Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекциялар тарих.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
513.74 Кб
Скачать

№19,20 Лекция Тақырып: Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (хіХғ соңғы ширегі-хХғ. Басы)

Жоспары:

1.Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы

2.1905-1907 жж. орыс революциясының Қазақстанға әсері

3. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыс

Лекцияның мақсаты: қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуына әсер еткен факторлар және алғаш қазақ зиялылары, олардың қызметі, 1905-1907 ж. революцияның Қазақстанға әсерін, оның тарихи маңыздылығын ашып көрсету. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс және оның нәтижесін түсіндіру. Ұлт-азаттық көтерілістердің отан тарихындағы орны мен маңыздылығын студентке түсіндіру.

Лекция мәтіні:

1. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: Жаңа кезеңде қазақ буржуазиясы мен ұлттық интеллигенция өкілдері отаршылдыққа қарап күресті басқарды. 1902 жылдардан бастап-ақ патша өкіметі күзетшілері қазақ халқы арасына таратыла басталған, астыртын өкіметке қарсы панисламдық рухтағы үндеулерді ұстай бастады. 1905 жылдың жазында азаттық қозғалысы жаңа сипат ала бастайды. Өлкеде жәрмеңкелердің ашылуына байналысты митингілер ұйымдастырылып, орыс, қазақ газеттері беттерінде саяси мақалалар көріне бастайды.Қарқаралы қаласы маңындағы Қоянды жәрмеңкесінде 1905 жылы 25 июльде өткізілген Қазақ съезі Министрлер Кеңесінің төрағасына Петиция қабылдады. Негізгі талаптар төмендегі пунктерден құралды: орталық губерниялардан шаруаларды шетке қоныстандыруы тоқтату; қазақтарға жеке діни басқарма ұйымдастыру; цензураны жою; қазақ тілінде арнаулы іс-қағаздарын жүргізу; сайланбалы өкілетті соттар жүйесін енгізу; Мемлекеттік Думаны шақыру жобасын жасау кеңесіне қазақ депутаттарын қатынастыру.

Дәл осы уақытта қазақ депутаттары 1905—1906 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездері жұмысына қатысты. Қазақ депутаттарының бірі Шахмардан Қожағұлұлы “Иттифақ-аль-Мусдумин” (“Мұсылмандар Одағы”) партиясының Президиум мүшесі болып сайланды. 1905 жылдан бастап мұсылман баспасөздерінде және орыс оппозициялық баспаларында қазақ авторларының саяси мақалалары шыға бастайды.

1905 жылдың соңында Орал қаласында Бірінші Жалпы — қазақ съезі болып өтті, мұнда қазақтың ұлттық саяси партиясын құру мақсаты алға қойылды. Қазақ партиясы кадет партиясының филиалы ретінде, бірақ өлкенің тұрғылықты халқының мүддесін қорғау негізінде болуы керек делінде. Ұлт-азаттың күрес басында қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері тұрды. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Бақытжан Қаратай, Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын және т.б.

Қазақ оппозициясының бірігуінен қорыққан патша өкіметі, олардың жетекшілеріне қарсы жазалау, құдалауды күшейтті. 1906ж. қаңтарында Семей қаласында ІІ-жалпы қазақ съезін ұйымдастыруға аттанған Әлихан Бөкейхан тұтқындалды. Осыған қарамастан съезд өзі жұмысын ақпан айында өткізіп, мұның жұмысына 150 делегат қатысты. Съезде ресей кадеттерінің жоспары мақұлданып, мұндағы Қазақстан жерінің қазақ халқының меншігі деп қарастыру, мектептер медреселер ашу данын қабылдау және шаруаларда жет жерге қоныстандыруды тоқтату талаптары қойылды.

Бірақ, бұл талаптар, Әлихан Бөкейхановтың кадет партиясының орталық комитетінің құрамында болуына қарамастан, кадет партиясының басшылығынан қолдау таппады. Құғындау мен тұтқындаулар қазақ патриоттарына өздерінің саяси партиясын құруға мүмкіншілік бермеді, бірақ саяси күрес екі бағытта жалғаса берді. Қазақ депутаттары Мемлекеттік Дума мінбесін белсенді түрде қолдана бастады, қазақтың саяси баспасөзі пайда болды.

2. 1905-1907 жж. Орыс революциясының Қазақстанға әсері: ХIХ ғасырдың соңында Ресей капиталистерi Қазақстанда өнеркәсiп өндiрiсiн ұйымдастырып өздерiнiң капиталын әкеле бастады. Қазақстандағы шикiзат, арзан жұмысшы күшi өнеркәсiптi дамытуға қолайлы болды.

Кен өндiрiсi Қазақстанда дами бастаған өнеркәсiптiң маңызды саласы болды. 1896 жылы бiр ғана Қарқаралы уезiнде 70-ке жуық шағын мыс өндiретiн, 170 күмiс-қорғасын, 3 темiр, 2 күмiс-никель, 4 мырыш руднигi, Атбасар уезiнде 15 жерден мыс, күмiс, қорғасын рудниктерi ашылды. Бiрнеше жерден таскөмiр кенi ашылды. Кәсiпорындарын пайдалану үшiн акционерлiк қоғам, әрiптестiк компаниялар орнады.

Өнеркәсiптiң келесi саласы балық кәсiпшiлiгi. Балық өнеркәсiбi Каспий мен Жайық өзенiнiң маңына топтасты. Каспийдiң жағасында 150-ден астам балық аулайтын кәсiпшiлiк болды. Балқаш, Iле, Зайсан, Арал теңiзi, Сырдария өзенiнен балық ауланды.

Өнеркәсiптiң келесi саласы тұз өндiру. Көл, өзендерден тұз өнiдiрiлдi. Өнеркәсiптiң дамуы жол қатынасын жолға қоþды талап еттi. Жайық, Ертiс, Iле өендерiнде кеме қатынасы дамыды. 1876 жылы Саратовты Орынбормен жалғастырған темiр жол iске қосылды. ұасырдың ақырында Орынбор-Ташкент темiр жолы салынып Қазақстан Ресейдiң Орталық бөлiгiмен байланысты.

Өнеркәсiптiң дамуына байланысты жұмысшы табы сан жағынан өстi. 1990 жылы Қазақстанда 11 мыңнан астам жұмысшы, оның 60% қазақтар болды. Жұмысшылардың жағдайы ауыр, жалақы аз, жұмыс 14-16 сағатқа созылды, жұмысшылар жер тамда тұрды. Алғашқы жұмысшы қозғалысы арыздану, қашып кету, стачка сияқты формада жүрiлдi.

Қазақстанда жұмысшы қозғалысының өрлеуі, социал-демократиялық үйірмелер мен топтардың пайда болуы жер аударылған орыс революционерлерінің көмегімен және инициативасымен болды. Мысалы, Петропавловск қаласында 1903 жылы пайда болған социал-демократиялық топ осында жер аударылған бірнеше социал-демократтар — Омбы теміржол шеберханаларының жұмысшылары — күшімен құрылды.

Алғашқы социал-демократиялық үйірмелердің бірі 1902 жылы Орал қаласында “Уралец” газеті баспаханасының жұмысшылары мен қызметкерлері арасында құрылды. Баспахана жұмысшылары бірінші рет бір күндік ереуіл өткізді. Баспаханадағы жұмысшы үйірмесіне басқа, Орал қаласында интеллигенция өкілдерінен тұратын социал-демократиялық үйірме болды, үйірме мүшелері теміржол жұмысшылары, диірмен жұмысшылары, орта оқу орындары оқушылары арасында жұмыс жүргізіп, жалпы-білім және саяси тақырыптарында лекциялар оқыды.

Осы жылдарда Ташкент қаласында алғашқы марксистік үйірме пайда болды, кейінірек осы үйірме негізінде социал-демократиялық топ құрылды.

Бірінші орыс революциясының басталуымен Қазақстанның өңдіріс орындарында да толқулар жиіледі. Ең ірі ереуіл 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигінде болды, мұндағы жұмыс істейтін 300 жұмысшының 265-ін қазақтар құрады. Ереуілдің басталуына рудник иелері ағылшындардың жұмысшыларға “мейірімсіз және сорақы қатынастары” себеп болды. Ереуіл 9-желтоқсанда басталып, жұмысшылар “Орыс-қырғыз одағын” құрды және рудник иелерін өздерінің алға қойған біраз шарттарын қабылдаттыруға мәжбүр етті.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында ереуілдер теміржол жұмысшыларының арасында да — Сібір темір жолында және Орынбор-Ташкент темір жолы құрылысында болып өтті. Сан жағынан өте үлкен ереуіл Мұғалжар стансасы жұмысшылары арасында болды, мұнда ереуілге 800 адам қатысты.

Жұмысшы қозғалыстары, негізінен, Қазақстанның өндіріс орталықтары мен теміржол стансаларын қамтыды. Мысалы, 1905—1907 жылдардағы ереуілдер мен демонстрациялары Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Петропавлда, Перовскіде және т.б. жерлерде болды.

1909—1910 жылдарда жұмысшылар ереуілдері Қарағанды өндіріс орындары мен Орталық Қазақстан мыс рудниктерінде, Өскемен уезінің алтын өндіру орындары мен рудниктерінде болып өтті. Өскемен уезінің “Николай” алтын өндіру кенішінің жұмысшылары екі ай бойы ереуілдеп, олар кәсіпкерлердің еңбекке ақы төлеу тәртіптеріне және жарық беру ақысын жұмысшылар мойнына ілуіне қарсы шықты.

Жұмысшы табының жаппай революциялық толқулары 1912 жылдың көктемінде Ленск алтын өндіру кенішінде жұмысшыларды атқылауға байланысты күшейе түсті. Қазақстанда Риддер жұмысшылар, Екібастұз шахтерлері, Омбыда Раундруптың шойын балқыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 12 майда Спасск мыс қорыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 7 июльде Ембі мұнай өндіру кендерінде жұмысшылардың ірі ереулі болып өтті. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда әлсіздеу болды. Социалистік идеялар көшпелі қауыммен тығыз байланысты қазақ жұмысшылары арасында кеңірек тарамады. Қазақстан территориясында жұмыс атқарған кішкене топтар мен социал-демократиялық үйірмелердің орталық басшылығы болмады және олар көбінесе жеке-дара жұмыс жасады.

3. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыс: Бүкiл Қазақстанды қамтыған бұл қозғалыс Ресейдiң отаршылдығына қарсы қазақ халқының соңғы iрi шайқасы едi. Бұл қозғалыс ұлт-азаттық сипатта болды. Қозғалыстың негiзгi себебi Ресейдiң отаршылдық әрекетiнiң тереңдей түсуi едi. Патша үкiметтi қазақтарды ата бабасынан берi мекендеп келе жатқан жерiнен қуып, оған орыс шаруаларын қоныстандырды, қазақтар шөл, шөлейт өлкелерге қуылды. Сөйтiп жер мәселесi шиеленiстi, бұл 1916 жылғы қозғалыстың негiзгi себебi едi. Қозғалыстың 1916 ж күзде бұрық етуiне патшаның Маусым жарлығы себепшi болды. Бұл жарлық бойынша үкiмет қазақ және басқадай бұратана халықтардан соғысып жатқан /бiрiншi дүние жүзiлiк соғыста/ орыс армиясының жағдайын жеңiлдету үшiн тылдағы қара жұмысқа /окоп қазу, жүк тасу т.б./. 19-43 жастағы азаматтарды алмақ болды. Бұл бiр жағынан Ресейдiң азаматтарымен бiрдей қолына қару берiп майданға жiбермегенi бұратана халықтардың намысына тидi. Ресейдiң отаршылдығына қарсы көп жыл күрескен қазақтардың қолына қару беруге патша үкiметi қорықты. Екiншi жағынан жастар тылдағы жұмысқа барғысы келмедi. Болыстарда тылдағы жұмысқа баратындардың тiзiмiн жасағанда әдiлетсiздiк орын алды, ауқатты адамдарының балалары пара беру арқылы тiзiмге iлiкпедi, тiзiмге көпшiлiгiнде қарапайым қазақ iлiндi.

Көтерiлiс Жетiсу, Сырдария, Маңғыстау, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын қамтыды. Көтерiлiстi қазақтың интеллигенöия өкiлдерi басқарды. Жетiсуда көтерiлiске Тоқаш Бокин, Бекболат Әшкеев, Сыр бойында Тұрар Рысқұлов, Торғайда Амангелдi Иманов, Әлiби Жангельдин, Семейде Сәкен Сейфуллин т.б. басқарған.

Көтерiлiске қатысушылар сарбаз жинап болыстардың ауылдарына шабуыл жасап ондағы қара жұмысқа шақырылған азаматтардың тiзiмiн, салық кiтапшаларын тауып алып өртеп жiберiп отырды. Кей жерде халыққа жексұрын болған болыстар, хатшыларды өлтiрдi, патша үкiметi жұмсаған жазалаушы отрядтармен соғысты.

Жетісу және Торғай облыстарындағы көтерілістер. Көтерілістің болған аудандарының бірі Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы июльдің ал ғашқы күндерінде Жаркент-Тараншы болысының Городское селосындағы тылдағы жұмыстарға «реквизицияланатындардың» тізімдерін жасауға қарсылық көрсеткен қазақтардың бас көтеруімен басталды. Осы уақыттан бастап барлық болыстардан Жетісу облысының әскери-губернаторының атына қазақтардың патша укзын орындаудан бас тартқаны туралы мєлімдемелер түсіп жатты.

Қазақтардың, ұйғырлар мен дүнгендердің кедей бөлігі «реквизициялау» туралы указға бағынудан бас тартты. 11 июльде Жаркент уезіндегі Иванов болысының тұрғындары болысты және басқа қызмет адамдарын ұстап алды. Дєл сол күні Нарынкөл учаскелік бастығы үйінің алдына бір мыңға тарта қазақтар жинаып, олардың өкілдері мобилизацияға адам бермейміз, адам жинауға көмектесіп жүргендердің бєрін өлтіре отырып, бір адам қалғанша өлуге єзірміз деп мєлімдеді.

1916 жылғы 7 және 8 шілдеде Верныйдан шамамен 40 километрдей Үшқоныр деген жерде төңіректегі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сьезге жиналып, онда «реквизицияға» көзқарас туралы мєселе қаралды. Жігіттер әскерге берілмесін, жұрт таудан төмен тұспесін, єкімшілік тарапынан күштеу шаралары қолданылған ретте телеграф бұзылсын, »реквизицияланатын» адамдардың тізімдері жойылсын деген шешім қабылданды. Көтеріліс болған жағдайда сьезге қатысушыларға бақандарын єзір ұстап, єрбір киіз үй босағасында шешім «бата» оқумен бекітілді.

10 шілдеде Ұзынағаш болысының Үлкенсаз деген жерінде де дєл осындай, бірақ құрамы жөнінен көп адам қатысқан сьезд болып, оған Жетісудың он бір болысынан 5 мыңнан астам адам қатынасты.сьезге қатысушылар да «оқтың астына барғанша осында өлген артық»деген қаулы қабылдады.

Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген болыстарында жаппай бас көтерулер болды; Лепсі уезінің солтүстік және шығыс болыстарында, Қапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды.

1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса станциясы маңында біріккен бас көтеру басталды. Көтеріліс бұл жерден Тоқмақ маңына ауысты. Верный – Қордай жолының бойындағы барлық почта станциялары өртелді.

Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі қазақтың демократияшыл интеллегенциясының өкілі Тоқаш Бокин болды. Ол қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, дүнгендер арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті; соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді,ұстем феодал-байлар тобының сатқындық рөлін єшкерлеп,патша указын орындамауға шақырды. Ол халықтың қарулы күресін езгіден азаттық алудың бірден – бір жолы деп есептеді.

1916 жылғы августың бас кезінде революциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Февраль революциясының жеңісіне дейін отырды.

Көтерілісшілерге қарсы артиллериямен, пулеметтермен жарақтандырылып, арнайы жасақталған жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзету күшейтілді, әскери –далалық соттар ұйымдастырылды .Түркістан өлкесінің басқа облыстарынан Жетісу облысына ұш әскери жасақ, жеті атқыштар ротасы, қазақтардың бес жүздігі және екі пулемет командасы бар екі қазақ полкі жіберілді.

Көтерілісшілерге қарсы әскерлер жіберілгеніне, ауылдар мен қалаларда «күдіктілердің» бєрін жаппай тұтқынға алуға, ал әскери- дала соттарының өлім жазасына кескен үкімдер шығырғанына қарамастан,патша єкімшілігі көтерілісшілердің жауынгерлік рухын жасыта алмады. Көтерілісшілер қорғанып қана қоймай, шабуылға да шығып жүрді. Алайда олар саны көп және техникалық жағынан басым қарсыласын жеңе алмады.

Көтеріліс басшыларының кейбіреулері ғана жасырынып қала алды. Неғұрлым табанды қарсылық көрсеткен ауылдар күйзелді, олардың малын айдап єкетіп, мүлкін талан-таражға салды.

Торғай облысындағы көтеріліс. Ең бұқаралық ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Барлық жерлердегіде көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25і шілдедегі указ болатын. Торғай облысының әскери губернаторы М.М. Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыстарын ойрандады, болыстарды өлтірді.Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Єкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді.

Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен – ақ айқын көрінді.Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоныр руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. Аманкелді Имановты жақтаушылардың қатары күннен – күнге өсе берді.оған Торғай облысындағы жақын жатқан Қостанай, Ырғыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты .

1916 жылғы октябрьге қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20 – ға жуық көтерілісшілер отряды болды. Олардың кейбіреулерінде 2-3 мың адам болатын. Торғайдың көтерілісші отрядтары 3 топқа бірікті.Торғайдың солтүстігіне таман жатқан бірінші топ наурызым және Сарықопа болыстарының шаруаларынан құралды; Торғайдан батысқа таман орналасқан екінші топқа Тосын және Шұбалаң болыстарының отрядтары кірді; Торғайдан шығысқа қарай жатқан үшінші топқа Қайдауыл, Аққұм, Қараторғай және Қарақоға болыстарының отрядтары кірді.

Торғайдағы көтеріліс ошағына басқа көтерілістерден өзгеше көтерілісшілер отрядтары арасында ұдайы байланыс болды, қару-жарақ жасау ісі жолға қойылып, отрядтар байлардан тартып алынған мал есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етілді, патша жазалаушыларына қарсы біршама жоспарлы операциялар жүргізілді.

13 октябрьде Ырғыз уезіндегі Қызылжар болысының көтерілісшілері Жаманқұм деген жерде патша әскерлеріне көмекке жіберілген байлардың отрядын талқандады.17 октябрьде Ақтөбе уезінің көтерілісшілері Қарабұтақ селосын қоршап алды; келесі күні 2500 адамнан құралған көтерілісшілер отряды көжекөл көлінің маңында (Ырғыздан 70 км) жерде жазалаушылар отрядына шабуыл жасап, табанды ұрыстан кейін патша әскерлерін шегінуге мєжбүр етті.21 октябрьде 4 мың көтерілісші Татыр көлі маңында қазақ жүздігімен және полиция отрядымен шайқасқа түсті. Көтерілісілермен қақтығысуларда жазаалушылар өлгені, жараланғаны бар көптеген адамдарынан айрылып, Торғай қаласына єрең жетті.

23 октябрьде Аманкелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршап алды. Қазан әскери округінің командашасы әскери министрге «Торғай және ырғыз уезіндеріндегі жағдай жедел нашарлай түсуде. Торғаймен арадағы байланыс ғана емес, қатынас атулының бєрі үзілді… Торғай қоршалды, Ырғыз қоршалып жатыр» деп телеграмма жіберді.

Көтерілісшілер партизандық күрес єдістерін кеңінен пайдаланды. 22 қарашада Ырғыз уезіндегі Ұлпан станциясында 4 мың көтерілісші есауыл Фроловтың отрядымен соқтығысып қалды. Хабарламада «қырғыздар әскери сап құрып коонналар сатыланып алды да, лап беріп шабуыл жасады; тынығу кезінде 25 шақырымға дейінгі жерге шолғыншылар мен тосқауылдар жіберіп қорғанады»деп көрсетілген. Соғыс қақтығыстары сондай-ақ 21-23 ноябрьде Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарында да болды.

Қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Аманкелді Иманов өз отрядтарын жазалаушы отрядтардың жетуі қиын жерлерге жинақтады. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен және жеммен қамтамасыз етті, жертөлелер салып,кигіз үйлер тікті.1917 жылдың басынан бастап А.Иманов күресті қайта бастамакшы болды.

Қазақстанның басқа облыстарында көтеріліс 1916 жылдың аяғына қарай басып-жаншылған болса, Торғай облысында біршама жақсы ұйымдастырылуының арқасында ол 1917 жылы да жалғасып, Февраль буржуазиялық- демократиялық революциясына ұласты.

3. Сырдария, Ақмола, Семей, Орал облыстарындағы және Бөкей ордасындағы халық толқулары.

Сырдария облысында бұқаралық бас көтерулер «бұратана» халықты тылдағы жұмыстарға күштеп тарту туралы патша указы алынысымен іле басталған еді.

Көтерілісшілер феодал-байлар єкімшілігінің өкілдерін жазалады, болыстардың мал-мүлкін құртты, полициямен және патша әскерлерімен соқтығысты. Түркістан генерал-губернаторыының пашаға жіберген рапортында облыс аудандарындағы «тєртіпсіздіктер байырғы єкімшілік шендерінің тылдағы жұмысқа алынатын жұмысшылыардың тізімдерін жасауына қарсылық көрсетілуінен көрінді, соның өзінде байырғы єкімшіліктің шенді алты адамы өлтірілді » делінді.

1916 жылғы тамыздың бас кезіне қарай көтеріліс Сырдария облысының барлық уездерін қамтыды. Көтерілісшілер уезд орталықтарына таяу жерлерге жиналып, қазақ жүздіктеріне шабуыл жасап отырды.

Әулиеата уезінің жекелеген аудандарында (атап айытқанда, Мерке маңында) феодалдық-клерикалдық элементтер қозғалысқа басшылықты уақытша өз қолдарына түсіріп алды.

Патша указы шыққанын білгенен кейін Қазалы уезіндегі Тоқмақ аралының қазақтары жұмысты тастады. Олар топ-топ болып жиналып, тойтарыс беруге єзірленді. Әулиеата уезінің Алматы, Арғын, Аспара, Ашын және Ботамойнақ- Аомалы болыстарындағы және Шымкент уезінің Ақсу, Қаракөл болыстарындағы көтерілс неғұрлым ұзаққа созылды.

1916 жылғы қыркұйектің аяқ шенінде Сырдария облысындағы көтеріліс аяусыз басып-жаншылды. Жекелеген ауылдар патша өкіметі орындарына бағынбай, Торғай облысына көшіп барып, мұнда Аманкелді Иманов көтерілісшілерінің қатарына қосылды.

Патша указы туралы хабар Семейге 1916 жылғы 28 июньде, Ақмолаға – 29 июньде жетті. «Ақ патшаның жарлығы» жарияланысымен-ақ ¤скемен уезінде толқулар басталды, ол кейін зайсан, Қарқаралы және Семей уездеріне, Ақмола және Атбасар уездеріне, Бийск уезінің Қосағаш болысына тарады. Көтерілісшілер көбінесе найзамен, сойылмен қаруланды, мылтықтары да болды. Қазақстанның басқа да облыстарындағы сияқты Ақмола және Семей облыстарында көтерілістің мобилизацияға ашық қарсылық білдіру сипаты анық болды.

Ақмола облысында көтерілісшілер негізінен Қорғалжын көлінің маңына жиналды. Мұнда Ақмола уезінің сегіз болысының өкіддері жиналды. Оларға Атбасар уезінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі бес болыстың көтерілісшілері қоысылды. Саны және қарулануы жөнінен бұл топ Ақмола облысындағы ең күшті топ болды; көптеген болыстарды басқару осы топтың қолына көшті. Ақмола уезінің басқа болыстарында 2-3 және одан да көп бролыстардың көтерілісшілері бір жерге жиналды, 22 июльде Петропавл, Ильинск, Смайыл, Менгісері және басқа болыстарда тєртіпсіздіктер басталды.

Көтеріліске қазақ жұмысшыларыда белсене қатынасты. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы ұрыстарға 12 атты әскер жүздігі, күшейтілген 11 жаяу әскер ротасы қимыл жасады. 1916 жылғы сентябрь-октябрьде Зайсан, ¤скемен, Қарқаралы, Ақмола және Атбасар уездерінде ерекшк күшті соқтығысулар болды. Павлодар уезінде жазалаушылар отрядына қарсы көтерілісшілердің шайқастары 21 сентябрьден 3 октябрьге де-йін Алабас деген жерде жүргізілді.Қаражар маңында және басқа жерлерде ірі-ірі қарулы соқтығыстар болды.

1916 жылғы 26 қыркүйекте Көкшетау уезіндегі Қожас деген жердің маңында қаруланған жігіттер қыр ішіне көшіп кеткен ауылдардың соңына түскен қазақ отрядына шабуыл жасады.27 сентябрьде Ақмола уезінің қоржынкөл болысында соқтығыс болды. 3-4 октябрьде Ақмола уезінің Айнабұлақ деген жерінде найзалармен және балталармен қаруланған көтерілісші шаруалар жазалаушы отрядқа екі рет шабуыл жасады. 8 октябрьде Алексеевка селосының (Ақмола уезі) маңында єлгіні көтерілісші отряд табанды шайқастан кейін жазалаушыларды шегінуге мєжбүр етті. 29 октябрьде Атбасар уезіндегі Қыпшақ қыстағының маңында 1 мыңнан астам көтерілісшілер неғұрлым қауіпсіз жерге көшіп бара жатқан ауылдардың ізіне түскен патша әскерлерін бірнеше сағат бойы тоқтатып тұрды.

Көтерілісшілердің жаппай ерлігіне қарамастан, жақсы қаруланған патша әскерлері 1916 жылғы октябрьдің аяғына қарай Семей және Ақмола облыстарында олардың қарсылығын баса алды. Көтерілісті басып-жаншудың қиын болмакған бір себебі, көтерілісшілер көбінесе бөлек-бөлек єрекет жасады, отрядтардың арасында байланыс болмады.

Ақмола және Атбасар уездеріндегі көтерілісшілер топтары Торғай уезіне барып, Аманкелді Имановтың отрядтарына қосылды, олардың кейбіреулері 1917 жылға дейін Атбасар көмір кендері маңында қимыл жасады. 1917 жылғы 15 февральде әскери министрьдің көмекшісі Фролов Омбы әскери округі әскерлерінің командашысына жіберген телеграммасында Атбасар көмір кендері маңындағы толқулар Торғай облысындағы көтерілісті басып-жаншуды қиындатқанын атап көрсетіп, көтерілісшілер отрядтарын біржола талқандау үшін көмек көрсетуді талап етті. Алайда жазалаушылар Атбасар уезінің көтерілісшілерін 1917 жылғы ақпанға дейін түгел талқандай алмады.

Ақмола және Семей облыстарындағы көтеріліс басып-жаншылғанымен, халықтың күресі жалғаса берді. Қуғын-сүргінге қарамастан, шақыру жасындағы адамдар шақыру пунктеріне келуден жалтарды. Семей облысы бойынша 5 ноябрьге дейін мобилизациялануға тиісті 85479 қазақтың 50479 – ы шақыру пунктеріне келмеді. Ақмола облысындағы жағдай да осындай болды.

Шілде-тамыз айларында Орал облысы мен Бөкей ордасында еңбекшілердің бұқаралық бас көтерулері болды. Орал облысындағы көтерілістің басталуына Шынғырлау болысындағы нөмірі 5 ауылда болған оқиғалар себепші болды. 8 шілдеде бұл ауылдың қазақтары болыстан тылдағы жұмытарға мобилизацияланатын адамдардың тізімін беруді талап етті, бірақ болыс олардың талабын оындаудан бас тартып, «дүрліктірушілерге »қарсы қарулы күш қолданамын деп қорқытты. Осыдан кейін келген жұрт болысқа тап беріп, өзін және оның писарін өлтірді.Бұл оқиғалар Орал облысының балық болыстарына тарап кетті.

Жер-жердің бєрінде жаппай толқулар басталды. Көтерілісшілер мобилизациялануға тиісті адамдардың тізімдерін жою үшін болыс басқармаларына шабуыл жасады. 4 июльде Ілбешін уезінде шоқпармен, мылтықпен қаруланған 1 мың адам көтерілісшілер отрядын құрды.көтерілісшілер телеграфтың жұмысын бұзды.

Орал облысындағы қозғалыс ұйымдасу жағынан әлсіз әрі жергілікті сипатта болды. 1916 жылғы қыркүйек бас кезінде мұндағы қозғалыс басып-жаншылды,сонда да қазақтар шақыру пункттеріне келмеді.

Бөкей ордасында, Темір және Гурьев уездерінде қозғалыс 1916 жылғы июльдің орта шенінде патша укзына қарсы наразылықтан басталып, жазалаушы отрядтарға қарсы күрес қарулы соқтығыстарға ұласты.қозғалыс єсіресе Темірде бұқаралық сипат алды.

1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. Көтерілісшілер дүние жүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Россиядағы жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеуі жағдайында өтті.

Көтерілістің бірынғай басшылығы және бірынғай ұйымдастырушы орталығы болмаса да, бір өңірде болып жатқан оқиғалар басқа өңірлерге ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды.

Көптеген аудандарда көтерілістің антифеодалдық сипаты болды. Алайда көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда пролетарлық басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді.1916 жылғы көтеріліс қазақтың еңбекші бұқарасының таптық сана-сезімін арттыруда зор рөль атқарды, патшаның малайлары ретінде феодалдық-рулық жоғарғы топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп, буржуазияшыл ұлтшылдардың сатқындық рөлін єшкереледі, ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.

Көтерілістің тәжірибесі қазақ шаруаларын орыс жұмысшы табымен одақтасқанда ғана, оның көмегімен және басшылығымен ғана ұлттық және єлеуметтік азаттыққа жетуге болатынын үйретті.

Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы Россия империализімінің жалпы дағдарысының бір көрінісі. Бұл қозғалыс Россиядағы азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласып, пролетарияттың социалистік қозғалысының бір резерві болды

Торғайдағы қозғалыс 1917 жылғы ақпан революциясымен ұласты. Патша тақтан құлаған соң оның орнына келген Уақытша үкiмет қазақ жерiнен жазалаушы отрядтарды керi әкетуге мәжбүр болды.

Тылдағы жұмысқа баруға қарсы болған қазақ жастарының мақсаты негiзiнен орындалды. Тiзiмге iлiнген 400 мыңдай қазақтардың 150 мыңы тылдағы жұмысқа барып қайтты.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуына басты әсер етткен не?

  2. 1905-1907 жж.Орыс революциясы Қазақстанға қалай әсер етті?

  3. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыстың қанша ошағы болды?

  4. А.Имановтың бас штабы қай жерде орналасты?

  5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басу үшін патша үкіметі кімнің басшылығында әскер жіберді?

Әдебиет тер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1994

  2. Әбдіәкімұлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997

  3. Тєнекеев С. 1916ж. ереуілтөбе єсерлері. А., 1994

  4. Қаћарлы 1916 жыл. А., 1998

21 лекция

Тақырып: 1917 жылғы Қазақстан

Жоспары:

1. Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция, оның Қазақстанға ықпалы.

2. 1917 ж. көктемі мен жазындағы саяси партиялар мен ағымдар

3. «Алаш» қозғалысы және партиясы

1. Ресейдегі буржуазиялық демократиялық революция оның Қазақстанға ықпалы:1905 жылғы революция жеңiлiске ұшырап революцияның алдында тұрған мақсаты -патша үкiметiн құлату мақсаты жүзеге аспады. Сондықтан Ресейде екiншi революция жасау қажет болды. Бұл революция 1917 жылы ақпан айында жасалды. Бұл революция да алдыңғы революция сияқты бұржуазиялық-демократиялық сипатта болды, революцияны буржуазия бастады, қозғаушы күшi жұмысшылар, мақсаты патша үкiметiн құлату.

Революция жеңiске жеттi. Патша тақтан түстi. Ресейде қос үкiмет орнады. Уақытша үкiмет деп аталатын үкiмет буржуазияның диктатурасы. Сонымен қатар Кеңес үкiметi орнады. Ресейдiң орталығында, барлық облыстарда, уездерде, қалаларда қос үкiмет орнады. Революцияны буржуазия бастап жұмысшылар оның қозғаушы күшi болғандықтан революцияның нәтижесiн бұл екi тап бөлiсiп, осы себептен қос үкiмет орнады.

Революцияның нәтижесiн революцияға қатысқан партиялар түрлiше бағалады. Буржуазия партиясы -кадет революция аяқталды, Ресей капитализм жолына түсiп дамиды деп есептедi. Революцияға қатысқан екiншi партия-социал-демократтар /кейiн большевиктер, коммунистер/ революция аяқталған жоқ, бiз жарты жолға тоқтамаймыз, буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистiк революцияға ұластырамыз деп есептедi. Осы мақсатпен олар «үкiмет билiгi кеңестерге» деген ұран көтердi. Мүның мәнi барлық жерде кеңес үкiметiн нығайту арқылы Уақытша үкiметтi құлатып, билiктi Кеңес үкiметiне өткеру арқылы социалистiк революцияны жеңiске жеткiзу едi. Коммунистердiң бұл үмiтi iске аспады, сондықтан олар шiлде айынан бастап, қарулы көтерiлiске дайындалды.

Ақпан революциясы Қазақстанға да әсер еттi. Патша тақтан құлап қазақ халқы тәуелсiздiкке қол жеткiземiз деп үмiттендi. Қазақстанның барлық жерлерiнде қос үкiмет орнады.

Ресейде социалистiк революцияны бейбiт жолмен, яғни барлық жерлерде Кеңес үкiметiн нығайтып, уақытша үкiметтi құлату арқылы жеңiске жеткiзбекшi болған коммунистердiң үмiтi аяқталмаған соң олар қарулы көтерiлiске дайындалды. Қарулы көтерiлiстiң уақыты жеттi деп есептеген коммунистер жұмысшыларды қаруландырып 1917 жылы қазан айының ақырында қарулы көтерiлiстi бастап Уақытша үкiметтi тұтқындады. Ресейдiң барлық жерлерiнде Уақытша үкiмет құлады. Петербургте Ленин бастаған Кеңес үкiметi билiк басына келдi. Жергiлiктi жерлерде де осылай болды. Кеңес дәуiрiнде қазан оқиғасының маңызын өте жоғары бағалады. Қазан оқиғасы Ресейдi социализм жолына түсiрдi, дүние жүзi халықтарына капитализмнен социализмге өтетiн жаңа дәуiр ашқан өлы Қазан революциясы деген қорытынды жасалды.

Ал шын мәнiсiнде қазан оқиғасы революциялық сипатта емес, табиғи заңдылық негiзiнде үкiмет басына келген буржуазияның үкiметiн құлатып үкiмет билiгiн коммунистер тартып алды. Ресейдi табиғи даму жолынан тайдырып социализм жолына түсiрдi. Сондықтан қазан оқиғасын ғалымдар бүгiнгi таңда мемлекеттiк төңкерiс деп сипаттайды.

Қазан төңкерiсi Қазақстанға да әсер еттi. Қазақстанның барлық жерлерiнде уақытша үкiмет құлап кеңес үкiметi орнап жатты. Қазан төңкерiсiнiң нәтижесiнде Қазақстан социализм жолына түстi деп есептелдi. Бiрақ Қазақстанда орнаған социализм халыққа оң нәтижесiн бермедi.

3. 1917 жылы шiлде айында Орынбор қаласында өткен бүкiлқазақтық I съезден Алаш партиясы құрылды, ал 1917 жылы желтоқсанда Алашорда атты үкiмет құрылды. Мiне осы екi оқиғаны бiрiктiрiп Алаш қозғалысы деп атаймыз.

Алаш партиясының құрылғанын жариялаған соң Алаш қайраткерлерi партияның бағдарламасын жасап оны партияның органы ²Қазақ² газетiнде жариялайды. Бағдарламаны бүкiл халық болып талқылап 1917 жылы желтоқсанда болған партияның II съезiнде бекiтедi. Партия бағдарламасы 10 баптан тұрады. Бiрiншi бапта қазақ елiнiң тәуелсiздiгi туралы мәселе сөз болады. Алаш қайраткерлерiнiң ойынша Ресейде буржуазия үкiмет басына келiп буржуазиялық-демократиялық федеративтiк республика орнайды да Қазақстан автономиялы республика ретiнде Ресейдiң құрамына кiредi, сөйтiп қазақ халқының тәуелсiздiгi туралы мәселе шешiлердi деп есептедi. Қазақтың автономиялы республикасы 1917 жылы құрылған Алашорда үкiметi едi. Бiрақ оқиғаның алдағы барысы басқаша болды. Ресейде үкiмет басына буржуазия емес, жұмысшы табы /коммунистер басқарған/ келдi де Алаш қайраткерлерiнiң бұл үмiтi ақталмады. Бағдарламаның басқа баптарында бiлiм, жер және т.б. мәселелер көрiнiс тапты. Қазақстанда ана тiлiнде, ақысыз бiлiм беретiн орта мектептер, университет болатыны, жер жеке меншiкке берiлмейтiнi айтылды. Алаш партиясы жарғысы, мүшелерi, орталық және жергiлiктi органдары, баспа органы бар әдеттегi саяси партия болды. Алаш партиясын ғалымдар ұлттық-демократиялық сипаттағы партия деп есептейдi.

1917 жылы желтоқсанда болған Алаш партиясының екiншi съезі Алашорда үкiметiн орнатады. үкiмет басқармалары 25 адамнан құралады деп есептеп басқарма мүшенiң он орнын қазақтарға, қалғанын Қазақстанды мекендеген басқа ұлт өкiлдерiне бередi. Алашорда үкiметiнiң төрағасына Әлихан Бөкейханов сайланады.

Алаш партиясы мен Алашорда үкiметiнiң басшы қайраткерлерi Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, А.Ермеков, М.Шоқаев, С.Асфандияров, Ж.Досмухамедовтар және тағы басқалар болды.

Алаш партиясы орнаған соң ұзамай Қазақстан азамат соғысы жағдайында болғандықтан саяси, әлеуметтiк-экономикалық салада ауыз толтырып айтарлықтай шараларды жүзеге асыра алмады. Алаш қозғалысының барлық iс әрекетi Алашорда үкiметi арқылы жүргiзілдi.

Алаш партиясының II съезiнiң қаулысына сай Алашорда үкiметi милиция түрiнде өзiнiң қарулы күшiн құрды. Алаш қайраткерлерi қазан төңкерiсiн, оның нәтижесiнде дүниеге келген кеңес үкiметiн мойындамады. Осыдан келiп кеңес үкiметiне қарсы күресу туралы шешiм туындайды. Азамат соғысы жылдарында Алашорда үкiметi өзiнiң қарулы күшiмен ақтарды қолдап, кеңес үкiметiне қарсы күреседi. Бұл жағдай кеңес үкiметiнiң Алаш қозғалысына қарсы әрекет жасауына әкеп соғады. 1919 жылы Кеңес үкiметi Алаш партиясын таратып, Алашорда үкiметiн құлату туралы шешiм қабылдайды.

Кеңес үкiметi кезiнде Алаш қайраткерлерiне бұржуазияшыл-ұлтшылдар, контрреволюционерлер, шет ел тыңшысы деген жала жабылып қуғын-сүргiнге ұшырайды, сотталады, ақыры 1937 жылғы жаппай қуғын сүргiн кезiнде олардың көпшiлiгi атылады.

Кеңес үкiметi, коммунистiк идеология, қазақ халқының болашағы туралы мәселеде қазақ интеллигенциясы екi топқа бөлiндi. Коммунистiк идеологияға қарама-қайшы бағыт ұстағандар Алаш қозғалысының маңына топтасты да, Кеңес үкiметiн, коммунистiк идеологияны жақтаушылар үш жүз социалистiк партияның маңына топтасты. Қазақ интеллигенциясының басым көпшiлiгi, неғұрлым зиялылары Алаш идеясына ден қойды.

үш жүз социялистік партиясы да Алашпен бiр деңгейде, 1917 жылы желтоқсанда құрылды. Бұл партия өз көзқарасын өзiнiң органы «үш жүз» газетi мен жергiлiктi коммунистiк бағыттағы газеттер арқылы жария етiп отырды. Партияның басшысы М.Айтпенов, оның орынбасары К.Тоғысов болды.

Партия өз бағдарламасын жариялады. Бағдарламада қазақ халқы өзiнiң автономиялық мемлекетiн құрып Түркiстан федерациясының құрамына кiредi де, ол Ресейдiң қарамағында болады, осындай жолмен қазақ халқының тәуелсiздiкке қолы жетедi деп есептедi. үш жүздiктер өзiнiң бағдарламасы, көзқарасы жөнiннен әуелi солшыл эссерлерге жақын болады да, соңынан коммунистердiң бағдарына көштi. Партия бес-ақ ай өмiр сүрдi. Партия басшыларының арасындағы ауыз бiрлiксiздiк, партиялық мансапқа таласушылық бұл партияның ыдырауына әкеп соқты. Өзi өмiр сүрген 5 айдың iшiнде үш жүз партиясы Алаш партиясына қарсы ымырасыз күрес жүргiздi. Сондай-ақ кеңес үкiметiн, оның жүзеге асырып жатқан шараларын қолдауға өзiнiң барлық iс-әрекетiн бағыттап отырды.