Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

1.9 Жылутехникалық өлшеулердің классификациясы

Жылутехникалық өлшеулерге жататын техникалық өлшеулер:

- температураны өлшеу;

- қысымды, немесе қысым құламасын өлшеу;

- сұйықтың деңгейін өлшеу;

- сұйықтың, газдың және будың шығынын өлшеу;

- газдардың құрамын өлшеу;

- су мен будың сапасын бақылау т.с.с.

Өлшеу принципі өлшеу негізіне алынған физикалық құбылыстар арқылы анықталады. Мысалы, температураны өлшеу – заттың ұлғаю құбылысына, вакуумды өлшеу теңестіруші сұйықтың деңгейінің көтерілуі құбылысына негізделеді. Өлшеу принципін жүзеге асыру үшін әртүрлі техникалық құралдар қолданылады. Өлшеу құралы дегеніміз өлшеулер үшін қолданылатын, қалыпты метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдар. Өлшеу принципі мен өлшеу құралдарын анықтайтын ережелер жиынтығын өлшеу әдісі деп атайды.

Техникалық өлшеулерде кеңінен қолданылатын әдістер: тікелей бағалау әдісі, дифференциал және нолдік әдіс.

Тікелей бағалау әдісі бойынша өлшеніп жатқан шаманың мәні тура әсер ететін өлшеу аспабының санақ қондырғысының көрсетуі бойынша алынады. Мысалы, серіппелі манометр көмегімен қысымды, амперметрдің көмегімен ток күшін өлшеу кезінде осы әдіс қолданылады.

Дифференциал әдісін қолдану кезінде өлшеу аспабына өлшеніп жатқан шама мен базалық (мәні белгілі) шамалардың айырмасы әсер етеді. Мысалы, газ қоспасының құрамын жылуөткізгіштігі бойынша өлшеу ауаның жылуөткізгіштігімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс жеткілікті дәлдікпен өлшеу мүмкіндігін береді. Тек қана өлшеніп жатқан шаманың мәніне өте жақын болатын базалық шаманың мәнін жоғары дәлдікпен білу қажет.

Нөлдік әдісте өлшеніп жатқан шаманы мәні алдын – ала белгілі шамамен салыстырады, олардың арасындағы айырманы белгілі мәнді өзгерте отырып, нөлге дейін жеткізеді. Осы әдісте қолданылатын өлшеу аспабы екі шаманың өзара тең екенін немесе олардың айырмасы нөлге тең екенін көрсету үшін қызмет етеді. Бұл әдістің мысалы ретінде термо-ЭҚК-ні өлшеудің компенсациялық әдісін, теңестірілген көпірлік сұлба бойынша кедергіні өлшеуді қарастыруға болады. Нөлдік әдістің дәлдігі өлшеніп жатқан шамамен теңестірілетін белгілі шаманың берілу дәлдігімен қамтамасыз етіледі.

1.10 Бақылау нәтижелерінің дәлдігін бағалау

Бақылау нәтижелерінің дәлдігін бағалау - орташа квадраттық ауытқу

көмегімен жүргізіледі. Бақылау нәтижесінің шашырауы – дисперсиясы .

Демек

, (1.37)

мұндағы n – бақылаулар саны;

- шаманың i-ші бақылау кезінде алынған мәні;

- орташа арифметикалық мән (өлшеу нәтижесі).

Бақылаулардың шектелген мәнінде (1.37) - өрнек орташа квадраттық ауытқудың ығыспаған бағасын білдіреді.

Бақылау нәтижесінің кездейсоқ ауытқуларын дәл және сенімді бағалау үшін сенімділік ықтималдығы, сенімділік шектері мен сенімділік интервалы көрсетілуі керек. σ белгілі жағдайда р=0,683 (немесе 68,3%) ықтималдықпен - әрбір бақылаудың немесе оның ( ) - кездейсоқ ауытқуларының мәндері кіретін сенімділік шектері ( ) түрінде беріледі. Мұндағы ( ) – төменгі шегі, ал ( ) – жоғарғы шегі. Сенімділік интервалы мына өрнекпен беріледі

. (1.38)

мұндағы ε=±σ (р=0,683 (немесе 68,3%) ықтималдық үшін).