Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2etap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.63 Кб
Скачать

22.К.Маркстың философиялық көзқарастары. Жаттану мәселесі. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну.

Жаттану — кейбір демократиялық емес қоғамдардағы адамдардың өздері жасаған, өз іс-әрекеті туындыларының өздеріне үстемдік етуін, өздеріне қарсы тұратын жат күшке айналуын білдіретінфилософиялық категория. Жаттану адамдардың қоғамдағы өзара қатынастарының, олардың практикалық қызметтерінің сол адамдардың өздерінің қатынастары емес, қоғамдағы заттардың қатынастары болып көрінуі. Жаттану — қоғамдағы еңбек бөлісінің қарама-қайшылықты дамуының нәтижесі.

Марксизмнің негізін салушылар жаңа заманның материалистік ілімін, Фейербахтың философиясын қоса, диалектикалық тұрғыдан жан-жақты талдап, оны механистік және метафизикалық сипаттардан тазартты. Олар сондай-ақ Гегельдің диалектикалық әдісін материалистік тұрғыдан өңдеп, табиғат пен қоғам құбылыстарын ғылыми зерттеуге кедергі болатын идеалистік мазмұнынан тазартты, сөйтіп, “басы төмен қарап тұрған диалектиканы аяғына қойып” дұрыстады, яғни ғылыми материалистік теорияны ғылыми диалектикалық әдіспен табиғи біріктірді. Осы тұрғыдан алғанда материалистік диалектиканы тек әдіс деп, ал философиялық материализмді тек теория деп қана түсіну үстірттік болар еді. Материалистік диалектика шындығында тек әдіс емес, ол сондай-ақ даму жайындағы теория – табиғаттың, қоғамның және танымның ең жалпы даму заңдары жайындағы ілім, ғылыми теория. Философиялық материализм теория ғана емес, сондай-ақ болмысты белгілі бір тұрғыдан түсіндіретін материалистік әдіс.

Маркс пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең айқын көрінісі тарихтың материалистік ұғымының жасалуы болды, өйткені Маркстен бұрынғы материалистердің бәрі тек табиғат құбылыстарын түсіндіруде ғана материалист еді, ал қоғам өміріне келгенде олардың барлығы идеализм шеңберінен шыға алмады, қоғам өміріндегі шешуші күш сана, рухани бастама деп түсінді, өйткені, деді олар, адамдарды түрліше іс-қимылға бастайтын идеялық мотивтер, адамдардың мақсат-мүдделері деді, бірақ бұл идеялық мотивтерді тудыратын түпкі себептерді ашып бере алмады.

Маркс пен Энгельс диалекткалық материализмді дәйекті түрде қоғам өміріне, тарихқа қолдана отырып, тарихи материализмді жасады, қоғамдық болмыстың біріншілігі, қоғамдық сананың екіншілігі жайындағы оның негізгі мәселесін тұжырымдады: адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы қандай болса, жалпы алғанда олардың ой-санасы соған сәйкес болатыны т.б. негіздеп берді.

Қорыта айтқанда, марксистік әдіс диалектикалық қана емес, сондай-ақ материалистік , ал марксистік теория – материалистік қана емес, сондай-ақ диалектикалық әдіс. Демек, марксизм философиясында материализм мен диалектика біріне – бірі тәуелсіз екі құрамдас бөлшек емес, біртұтас ілім, өйткені ол бейнелендіретін шындық дүниенің өзі – бір мезгілде әрі материалдық, әрі диалектикалық дүние.

Сонымен, дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарастың жасалуы, материализмнің диалектикалыққа айналуы, материалдық дүниенің және оны танып-білудің ішкі диалектикалық процесінің ашылуы Макрс пен Энгельс философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең бірінші көрінісі болып табылады.

Қысқасы, Маркс пен Энгельс, өздерінен бұрынғы материалистер сияқты, жарты жолда тоқтап қалмай, материализмді дәйекті түрде аяғына дейін жеткізіп, дүние жайындағы біртұтас ғылыми-философиялық ілім – диалектикалық және тарихи материализмді жасады.Маркс пен Энгельске дейінгі философтар өздерінің философиялық системасын бұдан бұлай өзгермейтін, түпкілікті тағайындалған абсолюттік ақиқат деп санады. Гегель, міселен, өзінің философиялық системасын абсолюттік ақиқат деп жариялады. Марксизм философияға деген мұндай көзқараспен келіспеді де, өзінің философиялық іліміне түпкілікті тағайындалған ақиқат деп қарамай, ғылымның және қоғамдық практиканың даму барысында өзгертіп, айқындала және байи түсетін ілім деп қарады.