Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
амту картасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.63 Кб
Скачать

Түтікті жүктіліктің үзілуі кезінде ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету

қадам

Қадамды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

1.

Шағымдарының сипатын анықтау: жыныс жолдарынан қанды бөлінділер қашан пайда болды, мөлшері қандай; іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі бар ма, оның сипаты, тік ішекке берілуін анықтау.

20,0

10,0

5,0

0

2.

Шағымдардың етеккір циклының қай күнінде пайда болғанын сұрау, етеккірдің кідіруі кезінде – соңғы етеккірдің бірінші күнінің мерзімін анықтау. Жүктілікке тест жасады ма, оның нәтижесін, УДЗ жасады ма сұрастыру. Медициналық көмекке жүгінді ме, қандай дәрілік препараттар қабылдады?

20.0

10.0

5.0

0

3.

Әйелдің жалпы жағдайын бағалау: АҚ; Ps;ТАЖ; тыныс алу сипаты; психикалық статусы; іш аймағын пальпациялау.

20,0

10,0

5,0

0

4.

Геморрагиялық шок белгілері болса: тері түсі бозарады және тері жабындысы температурасы төмендейді; систолалық АҚ≤100 мм.с.б.б.; Ps≥90 минутына; шоктік индекс ≥ 0,8; ТАЖ ≥ 20; әйелдің психикалық жағдайы бұзылады: мазасыздық, үрей, қорқыныш, естің шатасуы, кома:

  • жедел жәрдемнің кезекші дәрігеріне қан кету геморрагиялық шокпен бірге дамығанын хабарлау;

  • Аорта-кавалді синдромның алдын алу үшін әйелді сол бүйіріне аудару. Құсу кезінде аспирация қаупін азайту және тыныс жолдары өткізгіштігін қамтамасыз ету.

  • Әйелді жылыту (жылы жапқышпен жабу)

  • 1-2 шеткі венаны үлкен диаметрлі катетермен (14G-16G) катетеризациялау. Көктамырға кристаллоидтарты енгізе бастау.

  • Мұрын-бет маскасы немесе мұрындық канюля арқылы 100% оттегімен 6-8 л/мин жылдамдықпен ингаляция жүргізу;

30,0

15,0

10,0

5.0

5.

Айқын ауру сезімінде – көк тамырға бір рет спазмолитик енгізу.

Тез арада гинекологияның қабылдау бөліміне жеткізу.

10.0

5.0

2.5

0

Асфиксиямен туылған нәрестеге ауруханаға дейінгі кезеңде көрсетілетін жедел жәрдем

Асфиксиямен туылған нәрестеге реанимациялық шаралар жедел көрсетілуі тиіс.

Мақсаты: Адекватты өздігінен тыныс алуы және жүрек қызметін қалпына келтіру.

Нәрестеге жүргізілетін реанимация принципі: бағалау-шешім-әрекет. Реанимацияның әр қадамы 30 секундқа созылады. Келесі қадамға өту нәрестенің алдындағы қадамға реакциясына байланысты.

Таза қағанақ суының кетуінен кейін.

қадам

Қадамды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

1.

Реанимацияның бастапқы қадамдары ( Блок А)

  • Анасынан тез ажыратып, нәрестені жылы жаялық төселген горизонтальды жазықтыққа жатқызады;

  • Нәрестеге дұрыс қалып беру (тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін арқасына басын шалқайтып жатқызады, бұл қалыпты фиксациялау үшін иығының астына валик қояды);

  • Резеңке баллон арқылы тыныс алу жолдарын тазарту, бірінші ауыздан, одан мұрыннан кілегейді сорып алу;

  • Тез қозғалыспен нәрестенің терісі мен басын жылы жаялықпен кептіру, ылғал жаялықты алып тастау. Бұл әрекет нәрестенің бастапқы тыныс алуын стимуляциялауы мүмкін;

  • Егер тыныс алу қалыпқа келмесе, тактильді стимуляция жасау, нәрестені табанынан 2 реттен көп емес қағып, арқасынан сипап, бастапқы дұрыс қалыпқа келтіру;

Егер бастапқы реанимация қадамынан тыныс алу қалыпқа келсе (40-60 рет минутына немесе бала жылайды, ЖСЖ 100 минуттан жоғары және онда тері түсі ашық қызыл), нәрестені анасына беру,

«теріге тері» жанасуды қалыптастыру және бақылау.

20,0

10,0

5,0

0

2.

Егер тыныс алу 40-60 рет минутына, ЖСЖ 100 реттен минутына жоғары, бірақ тері және аяқ-қолдарының цианозы сақталса - бос оттегі легін

беру, нәресте терісінің түсі ашық қызылға келгеннен кейін, ашық ауада да терісінің түсі ашық қызыл болып сақталуы үшін оттегі беруді біртіндеп тоқтатады.

20,0

10,0

5,0

0

3.

Егер нәресте бастапқы реанимация шараларынан кейін тыныс алмаса немесе тыныс алуы гаспинг типі бойынша немесе ЖСЖ минутына 100 реттен аз болса, келесі қадамға өту (Блок В):

  • Сәйкес өлшемді масканы қолданып, нәрестенің мұрнын, аузын, иегінің ұшын жабу, тыныс қапшығының көмегімен минутына 40-60 рет жиілікпен оң қысыммен желдету;

Желдету нәтижелілігін кеуде қуысының

экскурсиясы, аускультация, ЖСЖ жиілеуі және тері түсінің қалыпқа келуі бойынша бағалайды.

  • Желдету нәтижесіз болса, нәресте бетіне қойылған масканың герметикалығын тексеру керек, қайтадан тыныс өткізгіштігін қалыптастыру, бастың қалпын өзгерту, сілекейді сору, желдету қысымын жоғарылату қажет. Оң қысыммен 30 секунд желдетуден кейін қайта бағалау: өзіндік тыныс алу, ЖСЖ және тері жабындыларының түсі.

20,0

10,0

5,0

0

4.

Келесі әрекет алынған нәтижеге байланысты жүргізіледі:

  1. Егер ЖСЖ 100 рет минутына немесе жоғары, өзіндік тыныс алу болса ӨЖЖ тоқтату. Орталық цианоз кезінде бос оттегі легін беру және тері түсін бағалау.

Өзіндік тыныс алу жоқ болса немесе ЖСЖ минутына 100 төмен болса, ӨЖЖ жалғастыру,

20,0

10,0

5,0

0

5.

  1. Егер ЖСЖ минутына 60 реттен төмен болса, келесі қадамға өту керек (Блок С):

  • Оттегіні пайдаланып ӨЖЖ жалғастыру және жүреккке тікелей емес массажды бірге бастау (90 рет кеудеге, 30 тыныс минутына, қатынасы 3:1);

  • 30 секундтан кейін ЖСЖ қайта бағалау;

  • Егер ЖСЖ жоғарыласа – 60 ретттен минутына жоғары – жүрекке тікелей емес массажды тоқтату және ӨЖЖ жалғастыру;

ЖСЖ бақылауын 30 секунд сайын жүргізу, ол минутына 100-ден жоғарылағанша және өзіндік тыныс алу қалыптасқанша.

20,0

10,0

5,0

0