Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 5. Цитоқаңқаның құрылымдық ұйымы және қыз...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.92 Кб
Скачать

Бұлшық ет 3 типке бөлінеді:

Типі

Қызметі

Қаңқалы

Жылдам қысқару; өз бетімен істейтін қозғалыстар

Жүректі

Жүректің жұмыфсы: еріктен тыс қимыл.

Тегіс

Асқазан-ішек трактісінің перистальтикасы (толқын тәрізді жиырылу; еріктен тыс қимыл)

Қаңқалы бұлшық ет .

Қаңқалы бұлшық еттің негізгі бірлігі бұлшық ет талшықтары, көп ядролы сопақша клетка, ұзындығы шамамен 50 мкм болады. Осы клетканың цитоплазмасының көп бөлігін миофибриллалар алып жатады. Олардан клетканың жыйырылғыш аппараты құрылған. Бұл фибриллалар құрылысы цилиндрлі, барлық бұлшық ет талшықтарын бойлай созылып жатыр. Әрбір миофибрилла (диаметрі 1-2 мкм) көптеген қойқаланатын элементтерден тұрады. Оларды саркомерлер деп атайды. Саркомер –бұл көлденең-жолақты бұлшық еттің жыйырылатын минимальді бірлігі, оның ұзындығы шамамен 2 мкм. Саркомерлердің жүйелі қайталануы миофибриллге, сызықтанған ерешелікті микроскоппен көрінеді. Әрбір саркомер тәртіпті құрылысымен, жарыса қос сызықтан тұрады, филаменттерді (жіптерді) жартылай жабады.

Бұлшық еттің қысқаруы – (Хаксли 1955 жылы ұсынған).

Жылжымалы жіптер моделі актинді филаменттермен, миозинді филаменттердің жылжуындағы саркомердің қысқаруын түсіндіреді, бұл кезде филаменттер өздері қысқармайды.

Бұлшық еттің жыйырылуына Са2+ ролі.

Кальций иондары бұлшық еттің жыйырылуын реттеуде өте маңызды роль атқарады.

Қаңқалы бұлшық еттерде қысқару тек жүйке импульсіне ғана жауап береді, бұлшық етті клеткалардың немесе сарколемманың плазмалық мембранасында әсер ету потенциалын жібереді. Электрлік сигнал бұлшық еттердің ішіне мембрананың саусақ тәрізді қатпарлермен жылдам таратады, бұл көлденең түтікшелермен немесе Т-түтікшелер деп аталады.

Олар саркоплазмалық ретикулуммен, мембранамен қапталған органелламен тығыз байланысқан, ол әрбір миофибрилланы қоршап тұрады және кальций иондарын жинайды.

Электрлік сигнал саркоплазмалық ретикулумға жетеді және кальций иондарының босап шығатын каналдарын белсендіреді, Т-түтікшелі мембранамен бақыланады. Бұл Са 2+ каналының ашылуына және саркоплазмалық ретикулумнан, цитоплазмаға кальцийдің босап шығуына, ары қарай миофибрилланың қысқаруына алып келеді. Электрлік сигнал әрбір саркомераға секунд уақытында өтеді, сондықтан барлық миофибриллалар біруақытта қысқарады.

Бұлшық еттің қысқаруы үшін қажетті басқа ақуыздар: дистрофин (бұлшық етті дистрофия)

Эффективті және жылдам бұлшық еттің қысқаруы үшін актинді және миозинді филаменттер әрбір миофибриллада бір-бірінен қатаң оптимальді арақашықтықта орналасуы керек. Соңғы жылдары осы процесстерді реттейтін көптеген ақуыздар жазылып жатыр. Олардың біреуі, дистрофин гені бөлінді.

Дистрофин –бұл ірі негізгі полипептид (молекулярлы салмағы 400000 көбірек). Дистрофин бұлшық ет мембранасының белоктарын миофибриллдегі белсенді филаменттермен байланыстырады. Дистрофин гені клиникалық көз қарас жағынан қызығушылқ бар. Өйткені, геннің дефекті, немесе олардың кодтайтын ақуыздарының болмауы, тартылу кезінде координацияны жоғалуға алып келеді, сондықтан бұлшық еттің қысқаруына әкеледі. Дюшенна бұлшық етті дистрофия ұлдарда шамамен 1:3000 жиілікте зақымдайды. Мұндай балалар жиі ержеткенге дейін өмір сүрмейді.

Басқа екі жоғары молекулалы ақуыздар, титан (мол. Салмағы – 3х106) және небулин, актин мен миозинмен байланысқан фиброзды торды құрайды.

Әдебиет:

Негізгі

1. Стамбеков С.Ж., Петухов В.Л. Молекулалық биология. Оқулық/ҚР. Новосибирск: Семей МУ, 2003. –216 бет.

2. Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. Шымкент.2008, 424 б

3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,544 с.

4. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки, Руководство для врачей. Пер с англ. М.: БИНОМ – Пресс,2003- 272 с.

5. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина,2003.

6. Генетика. Учебник для ВУЗов / Под ред. Академика РАМН В.И. Иванова. – М.: ИКЦ «Академкнига»,2006.-638 с.:ил.

Қосымша:

1. Уилсон Дж., Хант Т. Молекулярная биология клетки. Сборник задач. Пер. с англ. –М.,Мир, 1994 -520 с.

2. Казымет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана,2006,2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,2004

Бақылау сұрақтары:

  1. Центросомалардың қызметі.

  2. Аралық филаменттер ақуыздары.

  3. Ядролы ламиналар, құрылысы және қызметі.

  4. Актинді цитоқаңқа және рак.