Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аймак Силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.94 Кб
Скачать

Курс саясаты

Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

Кәсіби қазақ тілі пәнін игеру практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ-на міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс практикалық сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтар немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы дәріс сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша жаузбаша тапсырма түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады. Аралық бақылау жұмысы жазбаша тапсырма түрінде болады.

Емтихан жазбаша тапсырма түрінде өткізіледі.

Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау (РК) өткен материалдарды сұрау, жазбаша тапсырма түрінде өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады. Аралық бақылау жұмысы жазбаша тапсырма түрінде болады.

Курсты меңгеру шарты:

Студент сабаққа қатысуы 80% -дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департаменттің Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады. График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс. Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департаменттің директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы). Бақылау іс шаралары(Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.

Практика сабағындағы белсенділік. Студенттер практика сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.

Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және т.б орындау.

Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат(шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді. Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.

Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.

Студентетр қорытынды бақылау емтиханына жіберілу үшін :

  • Глоссарий (200 сөз)

  • Сөйлесім бойынша 30 сұраққа жауап береді.

Емтиханға арналған жазбаша тапсырма түрінде болад. Емтиханның әр кезеңі 100 балдық жүйемен бағаланып, қорытынды баға орташа арифметикалық мәнді анықтау арқылы қойылады.

1-аралық бақылау жұмысына арналған сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз не?

  2. Елдi мекендердiң жері деп қандай жерді айтады?

  3. Табиғи жағдайлары бойынша жерді қандай аймақтарға бөлуге болады?

  4. Жерді аймақтарға не үшін бөледі?

  5. Жерді аймақтарға кім бөледі?

  6. Демография дегеніміз не?

  7. Демографиялық мәселелер деп нені айтамыз?

  8. Қазақстанның демографиялық көрсеткіштері туралы не айтасыз?

  9. Қазақстандағы халық санағы қашан болды?

  10. Елімізде ерлер мен әйелдердің саны қанша?

  11. Сізге қанша қаржы керек?

  12. Сіз қаржыны қалай пайдаланбақсыз?

  13. Сіздің бизнесіңіз табыс әкелуге қабілетті ме?

  14. Сіздің банк өз ақшасын қайтарып ала ала ма?

  15. Қандай компаниялар, қандай ұйымдар қайырымдылық қызмет көрсетіп жүр, білесіз бе?

  16. Өзіңіз қайырымдылықты қалай түсінесіз?

  17. Қайырымдылық жасап көрдіңіз бе?

  18. Меншік дегеніміз не?

  19. Меншіктің қандай түлері бар?

  20. Мемлекеттік меншік дегенміз не?

  21. Жеке меншік деген ұғым нені білдіреді?

  22. Жекешелендіру деген не үшін қажет?

  23. Аймақ пен экономика арасында қандай байланыс бар?

  24. Гелграфияны экономикаландыру дегенді қалай түсінесіз?

  25. Аймақтану мен техника арасында қандай байланыс бар?

  26. «Аймақтану», «елтану», «өлкетану» ұғымдарының мәнін ашып беріңіз.

  27. Экономикалық аймақ дегеніміз не?

  28. Аймақ ұғымына философиялық тұрғыдан анықтама беріңіз.

  29. Аймақтың геосаяси түсінігі қандай?

  30. Аймақтану және елтану арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіз.

  31. Елтану деген ұғымды қалай түсінесіз?

  32. Өлкетану сөзіне анықтама беріңіз.

  33. Елтану мен өлкетану сөздерінің арасындағы айырмашылықтар туралы айтыңыз.

  34. Туған өлкеңіз туралы айтып беріңіз.

  35. Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

  36. Геокеңістік құрылымының элементтерін атаңыз?

  37. Акватория дегеніміз не?

  38. Аэротория ұғымына сипаттама беріңіз.

  39. Геотория дегеніміз не?

  40. Аумақ терминіне түсініктеме беріңіз.

  41. Аралық зона ұғымына түсінік беріңіз.

  42. Провинция терминінің мағынасын түсіндіріп беріңіз.

  43. Полигон терминінің бірнеше мағынасын түсіндіріңіз.

  44. Анклав дегеніміз не?

  45. Эксклав сөзіне анықтап беріп көріңіз.

  46. Табиғаттың зоналылығы қалай айқындалады?

  47. Табиғаттың бейзоналылығы немен белгіленеді?

  48. Жер нысаны және оның Күнге қатысты орналасуын түсінідіріп беріңіз.

  49. Табиғат зоналаларының орналасуы неге байланысты?

  50. Табиғаттағы зоналылық тек жазықтарда ғана байқалады ма?

1-аралық бақылауға арналған сөйлесім сұрақтары В1-В2

  1. Алма апортының бағасы қанша тұрады?

  2. Сатып алушыға жылқының жаясы ұнады ма?

  3. Кілем саудасы қалай өтті?

  4. Алматыдағы орталық базар не деп аталады?

  5. «Көк базарда» не сатылады?

  6. «Көк базарды» бұрын қалай атаған?

  7. Журналист пен тұтынушының әңгімесі не туралы?

  8. Қуат көзін қалай үнемдеуге болады?

  9. Сіздің жалпы төлейтін сомаңыз қанша?

  10. Сәлеметсіз бе, Не үшін келдіңіз?

  11. Түбіртекті кім толтырады?

  12. Қандай мереке туралы ақпарат бар?

  13. Өзбек халқы наурызда не дайындадыңдар?

  14. Біздің елде наурыз мерекесінде не пісіріледі?

  15. Тұтынушының берген кеңестерін қолдануға болады ма?

  16. Неліктен жаяу жүргіншілер жол жүру ережесін бұзады?

  17. Жүргізуші міндетіне не кіреді?

  18. Қандай жағдайда жүргізуші өз кінәсін мойындауы керек?

  19. Алғашқы бағдаршам қай жылы, қай жерде орнатылды?

  20. Қай жылдан бастап бағдаршамның 3 түрлі түсі қолданыла бастады?

  21. Кеңес Одағы бойынша қай қала көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылды?

  22. «Discovery» каналынан қандай ақпараттық бағдарламалар көресіз?

  23. Қазақстандық қай газетте саяси жаңалықтар көптеп беріледі?

  24. Медиапорталда қандай жаңалықтар берілген?

1-аралық бақылауға арналған сөйлесім сұрақтары С1

  1. «Әнші құм» қай жерде орналасқан?

  2. «Әнші құмның» әуенін естуге болады ма?

  3. «Әнші құмның» әуені қайдан естіледі?

  4. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы кім екенін білесіз бе?

  5. Қандай ғылым салаларын зерттеген?

  6. «Нанотехнология» деген терминнің мағынасы қандай?

  7. Ауылдың рөлі қандай?

  8. «Жер Ана» дегенді қалай түсінесіз?

  9. Шағын үйдің қандай ерекшелігі бар?

  10. Қазақстанда қандай таулар бар?

  11. Қазақстандағы ең биік шың қалай аталады?

  12. Таудан бастау алатын қандай өзендерді білесіз?

  13. Ғарышта алғаш рет қазақша сөйлеген кім?

  14. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшарда Елбасына қай тілде рапорт берді?

  15. Қазақ тілі өмірдің қанша саласында қолданылады?

  16. Назарбаев университетінің басты мақсаты қандай?

  17. Елбасы жастарға қандай сенім артып отыр?

  18. Жастар шетелде білім алуға міндетті ме?

  19. «Болашақ» бағдарламасы не үшін жасалған бағдарлама?

  20. «Болашақ» бағдарламасынының басты мақсаты қандай?

  21. «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерді іріктеудің басты талабы қандай?

2-аралық бақылау жұмысына арналған сұрақтар

  1. Әлемнің негізгі ландшафтты зоналарын атаңыз.

  2. Арктикалық шөл зонасына қандай жерлер еіреді?

  3. Тундра зонасына кіретін жерлерді атап өтіңіз.

  4. Тайга, жалпақ жапырақты орман зонасына қай елдер кіреді?

  5. Орманды-дала зонасына кіретін жерлерді атаңыз.

  6. «Расизм» дегенді қалай түсінесіз?

  7. Өз нәсіліңіздің физикалық дене құрылысына сипаттама беріңіз.

  8. Этникалық аймақтылықтың түп-тамыры қайдан шыққан?

  9. Солтүстік еуропалықтар деп кімдерді айтамыз?

  10. Этнос ұғымына тісініктеме беріңіз.

  11. Этностың отаны деген тіркесті қалай түсінесіз?

  12. Әрбір этносты ажырататын белгілерді атаңыз.

  13. Таулы және дала ландшафты жерлердегі этностар туралы айтыңыз.

  14. Тіл этникалық белгі дегенді қалай түсінесіз?

  15. Демография дегенді қалай түсінесіз?

  16. Қазіргі уақытта әлем халықтары санының даму барысы қандай?

  17. Демографиялық көрсеткіш деген не?

  18. Халық саны көп қай ел?

  19. Еуропаның халвқ саны жағынан қаншасыншы орында?

  20. Қазақстанның аймақтық айырмашылықтар туралы айтасыз?

  21. Тұрғын халықтың туу қарқыны қандай?

  22. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі демографиялық көрсеткіш қандай болды?

  23. Тұрғын халықтың қайтыс болуына қандай факторлар әсер етеді?

  24. Дамыған елдерде адамдардың туу қарқыны.

  25. Халықтың механикалық қозғалысы қалай іске асырылады?

  26. Халықтың табиғи қозғалысы нені айтады?

  27. Өлімге әсер етеін факторларды атаңыз?

  28. Әсіресе, бала өліміне ықпал ететін факторларда атап өтіңіз?

  29. Әлеуметтік-этникалық факторларды атаңыз.

  30. Өлім мен туылу көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтарды атаңыз.

  31. Халық өсуі де өлуі жоғары елдерді атаңыз.

  32. Жоғары табиғи өсуі және төмен өлуі бар елдерді атаңыз.

  33. Тұрмыс деңгейі төмен елдерді атаңыз.

  34. Тұрмыс деңгейі жоғары елдерді атаңыз.

  35. Әлеуметтік-географиялық кеңістіктегі аумақтық-саяси жүйенің әрекеті қандай?

  36. Мезожағдай қалай анықталады?

  37. Макрожағдай елдер мен аймақтарға қатысты қалай айқындалады?

  38. Этногенез дегеніміз не?

  39. Микрожағдай қандай объектілерге қатысты?

  40. Монархия дегеніміз не?

  41. Монархиялық елдерді атаңыз.

  42. Федеративті мемлекеттерді атаңыз.

  43. Конфедерация дегеніміз не?

  44. Президент деген кім?

  45. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің дамуын басқару дегеніміз не?

  46. Ғылыми ұйымдар не үшін қажет?

  47. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелер неге негізделеді?

  48. Келешек әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері неге байланысты?

  49. Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің төрт негізгі түрін атаңыз.

  50. Функционалды-құрылымдық жүйе дегеніміз не?

2-аралық бақылау жұмысына арналған сөйлесім сұрақтары В1-В2

  1. Бильярд ойыны адам бойынан нені талап етеді?

  2. Бильярд ойыны ең алғаш қайда пайда болған?

  3. Бильярд ойнаудың қандай ережелері бар?

  4. ’Каравай” әні қай кезде айтылатын болған?

  5. Мәтінде қандай қызық дәстүрлер туралы айтылады?

  6. Жапон халқы туған күнін қалай тойлайды?

  7. Наурыз тойы қай кезде өтеді?

  8. Қазақ халқы наурыз мейрамын қалай тойлайды?

  9. Наурыз көже қалай жасалады?

  10. Үйді сатып алу тиімді ме, әлде өзің салғаның тиімді ме? Себебі неде?

  11. Үй салу қадамын неден бастау керек?

  12. Үй салуда мамандар қандай кеңестер береді?

  13. Үйдің тұғыры деп оның қай бөлігін айтамыз?

  14. Үйдің ішкі құрылысына қандай жұмыстар жатады?

  15. Сіз болашақ үйіңіздің қайда орналасқанын, қандай болғанын қалайсыз?

  16. Адамның «нағыз адам болып қалыптасуына» үйдегі тәрбие, әлде орта көбірек әсер ете ме?

  17. Адам өмірін тек оқуға арнағаны дұрыс па, сіз қалай ойлайсыз?

  18. «Жас балаға тәрбиені бесікте жатқанда-ақ бере беру керек» дегенге пікіріңіз қандай?

  19. Кибернетика ғылымның маңыздылығы неде? Ол арқылы не іске асырылады?

  20. Жасанды интеллектінің негізінде пайда болған нәтижелерді атаңыз.

  21. Адам өмірі неге компьютермен тығыз байланысты?

2-аралық бақылау жұмысына арналған сөйлесім сұрақтары С1

  1. Айтыскер бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  2. Бұрынғы заманда айтыскер болу үшін не істеген?

  3. Айтыскер суырыпсалушы деңгейіне жету үшін не істеуі керек?

  4. Күй неден пайда болады?

  5. Күйдің қандай түрлері бар?

  6. Олардың ерекшеліктері қандай?

  7. Ахмет Жұбанов музыкалық аспаптардың ішінде домбыраға қандай сипаттама берді?ХІХ ғасырдағы қазақтың күйшілік мектеп өкілдері кімдер?

  8. Күй аспабы дегеніміз не?

  9. Ә. Қастеев кім?

  10. Ә. Қастеевтің көпке танымал қандай туындылары бар?

  11. Ә. Қастеев қай жерді туып-өскен?

  12. «Қыз Жібек» операсы қай жылы сахнаға қойылды?

  13. Ұлттық нақыштағы әйгілі классикалық туындыда қазақ халқының қай қыры көрініс тапты?

  14. Операда Жібек алтындатқан күймеде отырып не туралы айтады?

  15. Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) басты мақсаты қандай?

  16. ЕҚЫҰ мүшелері кімдер?

  17. Қазақстан бұл халықаралық ұйымға қашан төрағалық етті?

  18. Сыртқы саяси мақсаттар қандай мүддеге негізделеді?

  19. Мемлекеттің сыртқы саясаты қандай факторлар ықпалымен қалыптасады?

  20. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал не?

  21. Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана қаласына өзгертілді?

  22. «Бәйтеректі» салу идеясын кім ұсынды?

  23. «Бата» композициясы нені білдіреді?