
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •Жаңа технологиялар
- •5В050400 - «Журналистика», 5в020200-«хк» мамандығына арналған
- •Курстың күнтізбелік тақырыптық жоспары:
- •Пәннің мазмұны
- •Әдебиеттер тізімі
- •Халықаралық бизнес университеті
- •Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •Жаңа технологиялар»
- •5В050400 - «Журналистика», 5в020200-«хк» мамандығына арналған
- •Пәнді оқыту бойынша әдістелік ұсыныстар
- •Пәнді оқу – әдістемелерімен қамтамасыз ету картасы
- •2.2 Жүйенің қасиеттері. Жүйелердің ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы.
- •Сурет 2.2 Экономикалық жүйенің қарапайым схемасы
- •Тұрақтылығы бойынша
- •Бейнелеу тәсілі бойынша
- •Басқару функциясы бойынша
- •Ұлттық ақпараттық жүйелер
- •Түсініктеме енгізу. Диаграммада бірнеше мәліметтер бейнеленген кезде, х осінің бойында орналасқан бірнеше бағаналардың ішінен әрқайсысына қандай мән сәйкес келетінін анықтау қиынға соғады.
- •Түстермен көркемдеу. Excel бағдарламасында диаграмманың түстерін өзгертуде өте қарапайым тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдер диаграмманың әртүрлі типтері үшін әрқалай болады.
- •13.3 Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер Access объектілері. Басқару объектілері
- •13.5 Басқару элементінің құралдары
- •13.1 Мәліметтер қоры туралы.
- •15.1 Жалпы сипаттама және хабарды басқару.
- •Глоссарий
- •Таратылған материалдар Бақылау сұрақтары
- •1 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Алдыңғы бағаны анықтау.
- •2 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Ағымды бағаны анықтау.
- •3 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Төлемнің уақытын анықтау.
- •4 Апта.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Пайыздық ставканы анықтау.
- •5, 6 Апталар.
- •Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Периодтық төлемдерді есептеу.
- •7, 8 Апталар.
- •9 Апта.
- •10, 11, 12 Апталар.
- •13 Апта.
- •14, 15 Апталар.
15.1 Жалпы сипаттама және хабарды басқару.
Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компыотерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықтықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
- желі тұтынушыларына есептеу кұрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.
Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер. Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімсн байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықтақта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге катысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері кұрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компыотер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады.
- құжаттарды бірге пайдалану;
- құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;
- сервердегі қолданбалы программалармен онай байланысу:
- қымбат тұратын қорларды – принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік процессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б.
Аймақтық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықтықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе -жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдарды тасымалдау үшін жиі қолданылады.
15.2 Интернет хаттамалары: ТСР/IР, FTР, Теlnеt. Интернет дегеніміз – дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі роль атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зертшілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушы-лары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.
Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық кұралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.
ТСР/ІР протоколдар ағымы. Техникалық тұрғыдан қарастырғанда ТЕРЯР протоколы желілік бір протокол емес, әртүрлі деңгейдегі екі протокол, яғни протоколдар ағымы. ТСР протоколы транспорттық деңгей, ол деректерді жеткізуді басқарады. ІР протоколы адрестік, ол желілік деңгейге жатады және деректердің қайда баратынын басқарады.
ТСР протоколына сәйкес жіберілетін деректер кішігірім пакеттерге бөлініп, маркерленеді. Соның арқасывда пайдалану-шының компьютерінде құжаттар дұрыс жинақталады.
ІР-протоколының негізі бойынша ғаламдық желіні пайдаланушылардың әрқайсысында өзінің уникалды адресі болуы қажет немесе оны ІР-адрес деп те атайды. Онсыз ТСР – пакеттерді жұмыс орындарына дәл жеткізуге болмайды. Бұл адрес қарапайым түрде өрнектеледі, мысалы 195.38.46.11
Iternet-пен қатынас кұру ҒTР протоколы. Файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (Ғіlе Тransfer Protocol – ҒТР). Практикада ҒТР немесе ftp Термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін ҒТР жүйесі білдіреді. ҒТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген ҒТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып кала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (namied) және/немесе паролін (раssword) білу қажет болады.
Терминалды режим. Алғашқы қызметтер қатарына Теlnеt компьютер жұмысын қашықтықтан басқару жатады. Бұл қызметтің протоколы арқылы қашықтықта орналасқан компьютер жұмысын басқаруға болады. Мұндай басқаруды терминалды немесе консольды деп атайды. Бұрынғы кездерде бұл қызмет қашықтықта орналасқан есептеу орталықтарындағы күрделі есептеу жұмыстарын жүргізуде кеңінен қолданылған.
Бүгінгі таңда дербес компьтерлердің қуаттылығының жылдам өсуіне байланысты Теlnеt: қызметіне қажеттілік азайып отыр.
15.3. Электронды пошта, телеконференциялар. Электронды пошта – бұл ЭЕМ-ді пайдаланушылар арасындағы хабарларды сақтайтын бір-біріне жіберетін арнайы программалар пакеті.
Электронды пошта көмегімен қағазсыз қызмет көрсетіледі. Ол алдымен кез-келген ақпаратты (мәтіндік, кескіндік, сандық, дыбыстық, және т.б) жинақтайды, тіркейді, өндейді қарым қатынасқа жібереді. Сонымен қатар ол төменднгідей Функцияларды атқарады.
Құжаттарды өңдеу – оларды банкте сақтау, корреспонденцияларды жіберу, қателерді тексеру және жөндеу, адресаттық корреспонденцияларды алу туралы растауы, ақпараттарды алу және оны өзінің пошта жәшігінде сақталуы алынған корреспонденцияны қарап өту.
Пошталық жәшік – корреспонденцияны сақтауға арналған ұйымдасқан файл.
Пошта жәшігі екі кәрзінкеден тұрады – қабылдап алу және жіберу. Кез-келген пайдаланушы басқа пайдаланушының қабылдау кәрзіңкесіне өзінің ақпаратын салуына болады. Бірақ кәрзіңкені қарап өтуіне болмайды. Жіберу кәрзіңкесінен пошталық сервер басқа пайдаланушыға қажетті ақпараттарды алып таратады. Әрбір попггалық жәшіктің өзінің желілік адресі бар.
Корреспонденцияларды жіберіп отыру үшн адресатпен пошталық жәшік аралығындағы байланыс on-Line режимінде болады. Әдетте пошталық бөлімшелер ретінде жеке компьютерлерге бөлінеді. Оларды пошталы сервер деп атайды.
Пайдаланушының компьютері жақын орналасқан пошталық серверге қосылып қойылады. Ол келген хабарламаларды сақтап пайдаланушыларға желі бойынша аталған адреске жіберіледі. Пайдаланушы хабарламаны жібергенде телефон каналы арқылы модем көмегімен ең жақын пошталық серверге жіберіледі. Хабарлар тіркеледі, кезеке қойылады канал босағанда келесі пошталық серверге жіберіледі. Бұл тізбек адресат өз хабарын алғанға дейін орындалады.
Пошталық сервердің атқаратын функциялары:
1.Ақпаратты жылдам және сапалы түрде жеткізуді қамтамасыз ету;
Байланыс сеансын басқару;
Ақпараттық қателерін жөндеу және тексеру;
Пайдаланушыға жеткенше ақпараттарды сақтау және оны келген корреспонденция туралы хабарлама беру;
Корреспонденцияларды тіркеу жәнеесепке алу;
6.Корреспонденциларды сұрау барысында парольдарды тексеру және т.б
Пайдаланушыларға жіберетін хабарлар дара, топтық, жалпы режимдерде орындалады. Дара режимде адресат ретінде пайдаланушылардың жеке компьютерлермен және корреспонденция құрамында оның адресі болады.
Топтық режимде корреспонденция бірдей уақытта бірнеше адресаттарға жіберіледі. Мұндай топ әртүрлі болып құрылуы пошталық серверлер топтарды ажырата алатын жабдықтары бар. Мысалға адрес ретінде "осы тақырып ізденушілерге" деп берілуге мүмкін. Жалпы режимде кореспонденция пошталық жәшіктің иелеріне жіберіледі. Соңғы екі режим көмегімен телеконференциялар электронды немесе электронды хабарландыру тақтасы ұйымдастырылады. Электронды пошта мекеменің локальды желісінде орындалғандарға-болады, яғни ол ішінаралық ақпараттардың алмасуына береді. Сонымен қатар электронды пошталар глобальды желілерде де орналастыруға болады. Бүгінгі таңда электронды пошта көмегімен іскер сфераларда келісім щарттарға жылдам отыруға мүмкіндік береді. Мұнда эдектронды поштамен, факстардың, телетекстердің қызмет қарым қатынаста болады.
Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Бірақ оның көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердін бір сетте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондык попгганың хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.с.с. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатынын айту керек.
Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі. Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады: - қолданушы агенті – әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді; тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді; жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
Электрондық пошта адрестерінің екі түрі бар: пошта жіберілетін бағытқа тәуелді және ол бағыттан тәуелсіз.
Алғашқы адресті, яғни бағытқа тәуелді тәсілді "пайдаланғанда, жіберілген хабар алушыға жетуі үшін жөнделтуші пошта өтетін аралық станцияларды білуі тиіс. Ал тәуелсіз адресте тек алушы адресі ғана көрсетіледі.
Мысалы, UUCР – адрестер бағытқа тәуелді, ал Іпtегnеt – адрестер әдетте бағытқа тәуелді болмайды.
Іпtегnеt жүйесіндегі электрондык пошта адресі мынадай форматпен жазылады:
тұтынушы@ машина, мұндағы @ таңбасы тұтынушы атын машина атауынан бөліп тұрады. Бұл адрес поштаны машина компьютеріндегі тұтынушы пошта жәшігіне жеткізеді.
Электрондык пошта адресінің мысалы:
Мұндағы Intkaz@ok.kz абонент идентификаторы. @ таңбасының оң жағында сөз домен деп аталады, ол тікелей абоненттің орналасқан тұрағын анықтайды. Доменнің кұрамындағы сөздер нүктемен бөлінеді. Доменнің ең оң жақ шетіндегі екі әріптен тұратын сөз мәлімет баратын елдің коды болып табылады, ол тең жоғарғы деңгейдегі домен. Мемлекеттердің коды халықаралық 180 стандарты бойынша бекітіледі. Адрестегі kz -Қазақстан Республикасынық коды. Кейде жоғарғы деңгейдегі домен ретіндс желі атауы да көрсетілуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-та жоғары оқу орындарын немесе мемелекеттік мекемелерді біріктіретін желілер бар, сондықтан жоғарғы домен ретінде мынадай қысқарған сөздер қолданылады: edv Educational institutions (мысалы, cs.berkeley.edu), gov - Gоverment institutions, т.с.с.
Келесі ішкі (төменгі деңгей) домен – мысалда ok – жоғарғы деңгей доменінің ішіндегі нақты атау болып табылады. Жеке домен атауларынан құралған жиын – ok.kz – екінші деңгейдегі домен деп аталады. Ол жоғарғы доменде бекітілген ережелерге сай анықталады.
Телеконференция қызметі. Телеконференция қызметі – хабарлама бір корреспондентке емес үлкен топқа жіберуді айтады (мұндай топтарды телеконференциялар немесе жаңалықтар топтары деп атйды).
WWW(WoHdWideweb)бүкіләлемдік торы
Іпtегnеt: ішінен керекті ақпаратты іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті карастырып өтейік. World Wide Web (WWW/Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі ақпаратты алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWW есептеледі Іпtегnеt-тің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады, Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арқылы (мазмұны арқылы) тез өтуді қамтамасыз етеді. World Wide Web – бұл Web – серверлерде сақталатын бір-бірімен байланысқан электронды құжаттардан тұратын біртұтас ақпараттық кеңістік. Web кеңістігін құрайтын қалған құжаттар Web -беттер деп аталады және бүгінгі танда мұндай Web-беттер миллиардтан асты және ол тым жылдам өсуде. Тақырыптар бойынша біріккен Web-беттер Web-түйіндер деп аталады және олардың әрқайсысына сервердің қатты дискісінде жеке каталог бөлінген.
Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әр түрлі құрылғылар жиынтығы.
Желілік бағдарламалық құралдар – компьютерлерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
Интерфейстер – желінің функционалдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.
Протоколдар – желінің функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері.
Желінің атқаратын қызметіне байланысты тпологиялардың үш түрі бар: шиналық, жұлдыз тәрізді, сақиналық топология.
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады:
Аппараттық құралдар:
кабельдер;
серверлер;
желілік интерфейс тақшалары;
концентраторлар; коммутаторлар;
аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар (маршрутизаторлар);
аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;
аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол модулятор/демодулятор сөздерінің басқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Желілік операциялық жүйе – желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын бағдардаламалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады.
Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы бағдарламалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Желілік технологиялар. Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функционалдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.
Клиент-сервер технологиясы– жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тєсілі. Мұнда бір компьютер (сервер) өз құрылғыларын басқарларға – клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.
Қайталау сұрақтары:
Компьютерлік желі дегеніміз не?
Хаттама деп нені айтады?
ТСР/IР, FTP Теlnеt; хаттамалары туралы не білесіз?
Электронды пошта деп нені айтады?
Пошталық жәшік қандай бөліктерден тұрады?