Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус каз Биоэтика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.29 Кб
Скачать

ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

Б044 -40/18-78(702)2

27 беттің 5-беті

«Биоэтика» пәні бойынша силлабус

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән: «Биоэтика»

Пән коды: Таңдау бойынша компонент

Мамандығы: 5В110300 «Фармация»

Оқу сағаттарының көлемі (кредиттің) – 45 сағат (1 кредит)

Курс: 3

Семестр: 5

Шымкент-2014

Силлабус (оқу әдістемелік кешен) 5В110300 – «Фармация» мамандығы бойынша студенттерді кредит технологиясы жүйесімен оқытуға арналған жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалған.

Силлабус фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы мәжілісінде талқыланып бекітілді

Хаттама № ________ «______» ______________________20___ ж.

Фармация ісін ұйымдастыру

және басқару кафедрасының

меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Шертаева К.Д.

1.7. Оқытушылар туралы мәлімет:

Шимирова Ж.К. – ФІҰБ кафедрасының доцент л.а., фарм.ғ.к. басты ғылыми жетістіктері; фармацевтикалық нарықтағы маркетингтік зерттеу жұмысымен айналысады, 70-ке жуық ғылыми жұмыстардың авторы.

E-mail: zshimirova@mail.ru

Мамытбаева К.Ж. – фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының аға оқытушысы. Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы, жетістіктері:фармацевтикалық білімдерді модернизациялау, 12 ғылыми мақаланың авторы.

E-mail: mkulpan@mail.ru

Умурзахова Г.Ж. - фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының аға оқытушысы. Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы, жетістіктері:кадрлық менеджментті дамыту жолдары, 12 ғылыми мақаланың авторы.

E-mail: galiaum@mail.ru

Жаңбырбаева А.Д. - фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының аға оқытушысы, фармация магистрі.,6 ғылыми мақаланың авторы

E-mail:zhanbyrbaeva_akmaral@mail.ru

1.8. Байланыс ақпараты:

Кафедра мекен-жайы: Әль-Фараби алаңы 1.

Негізгі оқу корпусы, 3-этаж, сым.тетік:327.

1.9. Пәннің саясаты:

Студенттер міндетті:

  • Практикалық сабақтарға тақырып бойынша дайындалып келуге;

  • Дәріс, практикалық сабақтарды себепсіз жібермеуге, кешікпеуге;

  • Сабаққа арнайы формамен келуге (ақ, таза халат);

  • Оқу тәртібін қатаң қадағалауға, оқытушылар және бір–бірімен қарым–қатынаста этика принциптерін сақтауға;

  • Сабақ уақытында басқа жұмыстармен айналыспауға (әңгімелеспеу, сот.телефонмен сөйлеспеу, шылым тартпау, сағыз шайнамау, басқа әдебиеттер оқымау).

Студенттер келсі құқықтарға ие:

  • Оқытушыдан пәннің тақырыптарынан өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға;

  • Тақырып сұрақтары бойынша оқытушының ой–тұжырымымен келіспеген жағдайда, өз ойын ғылыми түрде негіздеп қорғауға;

  • Егерде дәріс, практикалық сабақтарда кейбір сұрақтар толығымен түсіндірілмесе, оқытушыдан қосымша түсіндіруді талап етуге;

  • Өздерін қызықтыратын тақырып бойынша ғылыми жұмыстар жасауға;

  • Аралық бақылауды мерзімінде тапсырмаған жағдайда, кафедра оқытушыларының өтем сабақтарды қабылдау кестесіне сай бір апта ішінде қайта тапсыруға;

  • Жіберілген дәріс сабақтарын оқытушыға конеспект көрсету арқылы өтеуге;

  • Жіберілген практикалық сабақтарын оқытушының өтем сабақтарды қабылдау кестесіне сай, деканат тарапынан сабаққа жіберілген жағдайда ғана өтеуге.

Жіберілген дәріс, практикалық сабақтары өтелінбеген, аралық бақылауды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді. Пән саясатын бұзған студенттердің рейтинг балы 0,66% төмендейді.

2. Бағдарлама:

2.1. Кіріспе

Фармацевтикалық биоэтикасы жаңа дәрілік заттарды (ДЗ) жасауда, оларды клиникалық сынақтардан өткізуде, тіркеуде, сапасын бақылауда, өндірісте шығаруда, тұтынушыларға дейін жеткізуде; дәрілік препараттар мен басқа да дәріханалық тауарларды қолдануда, сонымен қатар тұрғындар мен азаматтар денсаулығын, олардың өмір сапасын, дене және психика тұлғалылық қорғамдылығын, мәртебесін сақтау мақсатымен фармацевтикалық ғылыми кеңес қызмет көрсетуде пайда болатын моральдық, құқықтық, әулеметік, экологиялық және заңдылық күрделі мәселелерін зерттейді.

Фармацевтикалық биоэтика студенттерге кәсіптендіру пәндерін оқуда және дәріханалық тауарлар, әсіресе дәрілер айналымы аясындадағы кейінгі кәсіби қызметінде адамгершілік-құқықтық, этикалық позицияларды қалыптастыруда негіз болады.

2.2. Пәннің мақсаты: фармацевтикалық биоэтика саласында студенттердің білімін, практикалық дағдыларын және түсініктерін қалыптастыру; биоэтика және биомедициналық этика негіздерімен таныстыру; адамгершілік-құқықтық, этикалық нормаларды, ережелерді жадында терең сақтап тәжірибелік қызметінде бұлжытпай орындауды тәрбиелеу.