Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 5. Цитоқаңқаның құрылымдық ұйымы және қыз...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.92 Кб
Скачать

Кірпікшелер және центриольдер.

Кірпікшелер – құрылысы микроскоптық, шаш тәрізді, диаметрі шамамен 250 нм, қарапайымдылар клеткаларымен қоса клеткалардың көптеген түрлерінің бетінде орналасады. Кірпекшелердің негізгі қызметі:

  • клетканың беті, кейде жанында сұйықтық пен кішкентай бөлшектерді орналастырады;

  • бірклеткалы ағзаларды алға қарай қою, сұйықтықты жарып жылжытады;

  • жұмыртқа клеткасын ұрық өтетін жерден итермелеп жіберу;

  • сперматозоидтарды қозғалысқа алып келу;

Тыныс алу жолдарын жабатын, эпителий көптеген кірпікшелерден тұрады, шырышты қабатта орналасады, кішкентай бөлшектерді ұстап қалады, өлі клеткаларды ауыз қуысына қарай бағыттайды, онан әрі жұтқан кезде алып тасталады. Кірпікшелер құрылысы бұзылған пациенттер тыныс жолындағы жұқпалы ауруларға жақын болады, ал еркектерде сперматозоидтардың қозғалуы төмендесе, ұрықсыздыққа әкелуі мүмкін болады.

Белсенді цитоқаңқа және ісік (рак).

Клеткаға ұзақ әсер ететін, актинді филаменттердің полимеризациясы мен деполимеризациясын бұзатын заттар осы клеткаларды өлімге алып келеді. Сондықтан, клетканың тіршілігіндегі актиннің ролін ескерсек, әбден ықтимал, актинді филаменттердің айтарлықтай ауытқулары летальді фенотипке әкеледі. Расында, көрсетілгендей, кейбір қатерлі ісіктердің клеткаларында клетканың пішіні өзгереді, фенотиптің өзгеруі жалғасады, актиннің жинақталуын реттейтін, ақуыздардың экспрессиясының төмендеуімен шақырылуы мүмкін. Белгілі трансформирленген клеткадағы белсенді цитоқаңқа ұйымының айырмашылығы олардың метафаздануына қабылеттілігімен байланысты.

Бұлшық етті емес клеткалардың және бұлшық еттің қызметі.

Клетканың бөлінуі кезінде актинді және миозинді жіптерден тұратын жиырылғыш сақина пайда болады. Бұл сақина плазмалық мембранаға күш береді, біртіндеп клетканың ортасын қысады, нәтижесінде екі жаңа клеткаға бөлінеді. Бұл процесс цитокинез деп аталады. Жыйырылғыш сақинаның құралуы мен талдап сұрыпталуы белсенді зерттелуде: Са 2+ иондарының концентрациясы жоғарылайды және бір уақытта миозин –II- кальцийге тәуелді фосфорилирленуі жоғарылайды, актинмен әрекеттестігі жыйырылғыш сақина компоненттерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Адгезионды белдік – бұл бұлшық етсіз клеткалардағы актинді және миозинді филаменттердің тұрақты жыйналуы. Клеткалы байланысу құрамына кіретін адгезионды белдіктер клеткаларды бірге қосады және апикальді плазмалық мембрана маңында эпителиальді клеткаларда табылды, онда көршілес клеткалар бір-бірімен латеральді қосылады.

Микроқылшықтар - көптеген клеткалардың бетінде плазмалық мембрананың жіңішке саусақ тәрізді өсіндісі. Олар эпителиальді клеткаларда өте көп, әсіресе эффективті функциолану үшін керекті үлкен беткейлерге керек.

Мысалы, ащы ішектің әрбір абсорбирленуші клеткасында мыңдаған микроқылшықтар бар, апикальді бетінде орналасады және олардың көмегімен клетка бетінің сіңірілу алаңы 20 есеге жоғарылайды. Әрбір микроқылшықтарда 20-30 параллельді актинді филаменттерден тұрады, оның бас жағынан клетка қабығына дейін созылады. Барлық актинді филаменттердің плюс-соңы сыртқа қарай бағытталған (клетка денесінен және актин-байланыстырушы белоктармен бірге ұсталынады).

Әрбір микроталшықтардың негізінде актинді филаменттер ерекше бөліктерде бекітіледі, терминальді тор деп аталады, спектрин молекуласы мен аралық филаменттер қабаты тығыз тордан тұрады. Спектрин клетка қабығын қатқылдатады.

Бұлшық ет. Бұлшық еттің қысқаруы, молекулалық деңгейдегі ең эффективті қозғалу әдісі. Бұлшық ет клеткалары эволюция процесі барысында жоғары маманданған ұлпа болып саналады, және механохимиялық қозғалысты қамтамасыз етеді.