Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

9.3 Жылутехникалық бақылауды автоматты реттеу

Жылутехникалық бақылауды автоматты түрде жүзеге асыруда қазандықты автоматтандырудың маңызы өте зор. Оның көмегімен жылу технологиялық процесті автоматты реттеу, дистанциялық басқару, қалыпты эксплуатация режимінен ауытқу кезіндегі дабыл қағу жүзеге асады.

Автоматты реттеу жүйесінің негізгі буындарына реттеу объекті мен автоматты реттегіштен басқа мынадай буындар кіреді:

- реттеліп жатқан параметрдің ауытқуын қалт жүбермейтін сезімтал элемент;

- мәнді беру қондырғысы, яғни берілген мәнді қолмен немесе автматты түрде келтіріп отыратын механизм немесе бағдарламалық қондырғы;

- түрлендіргіш – орындаушы орган. Ол сезімтал элементтің сигналын күшейтуге ыңғайлы электрлік импульстарға түрлендіреді;

- күшейткіш – қосымша энергия көзінің көмегімен сигналды күшейтетін қондырғы;

- орындаушы механизм – реттелетін объектәге әсер ететін қондырғы;

- түзетуші қондырғы – реттегіштің жұмысына ықпал ете отырып, реттеу процесін тұрақтандырады.

Су ысытушы қазандықтың автоматика сұлбасына мыналар кіреді:

  • жалпы ауаны реттегіш;

  • қазандағы судың температурасын реттегіш;

  • «мазут» отынын реттегіш;

  • «газ» отынын реттегіш;

  • сиретілуді реттегіш;

  • қазанға келетін судың қысымын реттегіш;

  • қазан арқылы өтетін судың шығынын реттеу.

9.3.1 Су ысытушы қазандықтың жүктемесін (судың температурасын) реттегіш.

Бұл реттегіш судың температурасы бойынша импульс алады да, қазандыққа отын беру интенсивтілігіне әсер етеді.

Қазіргі таңда өнеркәсіптік энергетикада жиі қолданылатын су қыздырушы қазандықтардың түрлері: КВ-ГМ және ПТВМ-30м (газ, мазут), ТВГ (газ, мазут), КВ-ТС (қатты отын). Осы қазандықтардың жүктемесін реттегіш қазан артындағы судың температурасы бойынша импульс алады да, 9.1 суретте көрсетілгендей, қазандыққа отын беруді өзгертуге әсер етеді.

9.1 Сурет – Су ысытушы қазандықтың жүктемесін реттеудің қағидалық сұлбасы

Тсу – қазандық сыртындағы судың температурасы; ЖР – жүктемені реттегіш; Бер – бастапқы мәнді беруші қондырғы; ОМ – орындаушы механизм; РО – реттеуші орган.

9.3.2 Жалпы ауаны реттегіш.

Өнімділігі 20 Гкал/сағ қазандықтар үшін отын шығыны бойынша импульс ретінде, газ отын қолданғанда, оттық алдындағы газ қысымының импульсі алынады. Жүктеме реттегіші үрлегіш желдеткіштің бағыттаушы аппаратына (бір зоналық оттықта) немесе оттыққа келетін екінші реттік ауа жолында орнатылған заслонкаға әсер етеді. Екі үрлегіш желдеткіштермен жабдықталған КВ-ГМ және ПТВМ-30 қазандықтары үшін сұлбаға (9.2 сурет) қосымша бақылыаушы аспап және желдеткіштердің әрбір бағыттаушы аппараттарыны үшін бөлек орындаушы механизмдер орнатылады.

Қазандықтың оттығына ауа беруді реттеуді ПӘК максимал болған кездегі берілген артық ауа коэффициенті қамтамасыз етеді. Реттеу отын шығыны бойынша жүзеге асады. Ауа шығыны отын шығынына пропорционал тәуелді болғандықтан, отын шығыны оңай өлшенетін және жану жылуы ұзақ уақыт бойы тұрақты тұрғаны қолайлы. Мұндай шарттар газ отын үшін жақсы орындалады. Реттегіш ҮЖ –дің екеунің де бағыттаушы аппараттарына әсер етеді.