
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •Жаңа технологиялар
- •5В050400 - «Журналистика», 5в020200-«хк» мамандығына арналған
- •Курстың күнтізбелік тақырыптық жоспары:
- •Пәннің мазмұны
- •Әдебиеттер тізімі
- •Халықаралық бизнес университеті
- •Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •Жаңа технологиялар»
- •5В050400 - «Журналистика», 5в020200-«хк» мамандығына арналған
- •Пәнді оқыту бойынша әдістелік ұсыныстар
- •Пәнді оқу – әдістемелерімен қамтамасыз ету картасы
- •2.2 Жүйенің қасиеттері. Жүйелердің ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы.
- •Сурет 2.2 Экономикалық жүйенің қарапайым схемасы
- •Тұрақтылығы бойынша
- •Бейнелеу тәсілі бойынша
- •Басқару функциясы бойынша
- •Ұлттық ақпараттық жүйелер
- •Түсініктеме енгізу. Диаграммада бірнеше мәліметтер бейнеленген кезде, х осінің бойында орналасқан бірнеше бағаналардың ішінен әрқайсысына қандай мән сәйкес келетінін анықтау қиынға соғады.
- •Түстермен көркемдеу. Excel бағдарламасында диаграмманың түстерін өзгертуде өте қарапайым тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдер диаграмманың әртүрлі типтері үшін әрқалай болады.
- •13.3 Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер Access объектілері. Басқару объектілері
- •13.5 Басқару элементінің құралдары
- •13.1 Мәліметтер қоры туралы.
- •15.1 Жалпы сипаттама және хабарды басқару.
- •Глоссарий
- •Таратылған материалдар Бақылау сұрақтары
- •1 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Алдыңғы бағаны анықтау.
- •2 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Ағымды бағаны анықтау.
- •3 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Төлемнің уақытын анықтау.
- •4 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Пайыздық ставканы анықтау.
- •5, 6 Апталар.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Периодтық төлемдерді есептеу.
- •7, 8 Апталар.
- •9 Апта.
- •10, 11, 12 Апталар.
- •13 Апта.
- •14, 15 Апталар.
Сурет 2.2 Экономикалық жүйенің қарапайым схемасы
2.2 Жүйенің қасиеттері. Экономикалық ақпараттық жүйелерге кибернетикалық жүйелердің барлық қасиеттері тән: гомеостатикалық, жинақтылық, жекелегендік, автономдық, суммативтік, бөлінгіштік, көптік, бейімделгіштік, суммативтілік және басқалар.
Жүйелердің ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы. Экономикалық жүйелер кірісі және шығысымен бөлінген динамикалық жүйе болып табылады. Сыртқы ортадан кіріс арқылы белгіленген уақытта жүйеге заттар келіп отырады, энергия немесе ақпарат; басқа кездерде процестердің түрленген нәтижесі сыртқы ортаға сырттан келеді.
Сыртқы орта – жүйенің басқару органдарының шешім қабылдау процесінде тікелей әлеуметтік және физикалық факторлардың сыртқы ортаға қатынасына қараған жүйелер жиынтығын айтамыз.
2.3 Экономикалық ақпараттық жүйелер ұғымы. Экономикалық ақпараттық жүйелер (ЭАЖ) – экономикалық объектіні басқаруда қажетті ақпараттарды жинақтау, caқтay, жаңарту, өңдеу, және шығару жүйесі.
Қазіргі жағдайда ақпараттық; жүйелердің әр түрлi салаға арналған көптеген түрлері бар. Олардың 6ip-6ipiнен мына факторларға байланысты айырмашылығы бар: объектив басқарудың спецификасына; құрудың және атқарудың жинақталған тәжірибесіне; басқарылатын жүйенің құрылымына; берілгендерді өңдейтін, жинактайтын, тарататын жабдықтарды қолдануға; ЭАЖ-дың басқару объектісінің басшыларының позициясына және т.б.
Keйбip кіші кәсіпорынның өзі күрделі жүйе болып табылады, өйткені басқару жүйeci мен басқару o6ъeктici өзара көптеген қарапайым емес иерархиялық құрылымды байланыстардан тұрады. Осы басқару пpoцeciнe қатысушылардың алдына койылған мақсаттары жүйенің мақсатымен сейкес келмеуі мүмкін. Басқару процeci көптеген атқарымдылығымен сипатталады.
Экономикалық басқару жүйесі экономикалық-ұйымдастырушылық модельдер негізінде құрылады, ceбeбi басқару жүйесі өзі басқаратын объектінің бейнесі туралы білуі керек. Модель детальдарі бойынша объектіден езгеше болғанымен, модельдің объектімен ортак элементтері болуы керек.
ЭАЖ-дың кептеген атқарымдық өзгешеліктеріне байланысты оның әр түрлі сыныптамалық белгілерін ерекшелеуге болады. Административтік және қолдану деңгейіне байланысты аудандық, облыстық, мемлекеттік ЭАЖ болады.
Бүгінгi таңда экономикалық салалардағы қолданылуына байланысты ЭАЖ-ды төмендегідей топтарға бөлуге болады.
Банктік ақпараттық жүйелер;
Салықтық ақпараттық жүйелер;
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер;
Статистикалық ақпараттық жүйелер;
Сақтандыру ақпараттық жүйелері;
Қаржылық ақпараттық жүйелер;
Қор нарығындағы ақпараттық жүйелер.
ЭАЖ түcінігi, құрылымы және жіктелуі. Экономикалық ақпараттық жүйелер екі iшкi жүйеден тұрады. Олар:
ЭАЖ-дың жабдықтау бөлігі;
ЭАЖ-дың атқарымдық бөлігі.
І. ЭАЖ-дың жабдықтау бөлігі – ақпараттық, техникалық, программалық, ұйымдастырушылык, кукықтық, лингвистикалық, және т.б.
1. Ақпараттық жабдықтау. Басқару объектісіне шикізат пен ресурс қандай қажет болса, басқару аппаратына аппарат сондай қажет. Ақпарат берілгендер деп аталатын шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болады. Мұндай берілгендер ретінде кез-келген мекеменің каржылық-шаруашылық, фактілері, жағдайы мен процесстері туралы мәліметтерді алуға болады (бухгалтерлік, қаржылық құжаттар және т.б.)
Кез келген басқару жүйесі екі түрлі ақпаратпен жұмыс істейді. Ақпарат ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкi ақпарат – басқару жүйесінде пайда болады да басқару объектісінің әр түрлі уақыт аралығындағы дамуын, оның қаржылық шаруашылық жағдайын, директив мақсатын камтиды. Әдетте мұндай мәліметтер құжаттарда сақталады және дәл ақпараттарды пайдаланады.
Сыртқы ақпарат – дәл емес, жуықталған, үзілісті, карама-қарсылық сипатта болады. Бұл негізінен нарықтың жағдайы мен бесекелестерге, бағалар мен пайыздық мелшердің болжамына, салықтық саясат пен саяси жағдайга байланысты болады. Мұндай аппарат ықтималдық түрде сипатталады және оны стандартты программалар жабдықтарымен өңдеу қиындықтары бар. Бұл ақпараттарды өңдей алатын ақпараттық жүйелер құру қажеттілігі туындайды және оларды эксперттік программалар деп атайды.
Басқару деңгейіне байланысты әр түрлі ақпарттар қолданылады - қызметтердің стратегияларын құрастыратын жоғарыдағы басшылар негізінен сыртқы ақпаратпен, кейбір жағдайларда ішкі ақпаратпен жұмыс істейді. Оперативті деңгейде тек ішкі ақпарат, орта деңгейде көбінe iшкi, кейде сыртқы ақпаратты пайдаланады. Бұл ақпараттар арнайы тасымалдаушыларда сақталады және олар ЭАЖ-дық ақпараттық базасын құрайды.
Ақпараттық база өзара байланысқан ею белштен турады: шюмашиналық және сыртқымашиналық ақпараттық базалар.
Ішкі машиналық ақпараттық база – басқару жүйесіне техникалық жабдықтарсыз адам қабылдай алатындай қызмет етеді, мысалы кужаттар (актілер, нарядтар, регистрлер мен шоттар, ведомостар және т.б.)
Сыртқы машиналық ақпараттық база - машиналық тасымалдаушыларда сакталады және ол файлдардан турады.
2.Техникалық жабдықтау. Техникалық жабдықтау ЭАЖ-дың непзш құрайды және бул жабдықтардың куаттылығы басқаруда шешшетш тапсырыстардың курамын анықтайды. Техникалық жабдықтарға компьютерлер, коммуникация жабдықтары мен оргтехника жатады.
Компьютерлер паркін екі класқа бөлуге болады: дербес және жоғарғы көлемді компьютерлер (Mainframe System). Жоғары көлемді компьютерлер көлeмi үлкен деректер корын сактауға арналған. Мұндай компьютерлерге тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істегенде және берілгендерді сақтау барысында жоғары талаптар қойылады. Мұндай кластағы компьютерлерді шығаратын атақты фирмалардың қатарына - Tandem Computers жатады.
Алайда бұл компьютерлер барлық уақытта оперативті шешім қабылдай алмайды. Мысалы, құнды қағаздар нарығында тәуекелділік дережесінің бағасы мен операцияларды оңтайландыруда қолданылатын компьютерлік желілер 6ipнешe минутта тапсырмаларды орындауы қажет. Мұндай сұраныстарға Mainframe System компьютерлері тек бipнешe сағаттан соң, ал дербес компьютерлер 20 сағаттан соң жауабын береді. Бұл проблеманы жоғары өнімді компьютер – CRAY 6 минутта шешеді.
3. Программалық жабдықтау. Жоғарыда айтылған компьютерлердің барлығы жұмыс жасау үшін программалық жабдықтау қажет. Программалық жабдықтау – берілгендерді өңдеуге қажетті программалар жиынтығы мен осы программаларға қатысты құжаттар. Программалық жабдықтау жалпы және қолданбалы программалық жабдықтау болып бөлінеді.
Жалпы программалық жабдықтауға операциялық жүйе, программалау жүйесі, сервистік программалау жатады.
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс icтeyiн қамтамасыз етеді Операциялық жүйелер: MS DOS, NC, WINDOWS, WINDOWS XP, WINDOWS WІSTA және т.б.
Программалау жүйесі – программалаушылар мен программалаушы еместер үшін қажетті инструментальды жабдықтар. WORD, PAINT, EXCEL.
Сервистік программалар – ЭЕМ-ді пайдалану барысында қолданылатын қызметтер.
4.Ұйымдастырушылық жабдықтау. Экономикалық ақпараттық жүйелердің өз басқару аппараты болады және ол оның iшкi жүйелерінің жұмысын 6ip бүтіндей етіп жұмыс істеуін қамтамасыздандырады.
Мұндай iшкi жүйенің қызметі:
Басқару объектісі мен айналаны қоршаған орта туралы алғашқы ақпараттарды жинақтау;
Ақпараттарды курьер немесе локальді және баска желілер арқылы жіберу;
3. Берілгендердің орталық қорындағы ақпараттарды коллективте қолдану және желі арқылы таратылатын ақпараттарды сақтау;
4. Орталық және таратылған технологиялар негізінде ақпараттарды өңдеу.
5. Құқықтық жабдықтау. Нормативтік актілерде көрсетілген нормалар жиынтығы және осы жүйелерді ұйымдастыруды қадағалау, олардың мақсаты, тапсырыстары, құрылымы міндеттepi, мен ЭАЖ-дың құқықтық статусынан тұрады.
ЭАЖ-ды құқықтық жабдықтау ЭАЖ-ды өңдеудің құқықтық реттеудің және құрастырушылар мен тапсырушылардың карым-қатынасы болып табылады. Құқықтық жабдықтау eкi бөліктен тұрады: жалпы және арнайы.
Жалпы бөлік құрамына ЭАЖ қызметін регламенттеуші нормативті құжаттар жатады. Арнайы бөлік құрамына қабылданатын шешімдердің құқықтық жәрдемін ұйымдастыу жатады.
4. Лингвистикалық жабдықтау.
ЭАЖ-да қолданылатын катысу тілдерінің жиынтығы, терминдері мен ережелері лингвистикалық жабдықтауды құрайды. Пайдаланушы ақпараттық, техникалық программалық жабдықтаулармен қарым-қатынаста болу үшін программалық тілдерді пайдаланады. ЭАЖ үшін қажетті:
Тесттік және диагностикалық программалар;
Телекоммуникациялық программалық жабдықтар;
Рұқсат етілмеген енуден қорғайтын программалық жабдықтар;
Басқа компьютерлік жүйелермен программалық интерфейс және т.б.
ІІ. ЭАЖ-дың атқарымдық бөлігі – ЭАЖ-дың объект басқару жүйесінің моделі болып табылады. Декомпозициялау барысында аткарымдық бөлік ішкі жүйелерге бөлінеді және олар декомпозициялау белгілеріне байланысты анықталады. Күрделі жүйе кепфункционалды болғандықтан ЭАЖ-ды әр түрлі белгілері бойынша декомпозициялауға болады. Басқару жүйесіне байланысты құрылымдық белгшеріне катысты ЭАЖ функционалдық iшкi бөліктерден турады. Олар:
Басқару деңгейі (жоғары, орта, оперативті);
Басқарылатын ресурс түрі (Heгізгi қор, материалды, еңбек, каржы және ақпараттық ресурстар);
Қолдану саласы (банктік, статистикалық, салықтық, бухгалтерлік, қор нарығы, сактандыру ақпараттық жүйелер);
Басқару функциясы мен басқару аралығы.
Қайталау сұрақтары
Экономиканың сфераларына қарай ЭАЖ-дың қандай түрлері бар?
ЭАЖ қандай бөліктерден тұрады?
Техникалық жабдықтау дегеніміз не?
ЭАЖ-дың аткарымдық бөлігі деп нені айтады?
Сыртқы орта дегеніміз не?
Жүйенің қасиеттерін атаңыз.
Экономикалық жүйенің қарапайым схемасын түсіндіріп беріңіз.
Жүйе дегеніміз не?
Басқару жүйелері дегеніміз не?
3-тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ АҚПАРАТ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
3.1 Экономикалық ақпарат классификациясы
3.2 Экономикалық ақпарат қасиеттері. Экономикадағы ақпараттық процестер
3.1 Экономикалық ақпарат ұғымы. Экономикалық ақпарат классификациясы. Ақпараттардың негізгі бір түрі – экономикалық ақпарат. Оның ерекшелігі – ұйымдар, адамдар коллективін басқару процесімен байланыс жасайды.
Экономикалық ақпарат – өндірістің қоғамдық процестерін, материалдық игіліктерді үлестіру, айырбастау және тұтыну туралы ақпарат.
Экономикалық ақпарат әлеуметтік-экономикалық процестер мен өндірістік және өндірістік емес ортада қызметкерлер туралы мәліметтер жиыны.
Экономикалық ақпарат еңбек, материалдық және қаржылық ресурстар құрамы туралы және нақты уақыт кезеңіндегі обьекттерді басқару жағдайы туралы мәліметтерді қарастырады.
Экономикалық ақпарат мекеме мен ұйымдар әрекетін табиғи тазалығы, құндылығы және басқа да көрсеткіштері арқылы бейнелейді.
Экономикалық ақпарат төмендегі көрсетілгендер бойынша сипатталады:
үлкен көлемді;
белгіленген уақыт кезеңіндегі (ай, квартал, жыл) ақпараттың алынуы мен өзгеруі циклінің жиі қайталануы;
оларды өңдеудегі логикалық операциялардың едәуір үлес салмағы;
Экономикалық ақпараттың бұл қасиеттері – қайта өңделетін ақпараттар көлемі мен құрылымын анықтауда оларды жинау, өңдеу, тасымалдауда есептеу техника құралдары мен компьютерлерді пайдалану экономикалық мақсатқа сәйкес және ғылыми-техникалық қажеттілікпен алдын ала анықталады.
АҚПАРАТ
Пайда болу орны бойынша
Тұрақтылығы бойынша
Өңдеу сатысы бойынша
Бейнелеу сатысы бойынша
Басқару функциясы бойынша
Кірістік
Шығыстық
Ішкі
Сыртқы
Тұрақты
Айнымалы
Бастапқы
Қосымша
Аралық
Нәтижелік
Мәтіндік
Графиктік
Жоспарлы
Нормативті-анықтамалық
Есепті
Тікелей
Экономикалық ақпарат классификациясы. Ақпаратпен жұмыс жасау кезіндегі негізгі ұғым оның классификациясы болып табылады. Әрбір обьект әртүрлі белгілер мен критерийлері бойынша жіктеледі. Қоршаған орта жағдайларына байланысты обьектінің түрлі топтарға жіктелуі жиі кездеседі. Ақпараттар әртүрлі жағдайда, түрлі пайдаланушылар мен түрлі мақсатта қолданылатындықтан олардың жіктелуі төмендегідей болады. Төменде мекемедегі ақпараттар айналымы жітелуінің бір схемасы көрсетілген.
Пайда болу орны бойынша.
Кірістік ақпарат – фирмаға немесе оның бөлімшелеріне келіп түсетін ақпарат.
Шығыстық ақпарат – фирмадан басқа фирмаға, мекемеге барып тұсетін ақпарат.
Басқару обьектісіне қатысты (фирма немесе оның бөлімшелері, цех, отдел, лаборатория) ақпарат ішкі және сыртқы болып анықталады.
Ішкі ақпарат обьекттің ішінде пайда болады, ал сыртқы ақпарат обьект сыртында болады. Мысалға, салық деңгейінің өзгеруі туралы үкімет нұсқауының мазмұны фирма үшін бір жағынан сыртқы ақпарат, екіншіден – кірістік ақпарат бола алады. Салық инспекциясына мемлекеттік бюджеттен бөлінген соманың мөлшері туралы фирманың мәліметі шығыстық ақпарат, екіншіден салық инспекциясына қатысты сыртқы ақпарат болып табылады.