
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •Жаңа технологиялар
- •5В050400 - «Журналистика», 5в020200-«хк» мамандығына арналған
- •Курстың күнтізбелік тақырыптық жоспары:
- •Пәннің мазмұны
- •Әдебиеттер тізімі
- •Халықаралық бизнес университеті
- •Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •Жаңа технологиялар»
- •5В050400 - «Журналистика», 5в020200-«хк» мамандығына арналған
- •Пәнді оқыту бойынша әдістелік ұсыныстар
- •Пәнді оқу – әдістемелерімен қамтамасыз ету картасы
- •2.2 Жүйенің қасиеттері. Жүйелердің ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы.
- •Сурет 2.2 Экономикалық жүйенің қарапайым схемасы
- •Тұрақтылығы бойынша
- •Бейнелеу тәсілі бойынша
- •Басқару функциясы бойынша
- •Ұлттық ақпараттық жүйелер
- •Түсініктеме енгізу. Диаграммада бірнеше мәліметтер бейнеленген кезде, х осінің бойында орналасқан бірнеше бағаналардың ішінен әрқайсысына қандай мән сәйкес келетінін анықтау қиынға соғады.
- •Түстермен көркемдеу. Excel бағдарламасында диаграмманың түстерін өзгертуде өте қарапайым тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдер диаграмманың әртүрлі типтері үшін әрқалай болады.
- •13.3 Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер Access объектілері. Басқару объектілері
- •13.5 Басқару элементінің құралдары
- •13.1 Мәліметтер қоры туралы.
- •15.1 Жалпы сипаттама және хабарды басқару.
- •Глоссарий
- •Таратылған материалдар Бақылау сұрақтары
- •1 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Алдыңғы бағаны анықтау.
- •2 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Ағымды бағаны анықтау.
- •3 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Төлемнің уақытын анықтау.
- •4 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Пайыздық ставканы анықтау.
- •5, 6 Апталар.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Периодтық төлемдерді есептеу.
- •7, 8 Апталар.
- •9 Апта.
- •10, 11, 12 Апталар.
- •13 Апта.
- •14, 15 Апталар.
5, 6 Апталар.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Периодтық төлемдерді есептеу.
Сабақ мақсаты:
Нақты есептерді шешу кезінде ППЛАТ (ПЛТ), ПЛПРОЦ (ПРПЛТ), ОСНПЛАТ (ОСПЛТ) функцияларын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру:
егер есептеу периодының басы немесе соңында жүргізілетін осы төлемдердің алдыңғы бағасы белгілі болса, төлемді есептеу керек;
периодтың анықталған мерзімінде осы қарызды толықтай жабу үшін қажет қарыз бойынша тең периодтық төлемдерді есептеу;
нақты периодқа пайыз бойынша төлем мөлшерін есептеу;
нақты периодқа тұрақты периодтық төлем әкелетін түсімді есептеу;
әрбір есептеу периодының басы мен соңында тең төлемді жабатын қарыз бойынша негізгі төлемді (қарызды жабу) есептеу.
Мысалдар:
Әр айдың соңында сомманы жинай отырып, 3 жылға 4 млн.теңге жинау керек болсын. Егер салым бойынша пайыздық нормасы 12% жылдық пайызды құраса, бұл сомма қанша болуы керек. Жауабы: ППЛАТ(12%/12;12*3;;4000000) = -92 857,24 теңге.
Банк 200 млн. теңгені 4 жылға 18% жылдық пайыз мөлшерінде берсін деп есептейік. Жыл сайынғы қарызды жабу мөлшерін анықтаңыз. Жауабы: ППЛАТ(18%;4;-200000000) = 74 347 734,19 теңге.
10% жылдық пайыз есебінен 800 мың.теңгені үшжылдық қарыздан бірінші айға пайыз бойынша төлемін есептеңіз. Жауабы: ПЛПРОЦ(10%/12;1;12*3;800000) = -6 666,67теңге.
6 жыл бойында жылдық төлем есебінен 5 млн.теңгеге қор құрылсын деп есептейік. Егер пайыздық ставка 17,5% құраса, салымшының соңғы жылға салымы түсірген пайданы анықтау. Жауабы: ПЛПРОЦ(17,5%;6;6;;5000000)= 664 811,03 теңге.
Егер несие 1 млрд. теңге мөлшерінде 5 жылға 12% жылдық пайыз көлемінде берілсе, төртінші жылға негізгі төлем мөлшерін анықтау керек. Жауабы: ОСНПЛАТ(12%;4;5;1000000000) = -221 149 339,88 теңге.
Орындалған есептер бойынша 3 жылға 17% жылдық пайыз берілсе, қарыздың 70 млн.теңгесін жабу схемасын есептеу керек. Есептеулерді кестеге енгізу керек.
Жыл |
Қарыздың жылдың басындағы соммасы |
Төлемнің жалпы сомасы |
Пайыз бойынша төлемдер |
Қарыз бойынша негізгі төлемнің сомасы |
Жыл соңына қарыздың сомасы |
1 |
70000000 |
Х |
Х |
Х |
Х |
2 |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
3 |
Х |
Х |
Х |
Х |
0 |
Барлығы |
Х |
Х |
70000000 |
|
Есептеуге арналған тапсырмалар: (6) 63 б. № 1, 2; 171 б.
7, 8 Апталар.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Инвестицияның айналу жылдамдығын анықтау.
Сабақ мақсаты:
Нақты есептерді шешу кезінде ВНДОХ (ВСД), МВСД функцияларын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру:
периодтық түсімдер мен айнымалы мөлшерді төлеу үшін ішкі айналым жылдамдығын есептеу;
Реинвестициялаудан түскен пайда есебінен периодтық түсімдер мен айнымалы мөлшерді төлеу үшін ішкі айналым жылдамдығын есептеу;
Мысалдар:
Жоба бойынша шығындар 500 млн.теңгені құрасын деп есептейік. Күтілетін пайда қалған 4 жыл ішінде 50 млн.теңге, 100 млн. теңге, 300 млн. теңге, 200 млн. теңге құрайды. Егер пайданың нарықтық нормасы 12% болса, инвестиция айналымының жылдамдығы бойынша жобаның экономикалық мақсатын анықтау керек. Есептің графикалық интерпретациясын беріңіз.
Жауабы: А1:А6 ұяшықтары -500000000, 50000000, 100000000, 300000000, 200000000 мәнідерін құрасын. Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы ВНДОХ(А1:А6) = 9, 25% құрайды. Бұл нарықтық нормаған қарағанда аз, сондықтан жоба алынбау керек.
Бес жыл бұрын қарыз 1 млрд.теңге көлемінде 10 % жылдық пайызбен жобаны қаржыландыру үшін алынсын, осы жылдар бойынша пайда: 100, 270, 450, 340 және 300 млн. теңгені құрады. Бұл ақшалар 12% жылдық пайызбен реинвестицияланды. Инвестиция айналымының модификацияланған жылдамдығын табу керек. Жауабы: Жұмыс бетінде В1 ұяшығына -1000000000 және В2:В6 ұяшықтарына әрбір жылға пайда мөлшері енгізілсін деп алайық. Сонда бес жылға айналымның модификацияланған ішкі жылдамдығы келесі түрде есептеледі: МВСД(В1:В6;10%;12%) = 12,25%
Есептеуге арналған тапсырмалар: (6) 71 б. № 1.