Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТӨжБ оқу құралы Бекалай Н.Қ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

8.5 Судағы оттегі мен сутегін сараптайтын анализаторлар

Өнеркәсіпте ЖЭС мен АЭС – да жылу тасымалдағыштарды бақылау барысында, сонымен қатар су қоймаларының күйін сараптағанда суда еріген газдардың (оттегі мен сутегінің) концентрациясын өлшеу қажеттігі туындайды.

Оттегі микроконцентрациясын өлшеу әдістері: вольтамперметрлік; кондуктометрлік; колориметрлік. Ал концентрациясы мг/л алынған жағдайларда жылукондуктометрлік әдіс қолданылады.

Оттегі концентрациясын өлшеу әдістері диполяризатор – оттегі бар жағдайда поляризацияланған электродтық жүйеден өтетін токты өлшеуге негізделген.

Өнеркәсіптік оттегі өлшегіштерде мынадай жүйелер қолданылады:

- ашық электродтық жүйелер. Мұнда оттегі сарапталып жатқан судан фондық электролитке газ тасмалдаушы жүйенің көмегімен беріледі.

- полимер мембранамен жабылған жүйелер. Мұнда сарапталынып жатқан су мембранамен қоршалған электродтық жүйені орғытып ағып өтіп жатады.

Фондық электролит ретінде рН=(8÷10) сілтілік буферлік ерітінді қолданылады.

Бақылау сұрақтары

1 Неліктен химиялық газ сараптағыштарда газ қоспасының компонентерін анықтау белгілі бір қатаң ретпен жүзеге асырылады?

2 Газ сараптағыштардың қандай түрлерін білесіздер?

3 Жылумагниттік конвекция деген не?

4 Газ хромотографтарында қандай газдар тасымалдағыштың ролін атқарады?

5 Газ хромотографтарында қандай детекторлар қолданылады?

6 Сұйықтардың құрамын сараптаудың қандай әдістерін білесіздер?

7 Кондуктометрлердің қандай алғашқы түрлендіргіштерін білесіздер?

8 Суда еріген оттегі мен сутегін өлшеудің амперметрлік әдісінің мағынасы неде?

9 Жылутехникалық бақылау жүйелері

Қазіргі таңда қуатты энергоблоктарда өтетін жылу технологиялық процестерді сапалы және тиімді жүргізу үшін жүздеген параметрлерді ұдадайы бақылап, қадағалап, реттеп отыру керек. Электр стансалары мен жылумен жабдықтау объектілерінде күтілмеген жағдайлардың арқасында, мысалы, отын сапасының нашарлауы, жүйеге қосылған тұтынушылардың қуатының төмендеп кетуі т.с.с. себептердің салдарынан реттелетін параметрлерге қобалжытушы әсер түсіріліп, олардың мәндері ауытқып кетуіне байланысты технологиялық процеске зақым тиіп, апат қауіпі де төнуі мумкін. Сондықтан жылутехникалық бақылау мәселесі маңызда мәселелердің бірі болып табылады.

Осы уақытқа дейін қазандықтарда технологиялық бақылауды жүзеге асыратын комплекстер ескіріп, сенімділіктері төмендегендіктен қолданылатын аспаптарды жаңартып, қазіргі заманғы жетілдірілген қондырғылармен алмастыруды талап етеді. Технологиялық бақылаудың негізгі мәселелерін шешу төмендегідей талаптарға сай болуы керек:

1 Ресей және ТМД елдерінде қолданылып, біртекті өлшеулерді қамтамасыз ететін аспаптарды енгізу;

2 Жылутехникалық бақылау қондырғысы датчиктер мен сигнал көздерінің кез келген түрімен жұмыс істеуі қажет;

3 Кез келген релелік немесе аналогтық шығыстардың көмегімен басқарылатын мүмкіндіктің болуы қажет;

4 Өлшеу каналдарының соның ішінде датчиктермен байланыс линияларының дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын үздіксіз бақылау мүмкіндігінің болуы қажет.

Қазандықтың технологиялық бақылау жүйесін жетілдіру өте маңызды процесс болып табылады, себебі мұнда технологиялық параметрлердің мәндері, апаттық сигналдар аспаптардың көрсетуі арқылы тікелей диспетчерге беріліп тұрады және пульт арқылы қазандықтың технологиялық процестерін басқару мүмкіндігі пайда болады.

Қазіргі заманғы қуатты (800 МВт) энергоблоктардың технологиялық бақылау жүйесін жоспарлауда 1500-ден астам параметрлер бақылауға алынып, 1000-нан астам реттегіш блоктар мен 120 локальді реттеу контурлары қолданылады. Жылу тасымалдағыштардың жылдамдықтары мен параметрлерінің жылдан жылға өсіп отыруы (қысымның 36 МПа-ға дейін артуы, температураның 565ºС-ге жетуі) жылутехникалық процестерді бақылау жүйесін жоғары дәрежеде жобалауды талап етеді.