Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKTU MEDJOO.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245.25 Кб
Скачать

ААААААААААААА

Активті оқыту әдісі:

Белсенді әдіс сабақ барысында оқытушы мен студент ӛзара бірлесе әрекет ететін және бұл жерде студент пассив (селқос) тыңдаушы болып қалмай, белсенді түрде қатысып отыратын, оқытушы мен студенттің өзара әрекеттесу формасы. Егер пассивті әдісте негізгі әрекет етуші және сабақ менеджері оқытушы болса, бұл жерде оқытушы мен студент тең құқыққа ие. Егер оқытудың пассивті әдісінде өзара әрекеттесудің беделге бағытталған стилі ұсынылатын болса, белсенді әдісте демократиялық стиль басымырақ. Көптеген зерттеушілер белсенді және интербелсенді әдіс арасына теңдік белгісін қояды, алайда, ортақ жақтары кӛп болғанына қарамастан, олардың айырмашылықтары да кӛп. Интербелсенді әдісті, қазіргі белсенді әдістердің неғұрлым жаңашыл формасы ретінде қарауға болады

Оқытушы

студент

Медициналық ЖОО-дағы оқытудың белсенді әдістеріне мыналар жатады:

студент

-зертханалық практикумдар (материалдық нысандарды, препараттарды, муляждарды, құралдарды, макеттерді зерттеу, зертханалық жұмыстарды орындау);

-клиникалық тапсырмаларды шешу, моделдерге немесе науқастарға мануалдық әрекеттерді орындау (пальпация, перкуссия, аускультация, қанды тоқтату, жасанды тыныс алғызу және т.б.);

-оқу-рөлдік, иммитациялық, оталық әрекеттер;

іскерлік ойындар;

-ой түрткі (миға шабуыл);

-студенттің оқу және зерттеу жұмысы;

-студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы.

ӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘ

Әлеуметтік дағдылар:

Әлеуметтік дағдылар. Кейс-стадиді талдау барысында белгілі-бір әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың мініз-құлқын бағалай алу, басқаны тыңдай білу, пікірталасты жалғастыра білу немесе қарсы пікірін дәлелдей алу, өзін-өзі бақылай алу т.б.

БББББББББББББББББ

Бағалау ситуациясы:

Бағалау ситуациясы – жүктелген проблема бойынша қабылданған клиникалық шешімді суреттейді. Білім алушалардың мақсаты – қабылданған шешімнің сыни сипаттамасын өткізу; қойылған ситуация кезінде және оны шешу жолы бойынша дәлелденген қорытындыларды беру.

Бағалау критерилері:

Егер төмендегі белгілер орындалса онда бағалау табысты өткізіледі деп есептелінеді:

1.білім беру бағдарламаларын жасау кезінде оқутапсырмалары мен айқын мақсаттардығң ұстанымдары сақталады

2.оқытудағы білімнің және машықтардың бағалануы тиімді бағалау үрдісін қамтамасыз ететін,әдістердің жиынтығын қолдануымен өткізіледі

3.оқытудың жобаланған нәтижелерінің,оны оқыту әдістері мен тапсырмалар арасында сәйкестік сақталады

4.бағалаудың әр бір қолданылатын әдісінде білімді іскерлікті машықтарды барабар бағалау үшін қажетті уақытша дербес ұзақтық болады

5.бағалау процедурасы білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын қанағаттандырады

6.бағаның айқын және ерекше белгілері өңделген

7.жақсарту үшін бағытты анықтап және оның тиімді жағын белгілейтін "студент пен оқутышының " және "оқытушымен студенттің" арасындағы кері байланыс ұсынылады

8.бағалау және есеп берушілік жүйесі оқу үрдісін ұйымдастырумен қатар және оның жалпы бағасымен сәйкес келеді

ВВВВВВВВВВВВВВВВВВВВ

Виктарина анықтамасы:

әр түрлі білім саласы бойынша ауызша және жазбаша сұрақтарға жауап беретін негізгі ойын түрі, бұл ойындар білімділілерге арналған

ДДДДДДДДДДДДДДДДДДДД

Дәрістер анықтамасы,түрлері:

Дәріс (лат. «lection» - оқу) – педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы.  Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады.

Нұсқау беру дәрісі – оқу материалын меңгеруге қатысты негізгі ережелермен танысу, білім алушылардың курс (бөлім, тақырып) бойынша күрделі тақырыптар мен сұрақтарға назарларын аудару.

Кіріспе дәріс – студенттердің аталған курс жұмысының жүйесіне назарларын бағыттайтын оқу пәніне байланысты ең алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Ақпарат дәрісі (дәстүрлі) – ғылыми ақпаратты студенттерге баяндау және түсіндіру.

Проблемалық дәріс – студенттердің танымдық іс-әрекеттерін , шығармашылық қабілеттерін проблемалық сұрақтар, проблемалық міндеттер қою немесе проблемалық жағдаяттар туғызу арқылы дамыту.

Жалпылау дәрісі – студенттерді төмен танымдық деңгейден жоғары деңгейге ауыстыру, оқу материалын меңгерудің тереңдігі мен сипатын анықтау.

Шолу дәрісі – ғылыми білімді жүйелеу, теориялық ережелерді құру.

Визуалды (көру) дәрісі – вербальды-визуалды түрде оқу материалдарын техникалық құралдар немесе аудиобейне техника көмегімен беру.

Бинарлы дәріс – оқу материалын жүйелі, әр аспектіде пәнаралық байланыс тұрғысынан беру.

Алдын-ала жоспарланған қателерімен дәріс – оқу материалының мазмұнына алдын-ала енгізілген қателерді студенттер міндетті дәріс барысында белгілеп алып, дәріс соңында атап көрсету.

Пресс-конференция дәрісі – курстың белгілі бір тақырыбына байланысты студенттердің құрастырған сұрақтарын мазмұнына байланысты топтастыра отырып дәрәс оқу. Материалды беру тек сұрақтарға жауап беруден тұрмайды, өзара байланысқан тақырыпты ашатын толық дәріс үлгісінде боладды. Дәріс соңында оқытушы студенттер білімінің көрінісі ретінде сұрақтарды бағалайды.

Дискуссия дегеніміз не?:Дискуссия (лат. discussio) - пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір сайысы[1], қандай да болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер тобын білікті тұлғалармен бір мәмілеге келу үшін талқылау.

ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ

Емтихан алдындағы қорқу және оны жою тәсілдері:

“Сессия” немесе “емтихан” сөздерiн естiгенде естен танып қалмау үшiн не болмаса, қатты үрейге, уайымға салынбас үшiн келесi қарапайым ережелердi сақтаған ләзiм:

1. Тақырыпты неғұрлым жаттап алмау керек, тек белгiлi бiр ұғымдар, белгiлер, соған байланысты элементтер ар­қылы есте сақтау қажет;

2. Дәл емтихан күнi бәрiн қайта ақтарып, қайталаудың қажетi жоқ;

3. Емтихан алдында ұйқыны қандырған жөн. Яғни түнi бойы кiтап оқып миды ауыртудың керегi шамалы.

4. Емтихан тапсырар сәтте кабинет алдында күтудiң қажетi жоқ. Барынша алғашқылардың бiрi болып кiрiп кеткен жөн. Бiрнеше күн бойы жаттай алмаған дүние айналдырған жарты сағат, бiр сағатта жатталмайды. Ондай мезгiлде үрей де артады;

5. Емтиханға ыңғайлы киiмде келген жөн (қыздар үшiн биiк өкшелi аяқ киiм мен қысқа юбкалардың керi әсерi бар), сондай-ақ дұрыс тамақтанып келудiң де оң әсерi бар. Және қандай жағдайда болмасын допинг, кофе немесе энергетикалық сусындарды iшпеген дұрыс. Тек қатты қажетсiнген жағдайда – тыныштандыратын дәрi-дәрмек қабылдау керек;

6. Кешiкпеу керек! Әйтпесе, қорқыныш деңгейi тiптен үдей түседi. Ең дұрысы – неғұрлым ертерек келiп, өзiңдi-өзiң қолға алуға тырысу

Есте сақтау қабілетін тиімді қолдану:

Ешқашан жалқаулыққа салынба. Өйткені, жалқау адамның ойлары әлсіз келеді де, есте сақтау қабілетін төмендетеді.Спортпен шұғылдан,көп қимылда,үнемі қозғалыста бол. Белсенділік адамның миындағы қан айналымды жақсартады, хабарламаларды қабылдау барысын реттейді.Қайталау- есте сақтаудың қайнар көзі болып табылады. Бірақ, мәтінді бір дегенде бес мәрте емес,бес күннің ішінде бір реттен /түнге қарай болса тіпті жақсы/ қайталап оқып отырсаң, әлдеқайда есте қалады.Егер сіздер есте сақтау қабілеттеріңізді жиі - жиі жаттықтырмасаңыздар, оны жоғалтып аласыздар!

ИИИИИИИИИИИИИИИИИ

Интерактивті оқыту әдісі анықтамасы:

Интерактивті әдіс. Интерактивті («Inter» - ӛзара, «act» - әрекет ету) - өзара әрекет ету, сұхбаттасу режимінде болу, біреумен әңгімелесу дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, белсенді әдістерден айырмашылығы сол, интербелсенді әдіс студенттің оқытушымен ғана емес, бір-бірімен де зара кеңірек қарым-қатынасқа түсуіне бағытталған және студенттің оқу үрдісіндегі белсенділігін арттыруға негізделген. Интерактивті оқытуда оқытушының орны студенттің іс-әрекетін сабақтың мақсатына жетуге бағыттауға арналады. Оқытушы сонымен қатар сабақтың жоспарын (әдетте, бұл оны орындау барысында студент материалдарды оқып игеретін интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар) жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, интерактивті сабақтың құрамдас бөлігі студент орындайтын интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегі тапсырмалардан маңызды ерекшелігі сол, студент оны орындай отырып оқыған материалды бекіткеннен гөрі жаңа материалды көбірек игереді.

Сондай-ақ оқыту әдістері соған сәйкес оқыту әдістерімен үйлесетін: ақпараттық-жинақтаушы және орындаушы, түсіндіруші және репродуктивті, құралдық-практикалық, ӛнімді-практикалық, түсіндірмелі-қозғаушы, бӛлшектік-ізденушілік, қозғауыштық және ізденістік жіктеулер ұсынылады (М.И. Махмутов). Білім бастаулары мен логикалық негізде оқыту (Н.М. Верзилин), білім бастаулары мен оқушының оқу үрдісіндегі ӛз бетінше дайындалу деңгейі (А.Н. Алексин, И.Д. Зверев және т.б.) жіктеулері тұрғысынан келу кӛбірек қолданылуда. В.Ф. Паламарчук пен В.И. Паламарчук білім бастауы, танымдық белсенділік деңгейі мен білім алушының еркіндігі, сондай-ақ білімдік танымның логикалық жолы бірге түйісетін оқыту әдістемесінің үлгісін ұсынды. Әдістердің тӛрт жағы: логикалық-мазмұндық, бастаулық, процессуалдық және ұйымдастыру-басқарушылық жіктемені С.Г. Шаповаленко ұсынды. Әдістерді жіктеу мәселесінде әр түрлі көзқарастардың болуы – ол туралы білімдердің дифференцациясы мен интеграциясының табиғи үрдістерін кӛрсетеді. Олардың табиғатына көпқырлылық және кешендік тұрғыдан келу керектігін айқындай түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]