Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2etap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.63 Кб
Скачать

9.Ортағасыр дәуіріндегі философиялық ойлаудың негізгі белгілері, Философия мәртебесінің өзгеруі.

Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларына діни идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуына да өз әсерін тигізбей қоймайды: философия іс жүзінде дін иелерінің қызметшісіне айналды, яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, негіздеуі тиіс болды. Бұл философия «схоластика» (лат. Ғылым, мектеп).

Ортағасыр философиясындағы негізгі күрес, айтыс «универсалий» деп аталған жалпы ұғымдар, жалпылама мәселелердің төңірегінде, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Филсофтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, оларданбұрын пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдайдеді. Жалпы ұғымдар – универсалийлер реалды өмір сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер(лат. Шын) деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Ал бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы деп дәлелдеді.

Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлақ арабтілдік мұсылман философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама бәсеңдеу болды, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта дамып, еуорпалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп, әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды.

Ортағасырлық филасофияның ерекшелігі: философиялық ойдың дамуының тікелей діни – теологияның шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Құлдық және буржуазия

10. 9ғ.-12ғ. Мұсылмандық Шығыста философияның қалыптасуы.

Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді онан ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу процесі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл- Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.

Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық үлкен ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мәдени мұрамен, сонымен бірге Шығыс мәдениетінің прогрессивті жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогрессивті рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.

Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогының нәтижесінде ерте грек дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари тағы басқалармен қатар әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, әл- Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есімдерімен танысты.

11. А.Құнанбайұлының философиялық және этикалық көзқарастары.Этикалық көзқарасы. Абайдың философиялық, әлеуметтік көзқарасын зерттеушілер ұзақ уақыттар бойы кемеңгер ақынның алуан салалы ойларының онтологиялық (бүтін дүниенің мәнін, материя мен сананың арақатынасын түсіну), гносеологиялық(нанымның мәнін түсіну) мәселелеріне ерекше мән беріп, біреулері Абайды онтологиялық жағынан «идеалист», екіншілері «материалист» деп таныса, гносеологиялық тұрғыдан біреулері «сенсуалист» десе, екіншілері «рационалист» деп, жартылай идеалист, жартылай материалист немесе жартылай сенсуалист, жартылай рационалист немесе дүниені, қоғамды таным теориясы тұрғысынан біреулері «метафизик», біреулері «диалектик» деп түсіндіріп келді.Уақыт өтеді, заман өзгереді. Белгілі бір құбылысқа әр уақыттың адамы өз түсінігімен, өз пайымдауынша баға береді. Өйткені, құбылысты әркім өз кезінің тұрғысынан бағалайды, мөлшерлейді. «Материалист болу дұрыс екен, қайтсек материалист атанамыз» дейтіндер «нан болса, ән өзінен-өзі айтыла береді» дейтіндердің жалған, жасанды, тұрпайы қағидасы мақтардың аянышты зардабын аз көрмедік. Осындай тұрпайы, дөрекі социологиялық көзқарас Абай шығармаларын бағалауға да зардабын тигізді. Бүл көзқарас тағылар өмірдің өзінде қайшылықтар қандай көп болса, Абайдың табиғат, қоғам, таным жайлы түсініктерінде сол қайшылықтар, қарама-қарсылықтар өте терең бейнеленгенін ескере қоймаған. Егер ақиқатқа, әділетке жүгінсек, Абай жалаң философиялық категориямен, мысалы, «материя», «сана», «уақыт», «кеңістік», «қозғалыс», «даму», «қажеттілік пен кездейсоқтық» сияқты т. б. толып жатқан «таза философиямен» шұғылданбайды. Ойшыл ақынның негізгі ойы - материя мен сананың, кеңістік пен уақыттың арақатысы емес, «қайран елі, қазағының» келешегі, қайткен күнде қазақты ескен, өркендеген елдердің қатарына жеткізу. Осындай ұлы мақсат, игі ниет үшін ойшыл-ақын «Қыранша қарап Қырымға, Мұң мен зарды қолға алады». Абайдың этикалық көзқарасын сөз еткенде 2 нәрсеге ерекше көңіл бөлу керек. Ол ақынның гуманистік және диалектикалық түсінігі. Абайдың дүниеге, әлеуметтік өмірге деген көзқарасының, бүкіл шығармашылығының өзегі, қайнар көзі, рухани күші, осы екі ұғыммен тікелей байланысты. Абайдың этикасы - гуманистік этика. Дүние мен Жалған, Адам мен Пенде мәселелерін қамтиды.

12.Ғылым Жаңа Заман мәдениетінің ерекше феномені болады. Философия мәртебесінің өзгеруі, оның жаңа бағыттары эмпризм және рационализм.

Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.

Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт.

Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық

2. гносеологиялық

3. этикалық рационализм

Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.

Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.

Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»).

Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:

1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;

2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.

«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.

Эмпиризм - [[[Көне грек тілі|көне грекше]]: έμπειρία етрегіа - тәжірибе] - сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді дейтін таным теориясындағы бағыт. Кейбір эмпириктер (Гоббс, Юм) рационализмнің ықпалымен тәжірибе білімге қажетті және жалпыға бірдей маңыз бере алмайды деген тұжырымға келді. Эмпиризмнің шектелу сипаты сезімдік танымдағы тәжірибенің рөлін метафизикалық тұрғыда әсірелей көрсетуінде.