- •Лекция тезистері
- •Тақырып: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (хііі ғ.).
- •Тақырып: XIV-XV ғ.Ғ. Ортағасырлық мемлекеттер.
- •Тақырып: Қазақ халқының құралуы.
- •4. Қазақ этнонимі. «Қазақ» сөзі жөніндегі ерте естеліктерді мұсылман жазба ескерткіштерінде кездестіреміз, оның мәні “үйсіз”, “панасыз”, “кезбе”, “құылған” дегенді білдіреді.
- •Тақырып: хv-XVI ғ.Ғ. Қазақ хандығы.
- •Тақырып: XVII-XVIII ғ. Б. Қазақ хандығы
- •1. Есім хан (1598-1628жж.) Шығайдың баласы
- •Тақырып: Жаңа замандағы Қазақстан (хүііі-хх ғғ.). Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында.
- •3. Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы:
- •Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының бірінші кезеңі
- •Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының екінші кезеңі(1837-1870жж.)
- •2. 1867-1868 Жж. Қазақстандағы Реформаларға қарсы қазақтардың көтерілістері:
- •3. ХіХғ және хХғ. Бас кезіндегі Қазақстандағы қоныс аудару саясаты.
- •4. Түркістан өлкесін және Далалық облыстарды басқару туралы ереже:
- •1886 Жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы» Ереже ііі Александр бекітті.
- •1891 Ж «Дала облыстарын басқару туралы» ереже 25 наурызда қабылданды.
- •№19,20 Лекция Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (хіХғ соңғы ширегі-хХғ. Басы)
- •3. Азамат соғысы(1918-1920 жж.) «Соғыс коммунизм саясаты»
- •Тақырып: Қазақстан 1941-1945ж.Ж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
- •2. Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жауға соққы беруге мобилизациялау:
- •5 Модуль. Тәуелсіз Қазақстан.
- •№29 Лекция Тақырып: қр экономикалық даму
- •3. Демократиялық процестердің дамуы:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •«Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест сұрақтары.
4. Қазақ этнонимі. «Қазақ» сөзі жөніндегі ерте естеліктерді мұсылман жазба ескерткіштерінде кездестіреміз, оның мәні “үйсіз”, “панасыз”, “кезбе”, “құылған” дегенді білдіреді.
Тарихи әдебиетте қазақ сөзінің шығу туралы әртүрлі түсіндірмелері бар. Олардың бірін түрік етістігі “қаз”, “қазу” деген сөздермен байланыстырады. Ал енді бірі бұл сөзді “қаз”, қазу және “ақ” деген сөздердің этнимологиясынан құрайды. Қазақ сөзінің пайда болуы қандай болмасын оның бастапқы мағынасы “еркін” “үйсіз”, “кезбе”, “қашқын” деген болымсыз мәні болған сөзбен байланысты.
Сонымен не саяси мәні, не этникалық мазмұны жоқ “қазақ” сөзі өз халқынан не руынан немесе өз иесінен бөлініп шыққан және көп жағдайды бастан кешіруге мәжбүр, еркін адам дегенді білдірген. Орыс тіліндегі “казак” деген сөзі де осыдан шыққан. Русьте “казактар” деп белгілі бір қызметі және тұрақты тұрғын жері жоқ адамдарды, еркін адамдарды, сондай-ақ еркін жалданушы батрактарды айтқан. Басқаша айтсақ “қазақ” терминінің бастапқы мәні-әлеуметтік бұл жағдай жәй күйі бір тұлғаның мәртебесі.
ХV ғасырдың ІІ жартысынан бастап қалыптасқан халық көршілес елдер арасы мен жазба деректерінде «қазақ» деген атаумен белгілі бола бастады. «Қазақ» сөзінің мағынасы мен шығу тегі туралы ғалымдар әлі күнге дейін ортақ пікірге келген жоқ. Халықтың атауы жайындағы күрделі мәселе бойынша түрлі жазба деректері, ғылыми көзқарастар мен аңыз әңгімелер қалыптасқан. Мысалы, Н.Карамзин мен А.Вамбери Византия императоры Константин Багрянородный (Хғ. ортасы) «Казахия елі» жайлы атап көрсеткені туралы мәліметтер келтіреді. Бұдан кейінгі зерттеулер оның Казахия емес Касахия екенін, олардың касогтер екенін дәлелдеді. «Касог» - дегеніміз байырғы кавказ тілдерінің бірінде сөйлейтін абхаз адыгей тобының тармағына жатады. Ал «қазақ» этнонимінің «касог», «касахия» деген сөздердің үндестігіне негізделгендіктен, ол болжамдық мәнге ғана ие болады.
Араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи «касаг» сөзін «Китаб әл Фатух» атты тарихи шығармасында (ІХ ғасырдың аяғы –Х ғ басы) қолданған. Бірақ онда да Кавказ орналасқан Касак жері аталған. Финдік зерттеуші Г.Рамстедт «қазақ»терминін арба деген мағынаға қолданылатын «хасаг - терген» деген монғолдық сөз тіркесінен шығарады. Алайда бұл көзқарастың да ешқандай қисынға келмейтіні белгілі болып отыр. VІІІ ғасырлардың орхон енисей ежелгі түркі жазба ескерткіштерінен В.Радлов оқыған «Қазғақым оғлым» деген сөзтіркесі мен «қазақ» сөзінің үйлесімділігі туралы болжам да айтылады. Қарлұқ этникалық атауының араб тілінен қарлұқ-хазлак деп дұрыс аударылмауысалдарынан Н.Пантусов «хазлак» - «казлак» сөзінің түп төркінінен шыққан, кейіннен өзгеріске ұшыраған»,-деп, қарлұқтарды қазақтарға теңгереді.
1945 жылы шыққан «Қазақ ССР тарихы» деген кітапта да тиянақты қортынды пікір айтылмаған. Вельяминов-Зернов «Исследования о Касымовских царях и царевичах» деген төрт томдық кітабында қазақ деген сөз «әскер, салт атты» деген сөз дейді. Башқұрларда «бозбала» жігітті «қазақ» дейді.
Кейбіреулер: «Па шіркін, мынау қазы-ақ екен!» дегендегі таң қалуды білдіретін сөзден шыққан дейді.
«Алаш» пен «қазақ» деген сөздің мағынасы бір, монғол тілінде «хасақ», «талаушы» деген сөз деушілер де бар. Ал Шоқан Уалиханов «қазақ», «ерікті» деген мағынадағы сөз дейді. Қазақ байрыдан Алтын Орданың хандарынан бөлініп ерікті ел болған. Ешбір сөздікте «қазақ» деген сөз «ерікті» деген сөздің мағынасын қамтымайды. Будагов деген оқымысты «Түрік, татар тілінің салыстырмалы сөздігі» деген кітабында «қазақ» деген сөз «жай» деген сөз болуы керек дейді. Шынында бұл да дұрыс пікір емес, «Алаш» пен «қазақты» бірдей қарау да мүмкін емес. Бұрынғы кітаптарда (Рашид ад-дин, Әбілғазылардың) «алаш» деген жоқ, «халаж» деп жазады. Бұл көп елдердің (Орта Азия халықтарының) біразына тән ортақ атау.
Академик Марр: «қазақ» атауын Азияны мекен еткен «сақ», «қас» деген тайпалармен байланыстырады. Олардың ұрпақтары, Орта Азия халықтарының арасына сіңісіп, өмір сүріп жатыр, - деген болжам айтады. Мүмкін осы 2 тайпа бірігіп, «қассақ», келе-келе қазақ болып кеткен деген жорамал бар.
Парсы ақыны Фердаусидің «Шахнамасында» (патшалар тарихы) парсының шахтарымен қазақ деген ел соғысады. Бұл үлкен жұмбақ болып отыр. Өйткені бұл шығарма Х ғасырда жазылған, ал бұдай кейін ХІІ ғ. шейін «қазақ» деген атау еш жерде кездеспейді.
ХІ-ХІІІ ғ. «Хасог» «Хосог» деген сөз кездеседі. Карамзиннің кітабында ХІ-ХІІ ғасырларда европалық Ресейдің оңтүстігінде, солтүстік Кавказда, Оралда «хасогтар» өмір сүрген. Кавказдағы черкестер өздерін «қазақпыз» дейді. Әзірбайжанда «Қазақ» ауданы да бар. Карамзиннің қазақтары да осы черкестер мен әзербайжандар. Сондықтан қазақ атауы ХІ-ХІІ ғасырда болғандығына күмәніміз болмаса керек. Абайдың кітабында «қазақ» арабтың «құзақ» деген сөзінен шыққан делінген. Бұл араб елінде көшпелі елдің аты. Абайдың бұл пікірін тағыда зерттеу керек.
Біраз тарихшылар «қазақ» сөзі ХҮ ғасырда ғана пайда болды дейді. Бұл пікір дұрыс емес. Қытай оқымыстысы Хэ Цютао, Чжань Симань қатарлылар әлдеқашан «қазақ» сөзі «үйсін» сөзінің баламасы екендігін атап көрсеткен еді. Нығмет Мыңжан Хань патшалғы кезіндегі «яньчарларды» (қыпшақтар) «қазақ» сөзінің Қытай иероглифіне бұрмаланып жазылуы деп қарайды.
Қазақ ғалымдары, соның ішінде тарихшы М. Ақынжанов пен жазушы С. Мұқанов «қазақ» этнонимі «қас» пен «ақ» сөздерінің бірігуінен келіп шыққан, «қас» сөзі «нағыз, рас» деген ұғымды білдіреді, ал «сақтар» болса ертеде Орта Азияны мекен еткен тайпа.
Осылардың ішінен көкейге қонымды деп қайсы пікірді айтуға болады?
5. Қазақ халқының қалыптасуымен бірге ХV-ХVІ ғасырларда қазақ жүздері де қалыптаса бастады. Жүздер туралы жазба деректері ХҮІ ғасырда шығыс жылнамаларында кездеседі. Жүздердің құрылуы Қазақ жерінің табиғи климаттық жағдайлары мен халықтың көшпелі өмір салтына тығыз байланысты болды. Қазақстан өзіндік дамуына ықпал ететін табиғи-ландшафтық белдеулерден тұрады. Бұл – қазақ халқының шаруашылық, мәдени қызметінің табиғи ареалдары болған үш географиялық бөлік. Оларға Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу; Батыс Қазақстан; Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтары кіреді. Жүздер табиғи-климаттық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан шаруашылық және әскери- әкімшілік басқару жүйесі ретінде қалыптасты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына қазақ халқының негізін құраған ру-тайпалардың моңғол ұлыстарының құрамында, кейінрек жекелеген мемлекеттік бірлестіктер құрамында ұзақ уақыт болуы ықпал етпей қойған жоқ еді.
Ұлы жүз аумағы Сыр бойынан Жетісуға дейінгі жерлерді қамтиды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр рулары енеді.
Арғын, қыпшақ, уақ, найман, қоңырат, керей және басқа да ру-тайпалар негізінде құралған Орта жүз аумағы Қазақстанның Солтүстік-Шығыс және Орталық бөлігін қамтиды.
Сырдарияның сағасын, Арал теңізінің жағалауын, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін Кіші жүз алып жатты. Оның құрамында он екі атадан тұратын: адай, жаппас, алаш, беріш, есентемір, серкеш т.б.; алты атадан тұратын жетіру: табын, тама, жағалбайлы т.б.; жеті атадан тұратын әлімұлы: қарасақал, төртқара, шекті, т.б. рулардан тұратын тайпалық одақ кірді.
Қазақ халқына тән негізгі сипат – оның рулық, тайпалық құрылымының күрделілігі. Этникалық топтар бір-бірімен сан түрлі жолдармен өзара тығыз байланысқан. Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді. Жүз - тарихи-шаруашылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Үш жүз географиялық орны мен климатттың айырмашылығымен ерекшеленеді. Ұлы жүз территориясы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Рулары – үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, қаңлы, сіргелі, ысты, ошақты, т.б. Орта жүз территориясы – Орталық және Солтүстік Қазақстан. Рулары- қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ, т.б. Кіші жүз территориясы – Батыс Қазақстан. Рулары – алшын, адай, төртқара, жағалбайлы, табын, тама, қаракесек, байбақты, т.б.
Бақылау сұрақтары:
1 «Жүз» деген сөздің мағынасы?
2. Кіші жүз рулары?
3. Орта жүз рулары?
4. Ұлы жүз рулары?
5. Орта жүз территориясы?
6. Кіші жүз территориясы?
7. Ұлы жүз аумағы?
8. «Қазақ» этнонимі мағынасы?
Әдебиеттер тізімі:
1. Қозыбаев М.К. Тарих зердесi. Алматы, 1998 т.1 т., 2
Аманжолов Қ. Түркі халықтарының тарихы. І, ІІ т. А., 2002ж.
3. Қани М. Қазақтың көне тарихы. А., 1993ж.
4. Күзембайұлы А.Әбіл Е. История Республики Казахстана. Астана., 2000.
5. История Казахской ССР. Т. І, ІІ. А., 1979.
№9,10 лекция
