Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турмахан Акмарал.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
232.96 Кб
Скачать

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Кафедра: Ішкі ағза аурулары пропедевтикасы

Кафедра меңгерушісі:профессор Есенжанова Г.М

Оқытушы: Умарова С.У

Сырқатнама

Тақырыбы: Артериялық гипертензия синдромы

Орындаған: Турмахан А.А

Факультет: Жалпы медицина

Курс: 3

Тобы: 11-28-2к

Тексерген: Умарова С.У

Алматы 2013 жыл

Төлқұжат бөлімі:

Тегі: Есімова

Аты: Камила

Әкесінің аты: Бегімқызы

Жасы: 1945 ж 68 жаста. жынысы: әйел

Мекен жайы: Алматы обылысы, Қарасай ауданы, Алмалы бақ ауылы

Ералиев көшесі 14

Жұмыс орны: Қазіргі уақытта жұмыссыз

Бұрын АЗС-те жұмыс жасаған.

Жолдаған мекеме: Жергілікті емханадан жолдамамен келді.

Ауруханаға түскен күні: 12.02.13ж.

Науқастың шағымдары

Негізгі шағымдары:

  1. Жүрек тұсындағы ұстама түрінде өтетін қорқыныш сезімімен бірге жүретін , күйдіріп кейде басып байқалатын ауру сезімі. Ұзақтығы 5-15 минутқа дейін созылады. Нитроглицеринмен басылады.

  2. Ауыр физикалық күштемеден кейін, 400 метрден артық қашықтыққа

жүргенде пайда болатын, тыныс алудың қиындауымен жүретін ентігуге.

  1. Аяқтарындағы ісіктерге шағымданады.

Қосымша шағымдары:

Бас ауруы, әлсіздік, шаршағыштық т.б.

Anamnesis morbi

( Аурудың даму тарихы.)

Өзін науқас деп 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап есептейді. Осы кезден бастап АҚ мазалайды (150/90). Қаскелен ауруханасында емделген.Индапамид, атенолол қабылдаған.Ең алғаш рет 2011 жылдың қаңтар айында төс маңындағы қорқыныш сезімімен қосарланған, жедел ұстама түріндегі, қатты ауру сезімі пайда болған. Науқастың айтуы бойынша «пышақ сұққандай» - деп сипаттайды және тұрған жерінде қимылсыз тұрып қалғанын айтады. Нитроглицерин қабылдағанда қоятын. Аяқтарында ісік пайда болғанына 1 аптадай уақыт болған. Ауруханаға жату себебі: жүрек тұсындағы ауру сезімі жиілегендіктен кезекті емді қабылдау үшін науқас №1 ҚҚА өзі келген.

Anamnesis vitae

(Өмір тарихы.)

Туған жері – Қарасай ауданы. Әлуметтік жағдайы жақсы. Жанұяда бірінші бала болып дүниеге келген.Балалық шағында, мектеп жасында ауырған аурулары жоқ. Дене жаратылысы, сана-сезімі жасына сай дамыған.

Үйленген. Тұрмыс жағдайы, тұрған үйі санитарлық гигиеналық жағдайы (қанағаттанарлық) – дұрыс жағдайда. 2008ж басынан климакс басталған.

Операция мен травмалар болмаған.

Зиянды әдеттері – темекі шекпейді, арақты ішпейді.

Жанұялық анамнезінде – анасы жүрек ауруынан, инсульт алғаннан кейін қайтыс болған. Өзінен кейінгі сіңілісі АГ бойынша диспансерлік (учетта) тіркемеде тұрады.

Бұрын болған жіті немесе созылмалы жұқпалы дерттер – туберкулез, бруцеллез, вирусты гепатитпен, тері венерологиялық аурулармен ауырмаған.

Аллергиялық анамезі - алергиясы жоқ.

Status praesens (Науқастын қазіргі жағдайы)

Жалпы жағдайы –ауру сезімі мен жүрек жеткіліксіздігіне байланысты орташа ауырлықта.

Есі – анық.

Төсектегі жағдайы: өзі қозғалып жүреді.

Дене бітімі – дұрыс қалыпта, қанқа деформациясы жоқ.

Бойы 165 см, салмағы 75 кг.

Дене қызуы – 36,5 0С

Денесінің терісі:

а) түсі – бозарған

б) дене қызуы – қалыпты;

в) жұмсақтығы, созылғыштығы – сақталған;

с) ылғалдылығы – құрғақ;

Ауыз айналасында цианоз байқалады.

Тері қосалқылары:

Тырнақ - өзгерістер жоқ.

Шаштары – жасына сай өзгерістер байқалмайды.

Көзге көрінетін кілегей қабаттары:

Түсі – ашық түсті қызғылт

Тері асты шел майы – құрсақта қалыңдаған, басқа жерлерінде бір қалыптытаралған.

Ісіктер аяғында ісіктері бар.

Лимфа түйіндері:

Жақ асты – пальпацияланады, жұмсақ ауру сезімінсіз.

Мойын бұған астылық, қолтық астылық, шап, шынтақ асты лимфа түйіндері пальпацияланбайды.

Бұлшық ет жүйесі – бұлшық ет қабаты жақсы дамыған пальпация жасағанда ауру сезімі жоқ, атрофия байқалмайды.

Сүйектері – буындары үйлесімді, қозғалысы толық сақталған, ауырсыну сезімі жоқ. Туа біткен ақаулары жоқ. Саусақтарында өзгеріс жоқ.

Қалқанша безі – ұлғаймаған, жұмсақ эластикалық консистенциялы. Тиреотоксикоз симптомы жоқ.

Тыныс алу жүйесі

Шағымдары: Ауыр физикалық күштемеден

тыныс алудың қиындауымен жүретін ентігуге шағымданады

Қарап тексеру:

Мұрын пішіні - өзгеріссіз, қалыпты

  1. Тыныс алу түрі – мұрынмен, еркін

  2. Көмекей – дауыс ырғағы қалыптты

  3. Кеудесіне қарағанда - екі бөлігі бірдей тыныс алуға қатысады.

  4. Тыныс жиілігі – минутына 24 рет.

Пальпациясы: ауырсынғыш орындары жоқ. Кеуде серпімділігі сақталған. Дауыс дірілі екі жақта бірдей. Өзгеріссіз.

Перкуссия:

Топографиялық:

  1. Өкпе ұшының биіктігі – алдыңғы жағында бұғанадан 4 см жоғары.

  2. Өкпе ұшының биіктігі –артқы жағынан 7-ші мойын омыртқаның жота өсіндісі деңгейінде.

  3. Крениг кеңістігі 5 см.