- •Лекция тезистері
- •Тақырып: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (хііі ғ.).
- •Тақырып: XIV-XV ғ.Ғ. Ортағасырлық мемлекеттер.
- •Тақырып: Қазақ халқының құралуы.
- •4. Қазақ этнонимі. «Қазақ» сөзі жөніндегі ерте естеліктерді мұсылман жазба ескерткіштерінде кездестіреміз, оның мәні “үйсіз”, “панасыз”, “кезбе”, “құылған” дегенді білдіреді.
- •Тақырып: хv-XVI ғ.Ғ. Қазақ хандығы.
- •Тақырып: XVII-XVIII ғ. Б. Қазақ хандығы
- •1. Есім хан (1598-1628жж.) Шығайдың баласы
- •Тақырып: Жаңа замандағы Қазақстан (хүііі-хх ғғ.). Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында.
- •3. Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы:
- •Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының бірінші кезеңі
- •Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының екінші кезеңі(1837-1870жж.)
- •2. 1867-1868 Жж. Қазақстандағы Реформаларға қарсы қазақтардың көтерілістері:
- •3. ХіХғ және хХғ. Бас кезіндегі Қазақстандағы қоныс аудару саясаты.
- •4. Түркістан өлкесін және Далалық облыстарды басқару туралы ереже:
- •1886 Жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы» Ереже ііі Александр бекітті.
- •1891 Ж «Дала облыстарын басқару туралы» ереже 25 наурызда қабылданды.
- •№19,20 Лекция Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (хіХғ соңғы ширегі-хХғ. Басы)
- •3. Азамат соғысы(1918-1920 жж.) «Соғыс коммунизм саясаты»
- •Тақырып: Қазақстан 1941-1945ж.Ж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
- •2. Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жауға соққы беруге мобилизациялау:
- •5 Модуль. Тәуелсіз Қазақстан.
- •№29 Лекция Тақырып: қр экономикалық даму
- •3. Демократиялық процестердің дамуы:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •«Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест сұрақтары.
Тақырып: Қазақ халқының құралуы.
Жоспар:
1. Қазақ халқының құралуының тарихи алғышарттары.
2. Ертедегі, ерте және ортағасырлардағы этникалық үрдістер.
3. Монғол кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы.
4. «Қазақ» этнонимі
5. Жүздер – қазақтардың этнотерриториялық бірлестіктері.
Лекция мақсаты: ХV-ХVІ ғ. аралығында қазақ халқының қалыптасуының алғышарттарын анықтау арқылы, үрдістің кезеңдерін зерделеу және «қазақ» этнонимі және «жүздер» туралы тарих ғылымындағы пікірлермен танысу, оларға ғылыми талдау жасауға үйрету.
Лекция мәтіні:
1. Қазақ халқы да дүние жүзiнiң басқа халықтарына тән заңдылықтың негiзiнде қалыптасты. Алғашқы қауымдық құрылыста рулар пайда болды, одан кейiн тайпалар одағы дүниеге келдi. Қоғамдағы өнiдiрiстiк күштердiң дамуы нәтижесiнде тайпалар одағы бiрiгiп, құлиеленушi, феодалдық қоғам кезiнде халық болып қалыптасты. Ал, капитализм ұлттарды туғызды. Халықтың қалыптасу процесiмен бiрге тiлдiң қалыптасу проöесi қатар жүрдi. Сөйтiп, тiл ру тайпа, халық тiлi, ең соңында ұлттық тiл болу кезеңдерiн басынан кешiрдi. Халық пен оның тiлiнiң дамуы өте ұзақ уақытқа созылды. Себебi, рулар, тайпалар бiр-бiрiмен бiрiгу, ажырасу процестерi болып отырған. Iшкi, сыртқы саяси-экономикалық әлеуметтiк жағдайлар бұл процестердiң iлгерiлеуiне не артқа кетуiне үнемi өзнiң әсерiн әсерiн тигiзiп отырды.
2. Қазақ даласында алғашқы рулар одағы б.э.д VII-II ғ.ғ. пайда болған сақ, үйсiн, қаңлы тайпалары. Қазақстан территориясын мекендеген бұл тайпалардың қазақтардың түпкi аталары деп есептейдi. Түрiк қағанатының қалыптасуы, одан кейiнгi феодалдық мемлекеттердiң құрылуы отырықшы егiншiлiк пен қалалардың өсуi, тайпалардың рухани мәдениетiнiң дамуы бiр, түркi тiлдес әдет-ғұрыптары ұқсас халықтардың өзара араласып жатуы қазақ халқының қалыптасуының алғы шарты болып табылады.
3. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық мен мәдени экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті.Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа кәсіп иелері қырылды. Ірі ру тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының, Шығыс Қазақстан мен Жетісуда таңдаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе жергілікті халықтың жиі жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік ұстау үшін жаулап алған елдерді ұлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен бөліп тастауға тырысты.
Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын болғанымен, халық болып қалыптасуыдың негізгі шарты –тіл бірлігі жойылмайды. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздері өз тілдерінен айырылып, жергілікті ру тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, әдет ғұрпына, салт санасына көшіп, ХІҮ ғ. өзінде-ақ толық түркіленіп кетеді. Бірақ бұл кезде екі үлкен расаның \нәсілдің\ байырғы еуропейдтік және кейін қосылған монғолойдтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының \антропологиялық, этникалық және лингвистикалық негізде\ бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады.
Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Монғол, Әбілқайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар саяси, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы болды. Атақты «92 баулы қыпшақ» атты шежіреде көрсетілген бұл ру тайпалардың барлығы кейнен қазақ халқының құрамына кірген.
ХІҮ-ХҮ ғасырда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына \түрлі тайпалық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі\ байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып, үш негізгі этникалық- шаруашылық топқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүздің орталығы –Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы – Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орталығы – Батыс Қазақстанда болды.
ХV ғасырдың орта кезiнде қазақ халқының қалыптасуы, шаруашылықтың дамуы, феодалдық қатынастардың жетiлуi феодалдық iрi мемлекет қазақ хандығының құрылуына себеп болды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасу процесiн аяқтады.
