Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1530.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.32 Кб
Скачать

Кәсіпорын экономикасы

1. Нарықтық ортаның негізгі құраушысы: A) ассортимент B) сұраныс C) шығындар D) баға E) ұсыныс

2. Бюджет саясатында пайдаланылатын негізгі түсініктер: A) Өнімнің сапасы B) Еңбекті қорғау C) Сату рентабельділігі D) Бюджеттік шығындар E) Өзіндік құн F) Түсімдер G) Салықтық түсімдер

3. Кәсіпкерлік қызметінің негізгі түрлері: A) Әлеуметтік B) Коммерциялық C) Валюталық D) Қаржылық E) Мемлекеттік F) Әкімшілік G) Өндірістік

4. Шағын кәсіпкерлік субъектісі бола алады: A) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік B) Концерн C) Ассоциация D) Холдинг E) Қосымша жауапкершілігі бар шектеулі серіктестік

5. Өндірістің экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: A) Еңбек өнімділігі, материал сыйымдылығы B) Кірістің ішкі мөлшерлемесі (IRR), таза келтіру құн (NPV), келтірінді шығын индексі (PVI) C) Еңбекақы қоры, зиянсыздық нормасы D) Кірістердің болашақтағы құны, ағымдағы құн E) Дисконттау және қарыздану коэфициенттері

6. Кәсіпорын шығындарының түрлері: A) Айналым капиталы B) Корпорациялық шығындар C) Қарапайым шығындар D) Өзгерілмелі шығындар E) Тұрақты шығындар F) Шекті шығындар

7. Амортизацияны есептеу әдістері: A) Ингералдық әдіс B) Бір қалыпты әдіс C) Трендік әдіс D) Салыстыру әдісі E) Қалдық құнын азайту әдісі F) Индекстік әдіс G) Қалпына келтіру әдісі

8. Өндірістік шикізаттардың топтары: A) Минерал тектес және жасанды шикізат B) Жанама C) Сарқылатын D) Сарқылмайтын E) Пассивті F) Жасанды шикізат G) Минерал тектес шикізат

9. Нормаланатын айналым құралдары: A) Өндірістік қосалқы қорларын нормалау, бітпеген өндірісті нормалау және дайын өнім қорын нормалау қосындылары арқылы анықталады

B) Негізгі қорлардың кеңейтілген ұдайы өндірісін жоспарлау

C) Айналым құралдарының нормасы мен нормативті арқылы анықталады

D) Күніне шығарылған өнім мен қордың көлемін анықтайды және бірнеше жылға есептеледі

E) Айналым құралдарын интенсивті пайдалану көрсеткіші

10. Тізімдік құрамға енгізілетіндер: A) Жұмсытан шығарылғандар B) Өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген студенттер C) Кәсіпорын қаражаты есебінен біліктілікті арттыру курсында оқитындар D) Нақты жұмыс істейтіндер E) Жүктілігі бойынша демалыс алғандар

11. Негізгі қорлардың бастапқы-құны A) Негізгі капиталдың қалдық құны B) Негізгі капиталдың амортизациялық құны C) Негізгі капиталдың қалпына келтіру құны D) Негізгі капиталдың теңдестік құны E) Негізгі қорларды, сатып алуға, орнатуға кеткен шығындар F) Негізгі қорларды жұмыс жағдайына жеткізгенге дейінгі барлық бастапқы шығындар

G) Негізгі қорларды тасымалдау шығындары

12. Айналым капиталының нормативтін есептеу әдістері: A) Салыстырмалы әдіс B) Тікелей есептеу әдісі C) Трендтік әдіс D) Табыстық әдіс E) Интегралдық әдіс

13. Жұмыс бастылықты мемлекеттік реттеу бағыттары: A) Кәсіби дайындық және уақытша жұмыс бастылықты қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу B) Еңбек өнімділігінің артуы бойынша тапсырманы анықтау C) Уақытша жұмыс бастылықты қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу D) Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың санын анықтау E) Жұмсалған еңбектің деңгейін білу

14. Еңбекақының мотивациялық функциясы: A) Жұмысқа деген белсенділікті күшейтеді B) Еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді C) Өз жұмысын сапалы орындауға мүмкіндік бермейді D) Еңбекақы, сыйақы, бонустар, материалдық көмекті қажет етпейді E) Жұмысшынның жұмысқа деге ынтасын төмендетеді F) Еңбектің сапасын арттыруға ықпал етеді

15. Кесімді жалақы анықталады: A) Жұмыс уақытының көлеміне байланысты B) Нақты істелген жұмыс уақытына байланысты C) Еңбек жағдайына байланысты D) Нақты көрсетілген қызмет көлеміне байланысты E) Өндірілген өнім көлеміне байланысты F) Нақты атқарылған жұмыс көлеміне байланысты

16. Кәсіпорынды инновациялық қызметпен айналысуға итермелейтін ішкі себептер: A) Баға саясатын қалыптастыру B) Жаңа нарықтарға өту, нарықтағы үлесін кеңейту C) Сату көлемін арттыруға ұмтылу D) Салалық құрылымдық өзгерістер E) Салық деңгейін өзгерту F) Жарнама жасау

17. Портфельді инвестицияларды сипаты: A) Бағалы қағаздарды сатып алумен байланысты B) Кәсіпорынды модернизациялауға бағытталады C) Жаңа кәсіпорындарды салуға бағытталады D) Құнды қағаздарға салынады E) Кәсіпорынды қайта құруға бағытталады F) Ұзақ мерзімді активтерге салынады

18. Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар: A) Амортизациялық шығындары B) Өнімді өндіруге тікелей қатысқан өндіріс жұмыскерлеріне төленетін еңбекақы C) Толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе метал өңдеуші станокта жұмыс істейтін жұмыскердің еңбекақысы D) Ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс нысаны E) Өнімнің белгілі бір түрін өндіруге кеткен материалдық шығындар F) Белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы G) Өнімді өндіруге, жұмыстарды атқаруға және қызмет көрсетуге кеткен коммерциялық шығындар

19. Өзіндік құнның түрлері: A) Кезең шығындары B) Нормативтік өзіндік құн C) Шартты-тұрақты шығындар D) Есеп беру кезеңіндегі өзіндік құн E) Тұрақты шығындар F) Үстеме шығындар G) Өзгермелі шығындар

20. Жарнаманың негізгі функциялары: A) Тұтынушылық қасиеттермен ерекшеленетін өнімді бөліп көрсету B) Тұтынушының талабын орындауға ұмтылу C) Тұтынушының көңіл-күйін көтеру D) Бәсекеге қабілетті өнім шығаруды жоспарлау E) Сұранысты төмендету F) Тек осы тауар түріне ғана тән, жоғары спалы немесе төмен бағалы өнімді бөліп көрсету

G) Өнімді өткізуді шектеу

21. Кәсіпорынның баға саясатының элементі: A) Баға қалыптастыру әдістері B) Нарық механизмі C) Коммерциялық шығындар D) Ақаудан болған шығындар E) Сұраныс пен ұсыныс F) Шығындар

22. Кәсіпорын айналыста үнемі пайдаланатын тұрақты пассив құрамы: A) Жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбекақысы B) Жабдықтаушыларға құжаттары рәсімделмеген тауарлар бойынша берешек C) Жеке бизнесті қолдау үшін несиелік ресустарға мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыру D) Тамақтану өніміне және қажетті басқа тауарлар мен қызметтерге тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру E) Отандық тауар өндірушілер өнімін толық өткізумен қамтамасыз ету F) Шетел инвесторларының алдында мемлекеттік міндеттемені орындау

23. Рентабельділік көрсеткіші: A) Ағымдағы активтердің рентабельділігі B) Таза табыс C) Еңбек өнімділігі D) Жалпы табыс E) Активтердің рентабельділігі

24. Меншікті қаржы көзі: A) Тартылған қаржылар B) Жарғылық капитал C) Жарнама жасау D) Кеңес беру E) Несие F) Мемлекеттік субсидия

25. Стандарттау: A) Өндірістік процесс бойынша бақылауды ұйымдастыру B) Жабдықтаушы-сатып алушылар процестері C) Орындау үшін міндетті және ұсынылатын талаптары, нормаларды, ережелерді, сипаттамалар жасау және бекіту бойынша іс D) Тұтынушылардың қажеттілігін тиімді қанағаттындыру E) Өндіріс бойынша өнім өндіру мәселесін шешу F) Берілген көрсеткіштерге сәйкестігін анықтау және алынған нәтижелердің қойылатын талаптарға сай болуын, бұйым немесе қызметтің бір немесе бірнеше сипаттамаларын өлшеу экспертиза бойынша жүргізілетін шаралар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]