Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новые тех на 2014-2015 .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

13.3 Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер Access объектілері. Басқару объектілері

13.4 Access басқару элементтерінің сипатамасы

13.5 Басқару элементінің құралдары

13.1 Мәліметтер қоры туралы.

Мәліметтер қоры – өзіндік құрылымы белгілі, деректерді сипаттаудың және өзгертудің жалпы принциптеріне сүйенген қағидалар арқылы байланысқан деректер жиыны.

Ақпараттық мәліметтер қоры (МҚ) түрінде сақталуы олардың пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтіп іздеу, өңдеу, және алу әрекеттерін жеңілдетеді.

Компьютерлік мәліметтер қоры дегеніміз–қағаз бетінде сақталған құжаттарды жинақтауға және олардан мәлімет алуға арналған автоматты нұсқа жүйесі. Компьютерлік мәліметтер қорында мәліметтер құрылымдық түрде сақталады (құрылымы алдын-ала анықталып қойылады).

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын бағдарламалар тобы. Ағылшынша оларды DBMS (Database management system) деп атайды.

Мәліметтер қоры – бір-бірімен байланысқан мәліметтерді, объектілерді және МҚБЖ баптау (белгілі бір қалыпқа келтіру) параметрлерін сақтайтын файлдар. Әдетте МҚБЖ кез келген бір мәселені шешу жолында құрылады. Қазіргі кезде көптеген экономикалық және ақпараттық – анықтамалық бағдарламалардың негізі МҚБЖ-мен жасалған.

MS Access – дербес компьютерлер үшін қазіргі кездегі кең тараған МҚБЖ. Бұл графикалық қабықшасы бар, реляциялық мәліметтер қорына қызмет көрсету жүйесі. Мұндай қорларда мәліметтер бір типті жазылымдардан тұратын бір немесе бірнеше кестелер түрінде беріледі. Қызмет көрсету жүйесі: мәндерді ЭЕМ-ге енгізу, белгілі бір көрсеткіштері (критерий немесе параметрлері) бойынша таңдап алу құрылымын өзгерту, есептердің нәтижесін кесте немесе қолданушыға ыңғайлы басқа түрде шығару міндеттерін атқарады.

Access мәліметтер қорына әр түрлі объектілер кіруі мүмкін. Әдетте МҚ өте көп объектілерден тұрады. Объектілердің мынадай түрлері болады:

КЕСТЕ (TABLE) – берілген деректерден тұрады, оларды қарап шығу үшін кесте тәртібі қолданылады. Ол белгілі тақырыпқа байланысты жинақталған мәліметтер. Кестедегі мәліметтер жеке өрістерден (бағана) тұратын жазбаларда (жолдар) сақталады. Microsoft Access МҚ-да мәліметтердің барлық түрлері кестелерде сақталады.

СҰРАНЫС (QUERY) – МҚ-на тек қажет мәліметтерді таңдап алуға мүмкіндік береді. Белгілі бір мәліметтерді іздеу, сұрыптау, алу үшін қолданылады. Мысалы, шартқа сәйкес немесе белгілі бір есепті шығаруға қажет мәліметтер.

ҮЛГІ (FORM) – деректерді енгізу және берілген түрдегі көрінісін қорытындылау үшін қолданылады. Толтыруға қажет дайын бланк немесе маска-формуляр, қолданушыға қажет ақпаратты шектеуге арналған. Үлгі – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқаруға мүмкіндік береді.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП (REPORT) – форматталған мәліметтердің көрінісін экранға немесе таспаға қажет болған жағдайда есептеу нәтижелерін және қорытынды мәтіндерді шығару үшін қолданылады. Сәйкес түрде безендірілген мәліметтер жинағын баспадан шығаруға мүмкіндік береді. Сұраныс – жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерін бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелетін өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады. Access-те кестелердің бірнеше түрі бар. Бұл объектінің көмегімен мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеуге болады.

МАКРОС (MACRO) – бағдарламалаусыз кейбір шағын бұйрықтарды (командалар) пайдалану арқылы әр түрлі әрекеттерді автоматтандыру үшін қолданылады. МҚ белгілі бір операциясын бағдарламалаусыз автоматты түрде орындайды.

МОДУЛЬ (MODULE) – Visual basic for application бағдарамалау тілінде жазылған бағдарлама. Олар МҚ безендіруге және кеңейтуге арналған.

Мәліметтер қоры бір немесе бірнеше кестелерден құрылуы мүмкін. (Басқаша атқанда, әр кесте логикалық топтастырылған деректердің жиыны). Көбінесе ACCЕSS арқылы құрылған қосымшаларда бір-бірімен байланысқан бірнеше кестелер пайдаланылады. Бірнеше кестелерде пайдалану–деректерді тиімді ұйымдастыру әдісі, себебі бір үлкен кестемен жұмыс істеу өте ыңғайсыз болып табылады. Бұл әдіс деректерді енгізу, сұраныс немесе қорытынды есеп құру әрекеттерін жеңілдетуге мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге, деректер бірнеше кестелерде сақталған жағдайда оларды қарап шығу да өте ыңғайлы болып табылады.

ACCESS-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп – басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін қатарды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.

Түйінді өріс (ключевое поле) – кестедегі жазбаларды таңдап алу мақсатына мәндері қолданылатын негізгі өріс. Кілт немесе түйін–кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше түйінді өрістер.

Индекс–индекстелетін өріс мәні арқылы кесте жазбаларын автоматты түрде сұрыптау тәсілі

Жазбаны белгілеу аймағы–кесте жолын белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрыш аймақ.

Өрісті белгілеу аймағы–өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті түгел белгілеу мүмкіндігін береді.

Конструктор–мәліметтер қоры объектілерінің (кестелер, сұраныстар, үлгілер, қорытынды есептер, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.

Шебер (Мастер) – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын бағдарлама. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу (диалог) ісін атқара толтырып, қойылатын мәселені шешетін керекті мәліметтерді бағдарламаға енгізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс жасауды жеңілдету үшін, шебер жұмысы бірнеше қадамдардан немесе кезеңдерден тұрады. Жұмыс барысында өткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетсіз кезеңді атап кетуге болады. Бағдарламаға Шебер мүмкіндігін енгізу бағдарламаларды жетілдірудің бір жолы болып табылады.

Гиперсілтеме – белгілі бір файлға сілтеме көрсеткіш. Гиперсілтемелер ACCESS мәліметтер қорын Internet файлдарымен не басқа файлдармен байланыстыру үшін қолданылады. Сондай файлдарды қарап шығу үшін арнайы бағдарлама жұмыс істеуі тиіс. Жұмыс барысында гиперсілтемелер басқа түспен боялып көрсетіліп тұрады.

Сұраныс арқылы кестелерден тек қана кестелерден қажетті мәліметтерді табуға болады. Қорытынды есеп түрінде көрсетілген мәліметтер экранға немесе принтерге шығарылады.

Макростар және модульдер осы процестерді автоматтандыру мүмкіндігін туғызып, жаңа мәзір жүйесін, сұхбат терезелерін құру үшін қолданылады.

Access – қатынастық мәліметтер қорының басқару жүйесі, ол деректердің бір-бірімен байланысқан екі өлшемді кестелер жиындарында сақталуын қамтамасыз етеді. Бір немесе бірнеше кестелерді байланыстыра отырып, қолданушы әр түрлі күрделі сұраныстар құрып, жүйенің “жауабын” сұраныс немесе қорытынды есеп түрінде алады.

MS Access-те мәліметтер қорының дәстүрлі технологиясы пайдаланылады. Мәліметтер қоры кесте, жазба, өріс және деректердің мәні терминдері–терминологияның тармағындағы ең жоғарғы элементінен бастап, ең төменгі элементіне сәйкес.

MS ACCESS-тің мәліметтер қоры – деректер және оларға сәйкес объектілердің ортақ сақталу орны. Мәліметтер қорының объектілеріне кесте, сұраныс, үлгі, қорытынды есеп, макростар, және модульдер жатады. Кейбір бағдарламалық өнімдерде мәліметтер қоры деп тек деректер сақталған объектіні айтады.

Мәліметтер типтері

Мәтіндік (Текстовый) – Алфавитті-сандық таңбалар ұзындығы 256 символға дейін. МЕМО өрісі(Поле МЕМО) – Алфавитті-сандық таңбалар (ұзындығы 64000 таңбаға дейін).

Сандық (Числовой) – Кез келген түрдегі және форматтағы сандық мәндер.

Жыл-ай/уақыт мерзімі (Дата время) – Жыл-ай немесе уақыт мерзімі.

Ақшалық (Денежный) – Ұлттық ақшалық бірлік.

Санауыш (Счетчик) – Автоматты түрде өсетін сандық мән. Санауыш–кестедегі жазбаларды реттік номерлері орналастыратын өріс.

Логикалық (Логический) – Логикалық мәндер ия/жоқ немесе ақиқат/жалған.

OLE объектілері – Суреттер, диаграммалар, дыбыс, бейне, әр түрлі мәтіндік процессорлар мен электрондық кестелердің файлдары және т.б.

1. QBE-сұраныс. (QBE – Query By Example – … бойынша сұраныс)

  • Іріктеуге сұраныс;

  • Қайшы сұраныс;

  • Кесте ашуға сұраныс;

  • Жаңартуға сұраныс;

  • Жазылымдар қосуға сұраныс;

  • Жазылымдарды өшіруге сұраныс.

Конструктор режимін Сұраныс (Запрос) терезесінің мәзірінде сұраныстың барлық түрі көрсетіледі. Кейбір жағдайларда, MS Access сұраныстың басында экранға сұхбат терезесін шығарады, басқа кезде – сұраныс бланкісінің тізімін, қажет әрекеттерді беруге болатындай етіп өзгертеді. Сұранысты сақтағаннан кейін MS Access мәліметтер қорының терезесінде сұраныс түрін көрсететін арнаулы белгілерді қолданады.

2. SQL тіліндегі сұраныс. (Srtuctured Query Language – құрылымды сұраныстар тілі.) SQL реляциялық мәліметтер қорын өңдеуге арналған сұраныс құрудың стандартты формасы. QBE – сұранысты орындағанда олар сәйкес SQL-cұраныстарға тасымалданады.

Сұраныстар ішіндегі ең көп тарағаны – іріктеуге сұраныс. Бұл сұранысты орындау барысында қандай жазылымдар, бір немесе бірнеше кестенің өрістерінің көрінетіндігін анықтайды. Тағайындалған критерийлерді қанағаттандыратын жазылымдарды іріктеу үшін:

Бірнеше рет қайталап орындау керек болған жағдайда параметрлі сұраныстар ашылады. Әрбір шарты бойынша қайталап жасалып, МҚ сақталып тұратын іріктеу сұранысына қарағанда, параметрлі сұраныс бір ғана сұранысты жасап, сақтап, тек орындалу барысында шарттарды өзгертіп, әр орындалған сайын жаңа нәтижелер алып отыруға мүмкіндік береді. Шарт ретінде сұранысқа енген мәндерді анықтайтын кез келген мәтін болуы мүмкін. Шарт арнаулы сұхбат терезесінде беріледі. Шығарылатын мәндер ендірілген мәндерден үлкен немесе кіші болатын жағдайда сұраныс бланкісінің «Іріктеу шарты» («Условие отбора») жолында, тік жақша ішіне тиісті белгі қойылады. ЖӘНЕ (И), НЕМЕСЕ (ИЛИ) логикалық операторлары арқылы байланысқан, бірнеше параметрден тұратын сұраныстар ашуға да болады. Сұранысты орындауға жіберген кезде MS Access әр параметр үшін сұхбат терезесін ашады. Сұраныс бланкісінде параметрлерді анықтаумен қатар, Сұраныс – Параметрлер (Запрос – Параметры) командасының көмегімен сәйкес мәндердің түрін көрсету керек.

Қайталау сұрақтары:

  1. МҚБЖ дегеніміз не?

  2. Реляциялық, иерархиялық және желілік үрдістер

  3. Мәліметтер қорын құру қанша этаптан тұрады?

  4. Мәліметтер қорының құрылымы

  5. Деректер қорының элементтері.

14-тақырып. ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ ҒАЛАМДЫҚ ЖЕЛІЛЕР

    1. Желілік технологиялар түсінігі

    2. Желілік архитектура және байланыс жүйесі

    3. Желілік коммуникациялар

    4. Желіні пайдаланудың өдістері

14.1 Желілік технологиялар ұғымы. 1960ж. алғашқы ЭЕМ-ның есептеуіш желілері пайда болды. Ол технологиялық революцияның алғашқы қадамдары желінің дамуына өз үлесін АРПА желісі қосылды. Ол АҚШ-тың барлық территориясын және Еуропаның, Азияның бөліктерін қамтыды. 60ж. Еуропада ұлттық желі Еуронет және Еіп желілері құрылды. 1972 жылы Вена қаласында МИПСА желісі пайда болды. 1972 жылы бұл желіге Еуропаның 17 мемлекеті мен СССР, АҚШ, Канада, Жапон мемлекеттері енді. Бұл желі энергетика, азық-түлік, ауыл шаруашылығы, денсаулықты сақтау және т.б. бағыттарда фундаментальды зерттеу жұмыста-рына бағытталған еді. Бұл желінің арқасында көптеген ұлттық интерфейстер бір-бірімен байланыста болады. 1980 жылы Москвада статистикалық ақпараттарды телеөңдейтін жүйе эксплуатацияға берілді. Бүгінгі таңда екі жүзден аса ғаламдық желі бар. Оның 54-тен астамы АҚШ-та, 16-дан астамы Жапонияда тіркелген. Дербес ЭЕМ-ның шығуына байланысты жергілікті желілер пайда болды. Бұл желілер объектінің басқару ақпараттарын өңдеуге және жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Жергілікті желі мен ғаламдық желінің бірігуі дүниежүзілік ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

14.2. Желілік архитектура және байланыс жүйесі. Барлық ЭЕМ желі арқылы бірігеді. Бірігу барысындағы ЭЕМ-дер негізгі және көмекші болып бөлінді. Негізгі ЭЕМ абоненггік ЭЕМ (клиент). Олар барлық қажетті ақпараттық есептеу жұмыстарын орындайды және желінің ресурстарын есептейді. Көмекпгі ЭЕМ (серверлер) - ол ақпаратты бір ЭЕМ-нен екіншісіне байланыс каналдары мен коммутациялық машиналар

(Ноst-ЭЕМ)көмегі арқылы ақпараттарды өңдеп жібереді. Мұндай сервердің қуаттылығына үлкен талаптар қойылады. Олардың рөлін кез-келген дербес компьютер орындай алады.

Клиент бұл серверге сұраныс жіберетін қосымша. Ол ақпаратты өңдеуге, ақпаратты шығаруға және серверге сұраныс беруге жауап береді. Клиенттің ЭЕМ-і ретінде кез-келген дербес компьютер бола алады.

Сервер – дербес немесе виртуалды ЭЕМ, ол клиентке қызмет көрсететін функцияларды атқарады және жүйенің ресурстарын таратады: принтрлер, деректер қоры, программалар, сыртқы жад және т.б. Желілік сервер желілік операциялық жүйенің және көппайдаланушы жүйелердің функцияларын атқарады.

Ноst-ЭЕМ - желідегі коммутация сұрақтарына жауап береді және желінің түйіндерінде орналасады. Коммутациялық желі физикалық каналдар байланысымен (магистралдармен) байланысқан бірнеше серверлерден тұрады. Магистралды каналдар ретінде коаксилді және опто-талшықты кабельдер қолданылады.

14.3. Желілік коммуникациялар. Ақпараттарды жіберу тәсілдеріне байланысты есептеуіш желілер: каналдар коммутация желісі, хабарламалар коммутация желісі, пакеттер коммутациясы және интегралдар желісі болып бөлінеді.

Ең алғашқы болып каналдар коммутация желісі пайда болды. Мысалы, суретте көрсетілген *** В және Е клиенттері арасындағы хабарламалар тура байланысады, егер төмендегі мына каналдар тобы арқылы орындалатын болса: 3,5,7; 1,2,4,6; 1,2,5,7; 3,4,6; Бұл байланыс сеанс бойы өзгермеуі керек. Ақпараттарды бұлай жіберудің кемшіліктері бар, атап айтқанда каналдарды пайдалану коэффициентінің төменділігі, хабарламаларды жеткізу құнының жоғары болуы, басқа клиенттердің күту уақытының өсуі.

9-сурет. А, В, С, D, E, F абоненггік пунктер; коммутациялық машиналар, 1-7 магистралды каналдар

Хабарламалар коммутация желісі ақпараттарды бөліктер, яғни хабарламалар түрінде жібереді. Мұнда тура байланыс болмайды, хабарламалар хабарлама адресатқа жеткенге дейін 1-ші канал босаған соң жіберіліп отырады. Әрбір сервер ақпараттарды қабылдайды, жинақтайды, тексереді, маршруты бойынша жібереді.

Кемшіліктері: деректерді жіберу жылдамдығы төмен, клиенттер арасында сұхбаттың болмауы, дегенімен мұндай қызметтің бағасы төмендейдь

Пакеттер коммутациясы ақпараттарды тұрақты құрылым-ды қысқа пакеттер түрінде алмасуын ұймдастырады.

Пакет - хабарламаның бөлігі, ол белгі стандартты қанағаттандырады, пакеттер ұзындығының қысқа болуы байланыс жүйесінде бөгеттерді болдырмайды және коммутация түйіндерінде кезекті өсірмейді. Бұл жылдам байланыс ұйьімдастырады, қателер деңгейі төмен және желіні пайдалану сенімді әрі тиімді.

Бірақ пакеттерді жіберуде маршрутта қиындығы туындайды және ол бағдарламалық - аппараттық тәсілмен шешіледі.

Мұндай кеңінен тараған тәсілдерге тұрақты маршрут және ең қысқа кезек тәсілдеріне жатқызуға болады.

Тұрақты маршрут тәсілі – маршруттар кес тесі, яғни мұнда бір клиенттен екінші клиентке баратын маршрут бекітіледі. Мұндай тәсіл қарапайым, бірақ ол желіні біркелкі жүктемейді.

Ең қысқа кезек тәсілі – бірнеше кестелер пайдаланылады және олар мүмкіншіліктеріне (приоритет) байланысты орналасады.

Мүмкіншілік (приоритет) – адресат қашықтығына қарсы функция. Ақпараттар мүмкіншіліктері жоғарылығына байла-нысты бос каналдар арқылы жіберіледі. Мұндай тәсіл ақпараттарда тосқауыл деңгейін минималды төмендетеді.

Шлюз – жергілікті есептеуіш желісін ғаламдық желімен байланыстыратын құрылғы.

Коммутация каналдары мен пакеттер коммутациясы желісін жабдықтайтын желілер интегралдар желісі деп айтылады. Олар бірнеше коммутациялық желілерді біріктіреді. Олардың бір бөлігі монопольді пайдаланылады, яғни тура байланыс үшін. Тура каналдар әртүрлі коммутациялық желілер арасында байланыс сеансын орнату үшін құрылады. Сеанс аяқталған соң тура канал тәуелсіз магистралдар каналдарына бөлінеді. Интегралды желі тура каналдар арқылы жіберіетін ақпараттардың көлемі 10 - 15% аспауы тиімді деп есептеледі.

14.4. Желіні пайдаланудың әдістері. Желідегі ЭЕМ-дердің клиент, сервер, байланыс жүйелері және т.б. құрылғылар бір-бірімен келісілген қарым-қатынаста болуы қажет. Оларды арнайы тәртіп бойынша, ережелер бойынша шешуге болады және оларды протоколдар деп атайды. Протоколдар негізінен программа түрінде, ал бір бөлігі ақпаратты түрде жүзеге асады. Протоколдарды стандарттау мақсатында Халықаралық стандарттау ұйымы құрылды (орысша МОС, ал ағылшынша 180). Оның көмегімен әртүрлі техникалық жабдықтардағы жүйелер анықталған ережелер бойынша қарым-қатынаста болу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жүйе бірнеше деңгейдегі ішкі жүйелерден тұрады және олардың әрқайсысының атқаратын функциялары бар. 180 жеті деңгейді бекітті:

  1. Физикалық деңгей: каналдың физикалық сипаттамасын анықтайды, яғни кабельдерге қойылатын талаптар. Мысалы: Европада 1994 ж V.32 стандарты бекітілген.

  2. Каналдық деңгей: желінің екі түйініндегі берілгендерді жіберуді басқарады, яғни ақпаратты жібергендегі тиянақтылықты бақылайды.

  1. Желілік деңгей: ақпараттар ағынының маршрутын басқарады. Бұл деңгейге Х.25, Х.75 (космостық) протоколдары жатады. Біркелкі емес әртүрлі технологиялы желілерді біріктіру үшін ІР протоколы қолданылады.

  2. Транспорттық деңгей: желідегі әртүрлі ЭЕМ-де орналасқан программалар арасындағы берілгендерді алмастыру стандарттарына жауапбереді.

5. Сеанстық деңгей: қолданбалы программалардың ережелерін, желілік ресурстарға енуді анықтайды.

6. Көрсеткіштік деңгей (представительный): арнайы және графикалық символдардың кодтары, берілгендердің форматын, алфавитін анықтайды.

1. Қолданбалы деңгей: қызмет көрсетудің деңгейін анықтайды. Мысалы: протокол Х.400 электрондық поштаны стаңдартизациялаумен байланысқан.

Мұнда техникалық жабдықтар: телекс, телефакс, видеотекс, телетекс және т. басқалардың ақпараттарды еткізу жылдамдығының стандартын ұйымдастырады. Банктік системада SWIFТ стандарты енгізілген. 1989 жылдың сәуірінде БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының 44 сессиясы келесі 10 жылдық периоды: халықаралық сауданың универсалды жүйесінің ақпараттарды басқаруда электронды алмасуды кеңінен қолданылады - деп хабарлама жасады (UN/EDIFАСТ). Евроодақ ағылшын, француз, испан, неміс тілдерінде жұмыс істейтіндер үшін міндетті түрде мемлекеттік ведомствалар арасындағы құжаттар мен ақпараттар алмасу барысында 1995жылдан бастап EDІҒАСТ жүйесіне өггі. ЕDIFАСТ - әртүрлі коммерциялық қызметтерді сипаттауға арналған құрылымдық тіл. Стандартты ақпараттық хабарламалардың сегменттері мен элементтері көмегімен кез-келген іс құжаттарын сипаттауға және олардың электронды бейнелерін форматтауға, абоненттерге жіберуге болады. Хабарламалар келіп түскен соң қажетті формаға айналады және құжаттың көшірмесі ретінде басуға болады.

Әрбір деңгей өзіне қажетті ғана есепті шешеді және өінең жоғары тұрған деңгейдің сервисін қамтамасыз етеді. Әр түрлі жүйелердің бір деңгейдегі өзара қарым-қатынас ережелерін протокол, ал көрші деңгейлердің өзара қарым- қатынас ережелерін интерфейс деп атайды.

Қайталау сұрақтары

  1. Ғаламдық немесе жергілікті желі алғаш болып пайда болды?

  2. Желіге байланыстырылған компьютерлер қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Түйіндегі компьютерлер қалай аталады?

  4. Коммутацияның қандай түрлерін білесіз?

  5. Шлюз деп нені айтады?

15-тақырып. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖЕЛІ ИНТЕРНЕТ

15.1 Жалпы сипаттама және хабарды басқару

15.2 Интернет хаттамалары: ТСР/ІР, ҒТР, Теlnеt;

15. 3 Электронды попгга, телеконференциялар

15.4. WWW - бүкіләлемдік торы