Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция-16. Столбняк.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.3 Кб
Скачать

Энергетикалық шығындары мен минералды сұйықтардың жойылуы.

Қалшылдау, бұлшық еттердің қатайыңқырап ұсақтау (тонические) жиырылуы және жоғары деңгейдегі дене қызуы ағзадан энергияның шығынын жоғарылатады. Қатты терлегіштік және кеңірдек пен оның тармақтарының бойындағы (трахеобронхеальные) бездердің артық сұйық түзгіштігі (гиперсекреция) босаңсуға әкеліп соқтырады. Жұтынудың ауыр бұзылыстары қуатты тамақ пен минералды сұйықтықтың қажетті мөлшерінде денеге түспеуіне және де жетіспеушілігіне әкеледі. Мұның бәрі тезірек үдемелі арықтау мен босаңсуға әкеледі. Аштық пен босаңсу қалшылдаудың жиілігі мен қарқындылығына ықпал етуші күшті тітіркендіргіштер болып табылады. Сондықтан сырқаттың бойында ең алдымен энергиялық шығыны мен минералды сұйықтықтың жоғалуын толықтырып қалыптастыру керек. Ол үшін ас қабылдау (энтералное) жолымен қоса одан тысқары қосымша алмастырғыш (парентералное) жолды қолдану керек. Сіреспемен ауырған науқастың тамақтануы жауапты шара, үйткені тыныс алу жолдарында тамақтың тұрып қалу қаупі тұншығуды (асфиксия) тудырады, сондықтан науқасқа өз бетімен тамақтануға тиым салынады.

Тамақтану тек аз мөлшерде, шәй қасықтың көмегімен ғана жүргізіледі. Қалшылдауды болдырмас үшін тамақтанар алдында жүйке жүйесін жайғастырғыш (нейроплегическая) қоспаны еңгізу керек. 15-20 минут ұйықтап кеткеннен кейін, ауру босаңсығаннан соң тамақтануға оятады.

Тамақатандыру кестесі бойынша құрамында сорпа, тартылған ет, көже, сұйық тамақ, сұйық ұсақталған еті бар сүт қосылған сұйық картоп езбесі, сүт, айран, шикі жұмыртқа, қант, қорытылған сары май, өсімдік майы, шырын, жеміс – жидектен тұратын тағамдарды береді.

Егер науқасты толық бұлшық етті босаңсытып, салдандыруға ауыстырса, оны тамақтандыру мүмкін емес. Бұл кезде 12-елі ішекке орнатылған түтікше зонд арқылы қоректік қоспаларды береміз, оған құрамында желатиноль, инфузол, аминопептидтер - 300-400 мл, сорпа 50-300 мл, сүт - 300-400 мл, араластырған 2-3 жұмыртқа сарысы, қорытылған сары май –30 гр, өсімдік майы –20 гр, қант –50-60 гр, жеміс-жидек шырыны - 100-200 мл, 20-50 мл спирт, 10 түйір – драже түріндегі поливитаминдер; натрий, калий, магний, минералды тұздары кіреді. Мұндай қоспаның тәуліктік қуаты 2000 кило/калория шамасында болады.

Қоспаның қуатын 3000-5500 ккал дейін көбейту үшін сүтті сүт қоспаларымен кефир, айран, қаймақ, т.б. ауыстыру керек. Мұндай қоспаларды зондтың көмегімен 100-150 мл-ден бөлшектеп, тәулігіне 5-6 рет беру керек.

Науқастың сұйықтықты көп мөлшерде жоғалтуына байланысты тамырдан сұйықтықтар беру арқылы қалпына келтіреді. Тәулік бойына сұйықтың қажеттілігін анықтау үшін мынандай формуланы қолданады:

  • 1500 мл х дене көлемі (кв.м) + 500 мл. температура – 36,0С).

  • Сіреспе ауруының алдын алу.

Сіреспенің алдын алу үшін сіреспеге қарсы сары судың 3000 халықаралық бірлік (МЕ) мөлшері қолданылады. Оны қолдану арқылы аурудың күрт төмендеуі байқалған, бірақ сіреспеден толығымен айықпаған. Сонымен қатар сіреспеден қайтыс болу егу инъекция алғандар арасында 22,6% –ды құраған, ал салыстыра келе иммундеуді өтпегендерге қарағанда 55,2% азырақ кездеседі. Эпидемиологтардың есебі бойынша сіреспемен ауырғандардың 3-4% ғана иммундеуді өтпеген. Сіреспенің алдын алу тек аурудың алдында және жарақат алғаннан кейін 12 сағаттан кеш мерзімде нәтижелі болады. Сіреспеге қарсы сары су кез келген жараларда, беткейлік зақымдануларда, күйікте, үсікте еңгізіледі. Оның кең қолданылуы егілген адамда өмір бойы жылқы сары суына (лошадийная сыворотка) бейімделуін тудырады. Сондықтан сіреспеге қарсы сары суды қайта еңгізу мұндай адамдарда жедел арнайы кері денелердің бөлінулеріне әкеледі. Жылқы ақуызына бейімделу кезінде егуге қарсы ауыр өзгерістермен жауап береді. Мұндай ауыр сезімталдықтан қалыптасқан талу (анафилактический шок) мен адам өлімі осы инфекциямен ауырған 10000 сырқаттың ішінде тек біреуінде ғана кездеседі.

Канадада сіреспе ауруына қарағанда, оған қарсы еңгізілетін сары судан кейінгі дамитын асқыну салдарынан өлетіндер саны көбірек кездеседі (1992).

Асқынуларды болдырмау үшін осы кезеңде сары суды еңгізбес бұрын жылқы сары суына ағзаның сезімталдығын тексеру үшін тері ішіне 0,1 мл қызыл таңбасы бар шыныдағы сары суды (тест – ампула) еңгізеді. 30 минуттан кейін реакция теріс болса, ине еңгізген аймағының қызаруының диаметрі 0,9 см аспаса 0,2 мл. араластырылмаған сары су енгізіп, тағы да 40 минут өткен соң асқынулар көрінбесе, қалған 3000 халықаралық бірлік мөлшерін еңгізеді. Сіреспеге қарсы егу тек 5-6 күнде баяулау (пассивный) иммунитет көрсетеді. Сондықтан, оған қосымша анатоксинді еңгізу ағзада кері дененің шығуына әсерін тигізеді, ал ол 3-4 аптадан соң қарқынды (активный) иммунитетті және екінші немесе үшінші рет сары сумен ине салудың нәтижесінде 9-12 айдан кейін жетілген иммунизацияны қалыптастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]