Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

9.1 Жылутехникалық процестің параметрлері

Жылутехникалық процестің сапасы мен өнімділігін сипаттайтын физикалық шамаларды процестің параметрлері деп атайды. Қазандық қондырғыдағы процестің параметрлеріне мына шамалар жатады: температура, қысым, отын мен судың шығыны, қазандықтағы және басқа қосалқы қондырғылардағы судың деңгейі.

Параметрді өлшеу дегеніміз технологиялық параметрді сол параметрдің эталонымен салыстыру (сәйкестендіру) болып табылады.

Жылутехникалық процестің параметрлерлерін кеңірек қарастырайық.

Температура

Температура дегеніміз заттың қызулық дәрежесін, яғни оның жылулық күйінің деңгейін сипаттайтын шама.

Халықаралық практикалық шкала бойынша температура Цельсий градусымен өлшенеді. Бір грудус Цельсий судың үштік нүктесі (судың үш күйінің – мұз, су, будың температуралық тепе-теңдік нүктесі) мен судың қайнау нүктесі арасының жүзден бір бөлігіне тең.

Қысым

Қысым – бетке перпендикуляр тесірілген күштің әсерінің нәтижесі.

Өлшеу кезінде қысымды абсолют қысым, вакуумметрлік қысым және артық қысым деп ажыратады. Абсолют қысым деп атмосфералық және артық қысымдардың қосындысына тең толық қысымды атайды Рабс=Р + Ратм.

Вакуумметрлік қысым – атмосфералық қысымнан төмен болатын қысым РВатм — Рабс.

Қысым өлшейтін аспаптар өлшеніп жатқан шамаға байланысты манометрлер (артық немесе абсолют қысымды өлшеу үшін), барометрлер (атмосфералық қысымды өлшеу үшін), вакуумметрлер (вакуумметрлік қысымды – атмосфералық қысымнан төмен қысымды өлшеу үшін) болып бөлінеді.

Шамасы аз артық қысымды (40 кПа-ға дейін) өлшейтін манометрлер тегеурін өлшеуіштер деп аталады. Аз вакуумметрлік қысымды (20 кПа-ға дейін) өлшейтін аспаптарды тарту күшін өлшеуіштер деп атайды. Өлшеу шегі ±20 кПа екіжақты шкаласы бар қысым өлшеу аспаптарын тарту күші мен тегеурін өлшеуіш деп атайды (шкаладағы ноль атмосфералық қысымға сәйкес келеді). Қысым құламасын өлшеу үшін дифференциалдық манометрлер (дифманометрлер) қолданылады.

Қысым өлшейтін аспаптарды сезімтал элементінің әсері бойынша сұйықтық, деформациялық, жүкпоршенді және электрлік деп ажыратады.

Жұмыстық аспаптарды тексеру кезінде үлгілік аспап ретінде жүкпоршенді манометрлерді қолданады.

Бірінші реттік аспаптың сезімтал элементінен алынатын синалды екінші реттік автоматты аспаптарға өткізу көрсететін аспаттар арқылы механикалық турде, немесе дифференциалдық-трансформаторлық, ферродинамикалық, магниттік немесе күштік компенсациясы бар түрлендіргіштердің және «Сапфир» тензотүрлендіргіштерінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Атмосфералық қысым деп денелерге қоршаған ауа қабаты тарапынан түсірілетін қысымды атайды. Ол теңіз деңгейінен биіктігіне, ауа райы жағдайларына тәуелді болады.

Жабық ыдыстар үшін артық қысым, сиретілу және абсолют қысымдарды ажыратып атау керек.

Артық қысым (манометрлік қысым) – атмосфералық қысымнан артық болатын қысым.

Сиретілу (вакуум) – атмосфералық қысымнан кем болатын қысым.

Абсолют қысым – артық қысым мен абсолют қысымның қосындысына тең болатын қысым.

Халықаралық өлшем бірліктер жүйесінде қысым Паскальмен (Па) өлшенеді. Бірақ техникада қысым көп тараған техникалық атмосферамен ( ) өлшенеді.

Техникалық атмосфера мен физикалық атмосфера арасында мынадай байланыс бар:

1 = 0,9678 атм;

1 атм = 1,0332 = 10,332 м су бағ.

Па мен жүйеден тысқары өлшем бірліктер арасындағы байланыс:

1 мм су бағ.= 9,80665 Па ≈ 9,8 Па;

1 мм сын.бағ.= 133,322 Па ≈ 133,3 Па;

1 = 98 066,5 Па = 0,1 МПа;

1 атм = 101 325 Па.

Шығын

Шығын дегеніміз берілген канал арқылы уақыт бірлігінде ағып өтетін зат мөлшері. Шығын массалық (кг/с, кг/сағ, т/сағ) немесе көлемдік (л/с, л/сағ, м3/сағ) болуы мүмкін.