
- •Босанудың екінші кезеңін жүргізу:
- •Студенттің нәресте басының алдыңғы шүйделік қондырылуы кезінде босандыру бойынша тәжірибелік дағдыларын бағалау.
- •Cтуденттің босанудың үшінші кезеңін белсенді түрде жүргізу білімін төмендегі тәжрибелік критерийлерге байланысты бағалаңыз.
- •Түтікті жүктіліктің үзілуі кезінде ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету
- •Асфиксиямен туылған нәрестеге ауруханаға дейінгі кезеңде көрсетілетін жедел жәрдем
- •Таза қағанақ суының кетуінен кейін.
- •Мекониймен боялған қағанақ суы кеткен кездегі реанимациялық шаралар.
- •Жатырлық кан кету кезінде кезінде ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету
- •Жатырдан қан кетуге шағымданған жүкті әйелден анамнез жинау.
- •Жатырдан қан кетуге шағымданған гинекологиялық аурулардан анамнез жинау
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
КАФЕДРА АКУШЕРСТВА И ГИНЕКОЛОГИИ №2 |
||
оқу-әдістемелік әдебиетпен қамту картасы |
Оқу-әдістемелік әдебиеттпен қамту картасы
Мамандық – 051 301 – «Жалпы медицина»
Дисциплина: Жедел-жәрдем
№6 блок – Акушерлік іс және гинекологиядағы көмек күттірмейтін жағдайлар
Курс: V
Алматы, 2013 ж.
Оқу-әдістемелік әдебиеттпен қамту картасын құрастырған доц.қ.а. Еспаева Р.Н., №2 акушерия және гинекология кафедрасының мәжілісінде қарастырылып, тіркелген, протокол № ___________ 2013 жыл.
№ 2 Акушерия және гинекология каф.мең.
м.ғ.д. Л.К. Калиева.
Босанудың екінші кезеңін жүргізу:
Босанушы әйелдің АҚ мен Ps өлшеу.
Туу жолдарынан бөлінділердің сипатын бақылау.
Босанушы әйелдің дене температурасын өлшеу.
Әр күшенуден кейін нәрестенің жүрек соғысын тыңдау.
Студенттің нәресте басының алдыңғы шүйделік қондырылуы кезінде босандыру бойынша тәжірибелік дағдыларын бағалау.
-
№
қадам
Қадамдарды бағалау критериі
Балл бойынша бағасы
1.
Емтихан тапсырушы босандыруға дайындалады: тыныс алу қабы мен маска, нәрестеге арналған жаялық, қалпақ пен шұлық, құрал-жабдықтарды, сонымен қатар кіндік бауын кесетін қайшыны түгелдейді; босануға орын дайындайды - таза жаялық немесе бір реттік пакет төсеп, жаялықтарды жылытады..
Одан кейін дәрігер қолын хирургиялық өңдеп, жатыр ернеуінің толық ашылуын (оның белгісі – жатқан бөліктің айналасында жатыр мойны тіндерінің болмауы) тексеру үшін қынаптық тексеру жүргізеді. Қондырылу сипаты және нәресте басы мен жамбас сүйектері арасындағы кеңістіктік сәйкестікті анықтайды. Босану болжамы туралы өз ойын айтады.
20,0
10,0
5,0
0
2.
Әйелге терең дем алып күшену керек екенін түсіндіреді. Әр күшенуден кейін нәрестенің жүрегін 1 минут бойы тыңдайды.
20,0
10,0
5,0
0
3.
«Басының жарып шығуы» клиникалық кезеңі басталысымен, кіші еңбектің орналасуы бойынша нәрестенің жату түрін (алдыңғы немесе артқы) анықтайды.
Нәресте басының жарып шығуы кезінде босанушы әйелге жиі немесе терең дем ал деп нұсқайды, бұл нәресте басының баяу өтуіне және басы мен босану жолдары жарақатын азайтуға септігін тигізеді. Аралықты қорғау жүргізілмейді.
20,0
10,0
5,0
0
4.
Басы туылғаннан кейін емтихан тапсырушы оны екі алақанымен құлақ кеуілжірінен ұстап, алдыңғы иықтың жоғарғы үштен бірі туылғанша артқа бағыттайды. Сосын басты астынан сол қолдың алақанымен ұстап, алдыға қарай бағыттайды, ал оң қолын аралыққа қойып, артқы иығы мен қолын тудырады.
20,0
10,0
5,0
0
5.
Емтихан тапсырушы нәрестені құрғақ жылы жаялыққа қабылдап, сүртіп, қолында ұстап тұрған күйде жағдайын бағалайды. Егер оның жағдайы қауіп тудырмаса, яғни ол демалса, айқайласа, тонусы сақталса, ЖЖЖ минутына 100-ден артық болса, жылы таза жаялықпен кептіргеннен кейін бірден анасының ашық кеудесіне жатқызады, сосын нәресте үстіндегі су жаялықты алып тастап, үстіне құрғақ таза жаялық пен қосымша - көрпе жабады. Нәрестенің басына қалпақты кигізеді немесе жаялықты жабады, аяғына шұлығын кигізеді. Анасы мен баласын бірге жылы көрпемен жауып, «тері-теріге» байланысы қалпында жатады. Кіндік бауына стерилді қысқыштар салынады: 1 – нәресте кіндігінен 2 саусақ қашықтықта, 2 – 4 саусақ қашықтықта салынып, олардың арасынан кеседі.
20,0
10,0
5,0
0