Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

2.1 Сурет 2.2 сурет

2.3 Сурет 2.4 сурет

ε түзету коэффициенті.

ε жалпы жағдайда (Р-тарылту қондырғысына дейінгі қоршаған ортаның абсолют қысымы) қатынасына, m модуліне және k қоршаған ортаның адиабатты көрсеткішіне тәуелді:

ε=f( , m, k)

ε көбейткішін ([1] 662-бет) номограммалары арқылы немесе эмпирикалық кейіптеме арқылы анықтауға болады:

. (2.7 )

Әдетте, Qср –ға сәйкес, ε= εср деп алады. Бірақ :

,

мұндағы , - Qmax -қа сәйкес шекті қысым құламасы.

Өлшеніп жатқан ортаның тығыздығы қоршаған ортаның абсолютті қысымы Р-ға тәуелді, ол Ра артық және Рб барометрлік қысымдардың суммасы және ортаның температурасы арқылы анықталады.

Т температурасында және р қысымында бір газдың тығыздығы қалыпты жағдайда (tн=20ºС, рн=101325 Н/м2, салыстырмалы ылғалдылық =0) белгілі ρн тығыздығы бойынша анықталуы керек:

рн Т/(Трнk),

мұндағы, k - идеал газ заңдарынан ауытқуды сипаттайтын газдың сығымдағыш еселеуіші (атмосфералықа жақын қысымдар кезінде k=1) .

2.4. Жұмыстың орындалу тәртібі

2.4.1 Диафрагманың тәжірибелік тарировкасы.

2.4.1.1 Тәжірибелік стендті жұмыс жағдайына келтіру. Ол үшін шибер толық ашық болуы қажет, микроманометр кранын “1” қалпына келтіру қажет.

2.4.1.2 Qmax –қа сәйкес қысымының максималды құламасын анықтау, ол вентилятор айналмасының шегінде орнығады.

2.4.1.3 Қанатты манометрдің шығындық сипаттамасын (№1 зертханалық жұмыс нәтижесін бойынша) қолдана отырып, микроманометр шкаласымен 0,1 рмах қадаммен диафрагмадағы қысымдар құламасына сәйкес келетін ауа шығынынының тарировтық мәндерін алу. Q0=f( р) диафрагмасының тарировтық графигін тұрғызу.

2.4.2 Стандартты диафрагманың шығындық сипаттамасын есептеу.

2.4.2.1 Стандартты диафрагманы есептеу үшін қажетті берілген шамаларды анықтау:

- диафрагма модулі m=(d/D)2, Reгр мәні 2.1- кесте бойынша;

- максимал Qmax, орташа Qср, минимал Qмин шығындарын тарылту құрылғысы арқылы;

- бақылап жатқан ортаның Т температурасын, тығыздығын (қалыпты жағдайда ауа тығыздығы н=1,205 кг/м³ ).

2.4.2.2 Qср шығынның орташа мәні үшін Re санының мәндерін есептеу. Егер Re>Reгр болса, (3.5) кейіптемесі бойынша (2.1-2.4) суреттерін қолдана отырып, α шығын еселеуішін анықтайды. Егер Reмин<Re< Reгр болса, онда (2.5) бойынша тарировкалық сипаттамаға Q0 түзетуін енгізеді.

2.4.2.3 (2.7) тәуелділігін қолдана отырып, ауаның адиабата көрсеткішін k=1,4 деп, түзету көбейткішін есептеу.

2.4.2.4 (2.4)-ті түрлендіре отырып, Qoi шығын мәндерін қолданып, pi-дің есептік мәнін анықтау. Qmin және Qmax диапазон аралығын 10 интервалға бөліп алған ыңғайлы.

2.4.2.5 Есептеу нәтижесін 2.1-кестесіне енгізіп, өлш=f( р) тәуелділігінің 140рафи гін тұрғызу керек.

2.1 к е с т е

r

1

2

m

Reгр

Re

Qo, м³/сағ

Qi, м³/сағ

pi, кгс/м²

2.5 Бақылау сұрақтары

1 Анеометр көмегімен ауа шығынын анықтаудағы зертханалық жұмыстың орындалу ретін түсіндіріңіз.

2 Қанатты анеометр қолданған жағдайда ауа шығынын қай формула бойынша есептейміз.

3 Егер 1минутта қалақша 2000 айн жасаса, бұл кездегі ауа шығыны 2м³/мин (α=0, в=0,26м/айн деп қабылдаймыз) құраса, қанатты анеометр диаметрін анықтаңыз.

4 Қалақшаның және ағынның дөңгелектік жылдамдығы қай формула бойынша анықталады?

5 Ауа шығынының жылдамдығының өлшем бірлігі қандай?

3 зертханалық жұмыс

Реометр көмегімен газдың аз шығынын өлшеу. Реометрлерді тексеру және градуирлеу

3.1 Жұмыс мақсаты

Бұл жұмысты орындау барысындағы студенттің міндеттері:

3.1.1 Газдың аз шығынын өлшеудің әдістерімен танысу;

3.1.2 Газ санағыштарының жұмыс істеу принципімен танысу;

3.1.3 Реометр көмегімен газдың аз шығынын өлшеу машықтарын меңгеру;

3.1.4 Реометрлерді градуирлеу мен тексеру әдістерімен танысу.

3.2 Әдістемелік нұсқаулар

Бұл жұмысты орындау алдында студент дәрістер конспектісімен және төменде ұсынылған әдебиеттермен танысып алып, жұмысқа кірісу керек: Преображенский В.П. Теплотехнические измерения и приборы, §14.1, 14.3, 14.4, 14.5, 14.8.