Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 5. Цитоқаңқаның құрылымдық ұйымы және қыз...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.92 Кб
Скачать

Молекулалық күштер.

Негізгі молекулалық күштерге келесі ақуыздар жатады:

1. Миозин. Бұлшық еттердің негізгі ақуыздарының бірі. Миозин белсенді филаменттер бойымен қозғалады және бұлшық етті ықшамдайтын компонент болып табылады.

2. Кинезиндер. Бұл ақуыздар микротүтікшелер бойымен оң бағыттағы соңына қозғалады (центросомадан клетканың шеткі аймағына).

3. Динеиндер. Бұл ақуыздар, микротүтікшенің теріс соңына орналасады (центросома бағытына).

Актинді қабық.

Актинді филаменттер (микрофиламенттер) әртүрлі актин-байланыстырушы ақуыздардың көмегімен тігілген талшықтарға немесе шоғырға жиналады. Микротүтікшелер сияқты, актинді филаменттер –бұл динамикалық құрылыстар, және плазмалық мембрана рецепторларынан алынған клеткадан тыс сигнал белсенді цитоқаны жергілікті қайта құрылуға алып келеді.

Аралық филаменттер

Аралық филаменттер клеткаға беріктікті береді, өйткені олар қатты, талшықты, полипептидтер созылуға тұрақты және цитоплазмада таратылып, берік торды құрайды. Аралық филаменттер деген термин өзінің атына байланысты -талшықтарының диаметрі –«аралық»- актинді филаменттер мен микротүтікшелер диаметрі аралығында болады. Аралық филаменттер өте маңызды (мысалы, эпителииальді клеткаларда, механикалық қысымға және күштердің қоылуына қарсы тұру үшін). Сонымен қатар аралық талшықтар клетка ядросы ішінде болады және ядро қабықшасындағы ядролы ламинаны құрайды.

Аралық филаменттер ақуыздары.

Аралық филаменттердің төрт ақуыздары бар:

  1. Кератинді филаменттер.

  2. Витамин тәрізді филаменттер.

  3. Нейрофиламенттер ақуыздары.

  4. Ламиналар.

Кератиндер немесе цетокератиндер –бұл әртүрлі көптеген аралық филаменттер ақуыздарының тұқымдасы.

Виментин және туысқандық ақуыздар. Виментин тәрізді ақуыздарға десмин, периферин және виментин жатады. Виментин цитоплазмалық аралық филаменттерде кеңінен таралған және әртүрлі типтегі клеткаларда, фибробластар мен эндотелиальді клеткаларда болады.

Ядролы ламиналар. Ядролы ламина, немесе талшықты ламина аралық филаменттер торын құрайды, ядро мембранасының ішкі беттерінде орналасқан және ядролы-тесіктермен байланысты. Сүтқоректілер клеткасындағы ядролы ламина аралық филаменттерді үш туысқандық ақуыздарынан тұрады, ламиналар деп аталады.

Басқа аралық филаменттерден айырмашылығы, ламиналар митоз кезінде, ядроның және ядро мембранасының фрагментациясы кезінде жойылады, және митоздың соңында қайта қалпына келеді.

Микротүтікшелер. Барлық эукариотты клеткаларда болатын микротүтікшелердің құрылысы ұзын жіп тәрізді, цитоплазмада созылған және торды құрайды. Ол құрылыстық ұйымды және кейбір органеллелардың (эндоплазмалық ретикулумды) ұстап тұрады. Сонымен қатар микротүтікшелер маңызды роль атқарады:

  • клетканың бөлінуі;

  • клеткаішілік тасымалдауда, әсіресе синаптикалық көпіршіктердің ауысушылығы;

  • Гольжи комплексіне эндоплазмалық ретикулумға заттарды рециркуляциялау.

  • Клетканың қозғалмалығы.

Микротүтікшелер: клиникамен байланысы. Онкологиялық ауруларды медикаментозды емдеуде тубулиннің полдимеризациясын бұзатын митоздық ұршықты, заттармен жою болып табылады (мысалы, колхицинмен, винбластинмен немесе винкристинмен).

Осы препараттарды қолдануда, митоздық ұршық, хромосоманың ацырылуына мүмкіндік беретін, микротүтікшелерден тұрады. Антимитоздың дәрілік құрал-саймандар микротүтікшелермен байланысады және митоздық ұршықтың пайда болуын ингибирлейді, хромосоманың ажырамауынан сақтап қалады.

Көбінесе жылдам бөлінетін ісік клеткаларды жою керек болады. Сүт бездерінің ісігін емдеу үшін басқа препарат қолданылады, микротүтікшелер аппаратына әсер ететін – таксол болып саналады. Бірақ, таксол әсері механизмі, колхицин әсерінің механизміне қарама-қарсы (таксол микротүтікшелерді тұрақтандырады, оларды деполяризациядан сақтайды), бұл препараттардың фармакологиялық эффектісі бірдей: клетканың жылдам бөлінуінің кідіруі.