- •1.Неміс классикалық философиясы.
- •2.Ежелгі үнді философиясы. Буддизм және оның негізгі категориялары. Джайнизм.
- •3.Философия:
- •7.Конфуцианство және оның категориялары
- •8.Гиппократ-антика медицинасының реформаторы ретінде
- •9.Ортағасыр дәуіріндегі философиялық ойлаудың негізгі белгілері, Философия мәртебесінің өзгеруі.
- •13.Философ Хайдеггердің ойынша «Техника адам үшін үлкен қауіпті қатер» болып табылады. Сіз қалай ойлайсыз?
- •19.Ежелгі Грек философиясындағы адам және адамгершілік мәселелері (Сократ, Платон, Аристотель)
- •22.К.Маркстың философиялық көзқарастары. Жаттану мәселесі. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну.
- •23.«Адам», «индивид», «индивидуалдық» ұғымдарымен салыстырғанда «тұлға» ұғымының ерекшелігі неде?
- •24.Орыс философиясының ерекшеліктері.
- •25.Кант тұжырымы бойынша «Біз категориялардың көмегінсіз ешқандай зат туралы ойлай алмаймыз» - Түсіндіріңіз.
- •34. Хіх ғ. Философиясының ерекшеліктері.
- •39. Адам философия мен медицинаның пәндік шеңберінде.
- •40. Демокриттің сөзіне коментарий жасаңыз :
- •46. Тұлға арасында жаттану үдерісі. Тұлға мен қоғам арасындағы жаттану. Жаттану.
- •50.Философтардың сөздеріне түсіндірме жасап, авторын табыңыз: а) бәрі ағады, бәрі өзгереді; б) болмыс бар, бейболмыс жоқ; в) өзіңді өзің таны.
25.Кант тұжырымы бойынша «Біз категориялардың көмегінсіз ешқандай зат туралы ойлай алмаймыз» - Түсіндіріңіз.
Сезімдік аңдау қайсібір одан шығатын тәжірибе әрқашан кездейсоқ ал білім жалпымағыналық және қажеттілік заңдылық дәрежесіне көтерілуі керек.Оған жететін жол априорлық ақыл ой формалары, оларды Кант категория деп атайды.Канттың сараптауы бойыншы ақыл ойдың категорияларына сан, сапа, қарым қатынас,модальдық жатадыКант философия саласында жаңа дәуірде алғаш рет категориялардың таным жолындағы аса үлкен рөлін көрсете білді
Яғни категориялар бизге оз бiлiмiмiздi жүйелеуде кез келген зат туралы ойлаганда көмектеседі. әрбір зат бiрнеше категориялармен анытадады да оның қасиеті турi түсі, сапасы саны туралы бiз осы категорияларды қолдану арқылы бiлемiз
27. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Болмыс түрлері.
Болмыс дүниеде өмір сүріп жатқаның барин қамтитын кең көлемді философиялық категория. Негiзгi түрлері:
1) заттар, денелер, процестер болмыс а) 1шi табиғат б) 2шi табиғат
2) адам болмысы а) заттар дүнисiндегi адам болмысы б) адамның өзіндік болмысы
3) рухани болмыс а) жеке адамның рухани болмысы б) қоғамның рухани болмысы
4) әлеуметтік болмыс а) қоғамдағы және тарих процессiндегi жекелеген адамдар болмысы б) қоғам болмысы
28. Қоғам философиялық талдаудың пәні ретінде. Қоғам ұжымы.
Қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-катынастардын жиынтыгын айтамыз. Белгiлi нақтылы тарихи қоғам озинин мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан руханияты дүнисезiмi өмір салтын сақтай отырып негізгі өмірге қажетті нәрселерді ози өңдеуi қажет. Қоғам омиринде омир сурип жаткан нактылы адам баскалармен саналы карым каиынаска туседi. Ол оз алдына неше турлi максат мураттар койып, оларды иске асыруга тырысады.
Батыс когамы: жеке адамнын белсенди ис арекети натижели
Шығыс қоғам: мысалы кытай когамы. Кауымдасып омир суру жаксы дамыган.
29. Әлемді Құдай жаратты ма? Иә немесе жоқ . –Жауаптың қандай нұсқасын таңдайсыз және неліктен? Дәлелдеңіз. Әлемді құдай жаратты. Себеби оган коптеген далелдер бар. Мысалы табигаттын алуан турлиги, планеталардын бир биримен соктығыспайтындай етіп орналасуы. Тіпті ғалымдар да онын бар екенин 94% дәлелдеген.
30.Гносеология. Таным философиялық анализдің пәні ретінде. Танымның негізгі деңгейлері
Гносеология - таным теориясы, философияның маңызды бөлігі, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Гносеология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да зерттеледі. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды
Гносеология гректің гносис - таным және логос - ілім деген сөзінен шыққан. Шетелдің әдебиеттерінде бұл терминмен қоса эпистемиология термині де қолданылады. (эпистема - білім):
1. Сезімдік таным (түйсік қабылдау, елестету);
2. Практика (таным негізі, ақиқат критерийі);
3. Рационалды таным (түсінік, пайымдау).
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.
Скептицизм және оптимизм Скептицизм (грекше skeptikos — ойланушы, зерттеуші) баяғыдан бері жалпы қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән келтіреді. Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою. Ежелгі грек философы Зенон туралы данышпандық аңыз бар. Шәкірттері одан неге жиі күмәндана беретіні туралы сұрағанда, ол диаметрлері әр түрлі екі шеңбер сызып, алдымен үлкен шеңберді, соңынан кіші шеңберді көрсетіп тұрып былай деген екен: "Мынау үлкен шеңбер — менің білімім, кішісі — сендердікі. Ал шеңберден тыс жатқандардың бәрі белгісіз. Енді мынаған көңіл аударыңдар: сендердің білімдеріңнің белгісізбен шекараласуына қарағанда, менің білімдерімнің белгісізбен түйісуі көбірек. Сондықтан мен сендерге қарағанда көбірек күмәнданамын". Ақиқатқа бастайтын күдік, Л.Толстойдың пікірі бойынша, "философиялық қинайтын күдік" болуы керек. Өзге жағдайларда скептицизм арзандап кетеді және соқыр фанатизм болып шығады. Екінші жағынан, жоғарыда айтылған агностицизмге ұласып кетеді. Алайда абсолютті скептицизмді тұтастай танымның, ғылымның дамуы теріске шығарып отыр. Мысалы, XIX ғасырдың кейбір абсолютті скептиктері: "Адамзат ешқашан Күннің химиялық құрамын біле алмайды", — деген еді. Олар мұны мәлімдеп болғанша, спектрлік анализ Күннің құрамын айқындап берді. Агностицизм (грекше a — емес, gnostos — білім) — дүниенің танылмайтындығы туралы ілім. 1869 жылы ағылшын биологі Т.Гексли өзінің философиялық ұстанымын осылай атаған. Алайда ғалымның өзі жаратылыстанушы ретінде табанды агностик бола алмады. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам әлемді тек бөлшектеп қана таниды немесе мүлдем тани алмайды. Философияда алған бетінен қайтпайтын скептиктер мен агностиктер көп емес. Философия әрқашанда дұрыс танымға қызығушылар мен мүдделілердің ынтасын оятып, үнемі табиғат пен коғамның жаңа қырларын ашып келеді. Агностицизмге қарсы салмақ ретінде біздің санамыздың тәуелсіздігін негізге ала отырып, дүниенің ұстанымды түрде танылатынын жақтайтын танымдық оптимизмді құрайтын философиялық ағым бар. Сана — барлық өзге дүниеден тысқары емес, керісінше, оның дамуының заңды нәтижесі және ағзалық құрамды бөлігі. Оптимизм философиясының негізіне дүниені ғылыми танудың және коғамдық тарихи практиканың барлық тәжірибесі кіреді.
31.Төмендегі тұжырым қай философтікі (И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте, Е.Маркс) «Барлық шынайылық ақылға сыйымды, барлық ақылға сыйымды шынайылық». Бұл тұжырымда тавтология бар деп ойлайсыз ба? Автордың ойын ашып көрсетіңіз.
Гегельдің айтқаны.
Гегель философиясының құпясы мен идеялары жатыр. Гегель үшін осы әлемнің мәні бар, бәрі әлемдік Тұтастыққа кіреді. Оның абсолютті идеясы өз дамуында үш стадиядан өтеді. Тұтастай ол триаданы құрады: бұл 1) тезис (әлденені ұстанушы); 2) антитезис (терістеуші); 3) синтез (біріктіруші). Триаданың жалпы құрылысы мынадай:
1 стадия: рухтың дамуы өзімен-өзі, рух өзінде. Логикада белгілерден басқа ештеме жоқ, бірақ біз логиканың әмбебап тіршілік ететінін білеміз. Бұл категорияның принципті ерекшелігі.
2 стадия: рух өзіне бұрыла отырып табиғаттан жаттанады. Шеллинг бойынша руханилық пен идеалдық табиғаттың өзінде, ол тірі әрі күшке толы. Ал Гегельде табиғат-өлі рух. Рухтың жаттануы табиғатты білімдендіреді.
3 стадия: Философия мен тарих бірігеді. Осы арқылы рух өзін-өзі адам мәдениеті арқылы танылған шындықта қалыптастырады.
32. Сана. Оның құрылымы мен қасиеті. Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі — еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды. Алғашқы адам қалдықтары табылған жер француз деревнясы Неандерталь болғандықтан, оларды неандертальдықтар деп атайды. Неандертальдықтар тастан қанжар жасай білген, найзаның ұшын, сүйектен қарулар жасады, жасанды жолмен отты алды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс қатынастары орнады. Еңбек құралдары өлі жетілмеген дамудың алғашқы кезеңінде өмір үшін күрес ширығып, еңбек қызметі сол мақсаттарға ғана арналып, тек қана ұжымның күшімен жүзеге асырылатын жағдайда болды. Бүл мақсаттарды іске асу, еңбек үдерісін басқару үшін жақсы сигнал жүйесі, жылдам ақпарат алмасу қажет болды. Осындай жағдайлар ойдың дамуы мен жетілуінде шешуші рөл атқарған тілдің пайда болуына алып келді. Қалыптасқан бірқатар жағдайларға байланысты біздің ежелгі ата-бабаларымыз өмірінде өте маңызды өзгерістер болып жатты. Кездейсоқ, жағдайда ғана қару ретінде қолына белгілі бір затты — тасты немесе бұтақты алып әрекет еткен кездің орнына қаруды тастан және сүйектен дайындап, үнемі пайдаланатын кез келді. Тас және басқа да қарапайым қарулары бар адамдар тобыры енді жануарлармен салыстыруға болмайтын, әлдеқайда күрделі жүйеге — қоғамға айналды. Онда атқарылатын қызмет түрі өте көп еді. Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен қатынасы, пікір алмасуы күрделеніп, түрлене бастады. Тас қаруды жасау және оны пайдалану, шұңқырды бірігіп қазып, оны жасыру, аңды оған қуып әкеліп құлату үшін аңшылар көптеген жұмыстарды бірігіп атқаруы керек болды. Өмір оларды соған үйретті, бірігіп еңбек етудің ұтымдылығы жалпының күшімен жеке адамның қолынан келмейтін мақсаттарды іске асыруға болатынын көрсетті және сонымен қоса ақпаратты да ұжым болып пайдалануға алып келді. Демек, біреу бірдемені көрсе, естісе, ұжымдық қозғалыстың барлық катысушылары оны естиді және көреді.
Қоғамдық сананың 5 түрі:
Моральдық,саяси,құқылық,эстетикалық,діни
33.Салыстырмалы талдау жасаңыз. Ортағасырларда Платон мен Аристотельдің ойлары қалай байланысқан?
Платон Афиналық (б.з.б. 427 – 347) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей», «Заңдар», т.б.
Аристотель(б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Аристотель — Платонның шәкірті.
Аристотель де Платон сияқты өзінің мектебін - Ликей немесе Перипатетиктер мектебін ұйымдастырды. Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің рухани дүниесін платонизм мен метафизикадан бас тартып, натурализм мен эмпиризмге бет бұру деп түсінуге болады. Яғни ол ұстазының жолын қайталамай, оның ілімін алға жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген. Аристотельдің таланты мен ғылыми рухы оны тәсілдердің дифференциациясына, органикалық синтез бен жүйелеуге алып келді. Ол философиялық білімдердің - метафизиканың, физиканың, психологияның, этиканың, саясаттың, эстетиканың, логиканың даму жолдарының негізін қалады.
