
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Анатомия кафедрасы
- •051301- «Жалпы медицина» мамандығы үшін
- •Оқытушылар туралы мәлімет:
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) тақырыбының жоспары
- •Сабақ беру және оқыту әдістері
- •Баға шкаласы
- •Білім бағасының критериі**
Ф КГМУ 4/3-03/02
ПП КГМУ 4/02
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Анатомия кафедрасы
СИЛЛАБУС
(SYLLABUS)
«Анатомия-1» - Аnаt- 1 (2) 203 бойынша
051301- «Жалпы медицина» мамандығы үшін
Оқу сағатының көлемі: 108
I Курс
ІІ Семестр
Қарағанды 2014
Силлабус Анатомия -1 пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В130100 - «Жалпы медицина» мамандығы үшін «____» _____ 20 ж. құрастырылған.
Кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді
«___» _________ 201ж . № ____ Хаттама
Анатомия кафедрасының меңгерушісі: _________________ Н.Н.Наурызов
Силлабустың құрылымы:
Оқытушылар туралы мәлімет:
1. Анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Наурызов Нурлан Ныгметұлы, медицина ғылымының кандидаты, педагогикалық жұмыс стажы – 20 жыл
Телефон: 56-72-00
Ғылыми ынтасы: «Морфология»
Ғылыми мектебі: топ.анатомиясы
Ғылыми жетекшісі: Н.Рахметов
2. . Аға оқытушы – Карибжанова Роза Токетаевна, педагогикалық жұмыс мерзімі – 23 жыл.
4. Аға оқытушы – Шапатова Гульмира Букейхановна, педагогикалық жұмыс мерзімі – 22жыл.
5. Аға оқытушы - Құсайынова Бағира Сериковна, педагогикалық жұмыс мерзімі- 21 жыл
6.Оқытушы -Авдонина Альбина Георгиевна , педагогикалық жұмыс мерзімі- 47 жыл
7. Оқытушы- Тугамбаева Галина Искаковна, педагогикалық жұмыс мерзімі- 34 жыл.
8. Оқытушы- Тышканбаева Айзада Канапьевна, педагогикалық жұмыс мерзімі- 21 жыл
9. Оқытушы Агаркова Инна Андреевна, педагогикалық жұмыс мерзімі- 19 жыл.
10.Оқытушы Батяева Елена Хаджимурзаевна, педагогикалық жұмыс мерзімі- 7 жыл .
11. Оқытушы Анис Кулчат, педагогикалық жұмыс мерзімі- 2 жыл .
Байланыс ақпараты: Кафедраның орналасқан орны- Алалыкин көшесі, 7 үй; телеефоны: 56-41-81 (104 ).
Пәннің саясаты: Пәннің ерекшелігі студенттердің зиянды химиялық зат болып табылатын формалинмен домдалған мәйіттік материалмен тығыз байланыста жұмыс істеуінде. Сол себептен студенттер сабақта анатомиялық препараттармен жұмыс істеу үшін « анатомиялық қолғаптар » қолданады. Сонымен қатар міндетті түрде жалпы қабылданған студенттердің медициналық формасы: медициналық халат, медициналық бас киім, кезекші аяқ киім болу керек. Студенттер « анатомиялық театрда » этикалық тәртіптерді сақтап, тірі адамның күнделікті тіршілігі үшін қажетті адам денесінің мүшелеріне және мәйітке сыйлы және ұқыпты қарау керек.
Кіріспе
Адам анатомиясы – адам организмінің құрылысы мен пішіні, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дене ағзалары мен бөліктерін жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне байланысты пішінін, құрылысын, орналасуы мен топографиялық өзара қатынасын жүйелі түрде зерттейді. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия, антропология негіздеріне сүйене отырып, қоршаған ортаның және әлеуметтік факторлардың, еңбек пен дене шынықтырудың адам ағзаларының құрылысына әсерін қарастырады. Анатомия медициналық білімдердің фундаментін құрайтын пән болып табылады, бұл пәнсіз студентке тәжірибелік дәрігерге қажет мамандық клиникалық пәндерді меңгеру қиын болады.
Анатомия тек қазіргі адамның құрылысын анықтап қана қоймайды, сонымен бірге адам организмінің тарихи дамуы кезінде қалай қалыптасқандығын зерттейді. Анатомия – 1 пәнінің бағдарламасы адам организмін құрайтын ағзалардың, мүшелер мен тіндердің құрылысын, жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі дамыған микро- макроскопиялық анатомия, физиология, биология жетістіктерін және оның пренатальды дамуын қоса, мүшелердің өзара анатомо-топографиялық қатынастарын зерттеуге бағытталған.
Пәннің мақсаты: адам ағзасы мүшелерінің құрылысын олардың жасқа байланысты, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне, мүшелердің анатомо-топографиялық өзара қатынасына байланысты зерттеп, алынған мәліметтерді клиникалық кафедраларда қолдану.
Оқытудың міндеттері:
Пәннің міндеттері:
Білім: Анатомиялық модельдерден және мәйіттен сүйектердің,буындардардың,бұлшықеттердің, ас қорыту,тыныс алу, несеп-жыныс, нерв, тамыр,иммундық , эндокриндік жүйелер мүшелерінің құрылымдық элементтерін атап, тауып, олардың жасқа байланысты, жыныстық ерекшеліктерін көрсетеді, анатомиялық модельдерден үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің тамырларын тауып,схема түрінде көрсете біледі, бассүйек және жұлын нервтерінің анатомиясын сипаттап түсіндіреді.
Түсіну: Тұлғаның, қол-аяқтыңайырмашылық ерекшеліктерін атайды, буындардың биомеханикасын сипаттап сараптайды,мүшелермен жүйелердің негізгі қызметтерін атайды,дұрыс көрсете біледі
Білімі мен түсінігін тәжірибеде қолдану: Анатомиялық модельдерден және мәйіттен тірек-қимыл аппаратының, ас қорыту,тыныс алу, несеп-жыныс жүйелер мүшелерінің құрылысының айырмашылық-ерекшеліктерін көрсетіп,топтық жұмыс дағдысын меңгереді.
Пікірлер айту, идеяны бағалау және қорытындыларды қалыптастыру: тірек-қимыл аппаратының, ас қорыту,тыныс алу, несеп-жыныс жүйелер мүшелерінің қызметтері жайында пікірін айтып,осы жүйелер мүшелерінің құрылыстарының ерекшеліктерін бағалап,түсіндіреді,ситуациялық есептердің шешімін талдап,түсініктіме беріп, өз ойын тұжырымдайды.
Жеке түсінігі мен ептілігін жеткізу:Организм мүшелері мен жүйелердің құрылысы және даму заңдылықтары жайында ақпарат құрастыра алады,олардың маңыздылығын бағалайды, өз пікірін айтып,реферат, презентация, жобалар түрінде тәжірибелік сабақтарда,студенттік үйірмелердің отырыстарында,студенттердің ғылыми конференцияларында көрсетеді.
Өз бетімен әрі қарай оқуды жалғастыру қабілеті: алған білімдерін келесі пәндерде қолданады:патологиялық анатомия 1,патологиялық физиология-1, анатомия-2,гистология-2, физиология-2, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальді диагностика, жалпы хирургия.
Оқытудың соңғы нәтижелері:
Дескрипторлар |
Оқудың соңғы нәтижесі |
Компетенциялар* |
|
А |
сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу |
Болашақ мамандығына пәннің атқаратын міндеттері мен мақсаттарына түсініктеме береді. |
1,2,3,6 |
Латын тілінде халықаралық анатомиялық номенклатураны баяндайды. |
1,2,3,6 |
||
Сүйектің негізгі элементтерін атап, көрсетеді. Тұлға және қол-аяқтың сүйектерінің ерекше өзгешеліктерін атайды. |
1,2,3,6 |
||
Сүйек байланыстарын атап, жіктейді және буынның биомеханикасына талдау жасайды. |
1,2,3,6 |
||
Бұлшықеттің анатомиясын, классификациясын және қызметін баяндайды. Бұлшықеттердің қызметтерін дифференциялап, тұжырымдайды. |
1,2,3,6 |
||
Анатомиялық модельдерден және мәйіттен ас қорыту,тыныс алу, несеп-жыныс жүйелері мүшелерінің анатомиясын көрсетеді. Жүйелер мен мүшелердің негізгі қызметтерін диффернциялап, тұжырымдайды. |
1,2,3,5,6 |
||
Бас,мойын және тұлғаның,қол-аяқтың терісіне морфофункционалдық сипаттама береді. |
1,2,3,6 |
||
В |
Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу |
Анатомиялық терминологияны меңгеру деңгейін көрсетеді. |
1,2,3,6 |
Анатомиялық модельдерден бассүйек, тұлға және қол-аяқ сүйектерінің ерекше өзгешеліктерін көрсетеді. |
1,2,3,6 |
||
Анатомиялық модельдерден сүйектердің байланыстарының құрылымдық элементтерін тауып,көрсетеді. |
1,2,3,6 |
||
Анатомиялық модельдерден бас және мойын,тұлға,қол-аяқ бұлшықеттерін көрсетеді. |
1,2,3,6 |
||
Мәйіттен ас қорыту,тыныс алу, несеп-жыныс жүйелер мүшелерін көрсетеді. |
1,2,3,6 |
||
Топтық жұмыс дағдысын меңгереді |
1,2,3,6 |
||
С |
Дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу |
Ас қорыту,тыныс алу, несеп-жыныс жүйелер мүшелерінің қызметтері жайлы пікір айту. |
1,2,3,6 |
Организм жүйелері және мүшелерінің құрылыстарының ерекшеліктерін бағалап түсіндіреді. |
1,2,3,6 |
||
Ситуациялық есептердің шешуін түсіндіріп беріп, өз қорытындысын жасайды. |
1,2,3,6 |
||
D |
Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру |
Организмжүйелері және мүшелерінің құрылысы мен даму заңдылықтары жайлы ақпаратты құрастыруға қабілетті, олардың маңыздылығын бағалап, реферат, презентация, жоба құрастырып, тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірмелердің отырыстарында,студенттердің ғылыми конференцияларында талқыға салып,өз пікірін айтады. |
1,2,3,6 |
Көпшілік алдында өз пікірін жеткізіп, ақпараттарды талқылап,синтездеу дағдысын меңгеру. |
1,2,3,6 |
||
|
Ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау |
Студенттерге (оқытушыларға) өзінің білімі мен біліктілігін жеткізе алады. |
1,2,3,6 |
Организм жүйелерінің және мүшелерінің құрылыстары даму заңдылықтары негізінде алған білімін студенттерге (оқытушыларға) қорытындылап жеткізу. |
1,2,3,6 |
||
Ақпаратпен (оқу, анықтама, ғылыми) жұмыста білімі мен біліктілігін жеткізе алады. |
1,2,3,6 |
||
E |
Өз бетімен білім алуды жалғастыру қабілеті |
Патологиялық анатомия 1, патологилық физиология 1, анатомия 2, гистология 2, физиология2, клиникаға кіріспе , ішкі аурулар пропедевтикасы, визуалды диагностика, жалпы хирургия. |
1,2,3,6 |
* Құзыреттіліктер тізімі: 1. Жалпы білімділік 2. Биомедициналық ғылымдарды бiлу 3. Коммуникативті дағдылар 4. Өзін-өзі үнемі жетiлдіру дағдысы 5. Ғылыми зерттеу дағдылары 6. Командада жұмыс істеу дағдысы 7. Кəсіби біліктілік 8. Клиникалық дағдылар
Реквизитке дейінгі: Адам анатомиясы мен биология бойынша мектеп бағдарламасы.
Реквизиттен кейінгі: анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патологиялық анатомия 1, патологиялық физиология 1, клиникаға кіріспе 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальды диагностика, жалпы хирургия.
Пәннің қысқаша мазмұны
Анатомия туралы түсінік және оның биологиялық ғылымдар арасындағы орны.Қозғалыс аппараты: құрылысы, қызметі, филоонтогенез.Адам денесінің біліктер құрылыстарының схемасы, анатомиялық позициялар. Остеология. Синдесмология. Миология. Ас қорыту, тыны салу, несеп-жыныс жүйелер мүшелерінің анатомиясы, организмнің жұйелер мен мүшелерінің құрылыстарының ерекшеліктерін бағалайды және түсіндіреді, ситуациялық есептердің шешуін түсіндіріп беріп, өз қорытындысын жасайды. Тұлғаның терісінің морфо- функциональды сипаттамасы. Жеке, жасқа және жынысқа қатысты ерекшеліктері. Латын- анатомиялық глоссарий.