Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2etap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.63 Кб
Скачать

23.«Адам», «индивид», «индивидуалдық» ұғымдарымен салыстырғанда «тұлға» ұғымының ерекшелігі неде?

Индивид:

адам табиғаттык жалкы жан иесі, Homo sapiens тұрінің өкілі. Индивид түсінігінің өзіадамның адамзаттык түрімен бірлікте екенін керсетеді (адамды тұлга ретінде және индивид ретінде танытатын - жекелік түсінігімен шатыстырмау керек);2. адамзат қауымдастығының жеке өкілі.

Индивидуализм - жеке адамның, (отбасының) өмірін тұтас қоғамныңөмірінен маңыздырақ деп білетін ойдың бағыты. Этикалық-саяси индивидуализм қоғамды және мемлекетті жеке адамдарды мақсатқа жеткізетін көмекші құрал деп біледі.[1]

Тұлға — жеке адамның өзіндікадамгершілік, әлеуметтік, психологиялыққырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатыһнастар жүйесіне енгізудің жемісі.

24.Орыс философиясының ерекшеліктері.

Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі XI-ХVІІ ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан бас-талған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан озге Византиямен қатынас Ресейте шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ерте болгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бас-тан қолданды. Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бүл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіне негізделді. Адамзат пен орыс халқы тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы — киевтік митрополит Илларион (XI ғасыр) Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние қүдіретінің жалпыөлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи түрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетініц әлемдегі мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседу Орыс философиялық ойының онан арғы дамуы адамгершілік-практикалық уағыздар дамуы ағымында және өлемдік өркениет дамуындағы православиелік Русьтің ерекше мақсаты туралы ойды негіздеу түрінде жүрді. Ресейдің ерекше миссиясы туралы идея XVI ғасырда «Москва — үшінші Рим» доктринасы пайда болуына алып келді. Доктринада нағыз шынайы ілім ретінде православиелік христиандық барлық биліктің негізі екендігі бекітілді Алғашқы екі Рим де өмір сүрулерін тоқтатты, бастапқы «ескі Рим» IV ғасырда варварлардың (тағылардың) шабуылы нәтижесінде христиандық ілім орталығы ретінде күйресе, ал екінші «жаңа Рим» - Константиполь христиандық идеялардың жалғастырушысы бола отырып, XV ғасырда түріктердің тегеуріиі нәтижесінде Византиямен қатар құлады. Ре-сейхристиандықтың мүрагері ретінде «Москва — үшінші Рим» доктринасында бірінші және екінші Римнің ізбасары түрінде көрінеді. Өзін үшінші Рим, ал төртіншісі болмайды деп есептейді. Филареттің айтуынша алғашқы екі Римнің күйреу себебі, нағыз шынайы дін - православиені сатып кеткендігі және сол үшін құдайдың қарғысына үшырағандығымен түсіндірілді. Бүл доктрина мемлекеттік өзіндік сананың басты доминанты болды. Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпы адамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс. Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін таңуға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс. Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794-1856) үлкен рөл аткарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипа-тының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді. Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт — бұл батысшылдық. Бұл бағыттың окілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағъшнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты. Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихат-тады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар үстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономика-лық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идео-логиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (қүтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық де-мократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс филосо-фиясы өсіп шықты. Славянофильдіктің негізін қалаушылар А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.САксаков, Ю.Ф.Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткер-лерінің шығармашылығы бойынша, философия - Ресей еркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жүмысында тарихтың озінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі. Орыстың толтума философиясының зерттеу аймағы осымен сипаттала-ды. Бұл міндеттер мен зерттеу аймағы Православиемен тығыз байланыстырылды. Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті үстанады. Бүл жерде ең алдыңғы орынға діни бастау шығады. Ресей православиелік рухани негізге сүйене отырып, оны әлемдік жетекшілікке әкелетін ерекше жолмен жүруі тиіс. Ресейдің бүл жоғары мақсаты мен парызын оның азаматтары сезіне білуі керек. Славянофильдер ез отанының тарихына бет бүра отырып, орыс қоғамы қүрылуыңдағы оның толықтығы мен жан-жақтылығын дәлелдеуге тырысады. Олардың пікірінше, ба-тыстық мемлекеттер жасанды қүрылымдар. Керісінше, Ресей органикалық түрғыда қалыптасты, ол «құрылған» жоқ, ол «өсіл шықты». Ресейдің бұл табиғи дамуын славянофильдер православиенің ерекше әлеуметтік ұйым - селолық (ауылдық) қауым-ды тудыруымен түсіндіреді. Орыстың қауымдық қүрылымы, олардың пікірінше, ерекше тарихи жолды айқындайтын орыс халқының ең маңызды принципі. Жоғарыда айтылғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші рөлін бекіту болып табылады. Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырды. Православиенің өзге діндерден артықшылығын көрсететін қандай қасиеттері бар? Бүл сүраққа жауап беру үшін славяно-фильдер әлемдік тарихтағы өр түрлі діндердің рөлін бағалай-тын зерттеулер жүргізеді. Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді: Католиктік, Православиелік, Протестанттық. Бүл бөліністен кейін «еркіндік бастауы» шіркеулердің кейбіреуінде өзінің мәнін жоғалтқан. Славянофильдер католицизмде шіркеу еркіндігі жоқ деп есептейді, өйткені онда Рим папасының күнәсыздығы ту-ралы догма бар. Протестантизм болса шіркеудің жойылуына әкелетін адами еркіндікті, индивидуалдық бастауды абсолют-тендіре отырып, өзге біржақтылыққа үрынады. Тек правосла-вие ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде үңдестіреді. Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің; философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип - соборшылдық (еркін қауымдастық) үғымын енгізеді. Бүл үғымды даярлаған А.С.Хомяков (1804-1860). Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, «Қасиетті Русь» идеалдарына бет бүру, православиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтьң тарихи концепциясында шіркеу «бастапқы нақтылық» болып та-былады. «Соборшылдық» үғымы да осымен байланысты. «Собор-шылдық» принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шыға-ру емес, жеке еркіндіктен атіыратын үжьвщы да моішшдамайды. «Соборшылдық және қауымға табынумен» (культ) сипатталатьш Хомяков философиясы индивидуализммен қатар, казармалық коллективизмге қарсы бағытталған және орыстың православиелік шіркеуінде бар еркіндік пен сүйіспеншілік принциптерін бекітуге бағытталған. Соборшылдық адам өмірқамының барлық салала-рынан көрінеді: шіркеуде, отбасында, қоғамда. Ол еркін адамзат-тық бастау («адамньщ еркіндік ырқы») мен адамның қүдайға тән құдіреттік бастауының («ырыс-береке») озара әрекеті нәтижесі болып табылады. Славянофильдердің айтуьшша «соборшылдық-ты» православиелік «шіркеулік қоршаудағылар» ғана, яғни православиелік қауым мүшелері ғана игере алады, ал «бөтендер мен дінсіздер» оны қабылдай алмайды. Ауылшаруашылық қауымын славянофилъдер асыра дәріптетіді. Қауымның экономи-калық әрекеті жеке және қоғамдық мүдделердің үйлесімді бірлігін білдіреді. Селолық қауымның басты артықшылығы өз мүшелерін тәрбиелейтін рухани адамтершілік принциптерден көрінеді: ортақ мүддені сақтауға дайын болу, патриотизм. Славянофильдердін, пікірінше, қауым мүшелері бойында бұл қаеиеттердің пайда. бо-луы ертедегі діни дәстүрлерді бейсаналы инстинктті түрде сақтау жолымен жүзеге асады. Қауым өмірдің әлеуметтік үйымдасуының ең жақсы форма-сы деген принципиалды түжырымға негізделе отырып, славя-нофильдер қауымдық принципті барлығын қамтитындай етуге, яғни оны қала өмірінің ортасына да енгізуге тырысты. Қауым-дық қүрылым сонымен қатар мемлекеттік өмірдің негізін қүрауы тиіс, олардың пікірінше ол «Ресейдің түрпайы әкімшілігін» ал-мастыруға қабілетті. Славянофильдердің түжырымдауынша, ресейлік қоғамда «қауымдық принциптің» таралуъша байланысты «соборшылдық рух» беки түседі. Әлеуметтік қатынастардың негізгі принципі «барлығының мүддесі үшін өзінен бас тарту» болып табылады. Осының арқасында діни және әлеуметтік талггыныстар біртүтас ағымға қүйылады. Нәтижесінде, славянофильдер «халықтық қауымдық бастаудың шіркеулік қауьшмен жандануы» деп анық-тайтын ішкі тарих міндет атқарылатын болады. Сонымен, ертедегі Русь және феодалдық бытыраңқылық түсындағы Ресейдің философиялық ойы антиктік және визан-тиялық оркениеттер жетістіктерін игере отырып, бір мезгілде озінің бастапқы дербес қадамдарын да жасай бастады. Ол діни дүниетаным шеңберінде дамыды. Алайда осы діни қабық асты-нан практикалық сүрақтарға теориялық жауап беруге тырыс-қан төлтума ойды да табуға болатын еді. ХІУ-ХҮІ ғасырларда феодалдық Русьтегі философиялық ой өлі де болса діни идеология шеңберінде дамиды. Сонымен қатар бүл тарихи кезеңде православиелік-христиан дінінің догматтары мен православиелік шіркеу әрекетіне ақыл-ой түрғысьшан сьш-шыл түрде келген рационализмнің пайда болуымен байланысты ірі қадам жасалды. Бірақ бүл рационализм философияның дін және дінтанудың бөліне бастаған үрдісі ішінде ғана өмір сүрді. Діни философия — коммунистік идеология үстемдігі жағдайъшда кеңестік философияда біржақты түсіндіріліп кел-ген XX ғасыр басындағы орыс мәдениетінің аса маңызды бөлігі. Философияның міндеті барынша кең, ал оларды шешу қабілеттері адамда сонша кемшін дамыған, философия бүгінгі күндері математика немесе физика сияқтщ ғылымдармен салыс-тырғанда төменгі деңгейде дамыған. Мұны философия тарихындағы бір-біріне қарама-қарсы көптеген философиялық мектеп-тер бар екендігі туралы дәлел айғақтайды. Бүгінгі күндері әр түрлі мектептер мен бағыттар жалпы мақсатқа — ақиқатқа жету барысында өзара түпкі келісімдерін табуға тырысуда. Орыстың діни философиясының да ақиқатты өзіндік түсінуі мен оған деген өз жолы болды. Арнайы ғылымдармен салыстырғанда, яғни әлемнің әр түрлі қырымен айналысатын жекелеген ғылымдармен салыстырған-да философияда әр түрлі халықтар мүдделері өзі таңбасын қал-дырады. Соңдықтан да неміс, француз, ағылшьш, американ және орыс философтарының үлттық ерекшеліктері туралы айтуға болады. Әр түрлі елдердегі фйлософиялық мектептер арасындағы айыр-машылықтар зерттеу пәнін арнайы таңдауға, философиялық ой-толғауға деген қабілетіне, тәжірибенің әр алуан түрлеріне, са-налы, сезімдік немесе діни және т.б. бағынышты болады. Ресейде қазан төңкерісіне дейін философияның барлық са-лаларында — гносеологияда, логикада, этикада, эстетикада және философия тарихында зерттеулер жүргізілді. Онан кейінірек те орыс философтары этика мәселелерімен ерекше айналысты. XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі дши философия болды. Бүл бағыттың өкіл-дері — Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел Флорен-скийдің және т.б. ойшылдардьщ есімі әлемге белгілі. Олардың шығармашылығына XIX ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар (славянофильдерден бастап Ф.Достоевский мен Вл.Соловьевқа дейін), әр түрлі мистикалық және песстшс-тік көңіл-күйлерге толы сол дәуірдің өзі де үлкен ықпалын тигізді. Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнін, танымды-лығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бүл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек айтқанда объектті сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді. Гносеологиядағы интуитивизмнің әр түрлі формаларын В.Со-ловьев, кн. С.Трубецкой, ки. Е.Трубецкой, Н.Лосскиті, П.Фло-ренский, С.Франк, В.Бабунин, Ф.Бережков, А.Огнев, А.Козлов (қүдайды түсшу туралы ілімінде), В.Эрн, А.Лосев, Д.Болдырев, С.Левицкий, И.Ильин және Л.Карсавин өз еңбектеріңде қарастырады. Канттың гносеологиялық идеализмімен салыстырғанда орыс интуитивизмі гносеологиялық реализмнің формасы болып та-былады. Бүл мысалы мынадай айгақтан көрінеді. Ағайынды Трубецкойлар сияқты орыс философиясының өкілдері сезімдік мөліметтер - бұл бақылаушының субъективті психикалық жағ-дайы деген ілімнен бас тартып, оларды транссубъективті сипат-та деп санауымен батыс философиясына үлкен ықпал етті. Бұл реализмнің тағы бір көрінісі орыс философтарының мистика-лық интуицияға деген сенімінен байқалады. Киреевский мен Хомяковтың жарияланған бұгін таным идея-сы, яғни органикалық барлығын қамтитын тұтастық ретіндегі таным идеясы көптеген орыстың діншіл ойшылдары арасында қолдау тапты. Киреевский және Хомяков бүтін ақиқат тек бүтін адамға ғана ашылады дейді. Тек өзінің барлық рухани күштерін — сезімдік тәжірибе, рационалды ойлау, эстетикалық перцепция, адамгершілік тәжірибе және діни парасатты, - бүтін бір түтас-тыққа жинағанда ғана, адам әлемнің нағыз болмысын түсіне бастайды және Қүдай туралы жоғары рационалды ақиқатты игереді. Дәл осы бүтіндік тәжірибе көптеген орыс ойшылда-рының - кн. С.Трубецкойдың, кн. Е.Трубецкойдьщ, П.Флорен-скийдің, С.Булгаковтың, Н.Бердяевтің, Н.Лосскийдің, С.Франк-тің, Л.КарсаВиннің, А.Лосевтің, И.Ильиннің және т.б. шығар-машылық қызметінің негізін қүрады.