Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2etap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.63 Кб
Скачать

50.Философтардың сөздеріне түсіндірме жасап, авторын табыңыз: а) бәрі ағады, бәрі өзгереді; б) болмыс бар, бейболмыс жоқ; в) өзіңді өзің таны.

бәрі ағады, бәрі өзгереді – Гераклиттын сөздері. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.

Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, бейболмыс жоқ» - кесіп айтты. Парменид- «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті, болмыс тұрақты және қозғалыссыз, өйткеі қозғалысты мойындау ол бейболмысты мойындау, ал бейболмыс-жоқ. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді.

Сократ «Өзіңді танып – біл» . Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде.