
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
- •Қарағанды 2009
- •Микротүтікшелер және центросома.
- •Молекулалық күштер.
- •Актинді қабық.
- •Аралық филаменттер
- •Аралық филаменттер ақуыздары.
- •Кірпікшелер және центриольдер.
- •Белсенді цитоқаңқа және ісік (рак).
- •Бұлшық ет 3 типке бөлінеді:
Ф КГМУ 4/3-04/01
ИП №6 УМС при КазГМА
От 14 июня 2010 г.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
Дәріс
Тақырыбы: Цитоқаңқаның құрылымдық ұйымы және қызметі.
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
Курс: 1
Уақыты: 50 мин.
Қарағанды 2009
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында талқыланды
Хаттама № ____________
«_____» __________ 2009ж.
Молекулярлық биология және
медициналық генетика каф. меңг., б.ғ.д, профессор: Б.Ж. Құлтанов
Дәріс құрылымы
Тақырыбы: «Цитоқаңқаның құрылымдық ұйымы және қызметі».
Мақсаты: Цитоқаңқаның химиялық құрамы және құрылысы ерекшеліктерін оқып білу.
Дәрістің жоспары:
1. Цитоқаңқаның клетканың функционирленуіндегі ролі.
2. Микротүтікшелер және микротүтікшелердің жинақталу орталығы.
3. Молекулярлық қозғалыстағы негізгі ақуыздар.
4. Актинді кора немесе микрофиламенттер.
5. Аралық филаменттер.
6. Медикаментозды терапия және оның микротүтікшелермен байланыс.
7. Кірпікшелер, микроталшықтар.
Дәріс тезистері.
Эукариотты клеткалар өзінің түрін өзгертуге, көшірілуге, цитоплазмада органеллаларды қорғауға және митоз кезінде хромосомаларды бөлуге қабылетті. Осы қабылеттілік негізгі цитоархитектуралы –цитоқаңқа- клеткалары құрайтын ақуыздар жыйынтығымен қамтамасыз етіледі.
Алғашқы рет цитоқаңқа эксперимент жүзінде, ерімейтін ақуызды комплекс түріндегі клетканы фракционирлеуде табылды. Құрылымды ұйымның белгілі деңгейін ұстап тұратыны анықталды. Қазіргі уақытта цитоқаңқа 3 негізгі құрылыстан тұратыны белгілі: микротүтікшелер, белсенді филаменттер және аралық филаменттер- және әрбір құрылысы мыңдаған белоктардан тұратын үшінші, аралық филаменттер. Цитоқаңқаның барлық үш негізгі эелементтері полимеризациялауға қабылетті және өзі полимерлі құрылымдарды ұйымдастыруы мүмкін. Мыңдаған ұқсас белсенді бірліктер ұзындық айтарлықтай ұзын массивтерге жинақтайды, клетканы ұзынынан № 10-15 мкм басып өтеді. Бұл өте ұзарған жіп тәрізді құрылым органеллелерды ұстап тұратын клеткаішілк каркас қызметін атқарады, және де органелалар қозғалатын «рельстері» бар.
Цитоқаңқаның негізгі компоненттерінен басқа, қосымша белоктар оның ұйымы мен функциональді интеграциясын маңызды роль атқарады. Бұл қосымша белоктар келесіге жауап береді:
органелланы цитоқаңқаға бекітуге, мысалы секреторлы көпіршіктерді микротүтікшелерге;
органеллалардың бағытына қозғалуын қамтамасыз етеді;
цитоқаңқаның байланысы және координациялы қызметі.
Микротүтікшелер және центросома.
Цитоқаңқаның негізгі белоктары ұзын филаменттерге полимеризациялана алады. Бұл процесс бір бағытта жүреді (ақуызды суббірліктер әрбір өсуші филаменттердің соңына қосылмайды). Филаменттер, суббірлікті қосу жағынан полярлы. Бұл дегеніміз филаментті соңдарының құрылысы әртүрлі болуы керек. Микротүтікшенің бір соңы, плюс-соңғы деп аталады, ол өте жылдам өсуі мүмкін, ал басқасы, минус-соңғы- жағы тұрақтанғанша тубулинді суббірліктерді жоғалтады. Микротүтікшелердің теріс соңы центросомаға бекінгенде бітеді, оны микротүтікшелердің орталық ұйымы (МОҰ) деп атайды, орталықта ядро жанында орналасады. Бос тубулинді суббірліктер плюс соңына қосылады. Микротүтікшелер –бұл динамикалық құрылыстар, бір уақытта, бір кезде микротүтікшелердің біреуі өсіп жатады, ал кейбіреулері қысқарады. Сонымен, шеткі клеткалар бағыты бойынша өсетін МОҰ үнемі микротүтікшелерді жасап шығарады, ал басқа микротүтікшелер МОҰ –бағыты бойынша қысқарады.
Белсенді филаменттермен салыстырсақ, микротүтікшелер тым қатты құрылысты, цитоплазманың «тіреуші сәулелері», органеллалардың ауысуы үшін «рельстер» қызметін атқарады.
Органелланың ұйымдасқан бағытты қозғалысы молекулярлы қозғалтқыш түріндегі салтаторлы қоөғалысқа жатады. Дәл осы ақуыздар микротүтікшелермен немесе белсенді филаменттермен байланысады, ал олардың қозғалысын аденозинтрифосфаттың (АТФ) гидролизі кезінде босап шығатын энергия қамтамасыз етеді.