
- •Оқытушы
- •Интерактивті әдістердің негізгі белгілері:
- •Кейске негізделген оқыту(cbl,case-based learning):
- •Медециналық білім саласындағы жеке тұлғалық бағыттық әдіс тәсіл:
- •Оқытудың жеке тұлғалық бағыттық тәсілі:
- •Проблемаға бағыттап оқыту:
- •Портфолио анықтамасы.
- •Реферат анықтамасы құрылымы реттілігі
- •Рөлдік ойын дегеніміз не?:
- •Репродуктивті оқыту әдісі дегеніміз не?
- •Семинар анықтамасы:
- •Insert әдісі анықтамасы ibsertтің сатылары:
Кейске негізделген оқыту(cbl,case-based learning):
Кейс-стади әдісі төмендегі дағдыларды дамытады: 1. Талдау жасау дағдылары. Оларға: мәліметтерді ақпараттардан ажырата алу, шынайы және жалған ақпараттарды ашып көрсету, жіктеу, оларды талдау, ұсыну және табу, қалыс қалған ақпараттарды табу және оны қалпына келтіре алу жатады. Анық және нақты ойлау. Бұл, әсіресе, ақпарат жоғары сапалы болмаған жағдайда маңызды. 2. Практикалық дағдылар. Кейсте берілген нақты жағдаятпен салыстырғанда күрделілік деңгейі төменірек мәселелер, экономикалық теорияларды, әдістер мен ұстанымдарды практикада қолдану дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді. 3. Шығармашылық дағдылар. Бір ғана логикамен case-жағдаятты шешу мүмкін емес. Логикалық жолмен табу мүмкін болмағандықтан, шығармашылық дағдылар мен баламалы шешімдер өте маңызды. 4. Коммуникативтік дағдылар. Олардың ішінен пікірталас жүргізе алу, айналадағыларды сендіре алу сияқтыларды бөліп көрсетуге болады. Көрнекті құралдар мен басқа медиа-құралдарды қолдану, топ болып ұйымдасу, өзінің көзқарасын қорғау, қарсыластарды сендіру, қысқа әрі сенімді есеп жасау. 5. Әлеуметтік дағдылар. Кейс-стадиді талдау барысында белгілі-бір әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың мініз-құлқын бағалай алу, басқаны тыңдай білу, пікірталасты жалғастыра білу немесе қарсы пікірін дәлелдей алу, өзін-өзі бақылай алу т.б. 6. өзін бағалай білу. Пікірталаста келіспеу басқалардың да, өзінің де пікірін түсінуге және талдай алуға мүмкіндік береді. Бұдан пайда болатын моральдық және этикалық проблемалар әдеуметтік дағдылардың қалыптасуын және олардың шешілуін талап етеді
Коммуникативті дағдылар:
олардың ішінен пікірталас жүргізе алу,аиналадағыларды сендіре алу сияқтыларды бөліп көрсетуге болады. Көрнекі құралдармен басқа медиа құралдарды қолдану топ болып ұйымдасу өзінң көз қарасын қорғау ,қарсыластарды сендіру қысқ әрі сенімді есеп жасау .
ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ
Құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс:
құзірет дара тұлғаның бойындағыөзара байланысты сапалардың білім білік дағды жиынтығы құзырлыққы бағытталган оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды қоғаммен байланыс орнату барысында тілі майда,сөзі жұмсақ аудиториямен қарым қатынас жақсы болу керек . Кері байланыс білімді білікті дағдыны дамытуға үлкен септігін тигізеді.
Құрбы-құрдастары арқылы оқыту (PAL,peer-assisted learning):
Қор жүйесі есте сақтау қабілетін жаттықтыру әдісі:
Есте сақтау қабілетін жақсартудың 10 әдісі
Жақсы кітаптар оқыңыздар
Жарты сағат Компьютер ойындары
Ұйқы
Жаңа бір нәрсені үйреніңіз
Кертартпалықтан құтылып көріңіз
Сандармен жұмыс істеп көріңіз
Жаттап үйреніңіздер
Өткеніңіз туралы айтыңыз
Шет тілдерін үйрену
Сөздік қорыңызды көбейтіңіз
Құзіреттілік анықтамасы:
Ғылыми әдебиеттерде құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім,білік,дағды,іскерлік,әрекет тәсілі) жиынтығы.
Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор.
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.
Коммуникативтік құзіреттілік өз ана тілін және басқа тілді білудегі қабілеттілігін қарастырады. Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді:
1. Грамматикалық құзіреттілік;
2. Социолингвистикалық құзіреттілік;
3. Дискурсивті құзіреттілік;
4. Стратегиялық құзіреттілік;
5. Социомәдениеттік құзіреттілік.
Енді осы құзіреттіліктердің анықтамасына тоқталайық.
Грамматикалық құзіреттілік – тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып, оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.
Социолингвистикалық құзіреттілік – мәтіндердің шығу және танып білу үрдістерін меңгеру. Бұл тыңдалым арқылы басқа адамның (мұғалімнің немесе оқушының) тілін ұғу болып табылады. Бұл үшін оқушылардың бірін-бірі тыңдауына жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда тілдік орта қалыптасады, яғни оқушыларды мәтін арқылы сөйлеуге үйрету.
Дискурсивті құзіреттілік - айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. Бұл қазіргі таңдағы ең қажетті құзіреттілік. Себебі, оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет.
Стратегиялық құзіреттілік- әңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл - диалог құру және оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның өзі бастапқы мәселенің практикалық бөлігі болып табылады.
Социомәдениеттік құзіреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы – халық мәдениетін білулерін білу және қолдану. Қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, үлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің дәстүрлері және қазақ халқының қонақжайлылығы.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:
• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады.
Құзіреттілікті меңгеру бойынша тиімді кері байланыс:
ММММММММММММММММ
Мәселелерге ,есептерге негізделген оқыту (TastkBL,task-based learning):
Медециналық ЖОО оқытудың перспективалық әдіс тәсілдері:
Ғылымның қарқынды дамуы және техникалық прогресс адамдарға жаңа зерттеулердің ақпараттық технологиясын ұсынады: бізді қоршаған ортаның пайда болуы, қалыптасуы, тірі ағзалардың өмірін қамтамасыз ету, соның ішінде молекулярлық деңгейдегі адамның геномы, мысалы инновациялық әдіспен емдеуді құру үшін және кейбір генетикалық аурулардың коррекциясын. Осыған байланысты соңғы жылдары ғылыми жаңалықтар есебінен жас мамандарға білім беру үшін әдіс-тәсілдерді енгізу, дамыту туралы сұрақ туындайды. Бірақ қазіргі ЖОО-да оқытушылардың міндеті болашақ маманды тек қана ғылыми-педагогикалық, ақпаратты тұлға ретінде ғана қалыптастырмай, оның болашақта осы алған білімдерін кез-келген кезде туындайтын қиындықтарды шешуге пайдалана алатындай, жан-жақты дамуға бағыт беруі керек. Бұларды шешу үшін медицина университеттері студенттің оқу тәжірибесіне тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынып, студенттің тәжірибесіне жаңалық енгізген әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларымен бірлесіп жұмыс істеуде. Әсіресе болашақ мамандарды тәжірибелік дағдымен дайындау негізгі мәселе болып отыр.
Әлі күнге дейін Қазақстан медцина университеттерінде студенттерді тәжірибелік дағдымен оқытудың әдіс-тәсілдерінің көп бөлігі өзгермеген бұрынғы тәсілдермен өткізіліп жүр.