- •1.7. Оқытушылар туралы мәлімет:
- •1.8. Байланыс ақпараты:
- •1.9. Пәннің саясаты:
- •2. Бағдарлама:
- •2.3. Оқыту мақсаттары:
- •2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
- •2.7. Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.8. Тақырыптық жоспары: Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •Кеңес беру кестесі
- •2.9. Негізгі және қосымша әдебиет
- •2.10. Оқытдың және сабақ берудің әдістері:
- •Оқыту мен сабақ беру тәсілдерінің сипаттамасы:
- •2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
- •Тәжірибелік (ағымды, аралық, қорытынды бақылау), сөж сабақтарынан алған білімдерді бағалау критерилері
- •2.12. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
- •Ауызша жауап
- •Глоссарий
- •Түймедақ
- •Кроссворд
- •«Интеллектуалды футбол»
- •Реферат
- •Жеке жоба
- •Презентация
- •Семинар
- •Тест тапсырмаларын құрастыру
- •Аралық бақылау: Тестілеу
- •Коллоквиум
2.9. Негізгі және қосымша әдебиет
Негізгі:
Биоэтика. Учебник для вузов по специальности «Фармация» / Под ред. П.В. Лопатина, О.В. Карташовой. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006. – 240 с.
Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности. – Алматы, 2006.
Закон Республики Казахстан от 7 июля 2006 года «Об охране здоровья граждан в Республике Казахстан».
Закон Республики Казахстан от 13 января 2004 года № 522-II ЗРК «О лекарственных средствах».
Қосымша:
Фармацевтическая этика и деонтология: учебное пособие / Г.Я. Ибрагимова, С.Г. Сбоева. – Уфа, 2003. – 200 с. Котлер Ф. Основы маркетинга. – Москва: Прогресс, 1997.
Фармацевтическая биоэтика: Учебное пособие / Г.Я. Ибрагимова, С.Г. Сбоева. – Уфа, 2005. – 354 с.
Котлер Ф. Основы маркетинга. – Москва: Прогресс, 1997.
2.10. Оқытдың және сабақ берудің әдістері:
Тәжірибелік сабақтар: семинарлар, ауызша жауар, ситуациялық есептерді шешу, интеллектуальды футбол, теңіз шайқасы, ағымдағы бақылауды жүргізу.
Студенттің өзіндік жұмысы: әдебиеттермен жұмыс жасау, компъютерлік бағдарламалар мен электрондық база жүйелерімен жұмыс жасау, тест тапсырмаларын, кроссворд, түймедақ, глоссарий, құрастыру, рефераттар дайындау және қорғау, практикалық сабақта, өтпеген типтік бағдарламадағы кейбір тақырыптар бойынша презентация өткізу.
Оқыту мен сабақ беру тәсілдерінің сипаттамасы:
Презентация – студенттің презентация үшін өзі қалаған тақырыпты таңдауы. Презентация уақыты 8-10 мин. Презентация тақырыптың маңызын толық көрсете білуі, тыңдаушылардың қызығушылығы мен кәсіби деңгейі бойынша бағаланады.
Материалды ауызша баяндау (presentation) – берілген тақырыпқа сәйкес өзіндік дайындалу сұрақтары бойынша студент материалды баяндайды. Баяндау уақыты 10-15 мин. Бағалау келесі критерийлар бойынша жүргізіледі: тақырыптың маңыздылығын ашып көрсете білуі, тыңдаушылардың қызығушылық дәрежесі (талқылау), қолданылған әдебиеттердің толықтығы (қосымша әдебиеттермен бірге).
Тестілер әр модулдың соңында өткізіледі, сонымен бірге оқытушы студенттерге ескертусіз кез-келген тақырып бойынша бес минуттық тестілеу өткізуіне болады.
Рефераттар мен баяндамалар студенттің таңдауы бойынша дайындалады (әр модулдан бір реферат). Топтық түрде де дайындауға болады, әр студент бір бөлімнен алады. Реферат сұрақтардың мәнін аша білуі керек, толық мәліметтермен қамтылған және өзіндік қорытындысы болуы қажет.
2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
Ағымдағы бақылау – бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силлабусына сәйкес күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Онда сабақтың барлық түрлері мен үлгілері ескеріледі. Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда жауап беруі, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған бағаларының орта балымен есептеледі.
Аралық бақылау – бұл бір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет СӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 8 және 15 аптасы) жүргізіледі, аралық бақылау қорытындысы пән бойынша үлгерім және қатысу журналына және электронды журналға қойылады. Аралық бақылау қорытындысы деканатқа баянат түрінде аттестациялық аптадан кейінгі келесі дүйсенбіден кешіктірмей тапсырылады.
Қорытынды бақылау – пәнді оқып бітіргеннен соң тест түрінде (КТИЦ) эмтихан тапсырады.
Критерийлер:
- Объективтілік;
- Бүкпелемеусіз, ашық;
- Иілгіштік;
- Жоғары дифференциалды
Барлық жұмыстарды бағалау тәртібі:
- Балдар білімді бақылау кестесіне сәйкес қойылады;
- Егер студент бірде-бір сабақ жібермесе және сабаққа белсенді атсалысып отырса, онда қорытындылау кезінде марапаттау үшін балл қосылады
- Егер студент себепсіз сабақ жіберсе және оны уақытылы қайта тапсырмаса, онда балл қысқартылады ( 1 сабақ жіберу -0,66 балл)
Емтихан бағаларын қою критерийлері:
Ең төменгі балл: 1
Ең жоғары балл: 4
