйеге – Соmputer aided Software (САSЕ), яғни бағдарламалық жабдықтауды конструирлеудің инженерлік жүйесін айтуға болады. Оны қолдану үшін мәліметтер қоймасы өңделіп, үрдістің бастамасы инженер-жүйе талдаушы мен соңғы қолданушының пікірлесулері арқылы туындайды.

Аналитиктің мұндағы басты мақсаты – пәндік саланың адекватты (баламалы) үлгісін тұрғызу. Пікірлесу барысында бағдарламалық САSЕ-генератор орнатылған компьютер қажет. Онда біртіндеп қолданылған функцияның графикалық үлгісі, қолданылған объектінің үлгісі мен оның басқа функциялармен байланысы орнайды. Пікірлесу аяқталып, қажетті жауаптар ендірілген соң, САSЕ-генератор автоматты түрде іскерлік функциялар мен құжаттар, есеп берулер және т.б. сөздігі жинақталады.

Дидарлық САSЕ-технологиялар өте ыңғайлы, түсінікті бейнеленеді. Кез келген САSЕ-пакет ақпарат жүйесін жалпы реттеп, желістік қолданудағы ыңғайлылық үшін ондағы үрдістердің барлығын терең байланыстырады.

САSЕ-пакеттер жүйе талдаушылардың құралы болғанымен, ақпарат жүйесін өңдеу мен сүйемелдеп жұруде қолданушылар мен бағдарламалаушылардың да елеулі еңбек үлесі тиімді болады.

САSЕ-технология ақпарат жүйесін өндеудегі жүйелік ыңғай принципін соңғы қолданушылар АЖО-сының желісі

кондетщясында жүзеге асырады. САSЕ-технология - басты поактикалық құрал және жүйені өндеудегі тиімді кибернетикалық шешімдерді ұзақ мерзімді ғылыми іздеу нәтижесі.

Жобалаушы инжәнерлердің ақпарат жүйесінің бөліктерін жобалаудағы дәстүрлі жабдықтарына мыналарды атауға болады:

-жүйелік құрамалар мен диаграммаларды жабдықтауда жүйенің блок схемасы, сипаттаушы диаграммалар, үрдістер блок-схемасы, жүйе құрамаларының қалыптамасы (матрицасы);

- қолданушынар интерфейсі үшін ену-шығу түрлері мен экранының жоспарлану формулярлары, қолданушылардың пікір алмасуының блок-схемасы;

- мәліметтер элементі, олардың байланысы үшін мәліметтер аудармасы, «Мән-байланыс» диаграммалары;

- жүйелік үрдістерді бөлшектеу үшін шешімдер кестесі, құрылымдық диаграммалар, программаның блок-схемасы.

Ақпарат жүйесінің ішкі бейнесін жобалауда жылдам өңдеудің жаңа және тиімді әдісі - прототиптеу қолданылады. Прототиптеу жүйені тұрғызудық дара "тазартылған" сатысын біріктіреді. Бұл әдісте іскерлік функция үлгісі қолданушы мен жүйелік жобалау талаптарына сәйкес келетін вариант алынғанша жетілдіріле түседі. Бұл үрдіс үлкен және кіші жүйелерде қолданыла береді. Сонымен бірге, жобаны сүйемелдеу барысында САSЕ-пакеттерді қолдану прототиптің сапалы және жылдам модификациясына кепілдеме береді.

Өңделген жрба мекеменің нақты ортасында іске ендіріліп, қолданушылардың ағымдық жұмыстарына қалыптастырылады.

Қайталау сұрақтары

  1. Пәннің мақсаты не?

  2. Есептеу техникасының әдістері дегеніміз не?

  3. Ақпараттық жүйе (АЖ) дегеніміз …

  4. Ақпаратты іздеу жүйесі деп …

  5. Қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялар деп …

  6. Мәліметтерді өңдеу жүйесі дегеніміз не?

  7. Ақпараттық жүйелердің қандай типтерін білесіз?

  8. Ақпараттық-іздеу жүйелерінің қызметін айтыңыз?

  9. Эксперттік жүйелер деп нені айтады?

  10. Сараптау жүйелері неше сатыдан тұрады?

  11. САSЕ-технология дегеніміз не?

7-тақырып. АҚПАРАТ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ РЕТІНДЕ

    1. 7.1 Ақпараттық құқық.

    2. 7.2 Ақпараттық заңнамалар.

    3. 7.3 Ақпараттық қауіпсіздік.

    4. 7.4 Ақпараттық жүйелерді пираттық қорғау, ақпаратты шектеулі кіруден қорғау.

7.1.Ақпараттық құқық. Ақпараттық телеқатынастық технологияларды салаларда қолдану зкономиканың, саясаттың, мемлекеттің, қоғамның және адамдардың белсенді және тиімді дамуы үшін үлкен мүмкіндіктерді туғызды. Сонымен қатар ақпараттық жүйелерді эксплуататциялау және жасауда келіспеушіліктер туындайды, жеке тұлғалардың міндеттерінің және құқықтарының, мемлекеттік органдардың және мекемелердің алдында заң бұзушылық және қылмыстар пайда болады. Осыған байланысты Қазақстандық және халықаралық заңнамаларда – ақпараттық құқық саласы пайда болып, дамып келеді. Ақпараттық технологияларды пайдаланушылар мен жасаушылар арасындағы қарым-қатынастардың құқықтарының бекуі және субъектілердің еркіндігі ақпараттарды құру, сақтау және тасымалдауға байланысты ақпараттың құқықтардың заңдарының және нормативтік актілерінің көмегімен қалыптасады.

Ақпараттық жүйелердің, технологиялардың оларды құқықтық реттеу объектісін қамтамасыздандыру ақпарат, бағдарламалық және компьютерлік құралдар, қорлар және мәліметтер банкісін құрайды.

Субъектілердің өз араларында екі категорияға бөлуге болады: бағдарлама жасаушылар және жүйелерді пайдаланатын мамандар.

Ақпараттық құқықты бұзу компьютерлік қарақшылық пен ақпараттық заңнамалардың бұзылуымен байланысты.

Ақпараттық технологияларды пайдалану мен құру барысында төмендегілерге байланысты құқықтық қатынастар пайда болады:

  • ақпараттық ресурстарды тарату мен қалыптастыру құқығы;

  • ақпараттық өнімдерді пайдалану құқығы;

  • жинақталған ақпараттардың орналасуы мен интелектуалдық жекеменшіктің әдістерді теру жолдарына қатысты құқықтары;

  • машиналық тасуыштағы заттай жекеменшік құқығы;

  • ақпараттық ресурстардың дәйектілігі, сапалығы, жалпы бағалылығы мен ресурстардың актуалдығының жауапкершілігі;

  • барлық қуіпсіздік категорияларының ресурстарын сақтау үшін жауапкершілік.

7.2. Ақпараттық заңнамалар. Тиімді қауіпсіздік жүйелері халықаралық стандартын ISO 17799 2000ж жасалған. Халықаралық стандарттау ұйымы (International Organization for Standartization, ISO) және халықаралық электротехникалық комиссиясы (International Electrotechnical Commission, IEC).

ISO 17799 ешқайда бір техникалық құралдарға және шешімдерге тәуелді емес, кез келген өнеркәсіптің ақпараттық жүйелерінің элементтерін нақты қорғау жұмыстарын сипаттайды.

Ақпарат салаларында пайда болатын жұмыс істеп жатқан ақпараттық құқықтары құқықтық нормалардың толтырылуы төмендегі кестеде көрсетілген.

Субъектілер

Құқықтары

Жауапкершілігі

Заңдары

Автоматтандырылған жүйелерді, технологияларды және мәліметтер қорын жасаушылар

Ақпараттық технологияларды құру және тарату құқықтары, интелектуалдық және заттай меншік құқығы алынғандардың негізінде кез келген өндірістік ақпараттарды өндіру және тарату құқығы

Дезинформацияларды, жалған ақпараттарды сапасыз жасалғаны үшін;

өнеркәсіптік және ғылымға байланысты құпияларды бұзу үшін ақпараттарды қорғау;

Қоғамның мемлекеттердің және тұлғаның еркіндігімен құқығын бұзушылық үшін, компьютерлік қарақшылықтар үшін

ҚР коститутциясы «ақпараттандыру туралы, ақпараттандыру және ақпартты қорғау» заңы;

Заңдар:

«авторлық құқық және қосылған құқықтар туралы», ЭЕМ-нің бағдарламалары және мәліметтер қорларының құқықтарын қорғау туралы.»

Іс жүзінде ISO 17799 стандарты ақпарттық қауіпсіздігінің аудит жүйесінде жиі қолданылады.

    1. Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпараттық құқық – тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ақпараттық саладағы өмірлік маңызды ойларының қорғалу жағдайы. Ақпараттық салаларда тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды ойларының қаупін үш категорияға бөліп қарастыруға болады:

  • ақпараттық құқықтарға және жеке тұлғаның, мемлекеттің бостандығына қауіптер:

  • жалған және сапасыз ақпараттың қауіп-қатерлері;

  • бөгде адамдардың рұқсат етілмеген, заңсыз ақпаратқа әсер ету қаупі.

Ақпараттық жүйелерді қарақшылықтан қорғау. Авторлық құқық шығармашылық ақпараттың құрылу процесінде туындайды. Бұл құқықтарды компьютерлік бағдарламаларды құрастырушы авторлары иеленеді және жиналған ақпараттар орналастыру мен әдістері бойынша реттеледі. Авторлық құқықты жариялау заңнамаларына сәйкес таратылады, сонымен қатар жарияланбайтын туындыларды жүзеге асыру үшін тіркеуден өткізу немесе арнайы безендірілу қажет етелмейді. Ресми құжаттар, идеялар, методтар, әдістер, концепциялар авторлық құқықтың объектілеріне жатпайды.

Авторлық құқық авторға өз туындысына байланысты жеке мүліктік құқықтар береді.

Көп жағдайларда төмендегідей заң бұзушылықтар кездеседі:

  • бағдарламалық өнімдердің қолдан жасалған экземплярларын компакт-дискілерге жасап, оларды тарату;

  • компьютерлердің бағдарламалық қамсыздандыруын қатты дискіге легалды емес экемплярларын орнату;

  • телекоммуникациялық құралды, халықаралық байланыс каналдарын ақпараттарды тарату үшін қолдануы.

    1. Шектеулі кіруден ақпараттарды қорғау. Кіру көзқарасы бойынша ақпараттардық ағымдарды екі топқа бөлуге болады:

  • ашық, ақпараттық ортада еркін таралатын;

  • шектеулі кіру, конфидинциалды және құпия жағдайда таратуға мүмкін болатын.

Шектеулі кіретін ақпараттардың түрлеріне: ноу-хау, құжатталған ақпарат, азаматтар туралы соттың кейбір шешімдері, мемлекеттік, коммерциялық қызметтік құпиялар және басқа да ҚР заңнамаларымен кіруге тыйым салынған және өзге ақпараттар.

Компьютерлік технологияларда вирус проблемалары. Антивирустық бағдарламалар. Соңғы жылдары өздерінің зиянкес әрекеттері нәтижесінде басқа компьютерлердің жұмысын бұзуға, яғни оған кірістірілген бағдарламаларды істетпей тастауға тырысатын бағдарламалаушы авторлар саны көбейіп кетті. Оларды компьютерлік вирустар дейді. Вирустардың түрлері көп. Єсерлері де түрлі-түрлі. Олар, көбінесе, компьютерлік ойын бағдарламаларына енгізіліп қойылатындықтан дүние жүзіне кең таралуда (қазіргі кезде 80000-нан аса вирустар бар).

Компьютерлік вирус деп өзінің көшірмесін жасауға мүмкіндігі бар және компьютерлік жүйелерге, желілерге және т.б. әр түрлі объектілерге/ресурстарға пайдаланушының еркінен тыс таралатын бағдарламаларды айтады. Көшірмелер одан әрі вирус тарату қабілеттігін сақтайды.

Вирустарды белгілері бойынша бірнеше топтарға бөлуге болады.

  • вирустың тіршілік ету ортасы бойынша;

  • тіршілік ортасын зақымдау әдісіне қарай;

  • құрылым мүмкіндіктері бойынша;

  • вирус алгоритмінің ерекшеліктеріне қарай.

Вирусталған бағдарлама дискет арқылы компьютерлерге енгізілгенде қатты дискіде және ішкі жадта вирус пайда болады да, компьютер ішіндегі көптеген басқа бағдарламаларды бірден не біраз уақыт өткен соң зақымдап, оларды дұрыс жұмыс істеткізбей тастайды. Ол мєтіндік файлдарға, электрондық кесте мен берілгендер қорын басқару жүйелері арқылы құрылған мәліметтік берілгендерге көп єсерін тигізе бермейді. Оның бұзатыны көбінесе com, exe типті тікелей орындалатын файлдар. Вирустардың кейбір нұсқалары операциялық жүйе бағдарламаларының жұмысын баяулатып, тіпті оларды да істен шығаратын болды.

Вируспен зақымданудың негізгі белгілері:

  • кейбір бағдарламалар жұмысының баяулауы;

  • файл мөлшерінің (әсіресе орындалатын) көбейіп кетуі;

  • бұрын болмаған файлдардың пайда болуы;

  • жедел жады көлемінің азайып кетуі;

  • ойламаған жерден шығатын сан алуан бейнелік және дыбыстық әсерлерінің пайда болуы.

Бұл белгілердің бірі байқалса, компьютерді вирусқа қарсы бағдарламалардың көмегімен вирустардың бар-жоқтығына дереу тексеру жүргізуге кеңес береміз. Вирусқа қарсы бағдарламалар жиі-жиі жаңаланып тұруы керек.

Вирустар қызметтеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • өздігінен қосылатын вирустар – компьютердің іске қосылу бағдарламасын бүлдіреді, яғни қатты дискідегі сақталатын іске қосылу секторын бұзады.

  • Файлдық вирустар – қарапайым орындалатын файлдарды бұзады, бірақ көп таралып Officce қолданбалы бағдарламалар файлдарын бұзады.

  • Драйверлік вирустар – компьютер құрылғыларының драйверлерін немесе файл конфигурациясында бүлдіреді.

  • Желілік вирустар – компьютерлік желі арқылы, яғни бір–бірімен біріктірілген ондаған, жүздеген компьютерлерге таралатын вирустар.

Компьютерлік вирустар қысқаша мынадай болып жіктеледі:

  1. «Ұстауыш вирустар» – бағдарламалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді бағдарламаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп бағдарламаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.

  2. «Логикалық – бомбалар» (баяу әсер ететін «бомбалар») – қарапайым бағдарламаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн-ай мерзімінде немесе уақытта бағдарлама орындалуының белгілі кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар кезге дейін неғұрлым көп бағдарламаларға «жұғуға» тырысады.

  3. «Құрттар» – жүйелік бағдарламалаушылардың информациялық-есептеу желілерінің бос тұрған ресуртарын анықтау бағдарламаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады.

  4. «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы бағдарламаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын ақпараттарды оқып жария етеді, жедел жадтағы ақпараттарды «басқа жаққа» жіберуге дайындайды.) Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбіне компьютер желілерін жайлап алады.

Қазіргі кезде компьютерлік вирустармен күресу жұмыстары тәжірибелі болды. Мәліметтер мен бағдарламаларды қорғау үшін антивирус бағдарламалары жасалған. Жалпы антивирустар төмендегідей бөліктерге бөлінеді:

  • Детектор-бағдарламалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз келеді.

  • Доктор-бағдарламалар немесе «фагтар» вирус жұққан бағдарламалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.

  • Ревизор-бағдарламалар – доктор-бағдарлама мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұл тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

  • Сүзгі-бағдарламалар – компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

  • Вакцина-бағдарламалар (немесе иммунизаторлар) – компьютердегі бағдарламалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл бағдарламаларды пайдалану онша тиімді емес.

Соңғы жылдары компьютерді вирустан қорғау, дискілерде жазулы бағдарламалар мен берілгендерді вирусқа тексеру, оларға енген вирустарды жою сияқты әрекеттерді орындауға арналған вирусқа қарсы түрлі бағдарламалар дайындалып шықты. Олардың ішіндегі еліміздегі белгілілері: Aidstest, DrWeb, AntiViral Toolkit Pro (AVP), Kaspersky Antivirus және т.б.

AVP – компьютерлік вирустарға қарсы күресетін бағдарламалардың бірі. Ол бүкіл дүние жүзіне танымал Microsoft Windows 95/98 ортасында жұмыс істеуге қолайлы.

AVP-мен жұмыс істеу барысында ол келесі объектілерді тексереді:

  • жедел жады;

  • файлдар мен олардың архивтік нұсқаларын.

AVP-ның негізгі ерекшеліктері түрлі вирустарды емдейді және емделмеген жағдайда өшіріп тастайды, соның ішінде:

  • полиморфты немесе өздігінен шифрленетін вирустарды;

  • стелс-вирустарды немесе өздігінен көрінбейтін вирустарды;

  • Word құжаттары мен Excel кестесін зақымдайтын макровирустарды;

  • архивтік файлдар ішінде тексереді;

  • объектілерді иілгіш, желілік және CD-ROM дискілеріндегі объектілерді тексеру;

  • AVP Monitоr модулі компьютер жедел жадысында ұдайы болып, жүйедегі барлық файлды амалдарды қадағалайтын резиденттік модуль, ол вирустың компьютер жүйесін тұтастай нақты зақымдауына дейін тауып, жоюға мүмкіндік береді;

  • ыңғайлы қолданбалы интерфейс т.б.

Бұл кезге дейін кез келген типті вирустарды жоюға шамасы келетін әмбебап антивирустық программа әлі жарыққа шыққан жоқ. Тіпті кейбір бағдарламалар дискіде вирус барын анықтай алады да, оны жоюға шамасы келмейді.

Ақпаратты қорғау түрлері және зақымдау тәсілдері. Есептеуіш техникада қауіпсіздік ұғымы кең түрде қолдануға болады. Ол: компьютер жұмысының сенімділігін, құнды деректердің сақталуын, компьютерлік ақпараттарға заңсыз кіруден сақтауды, электронды байланыс жүйесінде хабарламалармен алмасу құпияларын сақтауды қамтиды.Барлық мемлекеттерде азаматтардың қауіпсіздігін заңдар қорғайды. Олай болса, ақпаратты бұзу тәсілдері мен қорғау түрлері бар.

Ақпараттар қауіпсіздігіне қатер деп жіберілетін және өңделетін ақпараттарды бұзатын, жоятын, рұқсат етілмей ақпараттық ресурстарды пайдаланылатын іс-әрекеттер жатады.

Қатер кездейсоқ, ойластырылған, ойластырылған емес болып бөлінеді. Егер ақпараттық жабдықтар істен шықса, программалық жабдықтауда қате болса, администрация мен пайдаланушылар дұрыс пайдалануды білмесе онда қатер кездейсоқ болады.

Егер алдын-ала ақпараттық технологияны пайдалану-шыларға зақым келтіруді мақсат ретінде ойластырса, онда қатер ойластырылған болады. Мұндай қатер пассивті қатер, активті қатер болып бөлінеді.

Пассивті қатер ақпараттық ресурстарды рұқсатсыз пайдаланады, бірақ оның жұмыс істеуіне зияндық келтірмейді.

Активті қатер ақпараттық, программалық, ақпараттық ресурстардың жұмыс істеуіне мақсатты түрде зияндық әкеледі. Оған мысал ретінде байланыс жүйелерін зақымдауды, ДЭЕМ жұмысын немесе ОЖ істен шығару, деректер қорындағы мәліметтерді өзгерту және т.б. айтуға болады.

Ірі локальды желілерге байланысқан комп^ютерлер әр түрлі вирустармен зақымданады. Олардан сақтану үшін көптеген антивирустық программалар қолданылады. Дегенімен күннен Бұл программалар арқасында вирустан компьютерді корғау тиімді болмай отыр. Осыған байланысты программалық-аппараттық әдіс кеңінен қолданыс табуда. Бүгінгі таңда мұндай құрылғылардың көптеген түрлері бар.

Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру деп - заңмен қорғалатын ақпаратты ашу заңды меншік иесінің немесе оны иеленушінің рұқсатынсыз өз бетімен ашуды айтамыз.

ЭЕМ-ге ЭЕМ желісіне кіре алатын адамға осы жүйеде заңды түрде жұмыс істейтін, бірақ өзінің атқаратын жұмысы бойынша нақты белгіленген міндеттердің шегінен шығып, компьютерлік ақпараттағы өзіне жүктелмеген басқа міндетті ол әдейі орындап, жоғарыда көрсетілген жүйе мен олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзатындар жатады.

Ақпарат ресурстарының, жүйелерінің, технологияларынық меншік иесі болып, осы обьектілерге толық көлемде иелену, пайдалану және билеу құқығын жүзеге асыруға құқылы субьектілер танылады.

Ақпарат ресурстарының, жүйелерінің, технологияларынық иеленушілері болып, осы обьектілерге толық көлемде иелену, пайдалану және заңда белгіленген шекте билеу құқығын жүзеге асыруға құқылы субьектілер танылады.

Компьютерлік ақпаратқа кіру тәсілдері сан алуан: компьютерлік ақпаратқа кіруге құқық беретін жалған ақпарат көрсету; техникалық құрылғылардың кодын. немесе мекен-жайын өзгерту, ақпараттағы қорғау жүйелерін немесе құралдарын өзгерту, ақпарат көздеріне жазу ақпаратын қосу, ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бүзу және т.б.

Ақпаратты жою – ақпарат көздерін құрту, файлды, дискілер мен басқадай байланыс машиналық жазу деректерін мүлдем жою, сөйтіп ақпаратты қайта қалпына келтіру мүмкіндігін толық істен шығару болып табылады.

Ақпаратты бөгеудеп, ақпарат көздері толық сақталғанымен оны пайдалану және оған еркін кіруге кедергі келтірушілікті айтамыз.

Ақпаратты жаңарту деп, меншік немесе заңды иеленушінің щңд болған ақпаратқа олардың келісімінсіз кез келген өзгерістер енгізуді айтамыз.

Ақпаратты көшіру деп-ақпарат көзінің түішұсқасын сақтай отырып, ондағы файлдардың немесе диск жүйелеріңің көшірмесін алу арқылы немесе басқадай тәсілдермен көбейтуді, немесе оның мазмұнын жариялауды айтамьіз. ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін және олардың желісін бұзуға-ЭЕМ жекелегең жүйелерінің жұмыс қабілетінің төмендеуі, компьютер желіле-рінің элементтерінің істен шығуы, компьютер жүйелерінің өзінің қызметін толық орындамауы жатады.

Қылмыс компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, егер бүд әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшіруге, ЭЕМ жұмыстарын, ЭЕМ жүйесін немесе олардық желісін бүзуға әкеп соққан уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Ақпаратты қорғаудың классификациясы. Ақпарат бұл тұлғалар туралы мәлімет, затттар туралы мәлімет, уақиғалар туралы мәлімет, фактілер туралы мәлімет және т.б. Ақпараттарды қорғауға ішкі конфиденциалды құпиялы ақпараттар жатады.

Ішкі ақпарат – компанияның басылған ақпараты.

Конфеденциалды ақпарат – қызметке байланысты, профессионалды, өндірістік, комерциялық және т.б.

Кәсіпорынның комерциялық құпиясы деп – өндіріске, басқаруға, қаржыға, яғни оның жұмысына зақым келтіретін, бірақ мемлекеттік құпиясы жоқ ақпараттар жатса, ал құпиялы ақпараттарға мемлекеттік құпиясы бар ақпараттар жатады. Мемлекеттік құпия деп – мемлекеттік органдардың ұжымдарға, субъектіге жалпы мемлекетке залал келтіретін ақпараттарды айтады. Ақпараттың құндылығы – пайдаланушының оны пайдалану дәрежесіне байланысты бағалайды.

Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру деп заңмен қорғалатын ақпаратты ашу заңды меншік иесінің немесе оны иеленушінің рұқсатынсыз өз бетімен ашуды айтамыз.

7.3 Қазақстан Республикасындағы компыотерлік ақпаратты қорғаудың заңдық-құкықтық аспектісі. Қазіргі таңға дейін көптеген мемлекеттердің қылмыстық қоғам мен мемлекеттің құқығын тек материалдық сферада қамтамасыз етсе, телеқатынастар мен ақпараттық технологиялардың шапшаң дамуының нәтижесі, компьютерлік ақпараттардың құқықтық камтамасыз етілуін күн тәртібіне қойды.

Алайда, әлемнің әр түрлі мемлекеттерінде қолданылып жатқан компьютерлік қылмыстарға тиісті қылмыстық кодекстер мен құқықтық аспектілері де әрқилы.

Оны МсСоnell International деп аталатын трансұлттьіқ консалтингтік компаниясының әлемнің 52 елін қамтыған, 2001 жылғы жүргізген «Киберкеңістіктегі қылмыстар мен шаралар» атты зерттеуінің қорытындысынан байқауға болады.

Дүние жүзі бойынша ең алғаш копьютерлік қылмыстар үшің қылмыстық жауапкершілікке тартқан мемлекет Америка Құрама Штаттары болатын. Өйткені онда компьютерлік қылмыстар басқа мемлекеттерге қарағанда ертерек орын алған.

1998 жылдан бастап Қазақстанда Республикасында компьютердің жаппай қолданысқа енуі біздің мемлекетімізде компьютерлік ақпараттар мен технологияларды құқықтық қамтамасыз ету қажеттілігі туады.

ЭЕМ-ге, ЭЕМ желісіне кіре алатын адамға осы жүйеде заңды түрде жұмыс істейтін, бірақ өзінің атқаратын жұмысы бойынша нақты белгіленген міндеттердің шегінен шығып, компьютерлік ақпараттағы өзіне жүктелмеген басқа міндетті ол әдейі орындап, жоғарықа көрсетілген жүйе мен олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзатындар жатады.

Ақпарат ресурстарының, жүйелерінің, технологияларының меншік иесі болып, осы обьектілерге толық көлемде иелену, пайдалану және билеу құқығын жүзеге асыруға құқылы субьектілер танылады.

Ақпарат ресурстарының, жүйелерінің, технологияларының иеленушілері болып, осы обьектілерге толық көлемде иелену, пайдалану және заңда белгіленген шекте билеу құқығын жүзеге асыруға құқылы субьектілер танылады.

Қылмыстың обьективтік жағынан міндетті белгісі-Қылмыстық кодекстің 227-бабының 1-тармағында көрсетілген зардаптың орын алуы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 7-тарауы Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға арналған.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлерінің біріне - компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламалар жасау, пайдалану және тарату (227-бап).

Компьютерлік ақпаратты қылмыстық - құқықтық нормамен қорғау Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстык кодексінде түңғыш рет көрсетіліп отыр. Бұрынғы қылмыстық мұндай арнаулы бап болмаған. ТМД-ға кіретін әрекеттердің компьютерлік ақпарат саласындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді іске мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 227-бабына елеулі өзгерістер енгізіп, осы тұрғыдағы жұмыстарды жасағаны үшін жауаптылық күшейтілді. компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламалар жасау, пайдалану және тарату негізінен қоғамның экономикалық саласындағы қоғамдық қатынас-тарында орын алады.Осыған орай заң шығарушы көрсетілген норманы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 7-тзрауына экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар санатына қосқан.

Заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, ЭЕМ-дегі, ЭЕМ жүйелері немесе олардың желісіндегі ақпаратқа кіре алатын адамның ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бүзуға әкеп соқса- компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламалар жасау, пайдалану және тарату деп танылып, кінәлі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 227-бабымен жауапқа тартылады.

Қылмыстың тікелей обьектісі – компьютерлік ақпаратты қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар. Обьективтік жағынан қылмыс мынадай әрекеттермен сипатталады: заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, ЭЕМ-дегі, ЭЕМ жүйелері немесе олардың желісіндегі ақпаратқа кіре алатын адамның ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бүзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардық желісін бүзуға әкеп соғатын әрекеттер арқылы заңды және жеке тұлғалардық, қоғамның, мемлекеттің заң қорғайтын мүдделеріне мүліктік я болмаса басқадай зиян келтіру (227-баптың 1-бөлігі).

Қылмыстық Кодекстің 227-бабының 2-тармағында осы м құрамының ауырлататын түрі көрсетілген: олар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған немесе адам өз қызмет бабьің пайдалана отырып, жасаған әрекеттер. Алдын ала сөз байласық жасалған қылмыс пен ұйымдасқан топ жасаған қылмыстьің түсінігі Қылмыстық Кодекстің 31-бабынық 2 және 3-тармақтарында айтылған.

Адамның өз қызметін пайдалана отырып, қылмыс жасауы түсінігі Қылмыстық Кодекстің 141, 228, 307-баптарында берілген. Субьективтік жағынан қылмыс тек қана тікедей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыс пайдакүнемдік немесе бұзақылық, кек алу немесе көре алмаушылық және т.б. болуы мүмкін. Қылмыстық Кодекстің 227-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс субьектісі- 16-ға толған, есі дұрыс адам болып табылады. Сондай-ақ ЭЕМ-ге ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адам болып табылады.

Ал, осы баптың 2-тармағында көрсетілген қылмыстың субьектісі болып жай адамдар, сондай-ақ қызмет бабын пайдаланатын адам танылады.

Қылмыстық Кодекстің 227-бабының 3-тармағында: ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бүзуға әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу, сондай-ақ осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану немесе тарату үшін жауаптылық белгіленген. Яғни Қылмыстық Кодекстің 227-бабының 3-тармағында зиянды компьютерлік вирусты жасаған және таратқаны туралы сөз болып отыр. Мұндай компьютерлік вирустың қоғамға қауіптілігі сол, ол бүкіл компьютерлік ақпарат жүйелерінің қызметін дағдарысқа ұшыратып, оның ұзақ уақыт жұмыс істемеуіне, одан кейін кенеттен іске қосылып, компьютерлік бағдарламаларда пайданылатын қорғаныс, космос, мемлекеттік қауіпсіздік, қылмысқа қарсы күрес салаларының қызметін апатқа үшыратуы мүмкін.

Қылмыс обьективтік жағынан ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бүзуға көпе көрнеу әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу, сондай-ақ осындай ірдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар ,іқ сақтағыштарды пайдалану немесе тарату арқылы көрінеді.

ЭЕМ үшін зиянды бағдарламалар жасау және тарату деп – ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға немесе бүлдіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісіне көпе көрнеу зиян әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу яғни зяянды вирус енгізу әрекеттерін айтамыз.

Зиянды бағдарламаларды көбейту, тарату немесе (яғни оның көпгірмесін белгісіз адамдарға беру), сондай-ақ оны айналымға қпізетін басқа да әрекеттерді істеу осындай бағдарламаны пайдалану деп танылады.

ЭЕМ жұмысына, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне зиянды бағдарламаларды енгізу, сондай-ақ оларды сату, сыйға беру немесе басқаларға тегін үлестіру осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды тарату деп танылады.

Қылмыс осы баптың диспозициясында(227-баптың 3-тармағы) көрсетілген әректтердің бірін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыс субьективтік жағынан кінәнің қасақаналық нысанының тікелей түрі арқылы істеледі.

Қылмыстың субьектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс кез келген адам. Қылмыстық Кодекстің 227-бабының 4-тармағында, осы баптың 3-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққаны үшін жауапқа тартылады. Ауыр зардаптарға адамның қазаға үшырау, олардың денсаулығына зиян келтіру, көлік және байланыс жұмыстарына кесел келтіру, басқс мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасты шиеленістіру, қарулы бүлікті тудыру сияқты әрекеттердің орын алуы жатады. Мұндай зардаптар үшін жауапкершілік оларды абайсызда әкеп соққан жағдайда орын алады. Сондықтан бұл қылмыстан туындайтын зардап жөніндегі кінәнің нысаны тек қана абайсыздық түрде болады.

Компьютердің қолданысқа енуі мен оның өте шапшаң қарқынмен кең таралуының қоғамға ықпалы әлде қайда кең әрі қазіргі кезде компьютерлік ақпаратты қолданушы санының шексіз артуы мен әр текті ақпараттардың пайдаланылуы, оны қорғаудың механизмі мен тәсілін табу мәселесімен қатар, оны құқықтық заң тұрғысынан да қамтамасыз ету мәселесі туады.

Қайталау сұрақтары

  1. Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру дегенді қалай түсінесіз?

  2. Компьютерлік ақпаратқа қатер қанша түрге бөлінеді?

  3. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?

  4. Троян аттары деп аталатын вирустар туралы не білесіз?

  5. Қазақстан республикасында қай уақыттан бастап компьютерлік ақпараттар мен технологияларды құқықтық қамтамасыз ету қажеттілігі туындады?

  6. Ақпараттық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етуге болады?

  7. Ақпараттық құқық дегеніміз не?

  8. Авторлық құқық кімдерге беріледі?

  9. Шектеулі кіру қандай ақпараттарға беріледі?

  10. Компьютерлік технологияларда компьютерлік вирус проблемалары.

8-тақырып. КОРПОРАТИВТІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

    1. Қаржылық және банктық ақпараттық жүйелер.

8.2 Корпоративті ақпараттық жүйелердің негізгі сипаттамалары.

8.3 «Галактика» программалық кешенінің негізгі функциолды контурлары және модульдары.

    1. Қаржылық және банктық ақпараттық жүйелер. Бухгалтерлік ақпарат жүйесі (БАЖ) дегеніміз – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпараттарды жинақтау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығару.

Қазіргі кезде әр түрлі міндеттегі ақпарат жүйелер жұмыс істейді. Олардың бір-бірінен айырмашылығы келесі факторлармен анықталады:

  1. Басқару объектісінің сипаты;

  2. Жинақталған тәжірибе бойынша БАЖ-ды құру және оның жұмысы;

  3. Деректерді жинақтау, табыстау және өңдеу құралдарының қолданылуы;

  4. БАЖ-ды басқару объектілері басшылығының ұстанымы (позициясы) және т.б.

БАЖ-ды жобалау кезінде, олардың экономикалық ақпараттарды өңдеудегі автоматтандырылған барлық жүйелерге тән жалпы белгілермен қатар, өзіндік ерекшеліктері бар екенін де ескеру қажет. БАЖ-дың құрылуы мен жұмыс істеуінің жалпы принциптеріне: жүйелік тәсіл, сенімділік, үздіксіз даму, тиімділік, бірлесімділік сияқты бірнеше адам принципі жатады.

8.2 Корпоративті ақпараттық жүйелердің негізгі сипаттамалары. Бүгінгі таңда Ресей нарығында әртүрлі масштабтағы сауда және өндіріс орындарын басақару үшін 100-ден астам өндірістік программалық өнімдер ұсынылуда. Ірі өндіріс орындарын (қызметкерлер мен жұмысшылар саны 3500-30000) кешенді түрде тиімді басқаруда арнайы ақпараттық жүйелер қолданылады. Құрамында өздері құрастырған құрал-жабдықтар және жүйені дамытатын әртүрлі мүмкіндіктері бар ақпараттық жүйелер корпоративті ақпараттық жүйелер деп аталады.

Кеңінен тараған ресейлік өндірісті басқаруға арналған корпоративтік программалық өнімдерге: Галактика, Парус-Корпорация, БОСС-Корпорация, Эталон, Флагман, Ресурс, Скат, Эверест, Компас, Монолит, Турбо-Бухгалтер, Инфо-Бухгалтер, БЭСТ-ПРО, Аккорд, 1С және т.б.жатады

Галактика кешенді ақпараттық жүйесі. «Жаңа Атлант» фирмасының Галактика жүйесі көптеген қосалқы тілдерден тұратын күрделі жүйе болып табылады. 1996ж. «Жаңа Атлант» фирмасы 8 ірі жоба жасады. Бұл жобаның екеуі ірі сауда орнының жұмысын басқаруға арналған. Олар: Москва қаласындағы «Вешняки» және Тольятти қаласындағы «Русь» сауда орталығы. Қалған бесеуі Қазақтан Республикасының ірі өнеркәсіптерін басқаруға арналған:

1 Соколов - Сарыбай Кен байыту комбинаты.

  1. Павлодар алюминий зауыты

  2. Ақтөбе - Феррабалқыту зауыты

  3. Ақсу-Феррабалқыту зауыты

  4. Донской кен байыту комбинаты

Бұл аталған ірі кәсіпорында жұмыстардың саны 3000-26000 дейін барады. Ал Галактика кешенді программалардың құны 60000-80000 жоғары.

Галактика корпорациясы Ресейдің өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін басқаруды автоматтандыру саласында топ алдында келе жатқан құрастырушылар қатарына жатады. Олар 19 жыл ішінде әр түрлі салалардағы 6000 компанияларға өздерінің өнімін орнатты. Бұл өнім әрбір тұтынушының қызметінде бизнесті белсенді дамытуға, ішкі нарықта және шетелдерде белгілі жетістіктерге жетуге мүмкіндік беруде.

Бүгінгі таңда бұл корпорацияның өкілдері Москва, Минск, Киев, Алматы, Санкт-Перербург, Екатеринбург, Самара қалаларында орналасқан.

«Компьютерлік элита-2003 жыл» зерттеулері бойынша «Галактика» корпорациясы «Өндірісті басқарудың ең үздік программаларын құрастырушы» номинациясын бойынша жеңіске жетті.

2005 жылы «Галактика» корпорациясының табысы 24,7 млн. АҚШ доллар құраса, бұл көрсеткіш 2004 жылғымен салыстырғанда 16% артық. 2005 жылдың нәтижесі бойынша «Галактика» ірі консалтингтік компаниялар арасында 12 -орынға ие. «Галактика» корпорациясының президенті Ломоносов атындағы ММУ түлегі, ф-м.ғ.к. Николай Красилов.

8.2. Галактика программалық кешенінің негізгі функционалды контурлары және модульдары. Галактика кешендік ақпараттық жүйесінің қызметі 4 ірі контурдан тұрады:

1. Жоспарлау контуры; 2.Жедел басқару контуры; З.Бухгалтерлік есеп контуры; 4. Есепке алу және талдау.

1. Жоспарлау контуры. Программалық кешен жоспарлау тапсырмаларын шешеді: қаржылық жоспарлауды, бюджетті құруды, күнтізбектік-желілік жоспарлауды, маркетингтік компанияларды жоспарлауды, даму проектерін, техникалық дайындық және өндірісті жоспарлауды, қажетті ресурстарды бағалауды, қуаттылық балансын.

2. Жедел басқару контуры. Өндіріс жедел басқаруда келесі тапсырмаларды шешеді: сатып алуды басқарады, материалды жабдықтауды, өнімді сатуды басқаруды, бартерлік операциялар мен өзара есеп айырысуды басқаруды, қорды – материалдық құндылықтардың қозғалысы мен [сын, келісім-шарттардағы міндеттемелерді басқаруды, тұтынушы мен жеткізушілер арасындағы есеп айырысу, өндірісті басқаруды, проектерін басқаруды, өнім-тауарлардың құнын басқаруды, қызметтер мен қызметкерлерді басқаруды, кадрларды есепке алуды, ішкі және сыртқы іс жүргізуді басқаруды.

3. Бухгалтерлік есеп контуры. Галактика кешенді программасының концепциясы бухгалтерия мен жедел басқару контуры мамандарының айырмашылығын дәл түрде белгілеген жедел басқару контурында сатып алу, сату, қабылдау тауарды жіберу барысында құрастырылған құжаттар бастапқы болып есептеледі. Бастапқы құжаттар негізінде бухгалтерлік контур қызметкерлері шаруашылық операцияларын есепке алып, оларды бас кітапқа енгізуде бухгалтерлік есептің шоттары бойынша проводкалар құрастырылады.

Проводкаларды автоматты түрде құрастыру үшін типтік шаруашылық операцияларының (ТШО) каталогтарын қолдану ұсынылады. ТШО каталогы әрбір шаруашылық түрінің құжаттарына құрылады. Әрбір ТШО құжат бойынша бір немесе бірнеше проводкаларды орындайды. ТШО келесі элементтерді сипаттайды:

1. Шарушылық операциясының түрлері;

2. Провокадағы шоттар корреспонденциясы.

Қажеттілікке қарай субшоттар мен аналитикалық есептің кодтары көрсетіледі. Бухгалтер ТШО бойынша бастапқы құжаттар негізінде таратылады және проводканың орындалуын анықтайды. Қажеттілікке қарай проводкаларды қайта қарауға және алып тастауға болады.

Сонымен қатар бухгалтерлік есеп контурында қаражат жабдықтарының (кассалық ордерлер) қозғалысын алып жүретін құжаттар құрылады. Бұл құжаттар жедел басқару контурындағы құжаттармен байланыста болуы мүмкін. Программалық кешен төлем сәйкестіктерін, қаржылық сомаларды, контр агенттермен есеп айырысудағы алуды қамтамасыз етеді.

Қайталау сұрақтары