Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістемелік схема.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.51 Кб
Скачать

V. Жаңа білімді меңгеру кезеңі:

Оқу – тәрбиелік міндеттері. Факт, құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, құралдарды оқуға үйретіп, білім негізінде, оған сәйкес келетін іскерлік және дағдыларға машықтандыру.

Оқушылардың өздеріне, басқа адамдарға, топ ұжымына, еңбекке, Отанға деген оң қатынасын қалыптастыру.

Бұл кезең дамыта оқыту принциптерін сәйкес жобаланады және жүзеге асырылады.

Кезеңнің мазмұны:

  • Зейінді ұйымдастыру;

  • Оқытушының жаңа оқу материалын оқушылардың қабылдауы, түсінуін, жүйелеуін ұйымдастыруы;

  • Жаңа материалды оқушының өзі оқып – үйреніп, меңгеретін іс- әрекетке баулу. Жақсы оқуға көмектесетін іскерлік пен дағдыларға машықтандыру;

  • Оқыту процесінің негізгі қызметкері (субъектісі), өзінің оқуына, сөзі мен ісіне бірден- бір жауапты адам оқушы болатын жағдаяттарды жасау.

  • Бұл кезеңдегі оқыту мәні оқу материалын оқытушыларының басшылығымен оқушының өнімді әдіс – тәсілдер арқылы меңгеруі екенін есте ұстау керек. Өмір оқушылардың білімді өз күштерімен алуын талап етіп отыр.

Жақсы нәтижелерге жеткізетін жағдайлар:

● Оқушылардың сезім арқылы қалыптасқан тәжірибесін және білімдерін сабақтың мақсатына сай естеріне түсіру;

● Оушылардың ой жұмысын белсенді ететін түрлі әдістерді кең түрде қолдану, оларды ізденіс жұмыстарына қатыстыру, өздігінен білім алуға үйрететін тәсілдерді пайдалану. Балалардың жаңа материалды мүмкіндігінше шығармашылық тәсілдермен меңгеруі;

● Оқу процесінде құрамы өзгеріп отыратын, екі оқушыдан тұратын, бір-бірімен қарым –қатынасты диалог әдісімен жасайтын жұп құру;

● Осы кезеңде оқытушының педогогикалық шеберлігі, білімі, ой-өрісі көрінетінін есте сақтаңыз;

● Кезеңнің оқу - тәрбие міндеттерінің орындалғаны туралы туралы хабар беретін көрсеткіштері;

● Егер оқытушы әңгіме, дәрістерді, түсіндіруде оқушылардың өздік жұмысы әдісін қолданса, онда дидактикалық міндеттерді орындаудың өлшемі сабақтың келесі кезеңдердегі оқушылардың жауаптарының сапасы;

● Эвристикалық әңгіме, оқушылардың өздік жұмысы, әңгімелесу әдістерін қолданғанда, компьютерлермен және оқулықтармен жұмыс істегенде, оқушылардың жаңа білім, іскерліктерді меңгергендігін, олардың жауаптары мен іс-әрекетінің дұрыстығынан, сабақтың қорытындыларын шығаруға белсене қатысуларынан көреміз.

IV. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

Кезеңнің оқу- тәрбиелік міндеттерді.

Материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында оқылған материалды оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау. Керекті іскерлік пен дағдыларға машықтандыру.

Кезеңнің мазмұны:

  • Жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту;

  • Кезекті білімді тексеру кезінде оқушының тақырыпты оқыту әдістемесін және жауап беру тәсілдерін жетілдіру;

  • Оқушылардың меңгерген білімдерін бекітумен қатар, олардың жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру;

  • Жаңа оқу материалын тәжірибеде шығармашылықпен қолдану арқылы бекіту;

  • Білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптасатыру.

Оқушылардың біліміндегі формализммен қайталанумен күресудің маңызды жолы – материалын терең түсіну, оқушыларды оқу материалдардың бір-бірінен айырмашылықтарын және өзара байланысты қарауға, қатар қоюға және салыстыруға үйрету, тәуелділіктерді анықтау, ой жұмысын, қиялын дамыту. Оқушы материалды терең түсінгенде ғана жадында жақсы сақталады. Оқыған материалды бекіту-өте маңызды жұмыс.