
- •Тақырыбы: «Омыртқа жотасының физиологиялық және патологиялық иілімдері»
- •Омыртқа жотасы туралы жалпы түсінік
- •Омыртқаның физиологиялық иілімдері
- •Паталогиялық иілімдер
- •Паталогиялық лордоз
- •Кифоздың жастық ерекшеліктері
- •Скалиоз
- •Жүре пайда болған скалиоздар негізгі 4 топқа бөлінеді:
- •Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты скалиоздардың жіктелуі
- •Дисктер грыжасы
- •Остехондроз
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Остехондроз
Остеохондроз – қабырға аралық дисктердің құрылысының өзгеруінен болатын патологиялық ауру.
Қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып, ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де, оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып, адамның белі, аяғы, қолы, басы, тіпті, ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды. Грек тілінен аударғанда «osteo» — сүйек, aл «hondrа» — шеміршек деген мағына береді екен. Остеохондроз — омыртқада болатын сырқаттардың ішіндегі ең көп тараған түрі. Аурудың бұл түрін зерттеу жүз жылдан бері тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Әуелде бұл мәселемен анатомдар мен патоморфологтар айналысты. Одан кейін омыртқаны рентгенологтар зерттеп, бірқатар жаңалықтар ашты. Соңғы кезде остеохондроз өзіне ортопедтердің, невропатологтардың және нейрохирургтердің назарын аударып отыр.
Омыртка желісі деп аталуының өзінен көрініп тұрғанындай адамның бүкіл денесінің діңгегі ретінде қызмет ететін омыртқа саны 33-тен 35-ке дейін жетеді. Олардың ішіндегі жетеуі мойын омыртқа, онекісі арқа омыртқа, бесеуі бел омыртқа, бесеуі көлденең омыртқа және тәрт-бес омыртқа — құйымшақ.
Омыртқа деформациясының алдын алу шаралары
Әдетте балаларда омыртқа жотасының паталогиялық қисаю себебі- төсегінің дұрыс болмауы. Ең дұрысы ортапедиялық төсек болып табылады. Күнделікті өмірде төсек орынды, әсіресе балалардікін ыңғайлы ету керек.
Аздаған дене деформациясы барлық адамда бар. Ал олар айқын көріне бастаса ортапетке қаралу керек.
Дене түзулін тексерудің қарапайым әдісі: тік қабырғаға арқамен тұрып, шүйде, жауырын, жамбас, балтырды қабырғаға тигізгенде- қабырғамен мойын және бел лордоздары арасы 2-3 елі болуы тиіс.
Омыртқа жотасының ауруларын емдеу
Емдеу тәсілдері:
емдік массаж
мануальді терапия
физиотерапия
емдік физкультура
емдік дәрілердің көмегімен.
Ең бастысы омыртқа жотасының ауырсынуы кезінде дәрігерге дәл уақытында бару болып табылады. Себебі: егер ауру аскынған болса ол басқа жүйелердің де бұзылуына алып келеді.
Омыртқа жотасының аурулары кезінде көбінесе жоғарыда айтып кеткендей комплексті емдеу тәсілдерін қолданады. Егер ауру тым асқынып кеткен болса онда операциялық жолдарды қолданады.
Қорытынды
Қорытындылай келетін болсақ, омыртқа ағзада тірек қызметін атқарады. Ол S әріпіне ұқсас формада болып келеді. АдамдаАрқа радикулиті кезінде екі жауырынның арасы ауырады, кеудеге құрсау салып тастағандай сезіледі. Денеге ауыр күш түскенде немесе адам белгілі бір қалыпта ұзақ жатып қалған жағдайда ауыру қатты білінеді.
Сондықтан сырқат адам ара тұра қозғалып, денесінің қалпын өзгертуге мәжбүр болады. Көбінесе жауырын асты, жауырынның ортасы күйіп бара жатқандай ашып, сыздап немесе солқылдап ауырады.
Омытқа жотасының ауруларының қай-қайсысы болса да өте зиян болып табылады. Себебі: оның бұзылыстары жұлынның зақымдануына алып келеді. Егер жұлынның кеуде аймағы зақымданса колдардың, кеуде-бел аймағында зақымданса ішкі ағзалардың, егер бел аймағы зақымданса аяқтардың жұмысының бұзылысына алып келеді.