- •Лекция тезистері
- •Тақырып: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (хііі ғ.).
- •Тақырып: XIV-XV ғ.Ғ. Ортағасырлық мемлекеттер.
- •Тақырып: Қазақ халқының құралуы.
- •4. Қазақ этнонимі. «Қазақ» сөзі жөніндегі ерте естеліктерді мұсылман жазба ескерткіштерінде кездестіреміз, оның мәні “үйсіз”, “панасыз”, “кезбе”, “құылған” дегенді білдіреді.
- •Тақырып: хv-XVI ғ.Ғ. Қазақ хандығы.
- •Тақырып: XVII-XVIII ғ. Б. Қазақ хандығы
- •1. Есім хан (1598-1628жж.) Шығайдың баласы
- •Тақырып: Жаңа замандағы Қазақстан (хүііі-хх ғғ.). Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында.
- •3. Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы:
- •Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының бірінші кезеңі
- •Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының екінші кезеңі(1837-1870жж.)
- •2. 1867-1868 Жж. Қазақстандағы Реформаларға қарсы қазақтардың көтерілістері:
- •3. ХіХғ және хХғ. Бас кезіндегі Қазақстандағы қоныс аудару саясаты.
- •4. Түркістан өлкесін және Далалық облыстарды басқару туралы ереже:
- •1886 Жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы» Ереже ііі Александр бекітті.
- •1891 Ж «Дала облыстарын басқару туралы» ереже 25 наурызда қабылданды.
- •№19,20 Лекция Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (хіХғ соңғы ширегі-хХғ. Басы)
- •3. Азамат соғысы(1918-1920 жж.) «Соғыс коммунизм саясаты»
- •Тақырып: Қазақстан 1941-1945ж.Ж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
- •2. Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жауға соққы беруге мобилизациялау:
- •5 Модуль. Тәуелсіз Қазақстан.
- •№29 Лекция Тақырып: қр экономикалық даму
- •3. Демократиялық процестердің дамуы:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •«Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест сұрақтары.
Тақырып: Жаңа замандағы Қазақстан (хүііі-хх ғғ.). Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында.
Жоспары:
XV-XVIII ғ.ғ. бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қарым-қатынасы
Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы
Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы
ХҮІІІ ғ. қазақ қоғамы
ХІХ ғ. Бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары
Лекцияның мақсаты: Қазақ-жоңғар соғысы, қазақ тарихының трагедиялық беттерін, қазақ хандығының саяси жағдайын, қазақтардың Ресей құрамына қосылуының басты себептері мен салдарын ашып көрсету. Студенттер бойында қазақтың ұлы ханы Абылай тұлғасына, оның кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру. Ресейдің жүргізген әкімшілік реформалары және қазақтардағы хандық биліктің жойылуы мәселесі туралы мағлұмат беру.
Лекция мәтіні:
1. І Петрдің шығыстық саясатының қазақтарға бағытталуының қалыптасуы уақыты жағынан орыс қоғамында Ресейдің халықаралық аренадағы тарихи ролін қайтадан ой елегінен өткізуімен және империялық доктринаның ресімделуінен тұстас келді. Оның дүниетанымдық негізгі еуропалық рационалистік теориялар арсеналынан алынған идеяларды «Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Б.спиноза, С.Пуффендорф және т.б. ) және Мәскеу патшалығынын дәмтүріне сүйенген Ресей топтарының ортағасырлық идеологиясының эклетикалық құрастырмасы болды.
Қазақстанның көшпелі халқы мен орыс халқының өзара байланысының дамуында тарихи ұзақ уақыт бойы сауда- саттық маңызы орын алды. Қазан және Астрахан хандықтарына Ресейдің билігі орнатылып, Сібір жаулап алынғаннан кейін Азияға баратын бірден-ақ маңызды екі сауда жолы: орта Еділ бойынан Сібірге және одан әрі Орта Азияға апаратын Кама және төменгі Еділді бойлай, жайық пен каспий бағытында, Маңғыстау түбегі мен Орта Азия хандықтарына бағытталған оңтүстік-шығыс жолдары орнатылды. Сібірдің кейбір сауда-әкімшілік орталықтарының кеден ведосмстволарының деректеріне қарағанда, 1655-1670 жылдарда Тобылға қазақ даласы арқылы Орта Азия қалаларынан жыл сайын 4 керуен, 1670-72 жылдарда – 2, ал одан кейінгі жылдарда бір-бірден керуен келіп тұрған
ХҮІ ғасырда Қазақ хандығы күрделі этникалық-мемлекеттік организм болды, оның ішкі өмірінде аймақаралық әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстардың нығаю процесі жүріп жатты. Сонымен қатар жер аумағы кеңейтіліп, шектес халықтармен және мемлекеттермен сауда және сыртқы саяси байланыстар жандандырыла түсті.
Қазақ хандығының сол кезеңдегі Орыс мемлекетімен байланыстары тұрақты болған жоқ, оның үстіне деректермен қамтамасыз етудің нашарлығы байсалды саяси бағалау жасауға мүмкіндік бермейді. Қазақ хандығының Орыс мемлекетімен алғашқы байланыстары, сірә, ХҮ ғасырдың аяғында ақ жасалған болса керек. Екі мемлекет арасындағы сауда және дипломатиялық байланыстар ХҮІ орнатылды. Орыс мемлекетінің Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдаймен мұқият танысуы алдында өзара қарым-қатынастың негізі қаланды. Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы туралы орыс деректерінде азын-аулақ мәліметтер жинақтала түсті. Соның бірі Данила Губиннің өз патшасына берген мағлұматы. Онда 1534 жылы оның «қазақтардың» ноғайларға қарсы соғыс бастамақшы болып отырғаны хабарланады. 1535 жылғы келесі мағлұматында ол былай деп хабарлаған: «Ал қазақтар, патша ағзам, едәуір күшті деседі және патша ағзам, Ташкентті шапты деседі және Ташкент ханзадалары олармен екі рет шайқасып, қазақтар оларды жеңіп шықты деседі».
ХҮІ ғасырдың орта шеніне қарай Орталық Азия даласының кең байтақ аумағында және оған жапсарлас жатқан аудандарда буырқанған этникалық және саяси оқиғалар болып, олар Орталық Азия, Еділ бойы мен Орал өңірі халықтарының белгілі бір шегінде этникалық саяси шекаралардың қалыптасуына шешуші ықпал жасады. Әрбір халықтың этникалық әлеуметтік жағынан қалыптасуы өзіндік даму жолымен жүреді, бұл орайда аумақтық шекаралар да, этникалық айырмашылықтар да тым бұлынғыр болуы да мүмкін. «Көшпелі өмір және тұтас рулардың мыңдаған шақырымға жаппай көшуі орын алып отырған жағдайда жекелеген провинциялардың томаға─тұйықтығы мен айқын аңғарылатын этнографиялық айрмашылықты көзге елестету мүмкін емес. Мәселен, 1557 жылы Исмаил Ноғайлы ІҮ Иванға өз жиендерінің «қазақ патшасына қосылып жүргенін» және олар кейіннен өз ұлыстарына иеленушілер ретінде қайтып оралып, Исмайлға жанама бағынғанымен, кейбір ноғай ордаларының қазақтар болып қалғанын хабарлаған. Бұл орайда кейіннен орыс деректемелерінде астарлап болса да, Қазақ хандығының толық тәуелсіз және қуатты мемлекет екені айтылады.
ІҮ Иванға Семен Мальцевтің хабарында Хақназар ханның тұсінда Қазақ хандығының қысқа мерзімді өрлеу мен орталық хан билігінің күшеюі көрініс тапқан, ол «Ақназар патшаның және Шығай ханзада мен Шелым ханзаданың, ал олармен бірге 20 ханзаданың Ноғайға келгені және шайқас болғаны» туралы жазған.
1573 жылы Қазақ хандығына ТретьякЧебуков бастаған орыс елшіліг жіберілді, соның нәтижесінде Строгановтар өздеріне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне, сондай ақ баж төлемей, соның ішінде қазақтармен де сауда жүргізуге грамота алды, ал «...оларға сол жаңа жерлерге қазақ ордаларында да, өзге жерлердің де жылқы және алуан түрлі товарлармен сауда жасайтын адамдары келіп тұрады, олар Москваға келмейді және оларда әр алуан товарлармен сада баж салынбай жүргізілді».
Москва мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы алғашқы саяси байланыстар жекелеген кезеңдерде өздерінің сыртқы саяси міндеттерін шешу үшін одақтастар іздестіру ретінде де атап өтілді. Екі жақ Көшімді Мальцев пен Чебуков арқылы өздерінің саяси өрісіне тартуға ұмтылған кезде Хақназар мен ІҮ Иванның Көшім хан жөніндегі байланысы осындай болған еді.
Қазақ хандығы мен Орыс мемлекетінің арасындағы сыртқы саяси байланыстары Тәуекел хандық құрған кезеңде одан әрі дамыды. Сауда байланыстары мен екі мемлекет беделінің өсуі ХҮІ ғасырдың аяғында неғұрлым тығыз деңгейде келіссөз жүргізуге мүмкіндік берді. Бұған мынадай жағдайлар себепші болды. Тәуекел ханның жиені Ораз- Мұхаммед сұлтанды Тобыл воеводасы Данила Чулков тұтқынға алып, Москваға кепіл етіп жібереді, онда ол өзінің қадір қасиетімен терең құрметке бөленді, ал орыс патшаның күш құдыреті және Ораз Мұхамедке ізгі көзқарасы тұтқынды беделді қызметкерге айналдырды. Ораз Мұхаммедтің өзі орыс патшасына көрнекті әскербасы ретінде қызмет етіп қалды.
2. Қазақстанның Ресей бодандығына өтуінің басталуы: Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуы қарсаңында екi елдiң өмiрiнде де мұны тездетуге әсер еткен саяси оқиғалар болды. Тәуекел, Жақназар, Тәуке хандардың кезiнен екi елдiң арасындағы саяси, экономикалық және сауда қатынасы бiршама жолға қойылады. Патшалы Ресей, Қазан, Астрахань хандықтарын, Батыс Сiбiрдi, Қазақстанмен шекаралас көшiп-қонып жүрген башқұрт, қалмақ, ноғай халықтарын жаулап алып Қазақстанмен шекаралас болды. Бiрiншi Петрдiң кезiнен патша үкiметi қазақ жерiне бiрнеше бекiнiстер салды. Ресейдiң жаңа дамып келе жатқан жеңiл өнер кәсiбi үшiн Қазақстан базары қажет болды.
Қазақ хандықтары да Ресеймен саяси, экономикалық қарым-қатынасты жолға қоþға мүдделi болды.
Қазақстанның шығысында шекаралас өлкеде қуатты жоңғар мемлекетiнiң құрылуы, жоңғар билеушiлерiнiң шапқыншылық саясаты қазақ елiне зор қауiп төндiрдi. Жоңғар хунтайшылары ХVII ғасырдың ақыры, ХVIII ғасырдың басында қазақ жерiне бiрнеше рет баса көктеп кiрдi, бұл шапқыншылық ақыры “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына әкеп соқты. Қазақ халқы басын қосып күш жинап жоңғар шапқыншылығына бiрнеше рет ойсырата соққы берiп елiн, жерiн қорғауға әзiр екенiн дәлелдедi. Бұған салқым Жәңгiрдiң Орбұлақтағы, Әбiлхайыр бастаған қазақ сарбаздарының екi реткi жеңiсi куә болады. Бұл жеңiстердiң негiзгi шарты жүздердiң, тайпалардың, рулардың басының бiрiгуi едi. Дегенмен қазақ халқының бiрлiгi үнемi баянды бола бермедi. 1729 жылы Аңырақай маңында болған жеңiс жоңғарларды қазақ жерiнен бiржола қуып тастауға мүмкiндiк туғызып едi, бiрақ бұл мүмкiндiктi қазақ билеушiлерi пайдалана алмады. Жоңғар шапқыншылығы, оның артынан батысқа табандап жылжып келе жатқан Öин айда¿ары қазақ билеушiлерiнiң қуатты бiр мемлекеттiң көмегiне сүйену туралы шешiм қабылдауына әсер еткен бiрiншi себеп едi. Екiншi жағынан тайпа, рулардың орталық үкiметтен жеке дара болуды көздеуi, елдегi саяси бытыраңқылық, қазақ билеушiлерiнiң өз үстемдiгiн нығайту мүддесi олардың Ресейдiң қол астына өтiп оның көмегiне сүйену туралы шешiм қабылдауына тағы бiр себеп болды.
Аталмыш себептер 1730 жылы күзде кiшi жүздiң ханы Әбiлхайырдың Ресейдiң қарамағына алуды сұрап патша үкiметiне елшiлiк жұмсауға әкеп соқты. 1731 жылы ақпан айында Ресей патшайымы Анна Ионновна Кiшi жүздi Ресейдiң құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды. 1740 жылы Орынборда болған сúезде Орта жүздiң ханы Әбiлмамбет сұлтан Абылай Ресейдiң құрамына кiру туралы шешiм қабылдады. Қазақстанның Ресейге қосылуы көп жылдарға созылды. Кiшi және Орта жүздiң Ресейге өтуi туралы мәселе шешiлген соң жекелеген тайпа, ру басылары патша үкiметiне адал болатыны туралы ант берiп қосылу процессi жалғаса бердi.
Әбiлхайыр хан Ресейге адал болатынын, Ресейдiң қарамағындағы ұсақ халықтармен жер-жайылым үшiн қақтығысқа бармайтынын, патша үкiметi талап етсе қазақтан әскер бере алатынын, өзiнiң бiр ұлын аманаттыққа беретiнiн айтып патша үкiметiнiң өкiлiнiң алдында ант бердi. Патшаның Әбiлхайырға жолдаған граммотасында қазақ елiн басқа бiреудiң шапқыншылыған қорғайтыны туралы айтылғанымен бұл уәде орындалмады. Қазақ жүздерi Ресейге қосылған соң тағы да отыздай жылға созылған жоңғар шапқыншылығы кезiнде Ресей империясы қазақтарға көмекке келмедi.
Кеңес дәуiрiнде айтылып келген қазақ халқының Ресейге өз еркiмен қосылғаны туралы қорытынды шындыққа жатпайды. Қазақ билеушiлерi Ресейге қосылу туралы шешiм қабылдағанда халықтың пiкiрiн алмады. Қазақ халқы Ресейдiң отаршылдығына қарсы көп жыл бойы күрестi. Ресейге қосылу мәселесiнде қазақ атқа мiнерлерiнiң бiразы қарсы болғаны белгiлi.
Осы және басқа оқиғалар Кiшi және Орта жүздiң Ресейге қосылуынан отаршылдықтың басталғанын патша үкiметiнiң Қазақстандағы саясатының отаршылдық сипатта болғанына дәлел.
