
- •Тақырыбы: «Омыртқа жотасының физиологиялық және патологиялық иілімдері»
- •Омыртқа жотасы туралы жалпы түсінік
- •Омыртқаның физиологиялық иілімдері
- •Паталогиялық иілімдер
- •Паталогиялық лордоз
- •Кифоздың жастық ерекшеліктері
- •Скалиоз
- •Жүре пайда болған скалиоздар негізгі 4 топқа бөлінеді:
- •Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты скалиоздардың жіктелуі
- •Дисктер грыжасы
- •Остехондроз
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Анотомия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Омыртқа жотасының физиологиялық және патологиялық иілімдері»
Орындаған: Тилеулиева Г.С
Топ: 1-042 ЖМФ
Тексерген: Шайкина С.Н
Қарағанды 2014 ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Омыртқа жотасының физиологиялық иілімдері
Омыртқа жотасының паталогиялық иілімдері
Лордоз. Түрлері, пайда болу себебі.
Кифоз. Даму себебі. Түрлері.
Скалиоз. Скалиоздың ерекшеліктері. Құрылымдық және құрылымдық емес скалиоздар.
Дисктер грыжасы
Остехондроз
Омыртқа жотасының ауруларын емдеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Біз тік жүреміз. Сондықтан омыртқамызға көп күш түседі. Мәселен, төрт аяқтап жүретін жануарлар остеохондрозбен ауырмайды. Неге? Өйткені адамның омыртқасына қарағанда жануардың омыртқасына түсетін күш аздау. Адам көп қозғалуы керек. Жаңа туған бала әрбір бес секунд сайын өседі. Сондықтан ол үшін қозғалыстың маңызы зор. Қазір адамдар көп қозғалмайды. Таңнан кешке дейін компьютердің алдында отырады. Спортпен айналыспайды, бассейнге бармайды, тек екі қолмен ғана жұмыс жасайды. Қозғалыстың аздығы адамды ауру қылады. Ал омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады.
Омыртқа жотасы туралы жалпы түсінік
Адамның омыртрқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. Оларды өзіндік ерекшеліктерге байланысты 5 топқа бөледі:
Мойын омыртқалары, vertebrae cervicales, 7 омыртқа.
Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae, 12 омыртқа.
Бел омыртқалары, vertebrtebrae lumbales, 5 омыртқа.
Сегізкөз омыртқалары, vertebre sacrales, 5 омыртқа.
Құйымшақ, os coccygis, 4-5 омырқа.
Омыртқаның физиологиялық иілімдері
Эволюция процесінде адамның омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері пайда болды. Оның негізгі себебі адамның тік жүруіне байланысты омыртқа жотасының тірек қимыл функциясына бейімделуі. Нормада омыртқа жотасы алдыға және артқа иілімдер жасап, ауыртпалық түскенде тірек қызметін атқарады. Қалыпты омыртқа жотасы бүйірінен қарағанда “S” пішінді. Мойын бөлігінде- мойын лордозы, кеуде аймағында- кеуде кифозы, бел аймағында- бел лордозы және сегізкөз кифозы. Осы иілімдер бала кезде пайда болады. Бүйірлік иілімдер нормада жоқ.
Паталогиялық иілімдер
Омыртқа жотасында паталогиялық иілімдер физиологиялық иілімдердің қатты иілуінен немесе тән емес орындарда пайда болуынан туындайды. Қатты білінген лордоз, кифоз және, бүйірге қисаю, скалиоз жатады.
Паталогиялық лордоз
Қалыпты лордоз иілімдері бала 1 жасқа толғанша пайда болады және паталогиялық лордоз 2 түрлі болады:
Омыртқадағы ісіктер әсерінен пайда болған- бірінші реттік лордоз;
Ортан жіліктің туа біткен таюы, ұршықты буынның анкилиозы және кеуде кифозы әсерінен- екінші реттік лордоз дамиды.
Лордоз қатты білінгенде, тұрған қалыпта, тізе буыны бүгулі, дене мен жамбас алдыға шығыңқы, ал жүрген кезде- тізе қатты бүгіліп, дене алдыға қисаяды.
Жүре пайда болатын лордоз- ұршықты буынның таюынан, іш аймағында артық майдың жинақталуынан және де аяғы ауыр әйелдерде жиі байқалады. Мойындық және белдік лордоздың азаюы- остеохондроз, омыртқа туберкулезы, остеохондропатия, омыртқа денесінің сынуында пайда болады.
Лордоздың клиникалық көрінісін омыртқа жотасының деформациясы және қатар жүретін зақымдалған аймақтағы ауырсынудан көрінеді.
Сыртқы көрінісі- бас пен қарын алға шығынқы, кеудесі тегіс.
1 реттік лордозды тек хирургиялық жолмен, ал 2 реттік лордозды бандаж салып емдеуге болады.
Кифоз
Кифоз- омыртқаның артқа шығыңқы болуы, бүкірлік. Сыртқы көрінісі- иық алға және төмен түсіңкі, кеуде тыныс шығарғанда тар, қарын сәл шығыңқы, тепе- теңдік ортасы артқа ығысқан, дененің жоғарғы жағы алға қисаяды, жауырындар қанат тәрізді пішін алады. Кеуде қуысының тарылуына байланысты өкпенің тіршілік сиымдылығы азаяды, соған байланысты тыныс алу және жүрек жұмысы бұзылады.
Кифоз туа және жүре пайда болады. Пішініне қарай доға тәрізді және бұрыш тәрізді деп бөлінеді.
Туа пайда болған кифоз омыртқа аралық дискілердің жетілмей қалуынан және омыртқа денесінің дұрыс дамымауынан болады.
Жүре пайда болған кифоз- зақымдалу, ісік, рахит, остеохондропатия, остеопороз, спондилоз, лейкемия, дистрофия, миатония, т.б.себептерден дамиды.
Кифоз зақымдау аймағына байланысты- кеуделік және кеуде- белдік болып бөлінеді:
Кеуделік кифоз- IV- X кеуде омыртқаларының қисаюы.
Кеуде - белдік кифозда- XI- XII кеуде омыртқалары және I- II бел омыртқалары зақымдалады.