Экономикалық теория пәні бойынша сынақ аяқталды Макроэкономика
1.Негізгі макроэкономикалық үлгі: А) Курно үлгісі В)Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгісі С) IS-LM үлгісі D) Икемділік үлгісі Е) Нарықтық үлгі
2.Ағымдарға кірмейді: А) Ұлттық байлық В) Бір тоқсандағы ел экономикасындағы инвестиция С) Ағымдағы жыл ішіндегі өндірістің мөлшері D) Белгілі күндегі ақша сомасы Е) Мемлекеттік бюджет
3. Жабық экономикада: А) Таза экспорт импортқа тең В) Таза экспорт өседі С) Таза экспорт кемиді D) Жиынтық шығындар тұрақты Е) Өнімдер экспортталмайды
4. Жиынтық ұсыныс: А) Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы В) Баға деңгейі мен тауарлар мен қызметтерге жұмсаған жиынтық шығындардың арасындағы байланыс С) Экономикада өндірілген дайын тауарлар мен қызметтер мөлшерінің жалпы саны D) Баға мен өнім көлемі арасындағы кері байланысты білдіреді Е) Баға мен өнім көлемі арасындағы тікелей байланысты білдіреді F) Берілген баға деңгейі кезінде қоғам масштабында ұсынылған тауар және қызмет саны G) Мемлекеттік салық салу және мемлекеттік шығындарды бекіту процесі
5. Мемлекеттің тұрақтандыру саясатының мақсаты: А) Сілкініс салдарын реттеу В) Ақша эмиссиясы С) Жұмыссыздықты жою D) Сыртқы әлеммен байланыс Е) Табиғатты қорғау
6.Инвестиция: А) Қозғалмайтын мүлікті сатып алу В) Ағымдағы кезенде шығындалмаған шығынның бөлігі С) Ағымдағы кезеңде шығындалмаған табыстың бөлігі D) Өндіріс құрал-жабдықтарына қажетті салымдар Е) Тұрғын үй объектісін салуға арналған салым F) Бұл фирманың қордағы тауарларының бағасы
7. Тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі: А) Леонтьев үлгісі В) IS-LM C) Солоу үлгісі D) Жалпы макроэкономикалық теңдестік үлгісі Е) Кейнс кресі F) Лоренц қисығы G) AD-AS
8. Монетарлық саясат құралдары: А) Бюджет шығындарын көбейту В) Пайыз мөлшерлемесін өзгерту С) Салықты өсіру D) Ашық нарықтағы операциялар Е) Міндетті резервтар нормасын өзгерту F) Несие беру G) Ұлттық валюта
9.Ақша: А) Тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар В) Өнім өндіру үшін бағытталған ресурстар жиынтығы С) Тұтынылмайтын табыстың бір бөлігі D)Сауда саттықта қолданылатын қаржылық актив Е) Қоғамның көбірек үнемдеуіне ұмтылуынан азырақ көлемде қор жиналуы F) Жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы тәуелділік G) Шетел мемлекеттерінен алынатын қарыз
10. IS қисығы анықтайды: А) Шекті шығындармен байланысты В) Жалақы деңгейін С) Тұтынуды D) I=S теңдігі орындалуын Е) Игіліктер нарығындағы тепе-теңдікті F) Табыс пен пайыздық қойылымның тепе-теңдік деңгейін
11.Фишер теңдігі: A) i=r+П В) Базалық ақшалар міндетті резервтермен нақты ақшалардан қалыптасады C)Ms+C+Д D) Ақша ұсынысы нақты ақшамен депозиттерден қалыптасады Е) МV=PY F) Номиналды және нақты пайыздық қойылымдар байланысын көрсетеді G) номиналды пайыздық қойылым мен инфляция қарқынының байланысын көрсетеді
12.Жұмыссыздық деңгейі: А) Статистикалық көрсеткіш В) Ұсыныс қисығына тәуелді С) Әр қашан тұрақты D) Жұмыссыздар мен жұмыс күші санының қатынасы Е) Барлық елде бірдей
13.Төлем балансы дефицитіне әсер етеді: А) Мемлекеттік шығындар В) Процент ставкасы С) Несиенің процент ставкасы D) Ағымдағы операциялар шотының жағдайы Е)Ағымдағы операциялар шотының жағдайы мен капитал қозғалысы шотының жағдайы F) Құнды қағаздар
14.Бағалар индексі қолданылады: А) Өмір сүру құнының динамикасы бағалауда В) Инфляция қарқынының өзгеруін бағалауда С) Сұранысты реттеуде D) Кәсіпорынның жалпы өнімін есептеуде Е) Өнімнің өзіндік құнын анықтауда
15. «Кіріс –шығыс» ағынынан жылыстап шығатын: А) Үй шаруашылығына трансфеттер В) Шетелдік тауарларды сатып алуға кететін шығындар С) Тауарлар экспортынан түсетін табыс D)Елдің экономикасына инфестициялық салымдар Е) Қызметтер экспортынан түсетін табыс F) Мемлекеттік шығыстар
16. Ұзақ мерзім кезеңінде экономикадағы өндіріс деңгейі мынаған байланысты анықталады: А) Инфестициялық салымдарға В) Ұлттық валюта С) Мемлекеттік шығындар мен салық деңгейіне D)Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне Е) Ауа райына F) Халық талғамына
17.Тұтыну және қор жинағының динамикасын анықтайтын факторлар: А) Қолма қол табыстың өсуі В) таза табыстың күтіліп отыратын нормасы С) Инвестиция көлемі D)Үй шаруашылығында жиналған байлық Е) Үй шаруашылығының табысы F)Өндіріс технологиясындағы өзгерістер
18. Ақшаға сұраныс ақшаның қызметіне байланысты: А) Өндірісті реттеу құралы В) Өлшем бірлігі С) Қорлану құралы D)Байланысы жоқ Е) Төлем құралы F) Инфляция құралы
19. Инфляциямен күрес жолдары: А) Инвестициялық шығындарды арттыру В) Олигополияны қолдау С) Кәсіпкерлікті дамыту D) Мемлекеттік шығындарды реттеу Е) Монополияны қолдау F) Жол құрылысын қолдау G) Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты реттеу
20. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде: А) Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық болады В) Ресурстарды жұмыспен толық қамтумен үйлеседі С) ЖІӨ нақты көмегінің әлеуетті көмегімен артта қалды D) ЖІӨ әлеуетті деңгейіне қол жеткізіледі Е) Функционалды және циклдық жұмыссыздық болады F) ЖІӨ нақты көлемі әлеуетті көлемінен көп болады G) Жұмысы толық қамтымаған жағдай болады
21. Нақты айырбас бағамына әсер ететін факторлар: А) ақша өтімділігінің өзгеруі В) фирма бағаларының өзгеруі С) сыртқы сауда саясатының әсері D) ақша массасының тұрақтылығы Е) жиынтық ұсыныстың өзгеруі F) тауар құнының өзгеруі
22. Елдің төлем балансының құрамдас бөлігі-ағымдағы операциялар шотына кіреді: А) Елдің шет елдегі активтеріндегі өзгерістері В) Тауар импорты С) Несиелеудің өзгерісі D) Алтын бағамы Е) Ағымдағы таза транфеттер F) Инвестициялардан түсетін таза кіріс
23. Тағайындалған валюта жағдайындағы тапшылықты жою әдістері: А) Девальвация В) Резервтерді қолдану С) Рецессия D)Сауда саясаты Е) Инфляция F) Теңгенің қымбаттауы G) Валютаның құнсыздануы
24. Капиталдың шекті өнімі сипаттайды: А) Капиталды еңбекпен ауыстыру нормасын В) Негізгі капитал құнының өсімшесін С) Қосымша капитал бірлігін қолданғанда өнім шығарудың өсімшесін D) Қосымша капитал бірлігін қолданғанда өнім шығарудың қаншалықты өскенін Е) Қосымша капитал бірлігін қолданғанда өнім шығарудың қаншалықты өзгергенін
25. Жеке табыс: А) Салықтарды төленгеннен кейінгі жеке тұтынуға арналған табыс В) Мемлекеттегі жеке жинақтар сомасы С) Қолда бар табыс+жеке салық D)Үй шаруашылығының ағымдағы жылда тапқан табысы Е) ҰТ-корпорациялар пайдасына салынған салық-бөлінбеген пайда-әлеуметтік сақтандыру төлемдері+трансфеттік төлемдер-сақтандыру жүйелеріне төленетін төлемдер
Макроэкономика ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТА
