Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новые тех на 2014-2015 .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

Түстермен көркемдеу. Excel бағдарламасында диаграмманың түстерін өзгертуде өте қарапайым тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдер диаграмманың әртүрлі типтері үшін әрқалай болады.

Дөңгелектік диаграмма сияқты, бірнеше мәндер қатарын бейнелейтін диаграммадағы түстерді бір әрекетті орындау арқылы өзгерте алмаймыз. Мұндай диаграмманың әрбір элементімен жеке жұмыс жасауымыз керек.

Диаграмманы баспаға шығару. Диаграмманы баспаға шығару, беттерді баспаға шығарғанға ұқсас. Диаграмманы баспаға шығарар алдында да, алдын-ала көру режимін пайдаланған дұрыс. Диаграмманы қағазға шығарудың мына екі вариантының бірін таңдаңыз:

  • Диаграмманы беттің бір бөлігі етіп шығару.

  • Диаграмманы жеке параққа шығару.

Егер диаграмма қатарластырылған (встроенная) болса, онда ол сәйкес кестемен бірге қағазға шығарылады. Мұндай диаграмманы жеке параққа басып шығару үшін, оны белгілеу керек. Диаграмманы белгілейміз де, Алдын-ала көру батырмасын шертеміз.

Баспаға шығару кезінде мүмкіндігінше диаграмманың өлшемін стандартты параққа келтірген жөн.

Егер диаграмманың орналасуы ұнамаған жағдайда, Жабу (Закрыть) батырмасын шертіп, қажетті өзгертулерді жасағаннан кейін алдын-ала көру режиміне қайтадан ораламыз.

Мәліметтер қорын сұрыптау. Мәліметтер қорын сұрыптау үшін МәліметтерСұрыптау (ДанныеСортировка) командасы қолданылады. Аралықты сұрыптау сұхбат терезесі сұрыптау жүргізілетін өрісті таңдау үшін қолданылады.

9.2-сурет. Әр баған тізімнің бір типті ақпаратынан тұру керек.

Егер өрісте тақырып берілсе, онда белгілері ретінде солар қолданылады, егер тақырып болмаса баған белгілерінің өзі қолданылады. Таңдалатын өрістің біріншісі бірінші сұрыптау режимін анықтайды. Егер мәндер бірдей болып қалса, осы өрісте жазбалардың ретін анықтайтын екінші және үшінші сұрыптау өрісін беретін қосымша критерийлер болады. Кез келген өріс бойынша сұрыптау өспелі немесе кемімелі түрде орындалады.

Жазбаларды екшеп, теріп алу. ДеректерФильтр (ДанныеФильтр) командасын орындау арқылы қажетті жазбаларды басқалардан бөліп алуға, екшеп алуға болады. Екшеп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының, жәй әрекеттер арқылы (қолмен) Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр) командасының көмегімен орындауға болады.

Автофильтрді пайдалану ерекшеліктері. Автофильтрді пайдалану үшін курсорды мәліметтер қоймасы ретінде қарастырылатын кестенің ішіне орналастыру керек немесе мәліметтерді белгілеп алуға болады. Одан кейін ДеректерФильтрАвтофильтр (ДанныеФильтрАвтофильтр) командасын орындаймыз. Нәтижесінде өріс аттары маңында төмен қарай бағытталған тілсызық батырмалар пайда болады ▼. Осы батырмаларды шерту арқылы әрбір өрістегі мәліметтерді екшеп алу критерийлерін таңдай аламыз. Пайда болған ішкі менюдегі Барлығы (Все) бөлімі сүзгіден өткізуді тоқтатады, ал Шарт (Условие) бөлімінің таңдау нәтижесінде екшеп алу параметрлерін тағайындау мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады. Бір өрістегі мәліметтерді және, не, немесе логикалық функцияларымен байланысқан екі шартты бір уақытта тексере отырып, екшеуге болады.

Қайталау сұрақтары

  1. Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі қандай?

  2. Excel терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз?

  3. Электрондық кестедегі кітап деген не? Жаңа кітап қалай құрылады?

  4. Ұяшыққа формулалар қалай енгізіледі?

  5. Ұяшық адресінің берілуі.

  6. Ұяшыққа қандай мәліметтер жазуға болады?

  7. Автотолтыру әрекеті не үшін керек?

  8. Сандық форматы не үшін керек?

  9. Excel кестесінде қандай операторлар қолданылады?

  10. Қатар биіктігі мен бағана енін қалай өзгертуге болады?

13-тақырып. MS ACCESS МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ, МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ТЕРМИНДЕРІ

13.1 Мәліметтер қоры туралы. MS Access-тің бас терезесі.

13.2 Мәліметтер қорының объектілері.