- •1.Неміс классикалық философиясы.
- •2.Ежелгі үнді философиясы. Буддизм және оның негізгі категориялары. Джайнизм.
- •3.Философия:
- •7.Конфуцианство және оның категориялары
- •8.Гиппократ-антика медицинасының реформаторы ретінде
- •9.Ортағасыр дәуіріндегі философиялық ойлаудың негізгі белгілері, Философия мәртебесінің өзгеруі.
- •13.Философ Хайдеггердің ойынша «Техника адам үшін үлкен қауіпті қатер» болып табылады. Сіз қалай ойлайсыз?
- •19.Ежелгі Грек философиясындағы адам және адамгершілік мәселелері (Сократ, Платон, Аристотель)
- •22.К.Маркстың философиялық көзқарастары. Жаттану мәселесі. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну.
- •23.«Адам», «индивид», «индивидуалдық» ұғымдарымен салыстырғанда «тұлға» ұғымының ерекшелігі неде?
- •24.Орыс философиясының ерекшеліктері.
- •25.Кант тұжырымы бойынша «Біз категориялардың көмегінсіз ешқандай зат туралы ойлай алмаймыз» - Түсіндіріңіз.
- •34. Хіх ғ. Философиясының ерекшеліктері.
- •39. Адам философия мен медицинаның пәндік шеңберінде.
- •40. Демокриттің сөзіне коментарий жасаңыз :
- •46. Тұлға арасында жаттану үдерісі. Тұлға мен қоғам арасындағы жаттану. Жаттану.
- •50.Философтардың сөздеріне түсіндірме жасап, авторын табыңыз: а) бәрі ағады, бәрі өзгереді; б) болмыс бар, бейболмыс жоқ; в) өзіңді өзің таны.
3.Философия:
-Ғылым
-қоғамдық сананың формасы
-дүниетаным
Жоғарыда корсетілген анықтамалардың қайсысы сіздің ойыңызша дұрыс. Егер сіз келіспейтін болсаңыз, өз нұсқаңызды айтыңыз.
философия —адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.
4.Френсис Бэкон эмперикалық бағыттың негізін салушы.Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) – сол кездегі ақсүйектер тобынан шыққан,Кембридж университетінде білім алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттік қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлік - әкімшілік орынға ие болады. Король Яков I оған Верлуам деген жердегі үлкен қорғанды сыйға тартып, «Верлуам лорды» деген атақ береді. Алайда саясатта тұрақьтылық жоқ, сондықтан жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Енді оның философиямен айналысуына жол ашылады.
Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде «Ғылымдардың қадірлілігі мен көбеюі жөнінде», «Жаңа Орга-нон», «Жаңа Атлантида» деген еңбектерін атап өтуге болады.
Ф.Бэконның шығармаларының ерекшеліктері - ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы -тәжірибелік зерттеулер. «Не іс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да акиқатты», ғылымның жетістіктері мен жемістері-оның ақиқаттығының көрінісі», - дейді ұлы ойшыл.
Тәжірибені талдай келе, Ф.Бэкон оны екіге бөледі. Олар -жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екішні табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.
Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөледі. Оның ойынша, адамның жан дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы қажет. Олар: 1. есте сақтау; 2. қиял; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғылым - тарих, қиялға -поэзия, ақыл-ойға - философия.
5.Түсіндіріңіз, Гегелль триадасы деген не? Схемасын сызыңыз. Гегель диалектикасы дамудың триадалық принципіне сәйкес пе?
Немістің атақты идеалист-философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770—1831) эстетика мәселелерін де өзінің жүртқа мәлім “абоолютгік идеясы” тұрғысынан, атышулы триадасы (тезис — антитезис — синтез) тұр-ғысынан байыптаған. “Айуанның өсімдіктен өрбімегені секілді, адам да айуаннан өрбіген жоқ;—дейді
Гегельдің “Эстетика” атты арнаулы трактаты да сол өз философиясы _тұрғысындағы “идея” мен “құбылыстың”, пішін мен мазмұнның ара қатынасына талдау жасаудан туған. Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына, яғни үш түріне сай келеді:
1) Символикалық түр. Мұнда идеал әлі анық емес, ал “құбылыс” тек қана “идеяның” образды түрге айналу мүмкіндігін ғана танытады.
2) Классикалық түр. Бұл тұста “идеал” анық, өйткені ол құдайлардың бедерлі бейнесіне толық айналып, рухани ұғымды көзбен көріп, қолмен ұстар нақтылық пен заттылыққа жеткізген.
3) Романтикалық түр. Енді келіп рухани “идеал” сыртқы тұлға емес, адамның ішкі дүниесіне — сезімге, күйініш-сүйінішке, көңіл күйіне — айналып кеткен; сондықтан ол филооофияға жақын келген, яғни философияға айналған.
Гегельдің тұжырымынша, жалпы адам баласының көркемдік дамуындағы жаңа кезең — романтикалық түр болып табылады. Гегельдің түсінігінше: өнердің предметі — әдемілік, ал эстети-каның предметі — өнер, демек, эстетиканың предметі — ұшы-қиырсыз мол әрі жан тебірентер ғаламат әдемілік әлемі. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель абсолюттік рухтың өзіндік дамуындагы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түйді.
6. «Жүрегім соғып, өз бойымда тұрғанда философиямен айналысуды тоқтатпаймын» деген Сократтың сөзінің мәні неде? Философия адам және қоғам өмірінде қандай роль атқарады?
Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.
Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.
ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.
ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі — әлеуметтік факторлары қарастырмауы.
Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.
Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.
Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғмдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы, қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы.
