
- •1.Неміс классикалық философиясы.
- •2.Ежелгі үнді философиясы. Буддизм және оның негізгі категориялары. Джайнизм.
- •3.Философия:
- •7.Конфуцианство және оның категориялары
- •8.Гиппократ-антика медицинасының реформаторы ретінде
- •9.Ортағасыр дәуіріндегі философиялық ойлаудың негізгі белгілері, Философия мәртебесінің өзгеруі.
- •13.Философ Хайдеггердің ойынша «Техника адам үшін үлкен қауіпті қатер» болып табылады. Сіз қалай ойлайсыз?
- •19.Ежелгі Грек философиясындағы адам және адамгершілік мәселелері (Сократ, Платон, Аристотель)
- •22.К.Маркстың философиялық көзқарастары. Жаттану мәселесі. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну.
- •23.«Адам», «индивид», «индивидуалдық» ұғымдарымен салыстырғанда «тұлға» ұғымының ерекшелігі неде?
- •24.Орыс философиясының ерекшеліктері.
- •25.Кант тұжырымы бойынша «Біз категориялардың көмегінсіз ешқандай зат туралы ойлай алмаймыз» - Түсіндіріңіз.
- •34. Хіх ғ. Философиясының ерекшеліктері.
- •39. Адам философия мен медицинаның пәндік шеңберінде.
- •40. Демокриттің сөзіне коментарий жасаңыз :
- •46. Тұлға арасында жаттану үдерісі. Тұлға мен қоғам арасындағы жаттану. Жаттану.
- •50.Философтардың сөздеріне түсіндірме жасап, авторын табыңыз: а) бәрі ағады, бәрі өзгереді; б) болмыс бар, бейболмыс жоқ; в) өзіңді өзің таны.
1.Неміс классикалық философиясы.
Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ (үш жүзге тарта) мемлекеттер пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды.Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды.Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. берді. Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.
2.Ежелгі үнді философиясы. Буддизм және оның негізгі категориялары. Джайнизм.
Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіші — ведаларда (веда — білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
І.Самхит—құдайларға арналған гимндер жинағы.
2. Брахман-самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
3. Араньякта (Орман кітабы) — брахманға тән ритуалдардын орнына, сол құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойлап толғану сияқты көзқарас.
4.Ведалардың ең соңғы сатысы "упанишадта" дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқьілы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.
Соңғы сатыны Будда "нирвана" деп атайды (адамның тірі кезінде жанды сансардан толығымен азат етуі). Нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қасіреттен о дүниеде азат етсе, нирвана — бұл дүниеде азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адам архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп аталады. Нирвана — ең жоғарғы ләззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның бойынан бүкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген,ақыл-ойы күнделікті қызықтан алшақ адам танып - біле алады. Б.д.д. III ғасырда буддизм Иңдияның ресми идеологиясы болды.
Жаинизм ("жайна" — жеңімпаз). Жаинизмнің негізгі философиялық көзқарастары "Сиддханта"деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты — қасірет деп түсінген өмірден азат болу.Жаинизмнің ілімінше, карма заңын кұдайларға құрбандық шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде сансардан құтылу арқылы жеңуге болады. Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану)тұратын материалдан (пудгала) кұралады. Олар бір-бірімен косылып бөліне алады. Тіршіліксіз әлемге сонымен катар кенестік (ақаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады. Тіршілігі бар әлемнің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әр түрлі болады. Егер ауа, жер, от, өсім-діктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін кабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денелерден екінші денеге ауысып отырады. Жаинизмде мокша тіршілігі бар және тіршіліксіз әлемдердің арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі. Оның бірі — денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын айқындаса, екіншісі — өмірдің ұзақтығын, үшіншісі — тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты анықтайды.