- •Лекция тезистері
- •Тақырып: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (хііі ғ.).
- •Тақырып: XIV-XV ғ.Ғ. Ортағасырлық мемлекеттер.
- •Тақырып: Қазақ халқының құралуы.
- •4. Қазақ этнонимі. «Қазақ» сөзі жөніндегі ерте естеліктерді мұсылман жазба ескерткіштерінде кездестіреміз, оның мәні “үйсіз”, “панасыз”, “кезбе”, “құылған” дегенді білдіреді.
- •Тақырып: хv-XVI ғ.Ғ. Қазақ хандығы.
- •Тақырып: XVII-XVIII ғ. Б. Қазақ хандығы
- •1. Есім хан (1598-1628жж.) Шығайдың баласы
- •Тақырып: Жаңа замандағы Қазақстан (хүііі-хх ғғ.). Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында.
- •3. Абылай хан дәуіріндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы:
- •Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының бірінші кезеңі
- •Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының екінші кезеңі(1837-1870жж.)
- •2. 1867-1868 Жж. Қазақстандағы Реформаларға қарсы қазақтардың көтерілістері:
- •3. ХіХғ және хХғ. Бас кезіндегі Қазақстандағы қоныс аудару саясаты.
- •4. Түркістан өлкесін және Далалық облыстарды басқару туралы ереже:
- •1886 Жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы» Ереже ііі Александр бекітті.
- •1891 Ж «Дала облыстарын басқару туралы» ереже 25 наурызда қабылданды.
- •№19,20 Лекция Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (хіХғ соңғы ширегі-хХғ. Басы)
- •3. Азамат соғысы(1918-1920 жж.) «Соғыс коммунизм саясаты»
- •Тақырып: Қазақстан 1941-1945ж.Ж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
- •2. Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жауға соққы беруге мобилизациялау:
- •5 Модуль. Тәуелсіз Қазақстан.
- •№29 Лекция Тақырып: қр экономикалық даму
- •3. Демократиялық процестердің дамуы:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •«Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест сұрақтары.
Тақырып: Қазақстан 1941-1945ж.Ж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
Жоспар:
Соғыстың басталуы, оның сипаты, Қазақстандықтар майданда
Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жауға соққы беруге мобилизациялау
Майданға бүкіл халықтық көмек
Лекция мақсаты: ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың басталуы, оның Қазақстанға әсерін, соғыс майданындағы қазақтардың ерлігін, қазақстанның жеңіске қосқан үлесін түсіндіру
Лекция мәтіні:
1. Соғыстың басталуы, оның сипаты, Қазақстандықтар майданда: Германия 1941 жылы маусым айының 22-де Кеңес Одағына қарсы соғыс ашып аз уақыттың iшiнде елдiң батыс бөлiгiн жаулап алады, Ленинградты қоршады, Москваның маңына 20 км. жақын келдi. Қызыл Армия соғыстың бастапқы кезiнде жеңiлiске ұшырады, мұны сәтсiздiк деп атайды.
Кеңес үкiметi кезiнде Қызыл Армияның сәтсiздiгiн Кеңес Одағының соғысқа дайындала алмағанымен, Батыс шекараға әскер топтастырып үлгiрмегендiгiмен, соғыстың болатын уақытын бiлмегендiгiмен т.б. түсiндiрдi. Мұндай себептердiң болғанын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен сәтсiздiктiң бас себебi Сталин бастаған басшылықтың ұстанған қате бағытына байланысты болды.
Кеңес Одағының әскери доктринасында елеулi қателiктер болды. Әскери мамандардың /мәселен Тухачевский/ бұл соғыс мотор соғысы болатыны, сондықтан армияның техникалық бөлiмдерiн нығайту туралы ойлары ескерiлмедi, Армия басшылары атты әскерге сенiм артты. Соғыс алдында ғана немiстерден кем түспейтiн, кейбiр жағынан олардан артық Т-34 танкi мен ИЛ-2 штурмовигi сияқты кеңес инженерлерi жасаған техникалар топтап өндiрiлмедi.
1937-38 жылғы қуғын-сүргiн Қызыл Армияға үлкен апат әкелдi. Талантты әскер басылары қудаланды, 40 мың офицер өмiрiмен қоштасты немесе бас бостандығынан айырылды. Армия басшылығына жаңа ғана училище бiтiрген жастар келдi.
Отан қорғау iсiн басқарып отырғандар немiстердiң шабуылын жасайтын уақытын өздерiнiң Германиядағы, Жапониядағы тыңшылары арқылы дәлме-дәл бiлiп отырды. Сталин мұндай мәлiметтердi арандатушылық деп есептеп соғысқа дайындықты жеделдету шарасын қолданбады. Сәтсiздiктiң мұнан басқа да себептерi бар. Аталмыш қателiктерге қарамастан Кеңес Одағының халқы күш бiрiктiрiп көп ұзамай немiстердiң шабуылына төтеп бере бiлдi.
Қазақстандықтар бүкiл кеңес халқы сияқты отан қорғауға аттанды. Қазақстанда жаңа әскери бөлiмдер құрыла бастады. Алғашқылардың бiрi болып 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Қолбасшысы генерал Панфилов. 16-50 жастағы адамдарды әскери iске үйрету басталды.
Қазақстандықтар Москваның маңында ерлiкпен соғысты. 28 панфиловшылар жаудың 30 танкiсiн құртып немiстердiң шабуылын тоқтатты. 1941 жылғы Москва түбiндегi, 1943 жылғы Сталинград үшiн шайқас, Курск жанындағы шайқастарда қазақстандықтар ерлiкпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсене қатысты. Украйна мен Белоруссиядағы партизан отрядтарында 3000 қазақстандық болды. 1945 жылы Берлин үшiн болған қырғын соғысқа қазақстандықтар белсене қатысты. Рейхстахқа жеңiс туын тiгуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқадай қазақстандықтар қатысты. Европаны азат ету және Берлин үшiн шайқасқа қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Соғысып жатқан армия қатарына 1,2 млн. қазақстандықтар шақырылды. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың iшiнен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшыл деген құрметтi атақ алды. Соғыста көрсеткен ерлiгi үшiн 500-дей қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олардың iшiнде қазақ халқының даңқты қыздары М.Мәншүк, М.Әлия және екi реткi батыр болған 4 қазақстандық /Т. Бигильдинов, Луганский, Беда, Павлов/ және атақты командир Б.Момышұлы болды. 97 мың қазақстандық ордендермен, медалдармен марапатталды.
Соғысып жатқан армияны азық-түлiк, киiм-кешек, қару жарақпен қамтамасыз ету iсiне қазақстандықтар зор үлес қосты.
СССР-дың бiрқатар астық өндiретiн аудандарын немiстер басып алған жағдайда Қазақстан елдiң астықты ауданының бiрiне айналды. 1940-42 жылдар Қазақстанның егiс алаңы 1 млн. га-ға артты.
